Қазақ тілі пәні бойынша оқу орнына түсуге
11 сынып оқушыларына арналған
тест тапсырмалары
1.Сөз тіркесін табыңыз.
A. Кітап-білім бұлағы
B. Жауынды жаз өтті
С. Өзің нешедесің?
D. Егіс даласы
E. Жаңбыр жауды
2.Зат есімнің жалқы есім түрін табыңыз.
А. Әке-шеше
В. Аспан әлемі
С. Еңбекші халық
D. Қарағанды
Е. Ата-ана
3.Зат есімнің жалпы есім түрін табыңыз.
А. Нұра өзеңі
В. Қазақстан Республикасы
С. Ердің сыншысы – елі
D. Тарбағатай өңірі
Е. Ертіс маңы
4.Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.
А. Ыразы
В. Разы
С. Риза
D. Ыриза
Е. Ырыза
5.Қате жазылған сөзді табыңыз
А. Құлын
В. Доп ойнау
С. Бара алмады
D. Өзенге
Е. Жібек
6.Антоним сөздерді табыңыз.
А. Жез құман
В. Тез киіну
С. Ілгері, кейін жүру
D. Ыстық ықылас
Е. Қызыл, жасыл,көк
7.Ашық буынды сөзді табыңыз.
А. Зор, көл
В. Ұт, ұқ
С. Тос, төр
D. Аға, босаға
Е. Тас, тос
8.Орыс тілінен кірген сөздерде ғана қолданылатын дауысты дыбыс?
А. Ә
В. И
С. У
D. Э
Е. Е
9.Қай сөзге дефис қойылу керек?
А. 9 сынып
В. 1998 жыл
С. 80 метр
D. 200 процент
Е. 30 тенге
10.Қазақ тілінің дыбыстық ерекшілігіне тән дауысты дыбыс нешеу?
А. 4
В. 5
С. 6
D. 7
Е. 3
11.Қай сөз бөлек жазылады?
А. Пәле-қорлық
В. Қызыл-іңір
С. Тамылжыту
D. Тамақ-саулану
Е. Көркем өнерпаздық
12.Фонетика нені зерттейді?
А. Тіл дыбыстарының жүйесін
В. Сөз тіркесінің байланысу тәсілін
С. Сөз мағыналарын
D. Сөз құрамын
Е. Тіл дыбыстарының айтылу нормасын
13.Әріп дегеніміз не?
А. Сөздің дұрыс айтылуы
В. Сөздің дұрыс жазылуы
С. Дыбысты жазудағы таңба
D. Жазу таңбалары мен дыбысты айқындауыш
Е. Дыбыстардың белгілі тәртіпке салынған жинағы
14.Тәуелді жалғаулы сөзді табыңыз.
А. Ауылдың адамы
В. Қалаға бару
С. Бүлдірген теру
D. Адамды құрметтеу
Е. Жауап беру
15.Айтылу бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.
А. Тұрсынкүл
В. Жұмысшы
С. Қара ат
D. Жаздыгүні
Е. Сары дала
16.Айтылу бойынша жазылатын біріккен сөзді табыңыз.
А. Әлдекім
В. Құрманбек
С. Қонысбек
D. Ендігәрі
Е. Айтбай
17.Естілу бойынша жазылатын сөзді табыңыз.
А. Диалог
В. Өзенге кел
С. Қыстыгүні
D. Жаз сайын
Е. Күндіз
18.Тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз
А. Орын
В. Бұлбұл
С. Тапсырма
D. Оқушы
Е. Сіздер
19.Тасымалдауға болатын сөзді табыңыз.
А. Тарс
В. Төрт
С. Басты
D. Бұлт
Е. Қант
20.Бөлшекті сан есімді табыңыз.
А. Үшеусіз
В. Үштен бірі
С. Бірлік
D. Жүздік
Е. Ондарда
21.Ашық дауысты дыбысты табыңыз.
А. Ұзын
В. Құлын
С. Әшекей
D. Тұнық
Е. Тіркесу
22.Тек жіңішке буындардан тұратын сөзді табыңыз.
А. Ауыл
В. Жолаушы
С. Қыздар
D. Өндіріс
Е. Жалқау
23.Жуан буынды сөзді табыңыз.
А. Шағала
в. Көбелек
С. Еңбек
D. Өсімдік
Е. Өндіріс
24.Бітеу буынды сөзді табыңыз.
А. Дүлдүл
В. Оқушы
С. Арша
D. Жазушы
Е. Кітапхана
25.Төрт буыннан тұратын сөзді табыңыз.
А. Төзімді
В. Саңырауқұлақ
С. Шаруашылық
D. Жақсылық
Е. Орта
26.Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз.
А. Мәл-ім-де-ме
В. Мә-лі-мде-ме
С. Мә-лім-де-ме
D. Мә-лі-м-де-ме
Е. Мә-лім-дем-е
27.Ашық буынды табыңыз
А. Ал
В. Қа
С. Қас
D. Ат
Е. Ет
28.Тұйық буынды табыңыз.
А. Тарс
В. Ет
С. Жаз
D. А
Е. Ө
29.Бітеу буынды табыңыз.
А. Ақ
В. Әк
С. Сәл
D. Мә
Е. Жә
30.Тек бітеу буыннан тұратын сөз қайсы?
А. Көркемде
В. Бөлме
С. Белгімен
D. Бөрткен
Е. Балталы
31.Жуан дауысты дыбыстарды табыңыз.
А. у, м, н, л, ң
В. і, й, ә, ү, р
С. б, в, з, ж, ғ
D. а, о, ұ, ы
Е. ә, е, і, ө
32.Дауысты дыбыстарды табыңыз.
А. б, ж, с, р, ғ
В. х, һ, ч, к, г
С. ц, ш, к, и, д
D. а, ә, о, у, е
Е. б, в, г, ғ
33.Ашық дауыстарды табыңыз.
А. і, ә, ү, ұ, у
В. о, ө, а, ә
С. а, ә, о, ө, е
D. р, л, м, н, й
Е. ы, і, ө, ү
34.Еріндік дауыстарды табыңыз.
А. с, т, п, р, ж
В. қ, ш, ғ, д, г
С. о, ө, ү, ұ
D. і, а, ы, ә, е
Е. а, б, в, г
35.Жуан дауысты дыбыс қалай жасалады?
А. Жақтың катысына қарай
В. Тілдің қатысына қарай
С. Еріннің қатысына қарай
D. Өкпелеп шыққан ауаның қатысына қарай
Е. Үн мен салдырдың қатысына қарай
36.Тілімізде қанша дауыссыз дыбыс бар?
А. 19
В. 12
С. 21
D. 26
Е. 27
37.Қай дыбыс сөздің соңында келмейді?
А. Ы
В. О
С. А
D. Е
Е. І
38.Дауыссыз дыбыс қалай жасалады?
А. Езудің катысына қарай
В. Ауаның кедергіге ұшырап шығуынан
С. Үн мен салдырдың қатысынан жасалады
D. Үн арқылы жасаланады
Е. Ауа кедергіге ұшырамай жасалады
39.Қатаң дауыссыздарды табыңыз.
А. з, ь, к, қ, л, м, н
В. а, о, н, і, ә, ү
С. п, ф, қ, т, с
D. й, у, и, э, ю, я
Е. б, в, г, д
40.Үнді дауыссыздарды табыңыз.
А. з, к, қ, л, м, н
В. а, о, ы, і, ә, у
С. п, ф, к, қ, т, с, ш
D. р, л, м, ң, й, у
Е. д, ғ, б, в
41.Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
А. Сөз, сөз аралығындағы алғашқы дыбыстың соңғыға әсері
В. Сөз, сөз аралығындағы алғашқы дыбыстың алдыңғыға әсері
С. Көршілес дауыссыз дыбыстардың біріне ұқсата әсер етуі
D. Сөз, сөз қосымшаларындағы дауыстылардың біріңғай келуі
Е. Сөздегі бір буынның көтеріңкі айтылуы
42.Ұяң дауыссыз дыбыстар қайсы?
А. й, м, н
В. р, л, у
С. п, ф, к
D. ш, щ, х
Е. ж, һ, з
43.Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
А. Қалалық
В. Әсемпаз
С. Білімді
D. Кілтті
Е. Дұрыс
44.Қосымшаның қайсысы дұрыс жалғанып тұрғанын табыңыз.
А. Адамдыкі
В. Адамдықы
С. Адамтікі
D. Адамдікі
Е. Адамнікі
45.Омоним сөздерді көрсетіңіз.
А. Арлы бала-әдепті бала
В. Жолдасыңды қадірлей біл
С. Жаз айында әжеңе хат жаз
D. Екеуі асханаға барды
Е. Ас иесімен тәтті
46.Омоним деген не?
А. Тұлғасы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер
В. Тұлғасы, дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-бірінен алшақ
С. Сөзге граматикалық мағына үстейтін, сөзбен сөзді байланыстыратын
D. Бір-біріне қарама-қарсы айтылатын сөздер
Е. Баяндауыш пен бастауыштың байланысы
47.Омоним болатын сөз қайсы?
А. Ауыз
В. Құлақ
С. Тіл
D. Балшық
Е. Сау
48.Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А. Көз, қас, бақ
В. Ол, соған, біз
С. Алыс, қашық, шалғай
D. Оннан бір, екі, бірінші
Е. Кеше, ертең
49.Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А. Менен, жетеу,
В. Сөк, түз, көз
С. Әдемі, сұлу, көрікті
D. Сырмақ, шекпен, алаша
Е. Қыс-жаз, күз-көктем
50.Синонимдік қатары толық берілген топты көрсетіңіз.
А. Дөкей, мықты, дөй
В. Епті, икемді, бейімді
С. Еске, көне, баяғы
D. Әдемі, сұлу
Е. Әзілкеш, қуақы, әзілқой
51.Зат есім синонимді табыңыз.
А. Шыдам, сабыр
В. Есепсіз, сансыз
С. Ескі, көне
D. Бойшаң, сұңғақ
Е. Беймаза, мазасыз
52.Қарама-қарсы мағынада тұрған жұпты табыңыз.
А. Әдемі-әдемілеу
В. Ұзын-биік
С. Айдын-айқын
D. Жоғары-төмен
Е. Тамаша-әдемі
53.Тұрақты тіркесті табыңыз.
А. Қала мен ауыл арасы
В. Алты қанат ақ үй
С. Қас пен көздің арасында
D. Көпке тараған ән
Е. Ел арасында
54.Антоним деген не?
А. Тұлғасы, дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-бірінен алшақ
В. Бір-біріне қарама-қарсы айтылатын сөздер
С. Тұлғасы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер
D. Сөзге грамматикалық мағына үстейтін, сөз бен сөзді байланыстыратын
Е. Бастауыш пен баяндауымтың байланысы
55.Көнерген сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А. Бақшада әңгелектер пісті
В. Ұлпан қызына сәукеле тікті
С. Тікбұрыштарды сызу үшін чертеждік үш бұрыш қолданылады
D. Байқоңыр-ғарыш айлығы
Е. Жолсапарға аттанды
56.Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А. Тыным, тыныштық таппаған
В. Адамның басы көрікті бас
С. Жақсылық пен жаманжық-болды сегіз
D. Бұраң бел, алма майын
Е. Ара гүлге қонды
57.Шылау сөзді табыңыз.
А. Бірақ
В. Маңы
С. Ол
D. Шылп
Е. Сол
58.Ауыспалы мағыналы сөзді көрсетіңіз.
А. Терең су
B. Ойлы адам
С. Жеңіл жүк
D. Сергек адам
Е. Таяз түсінік
59.Мәтелді ажыратыңыз.
А. Тіл-күшті қару
В. Тілі күрмелді
С. От тілді, орақ ауызыды
D. Тілмен орақ орды
Е. Тіл-арың
60.Тура мағыналы сөзді белгілеңіз.
А. Істің көзін табады
В. Әкесінің көзіндей
С. Өз көзімен көрді
D. Көкірегінде көзі бар
Е. Көкірегі ояу еді
61.Лексика нені зеттейді?
А. Сөйлем мүшелерін
В. Cөз құрамын
С. Cөз тіркесін
D. Тіл дыбыстарын
Е. Сөз мағынасын
62.Мақалды көрсетіңіз.
А. Көптің құрығы ұзын
В. Құрғақ қасық-ауыр жыртар
С.Ақылы асқанды аға тұт
D. Ақ түйенің қарны ақтарылды
E. Ораз үйге келді
63.Неологизм сөздерді табыңыз.
А. Ана, әке, ата
В. Жүз, күз, ет
С. Делдал, құжат, сұһбат
D. Ел, елдік, азаматтық
Е. Махаббат, тұрмыс
64.Диалект сөздерді көрсетіңіз.
А. Бөз, боз
В. Көпшік, дарбаза
С. Оның, соған
D. Орман, тоғай
Е. Қара, ат
65.Кәсіби сөздерді көрсетіңіз.
А. Сұлу, көрікті
В. Жазыс, тоқыс
С. Өте, тым
D. Атыз, шиіт
Е. Сым, пәс
66.Кәсіби сөздерді табыңыз.
А. Қанат, мінез
В. Келер, жазар
С. Мұрап, ау
D. Су, теңіз
Е. Ой, арман
67.Неологизмге жататын сөзді табыңыз.
А. Насыбай
В. Оқушы
С. Мағына
D. Сапарнама
Е. Дәптер
68.Тіл білімі саласына жататын термин сөзді табыңыз.
А. Бөлгіш
В. Депутат
С. Сөйлем
D. Рельеф
Е. Файл
69.Диалект сөзді табыңыз.
А. Қаспақ
В. Шылбыр
С. Елгезер
D. Қышқаш
Е. Шелек
70.Архаизмге жататын сөздерді табыңыз.
А. Ғарышкер
В. Балмұздақ
С. Қорамсақ
D. Әңгелек
Е. Сүт
71.Географиялық терминді табыңыз.
А. Антоним
В. Бастауыш
С. Түбек
D. Механика
Е. Лексика
72. Фонетика саласында жататын термин сөз.
А. Мақал-мәтел
В. Сөз тіркесі
С. Қысаң
D. Синоним
Е. Жұрнақ
73.Сапалық сын есімді табыңыз.
А. Үлкен үй
В. Сүтті сиыр
С. Малды ауыл
D. Құмды жер
Е. Қарлы қыс
74.Қатыстық сын есімді табыңыз.
А. Ыстық күн
В. Жұмыр ағаш
С. Орманды өлке
D. Қызылтау өлке
Е. Ыстық шәй
75.Күрделі сын есімді табыңыз.
А. Тұп-тұнық
В. Жақсырақ
С. Биіктеу
D. Қызғылтым
Е. Көгілдір экран
76.Сын есімнің жай шырай түрін көрсетіңіз.
А. Үлкендеу
В. Әп-әдемі
С. Қызғылт
D. Жақсы
Е. Ең әдемі
77.Сын есімнің салыстырмалы түрін көрсетіңіз.
А. Жеп-жеңіл
В. Ауыр
С. Ірірек
D. Аппақ
Е. Ашық
78.Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз
А. Ұзындау
В. Сүйкімді
С. Әп-әдемі
D. Бостау
Е. Қысқаша
79.Есептік сан есімді көрсетіңіз.
А. Оныншы
В. Бес-алты
С. Жиырма бес
D. Елулерде
Е. Жиырма шақты.
80.Реттік сан есімді табыңыз.
А. Бесеу
В. Жиырмадай
С. Төрттен бір
D. Елу-алпыс
Е. Жүз он екінші
81.Жинақтық сан есімді табыңыз.
А. Қырық-елу
В. Сегізінші
С. Жетеу
D. Бестен бір
Е. Елу екінші
82.Болжалдық сан есімді табыңыз.
А. Жетпістей
В. Бес-бестен
С. Мың-мыңнан
D. Екіден бір
Е. Миллион
83.Топтау сан есімді табыңыз.
А. Жүз мыңға таяу
В. Ондаған
С. Отыз-қырықтан
D. Бес-алтыларда
Е. Он жетіде
83.Бөлшектік сан есімді табыңыз.
А. Екі-үштен
В. Он бірінші
С. Отыз- қырықтарда
D. Жиырма бестей
Е. Төрттен бес
84.Жіктеу есімдігін табыңыз.
А. Мен
В. Сол
С. Мынау
D. Кім?
Е. Барлық
85.Жіктеу есімдігін табыңыз.
А. Біз
В. Кімдер
С. Өзім
D. Бәрі
Е. Бәріміз
86.Сұрау есімдікті көрсетіңіз.
А. Бұлар
В. Қайсысы?
С. Мұнымен
D. Бізді
Е. Сендер
87.Өздік есімдікті тіркесті көрсетіңіз
А. Сен кімсің?
В. Өзің кел
С. Оны көру
D. Кім келеді?
Е. Олар барады.
88.Белгісіздік есімдікті көрсетіңіз.
А. Қайсыбіреу
В. Өзіміздің
С. Біздің
D. Баршамыз
Е. Бәріміз
89.Болымсыздық есімдікті көрсетіңіз.
А. Ешқайсысы
В. Әлдекім
С. Әлдеқалай
D. Қайсыбір
Е. Мүмкін
90.Еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.
А. Турадан-тура
В. Тарс-тұрс
С. Үлкен-кіші
D. Бес-он
Е. Екі-үш
91.Сұраулық шылау қатысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.
А. Сенейін(бе), сенбейін(бе)
В. Сен, сен(бе)
С. Өтірік айт(па)
D. Жаман әдетке үйрен(бе)
Е. Сен әкел(ме)
92.Қай сөйлемде «ма» бөлек жазылатынын көрсетіңіз.
А. Кітапты шала оқы(ма)
В. Біреудің бермесін қиылып сұра(ма)
С. Ертеден кешке дейін далада ойна(ма)
D. Бүгін театрда қойылым бола(ма)
Е. Ережені тез оқы(ма)
93.Туынды сын есімді тіркесті табыңыз.
А. Қара ала сиыр
В. Ақ боз үй
С. Өнерпаз бала
D. Жақсы жан
Е. Жирен ата
94.Дыбыстық мағына білдіретін сөзді табыңыз.
А. барша, тегіс
В. Сарт-сұрт, арс-арс
С. Кім? Не? Кімнен?
D. Барды, оқыды, сүртті
Е. Кімге? Неге
95.Негізгі түбір етістікті табыңыз.
А. жүзім, бақыт
В. Келді, бармақ
С. Оқы, сана
D. Бесеу, екі
Е. Ерекше, әрбір
96.Болымды етістікті көрсетіңіз.
А. Сарт-сұрт, елең-алаң
В. Ақылды, сергек
С. Бар, оқы
D. Он, жетпіс
Е. Екеу, бір
97.Болымсыз етістікті көрсетіңіз
А. Ешкім, әлдене
В. Оқыма, ішпе
С. Жетінші, үш
D. Оқыған, келген
Е. Сегіз, төртке
98.Жіктік жалғаулы көсемшені табыңыз.
А. Мен оқушымын
В. Менің оқушым
С. Сен айтыпсың
D. Ол жақсы орындады
Е. Оның айтқаны болды
99.Есімшенің жіктелген түрін табыңыз.
А. Мектепке келді
В. Менің жазуым
С.Ол барар
D. Мен жиналып едім
Е. Жақсы өнер
100.Қосарлану арқылы жасалған сын есімді көрсетіңіз.
А. Қараңғы үңгір
В. Үлкенді-кішілі үйлер
С. Жып-жылмағай киінген
D. Өрілген кірпіш
Е. Жасыл орман, көк сай
101.Есептік сан есімді көрсетіңіз.
А. Адамзат
В. Оннан бір
С. Тоқсан
D. Төртінші
Е. Сабақ
102.Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.
А. Барша, бүкіл
В. Теп-тегіс, біп-биік
С. Алтау, біреу
D. Оқып отыр, жеп отыр
Е. Бәрі біркелкі
103.Сілтеу есімдіктерінің септелген түрінкөрсетіңіз.
А. Сызғыш, құрал
В. Оқыған, ойнар
С. Соған, онысына
D. Өзегі, өртенді
Е. Бірдей, кейбір
104.Болымсыздықпен есімдікті көрсетіңіз.
А. Асыл, мінез
В. Үшеу, алтау
С. Ешбір, дәңене
D. Күйтабақ
Е. Үндеу
105.Етістік сөзден жасалған туынды зат есімді табыңыз.
А. Қаламсыз
В. Басшы
С. Тарақ
D. Еңбекші
Е. Жерлес
106.Салыстырмалы шырайда тұрған сөзді табыңыз.
А. Арсыз
В. Көк ала
С. Киімшең
D. Ақшыл
Д. Ақшулан
107.Болжалдық сан есімді табыңыз.
А. Жүз он
В. Оннан бір
С. Жүздеген
D. Жүзінші
Е. Бестен бір
108.Барыс жалғауында тұрған өздік есімдігін табыңыз.
А. Өзі
В. Өзіміз
С. Өзіңе
D. Өзіңде
Е. Өзіңмен
109.2-жақ көпше түрінде тұрған етістікті табыңыз.
А. Жатырмын
В. Жатырсыңдар
С. Жатырсыңдар
D. Жатырмыз
Е. Жатырсыз
110.Күрделі нақ осы шақ табыңыз.
А. Күле берді
В. Күліп тұр
С. Күліп барды
D. Күліп қайтты
Е. Күліп келеді
111.Қалау райлы етістікті табыңыз.
А. Қалғанмын
В. Қаларсыңдар
С. Қалғым келеді
D. Қалғансыздар
Е. Қалдық
112.Шартты райлы етістікті табыңыз.
А. Ұсынсаңыз
В. Ұсынарлық
С. Ұсындық
D. Ұсынайық
Е. Ұсынбақпыз
113.Күшейткіш үстеуді табыңыз.
А. Тым
В. Кеше
С. Әдейі
D. Қасақана
Е. Ертең
114.Көңіл-күй одағайын табыңыз.
А. Әттең
В. Жә
С. Тәйт
D. Құру-құру
Е. Тек
115.Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
А. Біз лекцияны тыңдап отырмыз
В. Мен институттан келдім
С. Олар кино көргелі келе жатыр
D. Ол саяхатқа шыққанды ұнатады
Е. Ербол көркем әдебиетті оқып отыр еді
116.Болжалдық сан есімді табыңыз.
А. Бес-бестен
В. Оннан бір
С. Мыңдаған
D. Төртеу
Е. Екіден-бір
117.Жалпы есім дегеніміз не?
А. Бір түрлі көп заттың бір атауы
В. Бір түрлі көп заттың жеке аты
С. Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есім
D. Оймен танылатын зат есім атауы
Е. Жер-су атаулары
118.Етістіктің зат есім жасайтын жұрнақты табыңыз.
А. –шы,-ші
В. –лық,лік
С. –хана
D. –ған,-ген
Е. –ма,-ме
119.Біріккен сөз табыңыз.
А. Механикалық
В. Итмұрын
С. Шаруашылық
D. Ұзынды-қысқалы
Е. Демеуші
120.Қосымшасыз тұрған түбір сөзді табыңыз.
А. Бұрғы
В. Ойыншық
С. Ауыл
D. Атадан
Е. Егін
121.Қосарлама қос сөзді табыңыз.
А. Өзіне-өзі
В. Сұп-сұр
С. Медпункт
D. Бақа-шаян
Е. Қайта-қайта
122.Туынды сөз жасап тұрған қосымшаны көрсетіңіз.
А. Түн-де
В. Түн-дік
С. Түн-нен
D. Түн-нің
Е. Түнге
123.Тәуелдік жалғаудың 3-ші жағында тұрған сөзді табыңыз.
А. Дәптерім
В. Дәптері
С. Дәптерің
D. Дәптеріміз
Е. Дәптеріңіз
124.Қосымшасыз тұрған түбір сөзді табыңыз.
А. Ой
В. Атадан
С. Әкедей
D. Ауыл
Е. Бұрғы
125.Тәуелді септеулі сөйлем қайсы?
А. Елдің іші-береке
В. Ұялмаған бұйырмағанды ішеді
С. Өлімнен ұят күшті
D. Жүрегіңнің жұмбағын жүзін шешіп береді
Е. Әркімнің өзі шығар биігі бар
126.Өздік есімдігі бұл сөйлемде тәуелдіктің қай жағына келген?
Сол кезде Еламан өз әйелін өзі танымай қалады.
А. I ж. Жекеше
В. II ж. Сынайы
С. II ж. Анайы
D. III ж. Жекеше
Е. III ж. Көпше
127.III ж. Көпше түрде жіктік жалғаудағы бұйрық райлы сөзді көрсетіңіз.
А. Оқысын
В. Оқыйық
С. Оқыған
D. Оқыса
Е. Оқымақ
128. «Аяғы аспаннан келу» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.
А. Сүріну
В. Сәтсіздікке ұрыну
С. Жаттығу жасау
D.Ұйықтау
Е. Шаршау
129. «Тайға таңба басқандай» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.
А. Ашық
В. Анық
С. Жылдам
D. Уақытысында
Е. Белгілі
130.Қаратпа сөз бар сөйлемді табыңыз.
А. Көп оқу-білім алудың негізгі шарты.
В. Қап, не дедің?
С. Кәне, бала, әкел қолыңды
D. Көрсетпе көз жасыңды
Е. Еңбек түбі-береке
131.Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді табыңыз.
А. Мәдени-демалыс паркі
В. Жанымыз төртеу
С. Бұлтты аспан
D. Мынау қоян жепті ғой
Е. 1942 жыл
132.Заттанған сын есім сөйлемнің қай мүшесі?
А. Бастауыш
В. Баяндауыш
С. Пысықтауыш
D. Толықтауыш
Е. Анықтауыш
133.Анықтауыш дегеніміз не?
А. Іс-қимылдың я сапа белгінің иесі болатын мүше
В. Сөйлем құрауға негіз болатын мүше
С. Заттық ұғымды сын-сапа, сан мөлшері жағынан, сипаттайты мүше
D.Септік жалғауларының бірінде келіп, онымен заттық ұжымда байланысатын мүше
Е. Іс-қимылдық мезгіл, мекен т.б. сипатын білдіретін мүше
134.Толықтауыш дегеніміз не?
А. Іс-қимылдың я сапа белгінің иесі болатын мүше
В. Сөйлем құрауға негіз болатын мүше
С. Заттық ұғымды сын-сапа, сан мөлшері жағынан, сипаттайты мүше
D.Септік жалғауларының бірінде келіп, онымен заттық ұжымда байланысатын мүше
Е. Іс-қимылдық мезгіл, мекен т.б. сипатын білдіретін мүше
135.Сөйлемді табыңыз.
А. Тепсе темір үзетін
В. Ақ шағала
С. Қызыл күрең шай
D. Суға жүзу жарысы
Е. Біз жидек тердік
136.Құрмалас сөйлемді табыңыз.
А. Әкесі баласына сүйсініп те, мақтанып та қарады
В. Олар кеше келгенімен, ешкімге жолыға қойған жоқ еді.
С. Баласы қатты ауырған-ды
D. Марат кеше көш соңында қалып қойды
Е. Болат ренжи қарады.
137.Одағай сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.
А. Бас болмақ оңай,-оны елеген ешкім жоқ
В. Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жақтығы
С. Күн жауып кетті,-оны елеген ешкім жоқ
D. Күн батты, тауды қара көлеңке басты
Е. Кешіккен сайын қатты қысылдым
138.Ыңғайлас салалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар қайсы?
А. Себебі, сондықтан
В. Сонша, сондай
С. Я, яки, не
D. Да, де, әрі
Е. Бірақ, дегенмен
139.Матаса байланысу деген не?
А. Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің грамматикалық байланысы
В. Сөздердің өзара септік жалғауларының біреуі арқылы байланысқан түрі
С. Баяндауыштың бастауышпен байланысы
D. Сөздердің өзара ешбір жалғаусыз байланысуы
Е. Сөздердің атау мен ілік септік жалғаулар арқылы байланысуы
140.Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.
А. Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады
В. Керуен басы-Жәнібек
С. Ойлан, қарағым, анаңның жайын
D. Теңіз толқыны күшейді де дауыл тұрды
Е. Жауынды күз
141.Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
А. «Кел, балалар оқылық »-деді Ыбырай
В. «Кел, балалар, оқылық»-деді Ыбырай
С. «Кел, балалар оқылық,»-деді Ыбырай
D.»Кел балалар, оқылық»-деді Ыбырай
Е. «Кел балалар-оқылық»-деді Ыбырай
142.Берілген төл сөздің қай вариантында тыныс белгілері дұрыс қойылған?
А. –Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін,-деді де, солдат ізінше қайта шықты
В. –Мырза жүргелі жатырмыз. Киін,-деді де, солдат ізінше қайта шықты
С. –Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін-деді де, солдат ізінше қайта шықты
D. –Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін-деді де, солдат ізінше қайта шықты
Е. –Мырза жүргелі жатырмыз. Киін,-деді де, солдат ізінше қайта шықты
143.Қай қатардағы тыныс белгілер сөйлемнің ортасына қойылады?
А. Леп белгісі, үтір
В. Сызықша, нүкте
С. Дефис, сұрау белгісі
D. Үтір, сызықша
Е. Қос нүкте, леп белгісі
144.Мына төл сөздің қайсысына тыныс белгілері дұрыс берілген?
А. –Көрдің ғой генерал. Дер кезінде келдің,-деді Колчак
В. –Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің,-деді Колчак
С. –Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің-деді Колчак
D. –Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің;-деді Колчак
Е. –Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің:-деді Колчак
145.Жалпылауыш сөзге байланысты қойылған тыныс белгіні табыңыз.
А. Ақылбай, Ербол, Мағаш келді
В. Үлкенді сыйлау-асыл қасиет
С. Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Алакөл және Марқакөл
D. Күн суытып, жел қатайып кетті
Е. Оқушылар қысқы демалысқа тарады да, мектеп бос қалды
146.Синоним деген не?
А. Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер
В.Жазылуы, айтылуы бірдей, мағыналары басқа-басқасөздер
С. Жазылу, айтылу әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер
D. Мағынасы мен жазылуы бөлек, айтылу бірдей сөздер
Е. Белгілі бір мамандық, көсіп аумағында қолданылатын сөздер
147.Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
А. Атың әдемі екен
В. Оның өзі шетірек тұр екен
С. Көп ұзамай жауын басылды
D. Өңі алабұрта күрең тартқан
Е. Бүгін сабақта Әмір жоқ
148.Қаратпа сөз тұрған сөйлемді табыңыз.
А. – Шайт,-деді Жайлаубай
В. Расымды айтсам, ол маған ұнамады
С. –Қан жауғыр, өңімде болса не қылатын еді, түсімде дағы
D. Түн Ашық аспан
Е. Тпа, бәлекет, өзіңмен кет!
149.Тәуелдеулі есімдікті табыңыз.
А. Кімім, нем, қайсым
В. Балам, анам, ұлым
С. Үйге, далаға, сізге
D. Бұны, осыны, ананы
Е. Ешкім, ештеме, дәнеңе
150.Заттық ұғымның атауы болатын сөзді табыңыз.
А. Бүрсігүні, орысша, бүгін
В. Әдемі, жақсы, таза
С. Мың, жиырма, жеті жүз
D. Бойшаң, ұйымшыл, ауылдық
Е. Адам, ағаш, уақыт
151.Етістіктің ауыспалы өткен шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.
А. Сөйлемекпіз
В. Сөйлеген
С. Сөйлепті
D. Сөйлерміз
Е. Сөйлейміз
152.Тәуелдік жалғауының екінші жағында, сыпайы түрде тұрған сөзді табыңыз.
А. Асылым
В. Үйіміздегі
С.Ұлттарымыз
D. Қазынаңызда
Е. Қалаларыңда
153.Ортақ етісті табыңыз.
А. Алдыртты, келдірді, көндірді
В. Жиналды, шешілді, тазаланды
С. Тарандым, жуындың, киінді
D. Сөйлетті, жазғызды,айттырды
Е. Жазысты, айтысты, келісті
154.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалассөйлемді көрсетіңіз.
А. Жанат орнын ұсынып еді,-отырған жоқ
В. Мен айтып болдым, енді сіз айтыңыз
С. Ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың
D. Күн шуақты болғанымен, ағаштардың ажары сынық
Е. Күн сәулесі кеткендіктен, үйдің іші күңгірт еді
155.Мекен пысықтауышты табыңыз.
А. Төмен қарады, разъезге тоқтады
В. Былдыр көрдім, ертеректе болған
С.Жайраңдай амандасты, кілт тоқтады
D. Қасақана істеді, әдейі айтты
Е. Амалсыздан отырды, бекерге барды
Орындағандар: К.К. Бекбаева; Г.Қ. Түсіпова
Достарыңызбен бөлісу: |