Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің сайтында орналастыру үшін Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің қызметі жайлы ақпарат



Дата21.06.2016
өлшемі82.15 Kb.
#151319
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің сайтында орналастыру үшін Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің қызметі жайлы ақпарат

(2008 жылдың сәуір айының екінші жартысы)

2008 жылдың 14 мен 25 сәуірі аралығында Алматы қаласы Балалардың құқығын қорғау Департаментінде біраз жұмыстар атқарылды.

Департамент жанынан ашылған қаладағы 11 тәжірибе алаңдарындағы өзін-өзі тану бағдарламасымен айналысатын 20 үздік педагогтардың басын біріктірген «Игілік» клубы өз жұмысын жалғастыруда. Клубты құрудағы мақсат: өзін-өзі тану бағдарламасымен айналысатын педагогтардың іс-тәжірибесімен танысу, психологиялық тренингтерді қолдана отырып, тәжірибе сабақтарын өткізу, қала масштабында өткізілетін ашық іс-шараларға дайындық жүргізу. 14 сәуірде «Жанұя» кешенінде «Игілік» өзін-өзі тану клубының қызметі аясында №34 және №147 мектеп-гимназиялары, №131 мектеп-лицейі, №132 лингвистикалық гимназиясы тәжірибе алаңдары педагогтарының ұйымдастыруымен жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған: бастауыш сынып оқушылары үшін «Улыбка –радуга души», орта сынып оқушылары үшін «Поговорим о дружбе», жоғарғы сынып оқушылары үшін «Табиғат – әсемдік әлемі» мастер кластары өткізілді. Аталған әлеуметтік мекеме базасында өзін-өзі тану бойынша жаңа тәжірибе алаңын ашу жоспарлануда, осы мақсатта «Жанұя» кешенінің педагогтарына көмек ретінде оқу-әдістемелік құралдары тапсырылды.

Алматы қаласы Балалардың құқығын қорғау Департаментінің қызметкерлері үстіміздегі жылдың 16 сәуірінде Қазақстанның Адам құқықтары мен заңдылықтарды сақтау жөніндегі Халықаралық бюросының бастамасымен «Детсво без границ» қоғамдық бірлестігі және Қазақстан Балалар қоры бірлесіп өткізген «Адам құқықтары саласында білім беру (мектептердегі ахуал)» тақырыбындағы ақпараттық семинар жұмысына қатысты. Аталған жобаның мақсаты білім беру мекемелеріндегі заңдылықтардың сақталуын зерделеу, іс-қимылдар жоспарын әзірлеуді одан әрі жалғастыру, сондай-ақ білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен оқушылардың құқықтық санасы және құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.


Алматы қаласының жоғары, орта кәсіптік және орта арнайы оқу орындарында оқитын балалар үйі мен интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілері арасынан «Бөбек» қорының 3 тоқсандағы қайырымдылық көмегін алушылардың тізімі анықталып, салыстырулар жүргізілді.
Үстіміздегі жылдың 17 сәуірінде балаларды қорғау Департаментінде Алматы қаласының жоғары, орта кәсіптік және орта арнайы оқу орындарында оқитын балалар үйі мен интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріне еліміздің бірінші Ханымы С.Назарбаеваның қайырымдылық көмек төлемдерін беру жөніндегі комиссияның отырысы болды. 245 студентке қайырымдылық көмек төлемдерін беруге қажетті барлық құжаттар дайындалды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауын, сондай-ақ оқушылардың жеке тұлға ретінде эстетикалық, рухани және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында 17 сәуірде Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаменті мен Білім Департаменті Түрксіб ауданының балалар шығармашылығы Үйінде театр шығармашылығының екінші қалалық «Ақжелкен - 2008» Фестивалін өткізді. Байқау жеңімпаздарына Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің грамоталары мен алғыс хаттары тапсырылды. Фестиваль Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында орта және қосымша білім беру жүйесінің тәрбие үрдісін жетілдіру, балаларды отансүйгіштікке, мәдениетке, эстетикаға ұлттық рух пен дәстүрлер сабақтастығын пайымдай білуге баулу мақсатында өткізілді.

Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаменті балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерімен айналысатын әртүрлі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынастарды жүзеге асырады, сондай-ақ жұмыс топтары мен комиссиялар жұмысына да қатысып отырады. 17 сәуірде сондай комиссия құрамында Департамент қызметкерлері «Жасөспірімдер үйі» Әлеуметтік мекемелер тәрбиеленушілерін бейімдеу орталығында аталған мекеме тәрбиеленушілерінің Жасөспірімдер үйі әкімшілігі тарапынан өз құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы жайлы хабарлауына байланысты болып қайтты. Онда комиссия қызметтік тергеу жүргізді. Тәрбиеленушілер өз өтінішінде көрсеткен фактілер расталған жоқ. Өз міндеттерінің бірі адамгершілік-рухани тәрбие арқылы жеке тұлғаның үйлесімді дамуына жағдай жасау болып табылатын Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаменті 21,22 сәуірде Алматы қаласының оқушылар сарайында «Бөбек» өзін-өзі тану гимназияларының, Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, барлық 6 аудандағы балалар шығармашылығы үйлерінің, 4 балалар үйі, 9 интернаттық мекемелер мен Үміт үйі тәрбиеленушілерінің қатысуымен дәстүрлі «Путь к себе - Өз жолы» ҮІІІ балалар шығармашылығының байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты: оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастыру, оларды халықтың ұлттық өнер дәстүрлеріне, әлемдік және қазіргі заман өнеріне баурау, сондай-ақ жаңа дарынды және қабілетті балаларды анықтау.

Балалар шығармашылық ұжымдары 30 минуттан тұратын 5 жанр: вокалдық, хреографиялық, аспаптық, сөз өнері және бірегей жанрлар бойынша мәдени бағдарлама ұсынды.

Байқауға қатысушылардың өнерлерін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері мен өнер және мәдениет қайраткерлерінен құралған құзырлы жюри бағалады:


  • Қарлығаш Әбдікәрімова, «Бозторғай» балалар шығармашылығы Халықаралық байқауының директоры;

  • Қарлығаш Әжиева, «Таңдау» мекемесінің директоры, режиссер;

  • Жанар Айжанова, белгілі әнші;

  • Жахангер Телғожаев, «Сазген сазы» фольклорлық ансамблінің музыкалық жетекшісі.

Байқауға Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің директоры Сұлушаш Қуатжанова төрағалық етті.

Байқау финалында үздік өнер көрсеткен жас әртістер, 1 шілде Халықаралық балалар күні мерекесі қарсаңында өтетін гала-концертке қатысады. Байқаудың ең үздік таланттарына арналып дипломдар, естелік сыйлықтар мен тартулар дайындалуда.

Балалар шығармашылығының дәстүрлі «Өз жолы» ҮІІІ байқауының жеңімпазы беделді Халықаралық байқаулар мен фестивальдердің біріне жолдама алатын болады.

Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің қызметі жайлы жұртшылықты ақпараттындыру жұмыстарын жүргізу жалғастырылуда. 22 сәуірде балаларды қорғау, мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі бөлімінің бас маманы А.Кемебаева «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирінің «Тұрмыс қамы» атты бағдарламасына қатысты, онда балалар үйлері мен мектеп-интернат түлектерінің проблемалары жайлы сөз болды. Бағдарламаға Еуропа бірегей реестрінің психотерапевті М.Кузубова, «Қазақстан» телеарнасының продюсері Е.Ақчалов қатысты.

«Вечерний Алматы» газетінің 2008 жылғы 19 сәуірдегі 49 нөмірінде газет тілшісі А. Есованың «Адамға адам керек» атты мақаласы жарық көрді, онда баспанасы жоқ, қарауында баласы бар жалғыз басты ана Нұржанова Айгерімнің тұрмысына қатысты мәселелерді шешуді ұйымдастыруға қатысқаны үшін Департамент директоры мен қызметкерлеріне алғыс білдірілген.

Алматы қаласында үстіміздегі жылдың 23 сәуір күні Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен Қазақстан балалар қоры мен ЮНИСЕФтің бірлесен жобасы аясында құрылған Сараптамалық кеңестің «Алматы қаласында бала құқықтары жөніндегі Уәкілетті Институттың құрылуына дайындық» атты төртінші отырысы болып өтті. Сараптамалық кеңес отырысы барысында балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау және қолға алу мәселелері бойынша Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің алға қойған міндеттері жайлы Департамент директоры Сұлушаш Төлеуханқызы Қуатжанова айтып өтті.

Жоба Қазақстандағы омбудсмен мекемелерінің, өзге де мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың балалар құқықтарын сақтауы жөнінде сапалы және кәсіби мониторинг жүргізуге және балалардың құқықтарын бұзушылық туралы шағымдарды қарау жүйесін құруға бағытталған. Жоба қызметі Алматы қаласындағы бала құқықтары бойынша омбудсмен моделін бағалауға, байқаудан өткізуге және әзірлеуге, сондай-ақ жүйенің міндеттері мен қызметтерінде кездесетін кемшіліктерді талдауға, шағымдармен тиімді жұмыс істеуге бағытталатын болады.

Аталған жоба балалар омбудсменінің қазақстандық жүйесін құрудағы алғашқы деңгей болып табылады. Ол мақсатты топтар арасында кең көлемде білім беру және ағартушылық жұмыстарын қамтуды көздейді ( балалар, ата-аналар, балалармен жұмыс істейтін кәсіптік топтар).

Қазақстанда бұл идеяның дамуы және балалар омбудсмені кеңсесінің енгізілуі балалардың құқықтарын қорғау саласындағы бала құқықтары жөніндегі Уәкілетті Институт қызметінің негізгі бағыттарына сай келеді. Бұл жобаны іске асырудың маңыздылығы БҰҰ балалар құқықтарын қорғау жөніндегі Комитетінің Қазақстанға тиімді ұлттық институт ретінде Париж қағидаларына сәйкес кең құзыретке иелік ететін омбудсменнің туелсіздігін қамтамасыз етуді, сонымен қатар бала құқықтарын сақтауға жауап беретін омбудсменді тағайындауды немесе омбудсмен кеңсесінің ішінен бала құқықтарын сақтауға жауапты бөлім не арнайы бөлімшелер белгілеуді ұсынуында.

Қоғамдық ұйымдар Уәкілетті мекеменің барлық шараларын ұйымдастыру мен өткізуге белсенді түрде қатысады, адам құқықтары бойынша Уәкілеттінің мандатына енетін шағымы бар өтініш берушілерді бағыттайды және бала құқықтарының кейбіріне жүргізілген мониторинг қорытындыларын ұсынады. Жемісті түрде қарым-қатынас жасап отырған үкіметтік емес ұйымдар арасында келесілерін атап өтуге болады: « Балалар мен әйелдерді әлеуметтік бейімдеу орталығы» (Нина Николаевна Балабаева), «Детство без границ» (Балыкова Рена Курбановна), « Балалар құқықтарын қорғау» Қазақстан ҮЕҰ-ы жұмысшы тобының үйлестірушісі (Роза Ақылбекова), «Балалардың құқықтарын қорғау Ассоциациясы» ҚБ (Фаузия Қабышқызы Икамбаева), «Болашақ-2» ҚҚ ( Анжела Хасенқызы Қарасаева). Қоғамдық ұйымдардан басқа Кеңес құрамына мемлекеттік құрылымдардың өкілдері де кіреді (Ішкі істер, әділет, денсаулық сақтау, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаменттері, көші-қон және демография комитетінің Басқармасы , Әкімнің отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі бас инспекторы және басқалар), БАҚ, Мәслихат депутаттары, ата-аналар қауымдастығы, оқушылар.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша хабарласушыларға жедел және дер кезінде көмек көрсетуге және балалардың құқытарының сақталмауы жөніндегі шағымдарды қабылдауға арналған «ыстық желі» байланыс телефонының (264 38 67) жұмысы жалғасуда. Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бері «ыстық желі» байланыс телефоны бойынша қоңырау арқылы әртүрлі сипаттағы 63 сұрақтар тіркеуге алынды. Мысалы, соңғы аптада кәмелетке толмаған П.Н.Воротниковтың қадағалаусыз қалғандығы жөнінде қоңырау шалынды. Көрсетілген фактіні анықтау үшін Департамент қызметкерлері Алмалы ауданының КТІ жөніндегі инспекторымен бірлесе оқиға орнына шықты. Көрсетілген фактілердің орын алғаны расталмады.

Осы кезең ішінде №65 және №135-ші мектептерден ақша жинау фактілері жөнінде ақпарат келіп түсті, аталған ақпарат сол жерлерде тексеріліп, оқушылармен сауалнама жүргізілді, нәтижесінде екі мектепте де оқу жылының басында ата-аналар комитетінің сыныптарда мәдени көпшілік шараларын өткізу мақсаты үшін ақша жиғаны белгілі болды, қазіргі кезде ақша жинау тоқтатылды.



Жалпыға міндетті оқу қорының қаражатын жұмсау, ыстық тамақ ұйымдастыру және мектеп жасындағы балалардың біліммен толық қамтылуы мәселелерін зерделеу мақсатында қаладағы жалпы білім беретін мектептердің жұмыстарымен танысу бекітілген кесте бойынша жалғасуда. Осы жылдың 24 сәуіріне қарай Алматы қаласындағы 78 мектептің жұмысымен танысу жүргізілді. Мектептердің жұмысымен танысу жөніндегі толық талдама 2008 жылдың 30 мамырына қарай жүргізіледі.

Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаменті басшылары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы аясында педагогикалық ұжымдар арасында білім беру жүйесінің ахуалы жайлы түсініктеме беру мақсатымен кездесулер өткізді, 2008 жылдың 7-23 сәуірі аралығындағы кезеңде қаладағы барлық 178 жалпы білім беретін мектептер қамтылып, кездесулерге 13 861 адам қатысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет