Ұйым, мекеме атауларын білдіретін күрделі атаулардың қысқар- тылып жазылған түрлерін қ ы с қ а р ғ а н с ө з д е р ( а б б р е в и а т у р
а ) дейді. Қысқарған сөздер мына сияқты т ө р т т ү р л і жолмен жасалады:
1. Күрделі атауға енетін әрбір сөздің басқы дыбыстары алынады да, бас
әріппен жазылады: Мысалы: ҚР - Қазақстан Республикасы, АҚШ – Америка
Құрама Штаттары, РФ – Ресей Федерациясы, АҚ – Акцианерлік Қоғам.
Бас әріптер арқылы қысқарған сөздерге қосымша жалғанғанда, қосымша-
лар соңғы әріптің айтылу әуеніне қарай жалғанып, дефис (-) арқылы жазыла-
ды. Мысалы: АҚШ-қа, ТМД-дан.
2.Қүрделі атаулардың құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны алынады
да, кейінгі сөздердің басқы дыбыстары алынып бір сөз жасалады. Мысалы:
ҚазМҰУ - Қазақтың Мемлекттік Ұлттық Университеті Бұлайша қысқар-
ған сөздің алғашқы буынының бірінші әрпі және қысқартылып алынған соңғы
сөздердің басқы әріптері бас әріппен бірге жазылады. 3. Күрделі атаулардың қүрамындағы әрбір сөздің басқы буындары
алынып, бір сөз жасалады да, біркелкі кіші әріптермен бірге жазылады.
Мысалы: кеңшар- кеңестік шаруашылық, филфак – филология факультеті.
4. Күрделі атаулардың құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны алынады да,
келесі сөз толық алынып, бір сөз жасалады. Бұлар да біркелкі кіші әріптермен
бірге жазылады. Мысалы: партбилет (партия билеті), мединститут (медицина институты), педколледж – педагогикалық колледж.
Тақырып бойынша сұрақтар: 1) Қандай күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады ? 2) Біріккен сөздердің күрделі сөздерден айырмашылығы неде ? 3) Кіріккен сөздер деген қандай сөздер ? 4) Қысқарған сөздер ғылым тілінде қалай аталады ? 5) Қысқарған сөздер қандай жолдармен жасалады ?