Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«ҚазАгроИнновация» АҚ
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы
ғылыми-зерттеу институты
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ Сіз(дер)ді 2010 жылы маусымның 24-25 жұлдызында мекеменің құрылғанына 75-жыл толуына орай «Егіншіліктің, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен биологиясының жетістіктері және болашағы» тақырыбында өтетін Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.
Конференция жұмысының бағыты:
-
Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен гендік қорының биологиялық негіздері.
-
Егін шаруашылығының тұрақты даму басымдықтары;
Конференцияның ғылыми бағдарламасында пленарлық (20 мин.) және секциялық (10 мин.) баяндамалар тыңдалады.
2010 жылдың 10-мамырынан кешіктірілмей konf-2009@list.ru электронды адресіне түскен көлемі 3-бетке дейінгі мақалаларды жинақ ретінде басып шығару жоспарлануда.
Ұсынылған мақаланың мазмұнына, келтірілген мәліметтердің растығына және рәсімделуіне автор жауапты. Мақаланың мәтіні түпнұсқа ретінде саналады және редакциялық түзетілмейді. Ұйымдастырушы комитет көрсетілген мерзімнен кеш түскен және баспа талаптарына (1-қосымша), сонымен қатар конференцияның бағыттарына сай келмейтін мақалаларды жинақтың тізімінен алып тастауға құқылы.
Мақаланы жария ету үшін төленетін жарна – 2000 теңгені немесе 15 АҚШ долларын құрайды. Түбіртек көшірмесін тіркеуді сұраймыз.
Төленетін жарнаны мына есеп-шотқа аударуды сұраймыз:
Қазақстан азаматы үшін:
«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Талдықорған аумақтық филиалы, ИИК 013467619, БИК 194101601, СТН 090500224764, КБЕ 17
Шетел азаматы үшін:
Account: 311100/003070540
Beneficiary: LLP “Kazakh Scientific Research Institute of Agriculture and Plant growing”
Beneficiary bank: Halyk Savings Bank of Kazakstan, 97 Rozybakieva street, 050046, Almaty, Kazakstan.
CHIPS ABA: 350811
SWIFT BIC: HSBKKZKX
Correspondent Banks in USD: Correspondent account # 0000305758 with HSBK Bank USA, N.A.
CHIPS ABA: 0108
SWIFT BIC: MRMDUS33
Біздің мекен-жайымыз: 040909, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, М.Ерлепесов көшесі, 1. Тел/факс: +7-(727) 388-39-25, +7-(72771) 53-130, 53-057.
1-қосымша
Баяндаманы рәсімдеу талаптары:
Мақала мәтіні Word редакторымен (doc, RTF форматтарымен) Times New Roman шрифтімен теріледі, әріп биіктігі-14, жол аралығы-1, жаңа жол-1,0 см, азатжолдар: барлық жағы-2,0 см. Баяндаманың сол жақ басында ӘОЖ көрсетіледі, төменде – баяндаманың тақырыбы жартылай қарайтылған бас әріптермен ортаға түзете қойылады. Тақырыптан кейін интервал тастап, автордың аты-жөні, тегі жазылады. Төменде – мекеменің толық атауы, орналасқан қаласы, мемлекеті және электронды поштасы көрсетіледі. Баяндаманың мәтіні мекеме атауынан соң интервал тастап, жаңа жолдан басталады.
Мақалада келтірілген суреттер мен графиктер ақ-қара түсте (Excel редакторында) анық көрінуі қажет. Библиографиялық тізім негізгі мәтіннен кейін сілтеме жасалу ретіне қарай келтіріледі.
Баяндаманың алдында ағылшын тілінде қысқаша түйіндеме беріледі (10-15 қатар). Ұсынылатын жұмысты бірінші автордың тегімен атау қажет.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
ӘОЖ
Бос қатар
МАҚАЛА АТАУЫ
Бос қатар
Исаев И.И.
Мекеменің толық атауы, орналасқан қаласы, мемлекеті және электронды поштасы
Бос қатар
Ағылшын тіліндегі түйіндеме
Бос қатар
Негізгі мәтін
|
Конференцияға қатысудың өтінім үлгісі:
-
Аты-жөні ___________________________________
-
Мекеме ___________________________________
-
Ғылыми дәрежесі, атағы ___________________________________
-
Мекен-жайы, телефон, E-mail ___________________________________
-
Баяндаманың атауы ___________________________________
-
Бөлімнің атауы ___________________________________
-
Баяндама жасауға қажетті техникалық жабдық _______________________
-
Толтырылған күні, қолы ___________________________________
Ұйымдастырушы комитет
Достарыңызбен бөлісу: |