Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының



бет1/3
Дата30.11.2022
өлшемі82.29 Kb.
#466141
түріБағдарламасы
  1   2   3
19. Кукык негиздери 9 кл



Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының
2017 жылғы 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545  бұйрығына
19-қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 208-қосымша 
Негізгі білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы



1-тарау. Жалпы ережелер





  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы

23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  1. «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты - құқық жөнінде негізгі білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты азаматты тәрбиелеу және олардың бойында заңды құрметтеу дәстүрі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту.

  2. Пәннің міндеттері:

1) Қазақстандық құқық салаларының негізгі түсініктері мен мазмұны туралы білімдерді қалыптастыру;
2) іргелі құқықтық және әлеуметтік құндылықтар жүйесі: адам құқықтары, демократия, азаматтық қоғам, заңдылық пен құқықтық тәртіп туралы білімдерін қалыптастыру;
3) құқықтық мемлекеттің белгілері мен ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;
4) оқу және практикалық іс-әрекетте құқықтық ақпаратты табу, талдау және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
5) құқықпен реттелетін әртүрлі өмірлік жағдайларда құқықтық білімдер мен дағдыларын қолдануды қалыптастыру және дамыту;
6) бүгінгі күнгі өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту;
7) сын тұрғысынан талдау және қоғамда құқықтық қатынастармен байланысты практикалық жағдаяттарды бағалау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет