«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет2/4
Дата14.03.2022
өлшемі44.07 Kb.
#456259
1   2   3   4
c606ee0faa33ef983ee426c7cdbcc4e4

1.Мәтіннің тақырыбы қандай ?
2. Мәтін қандай стильде жазылған?
3. Мәтін қандай типте жазылған (баяндау, сипаттау, талқылау)?
4. Мәтіннің құрылымы толық сақталған ба?

Жазылым


Тапсырма
Белілген мәтінді жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай газетке шағын ақпараттық мақала жазыңыз.

Графиктік мәтінде еліміздегі жастар арасында жасалған қылмыс көрсеткіші берілген. Фактіні негізге ала отырып, «Жастар арасында қылмыс өршіп тұр» тақырыбында жергілікті газетке шағын мақала жазыңыз.






«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Бөлім: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис
Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис
Жасөспірім және заң. Синтаксис


Білім алушының аты -жөні___________________________________________


Сыныбы___________


2-нұсқа


Оқылым
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбын, мәтіндердің типтерін, құрылымын салыстырыңыз. Мәтіндер қандай стильде жазылған?
Жасөспірімдер және қылмыс
І. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау – бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін мәселе. Әрбір құқықбұзушылық пен қылмыс – отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында қалады. Қалай десек те, құқықбұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық.
ІІ. Жалпы, жастардың және жасөспірімдердің қылмыс жасау мәселесі құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар отбасының, барша мемлекеттік ұйымдардың үнемі қадағалауын талап етеді. Жастар арасындағы қылмыс қашан да ұлт тұтастығы мен ел болашағына қауіп төндіріп, қоғамымыздың ары қарай дамып өркендеуіне кері әсерін тигізетіні анық.
ІІІ. Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы
– дәуір қасіреті. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар. Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады? Қоғам желіктіріп тұр ма, жоқ, әлде тәрбие таяз ба? Сотталған жас азаматтардың көбеюі қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады.
ІV. Астана қалалық сотының мәліметінше, соңғы жарты жылда кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен елордада 43 қылмыстық іс қозғалыпты. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі. Алайда адам өлтіру, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адамды ұрлау және т.с.с. ауыр қылмыс жасаған тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет