Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес



бет4/5
Дата11.06.2016
өлшемі290 Kb.
#128350
1   2   3   4   5

Құнды қағаздар шығару (эмиссия) тәртібі мен оны ұйымдастырып шығарушылардың (эмитент) жауапкершілігі заңмен реттеледі.




    1. Субьективтік азаматтық құқықтар. Құқықтарды саралау және қорғау.

Біз жоғарыда айтып өткеніміздей, субьективті азаматтық құқықтар мен оған тиесілі міндеттер кез келген құқық қатынастарының, оның ішінде азаматтық құқықтың түп қазығы болып табылады. Субьективтік құқытардың сипаты олардың саралауы арқылы көрінеді. Біріншіден, абсолюттік (шек қойылмаған) және арақатынасты құқық болып бөлінеді. Ал олардың айырмашылығы неде? Оларға тән ортақ қасиет аталған құқыққа сәйкес міндет кімнің мойнына жүктелгендігіне байланысты мәселе деуге болады. Кейбір құқықтар азаматтық айналымға басқа қатысушылардың бәрін де бұл құқықтардың жүзеге асуына бөгет жасамайтын етіп міндеттейді. Бұл құқықтар жөнінде үшінші тараптағылардың бәрі де міндетті субьект болып табылады. Мұндай құқықтар абсолюттік (шексіз) құқық деп аталады. Басқа сөзбен айтқанда-абсолюттік құқықты қандай біреу болмасын бұзуға болмайды, сондықтан бұл құқық қандай біреуден болмасын қорғалып отыруға тиіс. Мұндай құқыққа жататындар: меншік құқығы, авторлық және т.б.

Абсолюттік азаматтық құқық мазмұны жағынан қарама қарсы тұрған арақатынасты құқық: бұл құқық бойынша міндетті болатын бір ғана белгілі жақ немесе бірнеше белгілі жақтар. Бұл құқықтың сол міндетті болған субьектіге не міндетті субьектілерге ғана күші бар, сондықтан бұл міндетті бұзатын тек солар ғана. Мысалы, мәмілелерге негізделген құқықтардың бәрі де арақатысты құқытар болып табылады. Бұл құқықтарды орындауды мәмлелер бойынша сол міндеттерді мойнына алушылардан ғана талап етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмысты орындау т.с.с. міндеттер.

Екінші саралау азаматтық құқықтық заттық және міндеттемелік деп бөледі. Заттық құқық деп заттар жөнінде туатын құқықты атайды. Бұл құқықтың иесі өзінің осы құқығын басқаның көмегіне мұқтаж болмай ақ, тікелей іске асыра алады. Заттық құқықтардың ішіңдегі бастысы –меншік құқығы. Енді мынандай мысалға жүгінейік, меншік құқығы затқа тән, сондықтан да зат меншік иесінің тікелей иелігінде болады, меншік иесі мен заттың арасында ешқандай делдалдық жоқ. Сатып алушының затқа құқығы міндеттемелік деп бағаланады. Ол затты яғни тек сатушының, яғни міндетті адамның қатысуымен ғана ала алады. Заттық құқықтар абсолюттік құқық, ал міндеттемелік құқық –арақатынасты құқық болып табылады.

Енді саралаудың үшінші түріне келейік: мұнда құқық мүліктік және мүліктік емес дап бөлінеді. Бұл жөнінде біз бірінші тарауда айтқан едік. Сонымен азаматтық айналымға қатысушылар өздерінің құқықтарын емін еркін қолдана алады. Дегенмен де заң азаматтыққұқықтарды жүзеге асыру шектерін айқындайды. Бріншіден, оның азаматтық құқығын басқа біреуге қасақана залал келтіру үшін пайдалануына тыйым салынады, сондай-ақ өзге құқық түрлерін қолдану арқылы әлгіндей мақсатқа жол берілмейді.

Мұндай құқықтарды өзге біреуге залал ету үшін қолданылуын айқындау сот тәжирбесінде мүмкін бе, жоқ па айта қою қиын. Ал құқықты тұлғаның өзінің бас пайдасына жолсыз пайдалануының өзге түрлеріне келетін болсақ, ол азаматтық құқықтарды жүзеге асыруды шектеуде ескертілген. Бәсекелес кезінде комерциялық ұйымдардың азаматтық азаматтық құқығын шектеу олардың бас пайдасы үшін жолсыз әрекеттерге баруына тосқауыл қоюдан туындаған. Бәсекені шектеу белгілі белгілі бір тауар өндірушіден тек бір екі фирманың ғана тауар алу мүмкіндігінен көрінеді. Коммерциялық ұйымдардың өзін жоғары қою деп оның монополистік пиғылмен бағаны асапандатып жіберуін айтады. Бұл өзі кеңінен тараған құбылыс.

Бұзылған немесе дауға түскен азаматтық құқық сотпен қорғалады. Бұл орайда сот әртүрлі тәсілдерді қолданады.

Құқықты тану. Бұл жағдайда сот кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екндігін, кімнің құқығына жөнсіз қиянат жасалғанын анықтайды. Мұрагерлік жөніндегі дауда мұрагердің біреуі өзгесінің құқығын мойндамаса, онда сот мұрагерлікке құқықты тану жөнінде шешім шығарады.

Бастапқы жағдайды қалпына келтіру және құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тыйым салу. Оған мысал ретінде затты иеленушіден алып беру құқығын, сондай-ақ оны бұрынғы заңды иесін қайтаруды айтуға болады. Егер сіз затыңызды жоғалтып алып, оны біреуден көрсеңіз, сот арқылы әлгі затыңызды қайтара аласыз.

Залалды өтеу. Егер тараптарға оның құқығын бұзу арқылы залат келтірілсе, онда ол құқық бұзушыдан толык түрде өтемін талап етуге құылы. Залал бұл арады келтірілген материалдық зианның ақшалай көрінісі болып есептеледі. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінде залалдың екі түрі қарастырылады. Біріншісі –нақты нұқсан келтірілген залал, яғни мүліктің жоғалуы немесе зақымдануы, немесе бұзылған құқықты қалпына келтіретін шығын. Екіншісі –алынбай қалған табыстар (айырылып қалған пайда) яғни дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстарды егер ол түскен болса, онда құқық бұзылмаған болар еді. Айталық, автокөлік оқиғасының автомашина такси бүлінді делік, ол бір апта жөндеуде тұрады.автопарк бұл арады залалдың екі түріне де ұшырайды: оның бірі нақты залал –яғни жөндеуге кеткен шығын көлемі, екіншісі –есесін жіберіп алуы, яғни автопарктің таксидің жөнедеуде тұруына байланысты босқа кеткен уақыттан түспей қалған кіріс сомасы.

Міндетті заттай орындауға ұйғарым шығару. Жәбірленушінің көбіне көп өз құқығын қалпына келтіруде көңілі көншімейтін сондақтан да ол құқығын бұзушыдан келген залалды сол күйінде қалпына келтіруді талап етеді. Егер сіздің сатып алған теледидарыңыз кепілдік мерзім ішінде істен шығып қалса, онда оны алған жерден ауыстырып беруді талап етесіз, сөйтіп міндетті заттай сол қалпына келтіруге мәжбүр етуге құқығыңыз бар.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің жаңа нұсқасы бұрынғы кеңес үкіметінің заңында мүлдем болмаған бұзылған құқықтарды қорғаудың бірнеше тәсілдерін қарастырады. Айталық, оған мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органның заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа енмесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлінісі өтеуге тиіс. Азаматтық құқықты қорғауда мұндай тәсілдерді соттар жиі қолданады.

Азаматтық кодекс материалдық емес игілікті, мүліктік емес құқықты қорғаудың екі тәсілін қарастырады.

Моральдық залалды өтеу. Моральдық залал деп азаматтардың материалдық игілігі болып саналмайтын және мүліктік емес құқығын бұзу арқылы оған дене немесе рухани залал келтіруді айтады. Оған мысал ретінде отбасындағы құпияны азаматтың еркінен тыс жария етуді немесе оның атын жамылып жарамсыз қылықтар жасауды және т.с.с. келтіруге болады. Азаматтың талабы бойынша сот құқық бұзушыға келтірген моральдық залалды ақшалай өтеуді міндеттей алады. Мұндай өтемнің көлемін сот қана анықтайды. Бұл бір жағынан алғанда оңай шаруа да емес, өйткені залалдың көлемін анықтауда белгілі бір қойылған шек жоқ. Ол үнемі ақшамен есептеуге келе бермейді.

Ар-намысты, қадір қасиетті және іскерлік беделді қорғау. Азамат пен ұйым өзінің ар-анмысына, қадір қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды теріске шығару үшін сотқа жүгінеді. Сотқа жүгіну ондай мағлұматтарды таратушы адам әлгі таратқан мағлұматтардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаған жағдайда жүзеге асады. Егер мұндай мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, онда сол бұқаралық ақпарат құралдарына берілген мағлұмат тегін түрде теріске шығарылуға тиіс. Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса, бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтіндігі туралы тиісті адамдарға міндетті түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе кері алынуға тиіс. Сонымен тұлға таратылған жалған мағлұматтар арқылы өзіне келген залалды (моральдық зиянды) өтеуді талап етуге хақысы бар.

Егер мұндай мағлұматтарды кім таратқаны белгісіз болған күннің өзінде жәбірленуші оның шындыққа жанаспайтындығын дәлелдеу жөнінде сотқа шағына алады.моральдық залал жәбірленушіге оны келтірушінің кінәснің дәрежесіне қарамастан өтеледі.

Енді тағы бір тәсіл-өзін өзі қорғауға кетелік. Осы сөз тіркесінің өзінен көрініп тұрғандай, азамат пен ұйым өзінің құқығын өзі қорғайды. Бұл орайда өзін өзі қорғау тек құқық бұзушыға және оның әрекеттерін жоюға ғана бағытталуы тиіс. Тәжірбиеде өзін-өзі қорғау жиі кездеседі. Мысалы, телефон станциясы абоненті көрсетілген қызметке төлемді үнемі уақтылы төлемегені үшін байланыс жүесінен айырып тастайды. Мұндай өзін-өзі қорғау құқығы кепіл, мүлікті қорғау шарасы, қажетті қорғану және т.б. түрлерінде кездеседі.

ТАРАУ 3 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ


Азаматтық құқық бұзушылық құрамын азаматтық-құқықтық жауапкершілік қолдануға қажетті жағдайлардың жиынтығы құрайды. Жалпы ережеге сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қажетті жағдайлары ретінде борышқордың кінәсі және құқыққа қарсы мінез танылады. Шығынды өтеу жауапкершілігіне тарту үшін шығынның бар болуы сонымен қатар борышқордың құқыққа қарсы мінезімен және келген шығынның арасында себепті байланыс болуы қажет. Шығынды өтеу негізінде азаматтық –құқық бұзушылықтың құрамы басқа элементтерін толығымен қамтиды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне жататындар:

  1. тұлғаның құқыққа қайшы қылығы ( іс-әрекет не әрекетсіздік)

  2. жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;

  3. құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;

  4. құқық бұзушының кінәсі.

Нақты тұлғаға азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің жүктеу үшін жалпы ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы –азаматтық –құқық бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақта-кейбір жағдайларда азаматтық құқықтағы құқық бұзушылық құрамының бар болуы мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талаппен сенеспайды; мысалы: жоғары қаутілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз жауап береді. (АК –тің 931 бабы). Енді азаматтық құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетейік.

Құқыққа қарсы мінез.

Құқыққа қарсылық құқық бұзушының өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсы екендігін білген немесе білмегеніне қарамастан құқық нормасын бұзуы танылады. Басқа сөзбен айтсақ азаматтық айналымға сәйкес келмейтін мінез жатады.

Азаматтық заңдылық нормаларымен азаматтық айналымға қатысушыларға әртүрлі талаптар белгіленген. Азаматтық заңдылық негіздерде сәйкес тараптық құқыққақарсы мінез ретінде жеке тұлғаға немесе азаматтық мүлкіне немесе заңды тұлғаға келтіректін залал саналады. Сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты талаптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты тараптарға жауап бермеу құқққа қарсы мінез болып табылады.

Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен бірге іскерлік айналымдағы бақа нормативтік актілерден немесе міндеттеменің пайда болуымен туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа қарсы мінезінің белгісі ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілік актімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындас, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқыққа қарсы мінез болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты міндеттеме болса, борышқордың құқыққа қарсы мінезі ретінде бір жақты мәміленің талабын бұзуы танылады.

Құқыққа қарсы мінез құқыққа қарсы іс-әрекет немесе құқыққа қарсы әрекетсіздік түрінде де болуы мүмікн. Егер заңмен немесе нормативті құқықты актімен тиым салынған немесе заңға немесе басқа құқықтық нормативтік акиіге шартқа бір жақты мәмле немесе міндеттеме талабының негізінде қайшы келетін борышқордың іс-әркекті құқыққа қарсы сипатқа ие болады. Сонымен азаматтық кодекстің 273 бабы осының дәлелі . заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

Азаматтық заңдылық негізіне сәйекс бір тараптың басқа бір тараптың есебінен мүлкін негізсіз сақтауға тікелей тиым салынады. Алайда осы ережеде негізсіз сақтау құқыққа қарсы болып табылады. Шартпен белгіленген сапаға сай келмейтін тауарды сатып алушыға берудегі сатушының әрекеті құқыққа қарсы саналады.

Егер тиісті жағдайларда тарапқа юридистикалық міндеттеме жүктеліп, бірақ ол орындалмаса, онда әрекетсіз құқыққа қарсы деп танылады.шартпен белгіленген тауарды мерзімінде жеткізбеген тасымалдаушының әрекетсіздігі құқыққа қарсы болып табылады. Міндеттеме тараптың қызметтік міндетінен де туындауы мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін барлық қажетті және мүмкін болатын шаралардың барлығымен қолдануы тиіс. Осы міндетті орындамау оның құқыққа қарсы мінезін көрсетеді. Жағады демалып жатқан азаматтардың әрекетсіздігі құқыққа қарсы сипат алмайды, оларға тек суға батушыны құтқару рухани міндеттеме жүктеледі. Белгілі бір міндеттемені орындаудағы іс әрекет заң шеңберімен шығуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 188 бабымен үшінші бөлігінде былай делінген: “Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне біріп, иелігінен шығарып, өзі меншік иесі болып қала отырыап, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік етуге құқылы”. Жоғалған мүлікті тауып алған тарап егесіне қайтару немесе жоғалтушы азаматқа қайтаруы тиіс.

Себепті байланыс.

Азаматтық кодекс талаптарында көзделгендей өтелуге тек қана борышқордың құқыққа қарсы мінезімен келтірілген шығындар жатады. Бұл борышқардың құқыққа қарсы мінезі және несие берушіге келтірілген шығынның арасындағы себепті байланысты көрсетеді. Көп жағдайларда міндеттеме бұзылған кездегі себепті байланыстың бар болуы немесе жоқ болуы қиындық туғызбайды. Ал кейбір жағдайларда себепті байланысты анықтау қиындықтар туғызуы мүмкін. Мысалы, шофер өз машинасын он үш жасар жасөспірімге дұрыс айдай білмегендігі себепті тиым салынған белгіге қарамастан өтіп кетіпті. Колхоздың төрағалық етуші қызмет бабын пайдаланып оқушыларды жүк машинасында өзінің ауласындағы жұмысқа жіберді. Жүргізуші жол ережесін бұзуы салдарынан бірнеше оқушы жарақат алды. Дәрігердің сілтеуімен медбике нәрестенің көзіне дәрі тамызғандықтан ол толығымен көру қабілетінен айырылды. Анықталғандай дәрігердің айтуымен медбике қателесіп кетіп басқа дәріні тамызған. Көрсетілген мысалдардан кімнің іс -әрекеті құқыққа қарсы нәтиже себеп болғандығын нақты анықтау қиын.

Осындай жағдайларда себепті байланыстың дамыған ғылыми теорияларын басшылыққа алуымыз керек. Теорияда және практикада себепті байланыс тікелей және жанама теориясын ұсынады. Бұл теория жалпы философиялық себепті оқытудағы екі негізгі жағдайда сүйенеді. Біріншіден , себептілік құбылыс арқылы обьективті байланысты көрсетеді және ол біздің санымыздан тыс өмір сүреді. Сонымен қатар құқық бұзушының зиянды нәтижені көре білуі себепті байланыс туралы сұрақты шешуге көмектеспейді. Шығынның болатынын алдын ала сезе білу субьективті сипатқа ие және себепті байланысты анықтамайды, ал тек қана құқық бұзушының кінәсі туралы сұрақты анықтауға көмектеседі. Екіншіден, себеп және салдар тек қана белгілі оқиғаларға қолдануда маңызы артады. Себеп және салдар ұқсас болғандықтан әрдайым орын ауыстырып отырады және біз оны материалдық өмірдің қарым қатынас тізбегімен байланыстырамыз. Жоғарыда көрсетілген мысалдар дәрігердің сілтемесінен іселген медбике әрекеті салдар туғызады және сонымен қатар нәресетенің көрі қабілетін жоғалтуға себеп болады. Егер қаралып жатқан іске тереңірек үңілсек, онда дәрігердің себепті әрекеті бөлім басқарушысының бұйрығынан туындайды. Сондықтан жауапкершілік туралы шешу кезінде болған оқиға жағдайларынан алысқа кету дұрыс емес. Тікелей себептің пайда болуымен шектелу қажет, яғни зиянның туындауына жақын қатынастар есепке алынады.

Тараптың құқыққа қарсы мінезі зиянның себебі болып тек қана ол осы зиянмен тікелей байланысқан болса ғана пайда болады. Тараптың құқыққа қарсы мінезі мен зиянының арасындағы жанама себепті байланыс болып, ол нақты оқиғаның шегінен ауытқып және юридистикалық себеп байланыстың маңызына ие бола алмайды. Сонымен қатар іс-әрекеттің жасалуына басқа факторлардың әсері тиюі мүмкін.

Алайда бұл факторлардың қайсысы болсын юридистикалық жауапкершілік мағынасына ие бола алмайды және сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезінің және зиянының арасындағы байланыс жанама болып табылмайды. Ал басқалары -юридистикалық жауапкершілікке әсер етеді сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезімен және болған нәтиженің арасындағы байланысты көрсетеді. Жасөспірімдердің келтірген зияны үшін оларды ата –аналары жауап береді, себебі заң оларға юридистикалық маңыз бермейді және әрекет қабілеттсіз деп таниды. Ал ата-аналар құқыққа сыйымсыз мінезі үшін жауап береді. (тиісті қадағалау жасамағаны немесе тәрбиелемегені) және болған зиянның арасында юридистикалық жауапкершілікке тартуға жеткілікті тікелей себепті байланыс пайда болады. Керісінше балық аулаумен шұғылданатын колхоз мүшесінің броконьерлерге ауды сатуды және броконьерлер заңсыз балық аулау арқылы балық ресурстарына зиян келтірсе, броконьерлердің құқыққа қарсы іс-әрекетін көрсетеді және бұл жерде тек қана жанама себепті байланыс бар.

Сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезімен және зиян арасында азаматтық-құқықтық жауапкершілік маңызы бар жағдайлар болмаса тікелей себепті байланыс орын алады. Егер құқыққа қарсы мінез және зиян арасында жауапкершілік туралы сұрақты шешуде азаматтық заңды маңызы жағдайлар болса, онда жанама себепті байланысты көрсетеді. Жоғарыдағы мысоаға сәйкес жасөспірімнің әрекет қабілеттігінің жоқ болуымен байланысты 13 жасар жасөспірімді азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартудың маңызы жоқ. Сондықтан бұл мысалдар шофердің құқыққа қарсы мінезі мен жол ережесінің бұзылуы тікелей себепті байланысты көрсетеді. Күнделікті өмірде бірнеше тараптық іс-әрекеті (әректсіздігі) зиянның пайда болуы жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда тікелей нәтижемен байланысқан барлық құқыққа қарсы әрекеттері егер оларға құқыққа қарсы әрекеттері құқыққа қарсы нәтижеден көрініс тапқан болса оларджы жеке ерекшеліктеріне байланысты себеп ретінде қарастыру керек. Тікелей және себепті байланысты шектеу қажеттігі тек қана теориялық шарттардан шығып қана қоймай, сонымен бірге тәжірбиенің өзімен тұжырымдалады. Бұл теория тәжірбиеде оңай қолданылады. Ол сот тәжірбиесімен кездейсоқ туындаған жоқ.

Әдебиеттерде сонымен қатар себепті байланысты басқа да теориялары кеңінен таралады. Қажетті шартта теориясына қатысты құқыққа қарсы нәтиженің себебі ретінде нәтиже болмауы мүмкін кез-келген жағдайлар болуы мүмкін. Бұл теорияның өкілдері субьективті белгілердің көмегімен себеп салдар байланысының тізбегін шектеуге тырысады. Қарастырып жатқан теорияның себебінің байланысындағы юридистикалық маңызы кінәға құқыққа қарсылыққа тәуелді. Егер қылмыстық құқықта қылмыстық жауапкершілікке тарту өзінің тәжірбиесінде бұл теория көпшілігінде теоретикалық маңызға ие.

Басқа теорияларда кінәсі және себепті байланыс жабық сипатта болады. Мүмкіндік және шындық теориясына қатысты, бір фактілер құқыққа қарсы нәтижеге мүмкіндік туғызса, ал екіншілері -осы мүмкіндіктерді шындыққа айналдырады. Мүмкіндікті шындыққа айналдырушы фактілер, әрқашан да құқыққа қарсы нәтижемен себепті байланыста болады. Құқыққа қарсы нәтижеге мүмкіндік туғызушы фактілер көрсетілген нәтижеге қарағанда юридистикалық маңызы болуы немесе болмауы мүмкін. Егер тараптың іс-әрекетінен нақты мүмкіндіктің себепті байланысы болса, онда жауапкершілікке тартуға жеткілікті. Ал егер тараптың іс-әрекетінде құқыққа қарсы нәтиженің абстрактілі маңызы болса, онда себепті байланыстың юридистикалық маңызының аз болуына байланысты жауапкершілікке тартуға болмайды.

Нақты мұмкіндік ретінде жағдайлардың обьективті қайталануын шындыққа айналдырушы мүмкіндік танылады. Абстрактілі мүмкіндікте берілген жағдайлар обьективті қайталанбайды. Егер обьективті қайталанатын жағдайларда сәйкес мүмкіндік шындыққа айналса, онда осындай мүмкіндік туғызушы құқыққа қарсы нәтижені көре білуі тиіс. және керісінше егер мүмкіндік обьективті жағдайларынан қайталанбауынан шындыққа айналса, онда осындай жағдайлардың обьективті қайталанбайтындығ себепті мүмкіндік туғызушы құқыққа қарсы нәтижені көре алмайды. Бұл сондықтан теорияның себепті байланысының юридистикалық маңызды кінә секілді жауапкершіліктің субьективті жағдайларына тәуелді.

Осындай кемшілік себепті байланыстың қажетті және кездейсоқтық теорияларында бар. Бұл теорияның авторларының пікірінше жауапкершілік болуы үшін құқыққа қарсы мінез және нәтиже арасында қажетті себепті байланыс болуы тиіс. кездейсоқ себепті байланыс нәтиженің туындауымен байланысты жауапкершілікке тартуға негіз бола алмайды. Осы теориядан себепті байланыстың юридистикалық маңызы құқыққа қарсы нәтижемен кінәсі үшін жауапкершілік шектелгендігін байқауға болады. Егер тараптың әрекеті және пайда болған нәтиже арасында қажетті себепті байланыс болса , онда осы нәтижені алдан ала көруге болады және білуі тиіс. егер тараптың әрекеті және құқыққа сыйымсыз нәтиже арасында кездейсоқтық сипат алса онда осындай нәтижені көре білуі мүмкін емес. Сондықтан көре білуге қол жетпейтін құқыққа қарсы нәтижемен қарастырып отырған теориядағы себепті юайланыстың юридистикалық маңызы бар.

Кінә. Азаматтық құқықтық жауапкершілік шаралары тек қана талапкердің мүліктік қанағаттандыруына бағытталып қоймай, сонымен бірге азаматтық құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік белгілі бір превентивтік қызметін атқарады. Сондықтан азаматтық айналымның қатысушылары жауапкершілікке тартылмас үшін өзінің іс-әрекетімен басқа тараптың заңмен қорғалатын құқығын бұзбауға тырысады. Алайда жауапкершілікке тартудың артылуы қатардағы азаматтық айналымға қатысушыладың инициативасын төмендетеді. Осындай жағдайлардан арылу үшін азаматтық айналымға қатысушыларға өздерінің іс-әрекетінің нәтижесін алдын ала көре алмауына байланысты жауапкершілікке тартылмайды. Осындай сенімділік егер азматтық құқықтық жауапкершілік кінәлі құқық бұзушылық үшін қолданған кезде пайда болады. Азаматтық кодекстің 359-бабының 1-ші бөлігі осыны көрсетеді: “борышқор кінәлі болған кезде егер заңдарда немесе шарттарда өзгеше көзделмесе, міндеттемені орындамаған және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап береді. Егер борышқор мігдеттемені тиісті дәрежеде орындпу үшін өзіне байланысьы шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады.” Сондықтан жалпы ережеге сәйкес азаматтық құқықта жауапкершілік кінәсіне баылансыта құрылады.

Құқыққа қарсы мінез және себепті байланысқа қарағанда азаматтық құқықтық жауапкершіліктің субьективті шарты болып табылады. Осы тараптың құқыққа қарсы мінезіндегі психикалық қатынасын анықтайды. Кінәнің осы түсінігі теңдей заңды тұлғаларға және азаматтарға қолданылады. Заңды тұлғалардың кінәсінің көрінбеуі мүмкін, өткені оның қызметін міндеттемеге байланысты қызметкерлері атқарады. Мысалы, жұмыс күшінің немесе құралдың жетіспеуіне орай өнімді жеткізуде мерзімді өткізіп алса, осы кемшіліктерді жоюға тиісті шаралар қолданбағаны үшін шаралар комерциялық ұйымның жетекшісі кінялі болып есептеледі. Заңды тұлғаның кінәсі оның қызметкерінің кінәлі іс-әркетінен көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қызметкердің өнімді дайындаудағы кемшіліктер.

Сонымен қатар әдебиеттерде берілген сұраққа басқа да тұжырымдар айтылады. Заңды тұлғаның кінәсі оның жеке қызметкерлерінің кінәсімен емес,сонымен бірге бүкіл ұжымның бүтіндей кінәсін көрсетеді.

Кінә қасақаналық және абайсыздық түрімен ажыратылады. Өз кезегінде абасыздық ауыр және жеңіл түрінде кездеседі. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің субьективтік шарты ретінде кінә адамның санасында болатын психикалық процестермен байланысқан. Алайда қоғамның өзіндік дамуына орай жауапкершілік туралы сұрақты шешу кезінде құқық бұзылғандвғы адамның санасында болатын психикалық процестерді зерттей аламыз. Осы ішкі процестер тек қана адамның мінезіндегі сыртқы көріністерін талқылай аламыз.

Егер тарап өзінің іс- әрекеті арқылы құық бұзушылыққа саналы түрде жол берсе, онда кінәнің қасақаналық түрі орын алады. Азаматтық айналымдағы пайда болатын кәдімгі құбылыстар ретінде азаматтық құқықта кінәнің қасақаналық түрі жиі кездеседі. Сонымен қатар әдеттегі жағдайларды басқа тараптардың заңмен қорғалатын құқықтарын қасақана бұзады. Мысалы, тәжірбиеде жеткізіп беруші сатып алушының өнімі ұстағаны үшін тиісі дареске өнімді жіберуді тоқтатады. Себебі міндеттеменің қасақана бузушылық сферасын шектейді. Кінәнің абайсыздақ түрімен жасалған азаматтақ құықық бұзушылық жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда адамның іс-әрекетінде көрінеу істердің элементтері болмайды. Ол саналы құқық бұзушылыққа бағытталмаған, алайда адманың іс-әректінде мұқияттылық және байқаушылық болмайды. Қажетті байқаушылықтың және мұхияттылықтың болмауы абайзысдықтың екі түріне де тән. Кінәнің екі фрмасының арасында белгілі ерекшеліктер болады. Осы ерекшеліктер заңдылықта және жоғарғы сот органдарының түсігіктерінде де жауабын таппайды. Сот тәжірибесі белгілегендей адамның денсаулығына келтірілген залал үшін абайсыздықтың қайсы түрі болмасын нақтылы жағдайларды анықтауды қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет