165
5) Асырмалы шырай қалай жасалады ?
§ 66. Сын есімнің синтаксистік қызметі.
Сын есім сөздері сөйлем ішінде зат есім сөзінің алдында қабыса байла-
нысып, сол заттың бір белгісін білдіріп, анықтауыш болады. Бұл-сын есімнің
сөз табы ретінде өзге сөз таптарынан ерекшелігін сипаттайтын негізгі синтак-
систік қызметі. Мысалы: 1)
Зейнеп үлкен бөлмесіндегі пешке арқасын сүйеп
отырып, ұршық иірді. (Б.М.) 2) Жастар ұйымы мен студенттердің өзін-өзі
басқару комитеті қоғамдық жұмысты жандандырудың жолдарын белгілеп
отыр (Ә.Н.). 3) Жақсы жастарды көзіммен көрдім (С.М.) Бұл
сөйлемдердегі
үлкен бөлмесіндегі,қоғамдық, жақсы деген негізгі және
туынды
сын есімдер
пешке, жұмысты , жастарды деген зат есім сөздерінің алдында
тұрып қабыса байланысып, қ а й ? қ а н д а й ? деген сұрақтарға
жауап беріп,
анықтауыш болып тұр.
Сын есім сөздері сөйлемнің соңында келіп, жіктік жалғау қосымшасын
қабылдап тұрып та, жіктік жалғау қосымшасын қабылдамай да сөйлемнің
есім
баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы:
1) «Екпінді құрылыс»
Бұл бетің дұп-дұрыс.
Отыз жыл шығыпсың,
Отызда жасың бар.
Жайықтай тұнықсың. (Қ.А.)
Бұл үзінділердегі
дұп-дұрыс, тұнықсың деген сын есімдер бастапқы
жалғаусыз күйінде, II жақ жіктік жалғау тұлғасында келіп, баяндауыш болып
тұр.
Сын есім сөздері сөйлемдегі етістік баяндауышпен не
етістіктен болған
өзге мүшемен жалғаусыз тұрып, қабыса байланысып, қ а л а й ? деген сұраққа
жауап беріп, пысықтауыш қызметінде де келе береді. Мысалы: 1
) Қайсысы-
ның образы күшті шыққан екен? (С.М.) 2) Жолдас Орлов осы жұмысты
қолға қатты алып жатыр. (Ә.Ә.) 3) Михаил Иванович ұзақ сөйледі. (Ғ.С.)
Бұл сөйлемдерде
күшті, қатты, ұзақ деген сын есімдер
шыққан екен, алып
жатыр, сөйледі деген етістік баяндауышпен қабыса байланысып, қ а л а й ?
деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш болып тұр.
Сын есім сөздері затпен байланысты болып, зат есім
сөздерінің алдын-да
тұрып, онымен қабыса байланысып, сындық мағынада қолданылғанда,
көптелмейді, септелмейді және тәуелденбейді.
Үлкен адамдарды сыйлау керек.
Сөйлемде сын есім сөзімен тіркесіп айтылуға тиісті зат есім сөзі айты-лмай,
сын есім сол айтылмаған зат есім
сөзінің орнына жұмсалғанда, зат есім сөзінің
үлгісімен көптеледі, септеледі және тәуелденеді.
Үлкенді сыйлау керек.