Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет37/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 19. Тоғыспалы ықпал 
Көрші дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерінен туатын дыбыстық 
өзгерістер үнемі бір жақты бола бермейді. Кейде сөз тіркестері мен біріккен 
сөздің сыңарларының аралығында келетін дыбыстар біріне-бірі ілгерілі-
кейінді әсер етіп, алдыңғы дыбыс кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп, соңғы 
дыбыстың сапасын өзгертеді де, ол соңғы өзгерген дыбыс өзінен бұрынғы 
дыбысқа әсерін тигізеді. Мысалы, қазанқап деген сөз айтылуда келесі сөздің 
басындағы қ дыбысы бірінші сөздің аяғындағы н  дыбысын ң дыбысына 
айналдырады да, бірінші сөздің соңындағы н өзінен кейінгі қатаң қ дыбысын 
ұяң ғ дыбысына айналдырады. Бірақ бұл өзгеріс ескерілмей, сөздердің 
бастапқы тұлғасы сақталып жазылады. Сөйтіп, бұл сөз қазаңғап болып 
айтылады. 
Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы 
көршілес дыбыстардың бір-біріне жоғарыдағыша әсер етулерінен туатын 
дыбыстық өзгерістерді т о ғ ы с п а л ы ы қ п а л дейді. 
Ж а з ы л у ы А й т ы л у ы 
Жас жігіт Жашшігіт 
Бас жүлде Башшүлде
Есжан Ешшан 
Жанқожа Жаңғожа 
Түн қатып Түңғатып 
тас жол ташжол 
26-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңдар да жазылуы мен айтылуы сәйкес
келмейтін сөздерді көрсетіңдер. Олардың қандай ыкпал заңына жататындығын айтыңдар. 
1.Жол үстінде іштей бір байламға келген жігіт ел жатқанша екі-үш кісіні 
жан-жаққа шаптырып, бас-аяғы бір күннің ішінде игі жақсыларды жиып алды 
(Ә.Н.). 2. Бұл сөзді жүрегіне кек алған ашаң неміс қасындағы солдатқа 
немісшелеп, дауысын көтере сөйлеп, бірдеңені айтып жатты (Ә. Н.). 3.Мен 
Ленинградқа поезбен кеп түскен күні шүмектеп құйған жауын екен (С.М.). 


45 
4. Біз Торонтодан шығып, АҚШ-пен шекарадағы ұлы көлдерге жол тарттық
( І. О.). 5. Дүние жүзіне жексұрын қара ниетті , қанқұмар деген атынан АҚШ 
империалистері ат-тонын ала қашуға тырысқан ( І.О.). 
ІІ. 1.Чехтар өз ұлтының мәдениет тарихын бұдан 25 мың жыл бұрын өлген 
әскери қолбасшының сүйегін, оның әшекейленген қару-жарақтарын сақтай 
білгендіктерімен дәлелдейді ( І. О.). 2.Қолымда Мұхаңның « Қараш-Қарашы» 
еді. Бірнеше бетін оқыған соң, төңірегімдегілерге көз жүгірттім (І О.). 3.Иіс 
сабын, қағазға оралған тіс порошогі, орамал, тіпті кішкене ғана дөңгелек 
айнаға дейін бұлардың бойларында ( Ж. Ж.). 4. Түйе жүнін өткізіп, жүз 
килограмдай ұн әкеледі екенбіз ( Ә. Әлім. ). 5. Жолға шығарының алдында 
Асқар Ақтұмадағы Дәмеш апайдікінде болып, Сапар ақсақалға кездесті
( Ә. Әлім. ).
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет