Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары І нұсқа


Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар



бет41/47
Дата19.02.2024
өлшемі427.27 Kb.
#492408
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
5-сынып емтихан

Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.
1. Абайдың әкесі қандай адам болған?
а) күлегеш
ә) қатал
б) жұмсақ
в) ақын
2. Абайға аңыз әңгімелерді кім айтқан?
а) Досы Ербол
ә) Әкесі Құнанбай
б) шешесі Ұлжан
в) көршілері
3. Абай қай шығармасына ән шығарған?
а) «Болыс болдым мінеки»
ә) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
б) «Қараңғы түнде тау қалғып»
в) «Интернатта оқып жүр»
4. Абай неше жасында орыс тілін үйрене бастады?
а) 5 жасында
ә) 9 жасында
б) 13 жасында
в) 3 жасында
5. Абай қазақ халқын ... болуға шақырды.
а) көңілді
ә) надан
б) мәдениетті
в) малды
Оқылым.
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Отырар – қазақ халқының ең көне қалаларының бірі. Ежелде Отырар қаласының орнында Фараб атты үлкен қоныс болған. «Фараб»- сөзі «сулы қоныс» деген мағынаны білдіреді,себебі шаһар Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан еді. Ежелгі Отырар немесе Фараб қаласының орны қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының түстік батысында жатыр.
Отырар орнында бұл күндері басы бүтін жалғыз қалған құрылыс –
Арыстан баб ғимараты. Алғашқы көне дәуірдегі ескерткіш қираған соң,
оның орнына салынған ортағасырлық әсем өрнекті ғимарат. Арыстан
баб- Отырар жеріне алғаш келген білімпаздардың бірі.
1.2- абзацтың негізгі идеясы неде?
а) Отырар қаласы туралы
б) «Фараб» сөзінің мағынасы
в)Алғаш келген білімпаз Арыстан баб туралы
д)Арыстан баб шәкірттері
2. Білімпаз сөзінің жасалуы
а) Түбір, жұрнақ
б) Түбір ,жұрнақ, жұрнақ
в) Түбір ,жұрнақ, жалғау
д) Түбір, жалғау, жалғау
3. Отырар қаласының орнында қандай көне қала болған?
а) Фараб қаласы
б) Әулиеата қаласы
в) Ақмешіт қаласы
д) Ясауи кесенесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет