Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Жеке бір сөзбен айтылған мүшені д а р а м ү ш е, а л бір ғана



Pdf көрінісі
бет236/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Жеке бір сөзбен айтылған мүшені д а р а м ү ш е, а л бір ғана 
сұраққа жауап беріп, бір-бірінен бөліп алуға келмейтін екі я одан да көп 
сөздер тізбегінен тұратын мүшені к ү р д е л і м ү ш е дейді. 
Сөйлемдегі атқаратын қызметіне карай сөйлем мүшелері негізгі екі топқа 
бөлінеді: а) тұрлаулы мүшелер, ә) тұрлаусыз мүшелер. 
ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕР 
Сөйлем болу үшін ең басты шарт — сөйлемдегі ойдың негізгі желісін 
құрайтын бастауыш пен баяндауыштың болуы. 
Сөйлемдегі айтылған ойға негіз болатын, сөйлем құрауға қазық 
болатын бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің т ұ р л а у л ы
 м ү ш е с і деп атайды. 
§ 105. Бастауыш 
Сөйлемдегі айтылған ойға негіз болып, баяндауыштағы қимылдың не 
басқа да сапаның иесі болатын тұрлаулы мүшені б а с т а у ы ш дейді. 
Бастауыш атау тұлғалы сөз болып келеді де, к і м ? н е ? , к і м д е р ? н е
л е р? к і м і м ? н е м ? к і м і ң ? н е ң ? к і м і ? Н е с і ? қ а й с ы с ы ? қ а н ш 
а с ы ? н е ш е у і ? деген сұрақтардың біріне жауап береді. 
1. Штурман (к і м?) бағытты баяндады. 2. Командир (к і м?) үндемеді. (Л. 
К.) 3 .Атың (нең?) әдемі екен. (Б. С.) ' 4. Бәрекелді, май (н е?) келді. 
Маймен бірге жаз (н е?) келді. 5. Мен (к і м?) жазбаймын өлеңді ермек 
үшін. (А. Қ.) 6. Екеуі (н е ш е у і?) бірінші шахтаны өзгерту қамын қа-
растырып отыр. (Ғ. М.) 
Бұл сөйлемдердегі бастауыштар — штурман, командир, атың, май, жаз, 
мен, екеуі деген сөздер. 
Бастауыштар бір сөзден де, бірнеше сөздердің тіркесінен де келе береді. 
Бір сөзден болған бастауышты д а р а б а с т а у ы ш , екі не одан да көп 
сөздердің тізбегінен болған бастауышты к ү р д е л і б а с т а у ы ш дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет