Қазақ тілі пәнінен 10 (ЖМБ) сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
Аралық аттестаттау емтихан материалдары
Пәні: «Қазақ тілі» пәні (оқыту қазақ тілінде)
Білім беру ұйымының атауы: «Ә.Байсалбаев атындағы орта
мектеп» КММ
Сынып: 10 Литер: « »
Білім алушының аты-жөні:________________________________
ІV нұсқа
І. Оқылым [1 балл]
Әлемнің жеті кереметі. Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрылыстар мен мүсіндер осылай аталып келді. Адам баласының ақылы мен қолынан туған осынау тамаша ескерткіштердің, өкінішке қарай, біздің заманымызға тек біреуі ғана жеткен. Ол – пирамидалар, яғни ежелгі Египет патшалары – перғауындардың (фараондардың) тастан қаланған сағаналары (табытханалары). Египеттің астанасы Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар, яғни пирамидалар. Ең үлкені Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147 м, бұдан 5000 жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан 2 метрдей аласа. Бұл перғауынға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінгенде, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен. Оның басы адам бейнесінде, денесі арыстан тұлғалы. Ол Сфинкс деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны «Үрей атасы» деп кеткен. Әлемнің ендігі бір кереметі – Семирамиданың аспалы бағы, ол ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы – Вавилонда болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда бұл бақты патшайым Семирамида салдырса керек. Ал шындығында ол біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда II Навуходоносор патшаның жарлығы бойынша салынған. Ол өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан көтерілген жасанды алаң үстіне салдырады. Сарай алаңына көтерілетін алты тепкішек айнала кірпіштен өрілген аркалар тізбегімен (аркада) көркемделіп, топырақ төселген әр тепкішекке жайқалған бақ орнатылған. Толып жатқан қауға байлаған орасан зор шығырды күні-түні айналдырып, аспалы баққа Евфрат өзенінен су шығарған.
Тапсырма:
Көпшілікке арналған мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін талдап, өз ойыңызды 3 сөйлеммен жеткізіңіз. (0.5 балл)
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мәтіннің жанрлық ерекшелігін талдаңыз. (3-4 сөйлеммен) (0.5 балл)
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |