«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
150
Мұнда келгенде менің керегім шамалы екенін сезіндім. Олар халық жауының баласынан теріс
айналып шыға келді. Кемсітушіліктің де не түрін көрдім. Сондағы біреудің сөзі әлі есімде:
«Иса Тоқтыбаев нағыз жау ғой. Себебі, өзінің балаларына Рим, Берлин, Токио деп ат қойды
емес пе», – дегеніне тыңдап отырғандар да қоштап басын изегені бар. Бұл атаулардың мәнісін
әкеміз түрмеден ақталып келгеннен кейін білдік. Шынында менің атым төлқұжатымда Рэм, ол
«революция, электрофикация, мир» дегеннен қысқартылып алынған екен. Екінші інімнің есімі
Варлен Париж коммунарының аты, одан кейінгісі – Мәулен таза қазақ есімі ретінде қойылыпты.
1945 жылы әкемді Краснодар өлкесінен Енисей өңіріне жер аударды да, ақыры 1947 жылы
ол кісі елге оралып қайта қауыштық. Аудандық коммуналдық шаруашылық бөліміне бухгалтер
болып орналасты.
Өзіміз өзімізге келіп, ес жинай бастадық та мен Ленинград тау-кен, інім
Алматы мединститутына оқуға аттандық. Бірақ артымыздан бұрынғы қырсық қалмады.
Институтта біреу әкемнің халық жауы екенін жеткізіп, оқудан шығартып жіберді.
Геолог
болуды армандағанмын. Содан соң өзімді Ашхабадтағы 1948 жылғы жер сілкінуден зардап
шеккен босқынмын деп Уралдағы бір техникумға оқуға түстім. Сібірде және Қиыр Шығыста
жұмыс істедім. Інім Варлен институтты кемсітушілікпен бітірді. Бірақ еңбегі жанды. Кейін
республиканың
еңбек сіңірген дәрігері болып, Ленин орденімен марапатталды. Екі інімізді
соғыс басталғанда Ленинградтан Ярославльге көшірген-ді. Кішіміз Мәулен үш жаста болатын.
1947 жылы тауып алдық. Төртінші інім із-түзсіз кетті» [25] -деп жазды.
Қорыта келгенде, белгілі
қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы ғалым Иса
Тоқтыбаевтың қоғамдық-саяси және рухани-мәдени қызметін жан-жақты ашып көрсету үшін
зерделі зерттеу жүргізіп, шығармаларын жарыққа шығару қажет. Ол үшін Иса Тоқтыбаевқа
қатысты Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты
мен Ресей Федерациясы
мемлекеттік мұрағаты, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты қорларындағы
құжаттармен танысып, ғылыми негізде саралау керек.
Достарыңызбен бөлісу: