Көне түркі жазбаларындағы тілдік нормалардың қазақ тілінің, қазақ әдеби тілінің нормаларындағы ізі, тигізген әсері қандай фонетикалық заңдылықтардан көрінеді
Көне түркі жазбаларындағы тілдік нормалардың қазақ тілінің, қазақ әдеби тілінің нормаларындағы ізі, тигізген әсері қандай фонетикалық заңдылықтардан көрінеді A)& дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке болып топталуы мен олардың позициялық орындарының бірдейлігінен, соның нәтижесінде үндестік заңының тұрақтылық сипатынан
B) созылыңқы дауыстылардан
C) екпіннің жылжымалылығынан
D) ерін үндестігінен
E) дауыссыз дыбыстардың үндесу заңынан
*****
Көне түркі жазбалары мен қазақ тіліндегі ұқсастық, сабақтастық қандай сөз түрлендіруші формалардан жүйелі түрде көрінеді A)& сөздердің тәуелдену, септелу жүйесінен
B) сөздердің бірігу жүйесінен
C) жұрнақтардан
D) жіктік жалғауларынан
E) көптік жалғауларынан
*****
Көне түркі жазбаларындағы поэзия үлгілері мен түркі тайпаларына тән ежелгі ауызекі поэзия өнерінің алғашқысы A) сақ дәуіріндегі мұралар
B)& көне түркі поэзиясы мен көркем сөз үлгілері түркі поэзиясының, әдеби тілінің басы емес, тек тарихи бір кезеңінің басы болып табылады
C) ортағасырлық туындылар
D) «Жамиғат-ат тауарих»
E) белгілі бір тарихи кезеңде тұспа-тұс келеді
*****
Ноғайлы заманында туған эпостық жырлар A) “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды” жырлары
B) Ағыбай, Қабанбай, Бөгембай батырлар жайындағы жырлар
C)& “Едіге”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Орақ-Мамай” жырлары
D) “Еділ-Жайық”, “Орхон-Енисей”
E) “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан”
*****
“Қараспан”, “Көздікөл”, “Қырық күншілік қазан”, “Сырлы қала”, “Қырлы қала”, “Құба көл”, “От төбе” сияқты жер-су атаулары қай эпостық жырда кездеседі
A) Қамбарда
B)& Қобыландыда
C) Алпамыста
D) Қыз Жібекте
E) Айман-Шолпанда
*****
“Қылаң етіп қылт етіп, Сылаң етіп сылт етіп”, “Тау суындай қылаңдап, Сүмбідейін сылаңдап” тұрақты тіркестері көркемдеуіш-бейнелеуіш тәсілдердің қай түріне жатады A) поэтикалық эпитет
B)& поэтикалық параллелизм