Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет71/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
106
Елемес Керменов, Хайреттин Балғынбаев, әйгілі әдебиетші Кенжеғали Ғабдуллин т.б. 
Қазақ оқушыларының ен көп шоғырланған медресесі – Ғалия медресесі. Медресе Еділ 
– Орал аймағының жәдитші дін өкілі Зиаддин Кемали (1873-1942) тарапынан құрылған. 
Уфа қаласында 1906 жылы 10 қазанда құрылған медресе «Медресе-и Алие-и Діние» атымен 
ресми түрде ашылған. Кемали бір жағынан медреседе директорлық қызметін атқарса, бір 
жағынан хадис, тәбсір, сүннет және психология сабақтарын оқытқан. Дін сабақтарымен қатар 
математика, физика, химия және жаратылыстану пәндері оқытылған [16,94]. Жәдитше білім 
берудің алғашқы құрушыларының бірі болған медреседе 1909-1916 жылдар арасында 150-дей 
қазақ жастары білім алған. Осы жастардың арасында Мағжан Жұмабаев, Ишанғали Арабаев, 
Мустафа Оразаев, Бекмұхаммет Серкебаев, Бейімбет Майлин, Абдолла Шоқаев т.б. білім алған. 
Жоғарыда аты аталған медреселерден басқа қазақ жастарының білім алған медреселері 
Қызылжардағы Құснеддин Халфе, Вели Ахунд, Әзиз Молла, Орынбордағы Мұхаммедия 
медресесі және Османия медресесі [5,502]. 
Алғашында Еділ-Орал аймағында діни ойларды жаңарту негізінде туған жәдитшілдік, 
кейіннен Ресейде өмір сүретін мұсылман түркі халықтарының реформа және өзгеру талаптарын 
білдіретін бір термин ретінде қолданысқа түсті. Бұл ой Абдунасыр Құрсави мен Шахабеттин 
Мержанидің басшылығымен ойластырылған [4,25]. Исмаил Гаспыралының «тілде, пікірде, 
істе бірлік» идеясымен жәдитшілдік бір мақсатты көздеген ағым болып қалыптасты. Ресей 
империясының мұсылман түркі халықтарына жүргізген саясатына қарсы ұйымдастырылған 
жәдит қозғалысы ортақ бір тіл мен ділді қорғап қалуды көздеген. 
Жәдидшілік қозғалысы Ресей империясының қарамағындағы түркі халықтарына қалай 
әсерін тигізсе, татарлар арқылы Қазақстанға да әсерін тигізіп отырды. Бұл қозғалыс Қазақстанда 
алғаш рет ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында Қазақ ақын жазушыларының еңбектерінде жазыла 
бастады. Осы ақындардың ішінде усул-жәдидті жырлаған Абубәкір Кердері. Кердері татар 
жәдитшілдерінің ашқан усул-жәдид мектептерінің Қазақстанда да ашылу қажеттілігін айтқан. 
Жәдит қозғалысын жырлаған тағы бір ақын Муфтахетдин Камалетдинұлы Мұхамедияров 
(Ақмолла) өзін «жәдитшілдік» ағымның бастаушысы Ш.Маржанидің шәкіртімін деп есептеп, 
оның ағартушылық жолын дәріптейді. Ақын өз өлеңдерінде жаңа ағымның басшысы Маржаниді 
мадақтайды, жаңашылдықты, өнер-білімді, қоғамдық пәндер мен орыс тілін медресе жүйесіне 
енгізу туралы мәселелерді жырлайды.
ХХ ғасырдың бастарында Еділ-Орал аймақтарындағы жәдитші медреселерде білім алған 
қазақ жастары жәдитшілдікті қолдап жұмыстар атқара бастайды. Ғалия медресесінде білім 
алған Қазақ жастары 1916 жылы Қазақстанда усул-жәдидті дамыту мақсатында «Садақ» атты 
қолжазба әдеби журнал шығарады. Журналдың мақсаты – жастарды әдебиетке тарту, өмірдің 
және елшілдіктің маңызын түсіндіру, жауапкершілікті арттыру еді [3,64]. 
Жәдит медреселерінде білім алған Қазақ жастарының жұмыстары Ресей тыңшыларының 
назарынан тыс қалмады. Осы жастар жайында «жәдитші жастар қазақ-орыс мектептерінің 
Қазақстанда керек емес екендігін, орыс тілін татар медреселерінде де үйренуге болатындығын, 
Қазақтардың қазіргі жағдайын қозғай отырып «Оян Қазақ», «Тұр Қазақ», «Маса» атты 
кітаптарды Уфадан шығарып халыққа таратып жатқандығын» баяндаған [15,65]. 
Жәдит медреселерін бітіріп шыққан жастар Қазақстанға келіп ағарту саласында қызмет 
атқара бастады. Алғаш рет усул – жәдит әдісімен дәріс беретін мектеп Семей қаласында 
ашылған. Бұл жылдарда Семей қаласы маңызды сауда және кәсіпорын орталығы болғындықтан 
ағарту саласына көмек беретін қоғамдардың пайда болуы және татар саудагерлері мен 
оқытушыларының қолдауымен Семей қаласын жаңа әдіспен дәріс беретін орталыққа 
айналдырды. Усул жәдид мектебінің ашылуы туралы Қазақ газеті мен Айқап журналы хабарлап 
отырды. Жалпы Қазақстанда 1912 жылы жаңа әдіспен дәріс беретін мектептердің саны 121, 
оқушы саны 1810-ға дейін көтерілген [15,45]. 
Усулу-жәдит әдісін қолдау мақсатында Мұқаммет Сәлім Кешимовтің «Қазақтарға өсиет», 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
107
«Кітаптарды тану» сияқты еңбектері жарық көрді. Кешимов қазақ балалары орыс тілінде білім 
алса ұлттық құндылықтардан жұрдай болып өседі деген пікірде балаларды орыс мектептеріне 
жіберуге қарсы шыққан. Осы мәселе төңірегінде Айқап журналына көптеген мақалалар 
жариялаған.
Қазақ жәдитшілдерінің арасында Мұқамметжан Сералиннің еңбектерін атауға болады. 
Тройцк қаласындағы Ресулие медресесінде білім алған Сералин Мержанидің еңбектерін 
оқи отырып әлеуметтік, діни және әдет салттарды қорғай отырып, Батыста дамыған білім 
мен жаратылыстануды үйренуге болатындығын және осыларға қол жеткізу үшін орыс тілін 
білу керек екендігін айтқан. Сералин медреседегі оқуын тәмамдап, Қостанайдағы қазақ-
орыс мектебінде білім алған. Содан кейін Торғай уезінің Ырғыз қаласына қарасты ауылдық 
мекенжайда өз мектебін ашып, жаңа әдіспен білім берген. [8,152]. Еділ-Орал аймағындағы 
ақпарат құралдарынан қатты әсер алған Сералин қазақ мәдениетінде маңызды орны бар Айқап 
журналын 1911 жылы жарыққа шығарған. Исмайл Гаспыралының басшылығымен дамыған 
жәдитшілдікдің қазақтарға әсерін Сералиннің И. Гаспыралының өлімінен кейінгі жазған «Орны 
толмайтын өлім» атты мақаласынан аңғаруға болады.
ХХ ғасырдың басында жәдитшілдікпен бірге дамыған түркішілдік ағымының символы 
ретінде Маған Жұмабаевты айта аламыз. М.Жұмабаев 1905 жылы Қызылжар қаласының 
байларының бірі, Ыстанбулда университ оқыған Мұқамметжан Беришевтің ашқан медресесінде 
білім алған. Бұл медресе Солтүстік Қазақстанның ең маңызды білім ошағы болатын. Медреседе 
араб, парсы және түрік тілінде білім берілген. Сонымен қатар түрік тарихы жан-жақты 
тереңдетіліп оқытылған [1,33]. 1910 жылы Мағжан Жұмабаев медреседе бірге оқыған досы 
Бекмұқаммет Серкебаевпен бірге Уфа қаласындағы Ғалия медресесіне білім алуға келді. Бұл 
жылдарда Ғалия медресесінде Сәлімгерей Жантурин мен Әлімжан Ибрахимов сияқты ұстаздар 
тәлім берген [10,6]. Жәдитші қайраткерлермен Уфада танысқан Мағжан шығармаларында 
Қазақстанда дамып келе жатқан түрікшілдік ойын қазақтардың менталитетіне қарай жаза 
бастады. Мағжанның өлеңдерінде 1910 және 1920 жылдарда Түрік әлемі туралы тақырыптар 
көптеп кездеседі. 
Осылармен қатар, Ислам дінін жаңашалап жәдитше жазған қазақ қайраткерлерінің бірі – 
Шәкәрім Құдайбердіұлы. Исламды қазақша айту, Құранды қазақшаға аудару, сонымен қатар 
діни кітаптар жариялау сияқты қарқынды жұмыстар жүргізген Шәкәрім Құдайбердіұлы 
«Мұсылмандық шарты» атты еңбегінде Исмайл Гаспыралы туралы ойларын баяндаған. Шәкәрім 
«Абайдан кейінгі ұстазым ретінде Тержуман газетінің иесі Исмайл Гаспыралыны айтсам артық 
айтқандық болмайды. Оның газетін оқыдым, көп нәрсе үйрендім. Алла тағала екі дүниеде де 
мақсатына жеткізсін. Аумин» деп Гаспыралы туралы пікірін баяндаған [14,649]. 
Татарлардың қазақ даласына келуімен басталған татар – қазақ қатынасы бастапқы кезде 
діни бағытта болған. Одан кейінгі жылдарда Еділ-Орал аймақтарындағы медреселерде білім 
алған қазақ жастарының болуы, жәдит қозғалысына атсалысулары Қазақстан жерінде де қолдау 
тауып жатты. Жәдит қозғалысының арқасында Қазақстанда усул-жәдит медреселері ашылып, 
білім туралы хабарлар ақпарат құралдары арқылы жарияланып отырды. Қазақ қайраткерлері 
Гаспыралының «тілде, пікірде, істе бірлік» сөзін дамытуға ат салысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет