ҚАзақ тілі мен әдебиеті құрметті сырттай оқу мектебінің оқушысы!



Дата04.07.2016
өлшемі63.41 Kb.
#176164
«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

Құрметті сырттай оқу мектебінің оқушысы!
Сіз жыл бойында 3 турдың тапсырмаларын орындау керексіз. Әр турдың бірінші тапсырмалары ретінде дәстүрлі түрде шығарма ұсынылады. Шығарманы бағалау өлшемдері жоғарыда берілген. Екі тақырып мектеп бағдарламасы көлемінде, 1 тақырып -еркін тақырып. Оқушылардың басым көпшілігі бағдарламалық тақырыптан ауықтып, еркін тақырыпты таңдап жатады. Тәжірибе көрсеткендей, еркін тақырыпты оқушылардың басым көпшілігі аша алмайды. Еркін тақырыпты ашу өте күрделі, себебі бұл эссе емес, мұнда әдеби материалдарды екшей отырып, қорытып жазу керек. Оқушылардың басым көпшілігі еркін тақырыпты эссемен шатастырып, қысқа ғана ойтолғау жазып береді. Мұндай жұмыстар төмен бағаланады. Шығарманы жазбас бұрын алдымен ойланып барып бастау керек. Жазып отырған тақырыбыңызды ашу үшін шығармадан үздінділер келтіре отырып, дәйекті пікірлерге жүгінген абзал. Кітапты көшіріп жазудың қажеті жоқ, ондай жұмыстар енді бағаланбайды. Мәселен, «Оғызнама» тақырыбындағы жазба жұмысында шығарманың мазмұнын аша отырып, алғашқы эпостық туынды екенін ғалымдар пікірлеріне сүйене отырып, дәлелдеу керек. Ал «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы шығармада мазмұнды баяндаудың қажеті жоқ. Аққудың қасиеті неде? Ана қасіреті, ана трагедиясы, ананың көзсіз махаббаты туралы ойларды өрбітіп, бір-бірімен байланыстыра отырып, әдемі дүние жазып шығу керек. Шығармада жоспар жоғары бағаланады. Мазмұндық жоспар емес, жүйелі түрде рет-ретімен берілген әдеби жоспар болу керек. Грамматикалық тапсырмаларда синтаксистік талдауды сатылай кешенді талдау негізінде орындау қажет. Сөйлем мүшелеріне ажырата отырып, сөйлемге толық сипаттама беріп талдау жеткілікті. Картотека тергенде шығарманың авторы, кітаптың атауы, шыққан жылы, беті толығымен көрсетіліп, маңызды сөздің асты сызылып берілсін. Грамматикалық тапсырмаларды орындағанда көп сөзділікке салынып қажеті жоқ, берілген тапсырманы нақты орындауы қажет. Мәселен, пейзаж және оның көркемдік қызметі деген тапсырмада пейзажға және оның көркемдік қызметіне тоқталып, көркем әдебиеттен 5 мысал келтірсе болғаны.

Жоғарыда айтылған ескертпелерді ескере отырып, тапсырмаларды ұқыптылықпен, асқан ыждаһаттылықпен орындайтындарыңа сенім білдіремін, құрметті оқушым! Сәттілік жолдас болсын!


8-сынып
І тур


  1. «Оғызнама» -алғашқы жазылған эпостық туынды.

  2. М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Аққу қасиеті мен ана қасіреті.

  3. Халқын сүйген жүрек


Грамматикалық тапсырма

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Сәрсенбайдың айттырғаны – осы молланың қызы Шолпан еді.

  1. Көркем әдебиеттен қардың жауу түріне байланысты 5 картотека тер.



ІІ тур


  1. Шешендік сөздердің өнегелік, тағылымдық мәні.

  2. Ұлтының ұлы ұстазы(ұлы Абайдың адамдық, адамгершілік туралы толғамдары)

  3. Бабамыздан қалған мұра – домбыра.


Грамматикалық тапсырма

1.Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Біресе зор кеудені сілкінте, қалтырап шыққан ыстық жалын күрсіну естіледі, біресе сыбырлап әлденені сөйлеп кетеді.

2.Көркем әдебиеттен жел түрлеріне байланысты 5 картотека тер.


ІІІ тур


  1. Елдік пен ерлік жыршысы (Жамбыл шығармалары негізінде)

  2. Абай қарасөздерінің өзіндік ерекшеліктері.

  3. Тал бесігім – табиғат.


Грамматикалық тапсырма

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Әулие көмек берер деп,

Басына халық түнепті.



  1. Көркем әдебиеттен жауын түрлеріне байланысты 5 картотека тер.


9-сынып
І тур


  1. «Туады ерлер ел үшін» Халық ауыз әдебиетіндегі батырлар бейнесі.

  2. «Бірінші тілек тілеңіз...» Жыраулар поэзиясындағы ғибратты ойлар шежіресі.

  3. Халықтың рухани асыл қазынасы

Грамматикалық тапсырма

  1. Сөйлемге морфологиялық талдау жаса.

Ақсақал нағашысын қасындағы үлкенірек кісілермен іріктеп отырып, дәл ортаға, ең жасаулы үйге кіргізді.

  1. Тура мінездеуге көркем әдебиеттен 5 мысал келтіріп жаз.

ІІ тур
1. «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып Күн болам...» Ақынның азаматтық поэзиясы.

2. «Жасырмай ойымды айттым талай-талай...» М.Мақатаев поэзиясының сыршылдығы.

3. Кітап – рухани байлық

Грамматикалық тапсырма


  1. Синтакистік талдау жаса.

Кей күні орыс пешінің үстіне шығып алып, қарала мысықпен ойнап жатып ұйықтап қалатын.

  1. Көркем әдебиеттен көркемдік детальге 5 мысал теріп жаз.


ІІІ тур
1. «Дүние де өзі, мал да өзі» Абай шығармаларындағы оқу-білім тақырыбы.

2. «О, ғажап осы ма екен Көкше деген!» Көкшетаудың көркем табиғаты тудырған поэзия.

3. Туған жердің атақты перзенті.

Грамматикалық тапсырма


  1. Морфологиялық талдау жаса.

Шығыс жаққа қараған терезенің алдына қос тізерлеп, екі шынтағын тізесіне салып, иегін қолдарының үстіне қойып Абай отыр.

  1. Сөйлеудің түрлеріне «Абай жолы» романынан 5 мысал тер.


10-сынып
І тур


  1. «Шын жақсыда тарлық жоқ, әділ сөзге қорлық жоқ» Сүйінбай Аронұлының шығармашылығы

  2. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ағартушылық еңбегі.

  3. «Елім менің...»


Грамматикалық тапсырма

  1. А.Байтұрсынұлы Абайды «Қазақтың бас ақыны» екендігін қандай негізге сүйеніп айтқан?

  2. Ғ.Мүсіреповтің шығармаларынан жауын түрлеріне 5 картотека тер.



ІІ тур


  1. Шәңгерей шығармашылығындағы өмір өрімдері.

  2. С.Дөнентаев – мысалшы.

  3. Ұлтын сүйген жүрек.


Грамматикалық тапсырма

  1. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі таулардың суреттелуі.

  2. Көркем әдебиеттен күлудің түрлеріне 5 картотека тер.


ІІІ тур


  1. «Қара сөзбен жазылған алғашқы көлемді шығарма»

  2. «Тұманға кірді қалың біздің қазақ,

Арты – жал, алды – тұйық, - бұл не ғажап» М.Дулатовтың шығармаларындағы ұлт

оянушылық идеясы.



  1. Айтсын деп ақиқатты тілді берген.


Грамматикалық тапсырма

  1. Махмұт Қашқари қандай сөздік жасаған? Оның маңызы неде?

  2. Көркем әдебиеттегі портреттеуге 5 картотека тер.

11-сынып
І тур



  1. Өмір шындығын өрнектеген шығарма. (Ж.Аймауытовтың «Шернияз» пьесасы негізінде)

  2. Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі.

  3. Балалық шаққа саяхат

Грамматикалық тапсырма

  1. «...Екі күн өткен соң, Құнанбай Абай мен Қарабасты Байдалыға жіберді. Құлыншақ пен Сүйіндіктей емес, Байдалы бұларға жылы шырай бермеді. Сырты үп-үлкен ақшыл үйге Абайлар кіре бергенде-ақ, Байдалының бір нәрсеге қатты ашуланып, айқайлап жатқан үні естілді...»

Үзінді «Абай жолының» қай кітабынан, қай бөлімінен алынған? Оқиға ары қарай қалай өрбиді? Қысқаша тоқталыңыз.

  1. Диалог және оның көркемдік қызметі.


ІІ тур

  1. Ахмет мысалдарының тәрбиелік мәні.

  2. Шәкәрім лирикасындағы Абай дәстүрі.

  3. Отан үшін отқа түс, күймейсің.


Грамматикалық тапсырма

  1. «Кең дала, кеткенің бе, кер бетеге,

Бұл жерде бала туып, ер жете ме?

Суырдай іннен шыққан сүйретіліп,

Дариға-ай, мекенінен ел кете ме?» Өлеңнің аты, тақырыбы, идеясы туралы айтып беріңіз.


  1. Пейзаж және оның көркемдік қызметі.

ІІІ тур

  1. Жұртына білім сыйлаған. (Ы.Алтынсарин шығармалары бойынша)

  2. С.Сейфулиннің сыршыл поэзиясы.

  3. Тал бесігім - табиғат.


Грамматикалық тапсырма

  1. «Көк кілем – балаусасы балбыраған,

Көк жібек жапырағы жалбыраған.

Ақ қанат аспандағы сонда жауып,



Балбұлақ таудан, тастан атқылаған...» Үзінді кімнің шығармасынан алынған? Не туралы айтылып тұр? Ақынның өзіндік стилі туралы не айтуға болады?

  1. Метафора оның стильдік қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет