«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
252
Аттанып кетіп барам майданға мен,
Қоштасып алтын бесік қайран елмен.
Мен бәлкім оралармын, оралмаспын,
Артымда
белгі болып қалсын өлең,
– деп одан әрі майдандағы сәтін былай деп өлеңмен жырлайды:
Аз қалды алғы шепке аттанармыз,
Демеңдер кетті ғой деп хат-хабарсыз.
Бұл күндер көшкен бұлттай өте шығар,
Қауышып аман-есен шаттанармыз,
– деп аяқтайды. Пазылбек соңғы хатын 1943
жылы шілдеде жазып, содан хабарсыз кеткен [6].
Бұл хаттардан хат иелерінің жүрегінде Отанына деген үлкен сүйіспеншілік пен жауларына
деген өшпенділіктен басқа өздерінің уайым-қайғысы, қуанышы мен арман-тілектері бар
қарапайым адамдар екенін түсінеміз. Жауынгерлердің бір мезгіл тыныс алған кездерінде
окопта отырып жазған үшкіл хаттары ауылда қалған аналары мен сүйген жарларының, іні-
қарындастарының көңіл-сенімдерін нығайтып, Жеңіс жолындағы еңбекке деген құлшыныстарын
арттыра түскен.
Майданнан келген хат – бір отбасының жәдігері. Өкініші, сол хаттардың көпшілігі бүгінде
сақталмаған. Сондықтан да Ұлы Отан соғысының
тарихын тереңінен зерттеу, соғыстың
беймәлім тұстарын аша түсу, аға ұрпақтың ерлігін жастарға үлгі ету,соғыс тағылымдарын
жаңаша зерделеу, тарихшылардың міндеті мен парызы.
Достарыңызбен бөлісу: