2007 жылғы 1 ақпандағы қаржы рыногы
мен қаржы ұйымдарының жай-күйі туралы
№71 БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Банк секторы
2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша республиканың банк секторында 33 екінші деңгейдегі банк, олардың 14-і шетелдің қатысуымен (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктерінің 9 еншілес банкін қосқанда) қызмет етуде.
Банктердің жиынтық активтері қаңтар айында 236,0 млрд. теңгеге
(-2,7%) азайып, 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 8 636,0 млрд. теңгені құрады.
2007 жылғы 1 ақпанда банк секторының жиынтық есептік меншікті капиталы 2007 жылғы қаңтарда 15,9 млрд. теңгеге немесе 1,36 %-ға азайып 1 176,8 млрд. теңге болды.
Капиталдың есепті күнге баламалық көрсеткіштері k1 - 0,1; k2 - 0,15 болды (01.01.07ж. жағдай бойынша: k1 - 0,09; k2 - 0,15).
Банктердің несиелік портфелі (банкаралық заемдарды ескере отырып) қаңтар айында 25,2 млрд. теңгеге (-0,4%) азайып 5 966,6 млрд. теңге болды.
2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банктердің кредиттік портфелінің құрылымында стандартты кредиттердің үлесі 53,1%, күмәнді - 45,2, %, үмітсіз - 1,7% болды. 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша стандартты кредиттердің үлесі 52,6%, күмәнді - 45,8%, үмітсіз - 1,6% болды.
Банктердің заңды және жеке тұлғалардан (банктерді және халықаралық қаржы ұйымдарын қоспағанда) тартқан салымдарының жалпы сомасы өткен аймен салыстырғанда 0,5%-ға өсе отырып, 4 740,8 млрд. теңге болды, заңды тұлғалардың салымдар сомасы 0,1%-ға төмендеп, 3 678,0 млрд. теңге болды, ал жеке тұлғалар салымдарының сомасы ай ішінде 2,8%-ға өсе отырып, 1 062,8 млрд. теңгені құрады. Арнайы тағайындалған еншілес ұйымдардың салымдары ай ішінде 7,4%-ға ұлғайып, 1 672,7 млрд. теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктер кірістерінің жиынтық сомасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 117,2%-ға өсіп, 2007 жылғы 1 ақпанда 112,3 млрд. теңге болды. Шығыстар сомасы өткен жылмен салыстырғанда 101,6%-ға өсіп, 92,3 млрд.теңге болды.
Банктердің бөлінбеген таза кірісі (өтелмеген шығыны) 13,9 млрд.теңге болды, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңінің көрсеткішінен 131,7%-ға жоғары.
2007 жылғы қаңтарда банк заңнамаларын бұзғаны үшін банктерге орындауға міндетті 3 ұйғарым, 1 міндеттеме хат шығарылды.
2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша сот шешімімен 12 банк мәжбүрлеп таратылу процесінде болып отыр.
Сақтандыру рыногы
2007 жылғы 1 ақпанда республиканың қаржы рыногында Агенттік берген лицензияларға сәйкес 40 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істейді, бұл ретте өмірді сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға 5 ұйымның, көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға 30 ұйымның лицензиясы бар. Сондай-ақ сақтандыру қызметін көрсету рыногында 12 сақтандыру брокері және 37 актуарий сақтандыру қызметін жүзеге асырады.
2007 жылғы қаңтарда сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 5,8%-ға өсіп, 2007 жылғы 1 қаңтарда 143,4 млрд. теңге болды. Жиынтық меншікті капитал 8,4%-ға өсіп, 86,9 млрд. теңге болды. Сақтандыру резервтерінің сомасы 69,4 млрд. теңге болды.
2007 жылдың 1-айы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 12,2 млрд. теңге болды, бұл 2006 жылғы қаңтар айындағы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 42,7%-ға жоғары. Оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 33,2%-ға өсіп, 1,6 млрд. теңге болды, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 1,1 млрд. теңге болды (47,4%-ға өсті) және ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 9,5 млрд. теңге болды (өсім 43,8%).
«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 25,3-ға немесе 0,238 млрд. теңгеге дейін өсті, ал жиынтықты сақтандыру сыйлықақыларындағы өмірді сақтандыру үлесі 2006 жылғы 1 ақпанда 2,2%-ға қарсы 2,0%-ға жетті.
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 5,2 млрд. теңгені құрады немесе сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінің 42,6%-ы болды, бұл ретте резидент еместерге қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінің 40,1%-ы берілді (01.02.2006ж резидент еместерге қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 20,9% болған).
Ағымдағы жылдың бір айында жасалған сақтандыру төлемдерінің мөлшері 1,2 млрд. теңге болды, бұл осының алдындағы жылдың көрсеткішінен 33,1%-ға жоғары. Оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі 0,4 млрд. теңге болды (өсім 1,1%), ерікті жеке сақтандыру бойынша - 0,2 млрд. теңге (өсім 2,7 есе) және ерікті мүліктік сақтандыру бойынша - 0,6 млрд. теңге (өсім 36,6%) болды.
Қазіргі уақытта сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне 33 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысып отыр.
2006 жылғы қаңтарда сақтандыру рыногының қызметін реттейтін заңнаманың бұзылуын жою мақсатында Агенттік сақтандыру ұйымдарының атына 5 ұйғарым-хат жіберді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі
2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша республикада 14 жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет көрсетуде, олардың республика өңірлерінде 78 филиалы мен 77 өкілдігі бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды 12 ұйым жүзеге асырады, оның ішінде 6 зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорының: «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «БТА Қазақстан жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Капитал» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және «Қазақмыс» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның және «Отан» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның зейнетақы активтерін дербес басқаруға лицензиялары бар.
2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары жөнінде салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (бұдан әрі - шот) саны 8 573 071 болды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар (алушылар) шоттарының саны 36 969-ға немесе 0,43%-ға өсті.
Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны қаңтар айында 2 195 (6,66%-ға) өсіп, 2007 жылғы 1 ақпанда жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 628,7 млн. теңгемен 35 174 болды.
Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылар шоттарының саны қаңтар айында 3-ке (0,08%-ға) азайып, 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 35,7 млн. теңгемен 3 749 болды.
2007 жылғы 1 ақпанда салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты 930,9 млрд. теңге болды немесе ағымдағы жылдың қаңтар айындағы 2,33%-ға өсімімен. Бұл ретте зейнетақы жарналарының жалпы түсімі қаңтар айында 15,0 млрд. теңгеге (2,20%-ға) өсіп, 2007 жылғы 1 ақпанда 698,9 млрд. теңге болды.
Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына бөлінген зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» инвестициялық кіріс сомасы (комиссиялық сыйақыларды шегергенде) ағымдағы жылдың қаңтар айында 8,5 млрд. теңгеге (3,31%) өсіп, 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 264,2 млрд. теңге болды.
Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасындағы «таза» инвестициялық кірістің үлесі 2007 жылғы 1 ақпанда 28,38% болды немесе ағымдағы жылдың қаңтар айында 0,27 пайыздық тармаққа өсті.
2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдері және жинақтаушы зейнетақы қорларынан сақтандыру ұйымдарына аударымдар 49,8 млрд. теңге болды. 2007 жылғы қаңтарда алушыларға жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгеге (3,85%) зейнетақы төлемдер жүзеге асырылды. Зейнетақы аннуитет шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатының сақтандыру ұйымына аударымдары ағымдағы жылдың қаңтар айында жүзеге асырылмады.
Бір қордан екінші қорға салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының аударымдары қаңтар айында 7,0 млрд. теңгеге (5,09%-ға) өсіп, 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 144,3 млрд. теңге болды.
2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің номиналдық кірісінің орташа алынған коэффициенті 2007 жылғы 1 қаңтарда:
-
2002 жылғы қаңтар – 2007 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңде - 52,35% (осындай кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейі – 41,95%);
-
2004 жылғы қаңтар – 2007 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңде – 28,72% (осындай кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейі – 24,80%);
-
2006 жылғы қаңтар – 2007 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңде – 12,69% (осындай кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейі – 41,95%) құрады.
Бағалы қағаздар рыногы
2007 жылдың 1 ақпанында корпоративтік бағалы қағаздар рыногында қолданыстағы шығарылымдары бар акционерлік қоғамдар саны 2 171 болды, бұл 2007 жылғы 1 қаңтардағы осыған ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 3-ке көбейді. Сондай-ақ, рынокта 73 брокер-дилер, 16 тіркеуші, 9 кастодиан банк, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын 13 ұйым (ЗАИБЖАҰ), инвестициялық портфелді басқаратын 41 ұйым және 2 трансферагент жұмыс істеп отыр.
2007 жылғы қаңтарда 25 акция шығарылымы тіркелді. (проспектісіне өзгерістер енгізілген және мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру жүргізілген акция шығарылымдарын ескере отырып,) 75 акция шығарылымының күші жойылды. 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша айналыста 2 309 қолданыстағы акция шығарылымы болды.
2007 жылғы қаңтарда жалпы номиналды құны 0,5 млрд. теңге 1 облигация шығарылымы тіркелді, сондай-ақ облигациялық бағдарлама шеңберінде тіркелген 10,0 млрд. теңге сомасында 2 облигация шығарылымы тіркелді. 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша айналыста жиынтық номиналды құны 1 092,0 млрд. теңге 234 мемлекеттік емес облигация шығарылымы бар.
2007 жылғы қаңтарда 11 инвестициялық пай қоры тіркелді, 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар рыногындағы қызмет атқарушы инвестициялық пай қорларының саны 97-ге дейін өсті. (78 – жабық, 9 – ашық және 10-аралық). Сондай-ақ 2007 жылғы қаңтарда 2 акционерлік инвестициялық қор тіркелді, 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша рынокта 16 акционерлік инвестициялық қор жұмыс атқаруда. 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары шығарылымдарының саны: "А" санаты бойынша – 225 шығарылым және "В" санаты бойынша – 68 шығарылым.
2007 жылғы қаңтарда бағалы қағаздар рыногы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормаларын орындамағаны үшін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларына 6 ұйғарым-хат жіберілсе, 6 бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларына қатысты әкімшілік айыппұл салу есебінде санкция қолданылды.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың секторы
2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, республиканың қаржы рыногында 10 ипотекалық компания, қолданыстағы лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 16 ұйым қызмет істейді.
Есепті айда ипотекалық компания қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық активтер сомасы бір айда 2,9%-ға өсіп, 130,3 млрд. теңге болды, жиынтық міндеттемелер 3,3%-ға өсе отырып, 102,1 млрд. теңгеге жетті, меншікті капитал мөлшері 1,8%-ға арта отырып, 28,2 млрд. теңге болды.
2007 жылғы 1 ақпанда ипотекалық компаниялардың кредиттік портфелінің мөлшері 107,9 млрд. теңге болды, бұл 2007 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіштен 3,5 млрд. теңгеге немесе 3,3%-ға көп болды. 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ипотекалық компаниялардың жиынтық кредиттік портфелі құрылымында стандартты кредиттер үлесі 92%, күмәнді - 7,8 және үмітсіз – 0,2%. Ипотекалық компаниялардың кредиттік портфелі 2007 жылғы 1 қаңтарда былай болды: стандартты- 93,8%, күмәнді – 6,0%, үмітсіз – 0,2%.
Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерін қорғау
2007 жылғы қаңтарда Агенттікке жеке және заңды тұлғалардан сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан 99 өтініш (шағым) келіп түсті. Келіп түскен өтініштер бойынша 59 өтініш бойынша тиісінше түсініктемелер берілді, 40 өтініш қарастырылуда. Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан хаттардың 73%-ы екінші деңгейдегі банктердің қызметінің мәселелерін қозғады, хаттардың 8%-ы - сақтандыру ұйымының қызметі мәселелері бойынша, 7% - жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне қатысты, 2% - бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметі бойынша, хаттардың 10%-ы түсініктемелік сипат талып отыр.
Екінші деңгейдегі банктердегі, сақтандыру ұйымдарындағы, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы өтініштер туралы мәліметтер және олардың өтініштердің жалпы көлеміндегі үлес салмағы төменде келтірілген:
№ р/р
|
Қаржы ұйымының атауы
|
Өтініштер саны
|
Қаржы рыногындғы тиісінше сектордағы үлес салмағы
|
Банк қызметі
|
1
|
«Валют – Транзит Банк» АҚ
|
53
|
72,60
|
2
|
«Банк Каспийский» АҚ
|
2
|
2,74
|
3
|
«Альянс Банк» АҚ
|
2
|
2.74
|
|
Басқалар
|
16
|
21,92
|
|
ЖИЫНТЫҒЫ:
|
73
|
73*
|
Сақтандыру қызметі
|
1
|
«Көммеск Өмір» АҚ
|
2
|
25,00
|
2
|
«Казахинстрах» СК» АҚ
|
2
|
25,00
|
|
Басқалар
|
4
|
50,00
|
|
ЖИЫНТЫҒЫ:
|
8
|
8*
|
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі
|
1
|
«Нефтегаз-Дем» ЖЗҚ» АҚ
|
3
|
42,86
|
|
Басқалар
|
4
|
57,14
|
|
ЖИЫНТЫҒЫ:
|
7
|
7*
|
Бағалы қағаздар рыногы
|
|
Акционерлік қоғамдар, оның ішінде
|
|
|
1
|
Екінші деңгейдегі банктер
|
2
|
100,00
|
|
ЖИЫНТЫҒЫ:
|
2
|
2*
|
|
Түсініктемелер
|
9
|
10*
|
| Жиынтығы |
99
|
100,00
|
* - қаржы рыногындағы сектордың үлес салмағы
Сондай-ақ қаңтарда бұрын келіп түскен 126 өтінішті қарау бойынша жұмыс аяқталды.
Сақтандыру ұйымының қызметін реттейтін заң бұзушылықтарды жою мақсатында Агенттік шағымдарды қарау нәтижелері бойынша сақтандыру ұйымының адресіне міндеттеме-хат жіберілді.
Бұдан өзге, зейнетақы заңнамасы нормаларын бұзумен байланысты жинақтаушы зейнетақы қорының адресіне жазбаша ұйғарым жіберілді.
Достарыңызбен бөлісу: |