Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Астана қаласы 2011 жылғы «30» маусым №18-02/366


Ветеринария саласындағы зоодүкендерге, зообақтарға және цирктер субъектілеріне арналған тәуекелді бағалау критерийлері



бет10/10
Дата15.06.2016
өлшемі2.92 Mb.
#136969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ветеринария саласындағы зоодүкендерге, зообақтарға және цирктер субъектілеріне арналған тәуекелді бағалау критерийлері




Критерийлердің атаулары


Критерийлердің талаптарына сәйкессіздігі балл жүйесімен бағаланады

1.1.

Аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;

5

1.2.

мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;

1

1.3.

ветеринариялық мамандарға олардың талап етуi бойынша, диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беруге;

1

1.4.

ауыл шаруашылық жануарларын бiрдейлендiрудi және оларға ветеринариялық паспорттарды ресiмдеудi қамтамасыз етуге;

1

1.5.

мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;

2

1.6.

ветеринариялық инспекторларға мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге;

1

1.7.

ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу жөнiндегi талаптарын орындауға;

1

1.8.

союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;

1

1.9.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.11.09г. №1754 қаулысымен бекітілген тәртіпке сәйкес кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союдыарнайы мал сою орындарныда сою.

1

1.10.

ветеринариялық мамандарға өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына жәрдем көрсетуге.

1

2.1.

Келесі шаруашылық ұйымдастыру шараларын орындау:

мал қораларында және аулаларында тұрақты механикалық тазарту жүргiзу, көңдi зарарсыздандыруға үю;



5

2.2.

табынды, отарды, топты инфекциялық аурулардан таза аумақтық малдарымен толықтыру;

1

2.3.

мал азығын малдың инфекциялық ауруларынан таза аумақтарда дайындау;

1

2.4.

қолайлы және қолайсыз аумақ малдары арасындағы қатынасты болдырмау.

4

3.1.

Келесі ветеринариялық санитариялық іс-шараларды атқарады:

1) малды орналастыруда, азықтандыруда және пайдалануда ветеринариялық-санитарлық ережелердi орындау;



5

3.2.

2) мал жайылымдарын және суаттарын қалыпты ветеринариялық-санитарлық жағдайда ұстау;

1

3.3.

3) көңдi және өлексенi уақытында зарарсыздандыру;

1

3.4.

4) мал қораларына реттi профилактикалық дезинфекция (микроорганизмдердi жою), дератизация (тышқандарды жою), дезинсекция (зиянды бунақ денелердi жою), дезакаризация (кенелердi жою) жүргiзу;

4

3.5.

5) мал фермаларын, қораларын дезинфекциялық тосқауылдармен қамтамасыз ету;

1

3.6.

6) мал шаруашылығы объектiлерiнiң аумақтарын қоршаумен қамтамасыз ету.

1

4.

ветеринариялық маманның рұқсатынсыз ауырды деген малды бiр жерден екiншi жерге айдауға тиым салынады;

5

5.

Малдарды ұстаумен, өсірумен және қолданумен айналысатын нысандарда мемлекеттік ветеринариялық санитариялық қадағалау нысанының есептік нөмірінің болуы тиіс.

1

Ветеринария саласындағы араның балын және балара өнімдерін өндірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар субъектілерінің тәуекелді бағалау дәрежесінің критерийлері


№ пп

Критерийлердің атаулары


Критерийлердің талаптарына сәйкессіздігі балл жүйесімен бағаланады

1.1.

Физика-химиялық қасиеттері Нәтижесінде балдың және ара шаруашылығы өнімдерінің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін қасиеттерді иеленетін неғұрлым ықтимал қатерлерге мыналар жатады:

1) құрамында оксиметилфурфуролдың болуы;



4

1.2.

2) микробиологиялық көрсеткіштер;

4

1.3.

3) құрамында уытты элементтердің, пестицидтердің, радионуклидтердің және олардың қалдықтарының болуы;

4

1.4.

4) ара шаруашылығында қолданылатын ветеринариялық препараттар қалдықтарының болуы;

4

1.5.

5) өнімді химиялық заттармен, иондаушы және ультракүлгін сәулелермен өңдеу тәсілдері;

4

1.6.

6) тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштердің, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған қосалқы технологиялық құралдардың, гендік инженерия өнімдерінің болуы;

4

1.7.

7) бөгде қосындылар.

4

2.

Бал және ара шаруашылығы өнімдері араның, ауыл шарушылығы жануарлары мен құстарының қауіпті жұқпалы ауруларынан таза аумақта орналасқан шаруашылықтарынан (омарталардан) алынуға тиіс.

5

3.

Пайдалануға жарамсыз және адам өмірі мен денсаулығына қауіпті бал мен ара шаруашылығының өнімдерін жою және кәдеге жарату «Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4

4.

Сапасыздық белгілері анық көрініп тұрған, қауіпсіздігін, шығу тегін растайтын ілеспе құжаттары жоқ, жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе өтіп кеткен бал және ара шаруашылығы өнімдері сатуға жіберілмейді.

4

5.

Бал арасын мен өнімдерін өндірушіде мемлекеттік ветеринариялық санитариялық қадағалау нысанының есептік нөмірінің болуы тиіс.

4


Ветеринария саласындағы ішкі сауда орындарын тәуекелді бағалау дәрежесі субъектілерінің критерийлері




Критерийлердің атаулары


Критерийлердің талаптарына сәйкессіздігі балл жүйесімен бағаланады

1

2

3

1.

Малдарды ұстаумен, өсірумен, дайындаумен (сою), өндірумен, өңдеумен, сақтаумен және сатумен айналысатын субъекттарларында ветеринариялық құжаттары болуы.

7

2.

Малдарды ұстаумен, өсірумен, дайындаумен (сою), өндірумен, өңдеумен, сақтаумен және сатумен айналысатын субъекттылар, базарлардағы ветеринариялық санитариялық сараптау зерханалары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2002 жылғы 31 қазандағы № 351 бұйрығымен бекітілген сойылатын малдарды сояр алдындағы ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейiн ұшаларын, iшкi органдарын ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларға санитариялыє баға беру Ережесiн сақтаулары тиіс.

7

3.

Ішкі сауда нысандарында қызмет көрсететін ветеринариялық және шаруашылық ұйымдастыру іс-шараларын орындау.

6

4.

Жануарларға және адам денсаулығына ерекше ғауіп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып жою іс шаралары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 «Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесі» сәйкес мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспектордың қадағалауымен атқарылады.

7

5.

Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік ғоспаларды алып ғоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу мемлекеттік ветеринариялығ қадағалау объектілерiнде тиiстi аумағтағы мемлекеттік ветеринариялық инспектордың нұсқамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекiтілген жануарлар ауруларының тізбесiне сәйкес жүргізілуі тиіс.

6

6.

Міндетті түрде мал өнімі шикізатын ветеринариялық санитариялық зерханада өткізілуі және сараптау актісін алу керек.

6

7.

Ішкі сауда нысандары мемлекеттік ветеринариялық санитариялық қадағалау нысанының есептік нөмірінің болуы.

6


Ветеринария саласындағы мал өнімдері мен шикізаттарын қабылдайтын, сақтайтын және сататын субъектілерінің

(қоймалар, тоңазтқыштар, тоңазтқыш комбинаттар)




Критерийлердің атаулары


Критерийлердің талаптарына сәйкессіздігі балл жүйесімен бағаланады

1.

Ветеринариялық санитариялық бақылаудағы нысандарға ветеринариялық құжаттар малдарды ұстаумен, өсірумен, дайындаумен (сою), өндірумен, өңдеумен, сақтаумен және сатумен айналысатын субъкттарларында болуы.

5

2.

Мал өнімдері мен шикізаттарын қабылдайтын, сақтайтын және сататын субъекттылар ветеринариялық және шаруашылық ұйымдастыру іс-шараларын орындау.

5

3.1.

Өнімнің түріне байланысты мал өнімдері мен шикізаттарын сақайтын қоймалар тиісті талаптарды (температура, ылғалдылық) орындау:

Нормативтік құжаттарға сай нақты сүт және сүт өнімдерін сатуды өндіруші қояды. Сүт және сүт өнімдерін сатқанда сақтау жағдайлары орындалу.



4

3.2.

сүт және сүт өнімдерін сақтауда, олардың ветеринариялық санитариялық тұрғыда қауіпсіздігін қамтамсыз ететін температуралық режимін сақтау.

3

3.3.

Сүт және сүт өнімдерін тасымалдау кезінде оның шығу орны, қауіпсіздігі, сақтау жағдайы және сақтау мерзімі серіктестіретін құжаттармен куәландыруы тиіс.

3

3.4.

Ас шикізаттарын және қосалқы заттарды сақтау үшін ағаш сөрелер мен еден төсегіштері болуы керек, оларды еденге қалауға болмайды. Барлық қоймаларды тазалықта ұстау керек және кезеңмен дезинсекция және дератизация жасалуы тиіс.

3

3.5.

Сақтау үшін осы Техникалық регламенттің, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келетін және қауіпсіздікпен қадағалауды қамтамасыз ететін құжаттары бар (ветеринариялық сертификат, тауарлық-ілеспе құжаттама) балық және балық өнімдері қабылданады.

3

4.1.

Балық және балық өнімдерін сақтау кезінде мынадай шарттарды сақтау қажет:

салқындатылған балық еріп тұрған мұз темперетурасына жақын температурада сақталуы тиіс;



3

4.2.

мұздатылған балық және балық өнімдері -18 о С-тан жоғары емес температурада сақталуы тиіс;

3

4.3.

консервілерді өндіруге арналған тұздықтағы бөлшектенбеген, мұздатылған балық -9 о С-тан жоғары емес температурада сақталуы мүмкін;

3

4.4.

тірі балық оның тіршілігін қамтамасыз ететін жағдайда ұсталынып, сату мерзіміне шек қойылмауы тиіс. Ыдыстар судың сапасын өзгертпейтін материалдардан жасалуы тиіс

3

5.

Керекті тоңазтқыш камералар мен мұздатқыштар мөлшері мен санын өндірістік қуаттылққа және олар температураның 0°С дан 30°С дейін, ал ылғалдылықты 60 % тан 95 % дейінгі шамада қамтамасыз ететін болуы керек.

4

6.

Мал өнімдері мен шикізаттарын қабылдайтын, сақтайтын және сататын субъектілерге мемлекеттік ветеринариялық санитариялық қадағалау нысанының есептік нөмірінің болуы тиіс.

3





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет