аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис
Сыңарларының біреуі, я екеуі бірдей әуелгі мағыналарынан айырылып, фонетикалық жағынан әрқилы өзгерістерге ұшыраған, олардың бастапқы тұлғасы мен мағынасын лингвистикалық талдау арқылы ғана анықтауға болатын күрделі сөзді к і р і к к е н с ө з дейді. Кіріккен сөздердің қалыптасуы тілдің дыбыстық жүйесіндегі әрқилы
заңдарға байланысты.
Кіріккен сөздердің ішінде бас – басына мағыналары бар дербес сөздерден
біріккендері де (бел-беу, бәй - шешек, сегіз-он, көк-бөрі, қара - ала – құс, аға- іні, білек-жүзік т.б.), дербес сөздер мен көмекші сөздерден біріккендері де
(алып-бер, ендігіден-әрі, олай – еткені т.б.) бар.
Бір сөзге екінші сөзді біріктіру процесі — тоқтап қалған кұбылыс емес,
қазіргі тіліміздегі жаңадан сөз тұдырудың ең өнімді тәсілдерінің бірі. Оған
тілімізде бұрын болмаған еңбеккүн, еңбекақы, өнеркәсіп, қолжазба, мұражай, тікұшақ, балабақша, ғаламтор, балмұздақ, бағдаршам, әуежай, деген сияқты
сөздердің жасалып, көпшілігі термин ретінде қалыптасып отырғандығы дәлел.
Қазіргі тіліміздегі не бір сыңарының, не екі сыңарыныц да тұлғалары
өзгере бірігіп, сол күйінде қалыптасып қалған кейбір кіріккен сөздер ғана
фонетикалық принцип бойынша өзгерген қалпында жазылады. Мысалы: бүгін (бұл күн емес), жаздыгүні (жаздың күні емес), қолғабыс (қолқабыс емес).
Бір ұғымды білдіріп, бір сұраққа жауап беріп тұратын сөз тіркестерінің
барлығы бірдей, барлық жағдайда бірге жазыла бермейді. Қазақ тілінде мына
сияқты сөздердің тобы белек жазылады:
1. Бірнеше сөздерден тіркесіп тұратын күрделі жалқы есім сөздері
(мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым атаулары). Мысалы: Қазақстан Республикасының Парламенті, Алматы облысы, Халық Қаһарманы, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі. 2. Анықтаушы-анықталушы қатынастағы сөз тіркестері. Мысалы: темір жол, тас жол, ағаш үй, тас көпір, күре тамыр, бас киім, аяқ киім, қой қора, ат қора, қол сағат, қалта сағат. 3. Күрделі сын есім сөздері мен күрделі сан есім сөздерінің әрбір сөзі
бөлек жазылады, мысалы: сары ала қаз, ақ сары жігіт, қара торы қыз, көк ала сиыр, құла кер ат, он бір күн, он сегіз жыл, бір мың тоғыз жүз елу тоғыз, екі жарым сағат. 4. Күрделі етістіктердің де әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: келе алмады, көре алмай қалды, барғалы отыр, бұлттанып келе жатыр, жүгіріп ала жөнелді, көре алмай қалып еді, құлап қала жаздап барып қалды. 5. Есімдер мен еліктеуіш сөздер және етістіктердің тіркесуінен құралған
күрделі сөздердің де әрбір сөзі бөлек жазылады. | Мысалы: көмек ет, жәрдем
107
бер, қол қой, селк етті, тарс етті, жылп етті, бас салды, көз тікті, құлақ салды. 6. Тұрақты сөз тіркестерінің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: қас пен көздің арасында, қарға адым жер, қырғи қабақ болу, , екі көзі төрт болу, қой үстіне боз торғай жумыртқалау, ауыз жаласу.