«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
46
ӨМІРЛІК ШЫНДЫҚ-ТАРИХИ ШЫНДЫҚТЫҢ ӨЗЕГІ
М.К. Айтимов,
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университетінің
профессоры, филолог.ғ.к.,
Қызылорда қ., Қазақстан
Адамзат тарихындағы фольклор мен әдебиет шығармалары ұрпақтардың көркемдік ойлау
дүниетанымын сөзбен бейнелеу, таныту қызметін атқарып келеді. Адамдардың дүниеге
келгенінен бастап өмірден өткеніне дейінгі аралықтағы
өзіндік таным нәтижелерін, келер
ұрпақтарға аманат болып қалатын тағылымын өнер шығармалары ғана атқарады. Адамдардың
әрбір ісінің басталуы мен аяқталуы белгілі бір жүйемен, шешіммен тиянақталады. Сөз өнері
туындыларында адам ойының осындай жүйесі басшылыққа алынады. Яғни, шығарма авторы
туындының нысанындағы адамдар іс-әрекеттерінің, оқиғалардың
басталуы мен аяқталуы
аралығын жүйелей отырып, әрбір сюжеттік-композициялық құрылымның белгілі нәтижелі
түйіндеулерін жасайды.
Шығармадағы сюжеттік шешімі мен көркемдік шешім – үндес ерекшеліктер. Академик
З. Қабдолов туындының осы бір ерекшелігінің түйсінді тағылымын атайды.
«Шешім (орысша развязка) – шығарма сюжетіне де шешуші кезеңдерінің бірі; суреткердің
өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар арасындағы қарама-қарсы
тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже;
оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі; күллі құбылыс – көріністердің соңғы сахнасы»
[1, 191 б]. Бұл сюжеттік-композициялық құрылым оқиғалары жүйесінің түйінделуіне арналған
пікір. Ал, көркемдік шешім эстетикасы мәселесі кеңірек қарастырылады.
Көркемдік шешім шығарманың құрылысындағы тартыстардың
табиғилығы деректерден
туындайтын қиял қосындыларының нанымдылығы, шығарма кейіпкерлерінің өмірлік
шындықтағы тағдыр деректерін сұрыптау, кескін-келбет табиғилығы мен ойдан қосу сәйкестігі,
табиғат аясындағы
адам тіршілігінің шынайылығы, жан әлемі психологиясын ашу, ұлттық-
этнографиялық дәстүрлерді
уақыт шындығымен сәйкестендіру, т.б. сан алуан мәселелерді
қамтиды. Тұтастай алғанда, көркемдік шешім эстетикасы адам жан әлемі мен қоршаған орта
тұтастығының күрделі кешенді үйлесімі мен қайшылықтарын қамтиды.
Қазіргі қазақ прозасының роман жанры шығармаларында тарихи шындық пен көркемдік
шешім мәселелері қаламгерлердің әр түрлі ізденістері арқылы жүзеге асырылып келеді. Прозалық
романдардың кең көлемді эпикалық түрі әлем халықтары әдебиеттерінде орта ғасырлардан
бастап кең өрістей келе, қалыптасу, даму жолдарында өзіндік поэтикалық сипатпен даралана
айқындалды. Әлем өркениетіндегі прозалық романдар жазу шығармашылығы үздіксіз даму,
жетілу құбылыстарымен ерекшеленеді. Қазақ әдебиеті дамуының
XX ғасыр белестеріндегі
қаламгерлердің романдары ұлттық сөз өнері шығармашылығының классикалық үлгілерімен
үндестігін айқындады.
XX ғасырдың 80–90-жылдары және XXI ғасырдың басындағы қазақ романистикасында
тарихилық пен психологиялық сарындылықты тұтастандыра жазу үрдісі өрістеді. Романдардың
мазмұны мен пішінінде халық тарихының күрделі қайшылықты оқиғалары, жеке тұлғалардың
тағдырлары, адамдар қарым-қатынастарындағы және мінез-құлық сипаттарындағы қарама-
қайшылықты
психологиялық ерекшеліктер, т.б. сан алуан мәселелер қаламгерлердің
дүниетанымы деңгейіне қарай көркемдік шешіммен жазылды. Академик 3. Қабдоловтың
теориялық қисыны аясында қазіргі қазақ романының мазмұны мен пішіні сипатының поэтикалық
болмысын елестетеміз: