103
əртүрлі типтегі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкін болатын
компьютерлік апппараттық қамтамасыз ету;
əртүрлі типтегі (сөз, əуен, бейне бейне, анимация жəне т.б)
динамикалық жəне дəстүрлі статистикалық жəне
визуальды
(мəтін, графика) ақпаратты өзінде біріктіретін ақпараттың
ерекше жалпылаушы түрі.
Осылайша кең мағынада «мультимедиа» термині ақпараттық
технологиялардың аясын білдіреді.
Мультимедианы ақпараттандыру құралдарында пайдалануға
байланысты,
графикалық, дыбыстық, фото жəне бейне əсер-
лерінің есебінен мұндай ақпараттарда үлкен эмоционалдық
заряды бар жəне олар белсенді түрде көңіл көтеру индустриясына
қосылады.
Мультимедиа жүйесінің пайда
болуы адам шығармашылығы
деңгейінің дамуына үлкен өзгеріс жасады. Мультимедиа техноло-
гиясын ең көп қолданатын аясының бірі білім беру саласы, себебі
мультимедиаға негізделген электрондық
басылымдар мен ресурс-
тар оқытудың тиімділігін анағұрлым арттырады. Материалды ауыз-
ша баяндағанда оқушының бір минутта ақпараттың мың шартты
белгілерін қабылдап, меңгеретіні, ал көру ағзаларын «қосқанда»
100 мыңға жуық осындай бірліктерді меңгеретіні тəжірибе арқылы
тексерілген.
Қазіргі уақытта жасалынған мультимедиа
құралдарының саны
мыңға жетеді. Мультимедиалық технологиялар жəне оған сəйкес
білім беруді ақпараттандыру құралдары тез дамып келе жатыр. Егер
1995 жылы шыққан мультимедиалық құралдар саны 34 болса, 1998
жылдарының басында олардың саны 300 ге жеткен, қазір бұл тізім
бірнеше мыңдаған атауларды өзіне біріктіреді. Əрине, бұл көрсетулер
мультимедиа құралдарымен қамтамасыз
етілгендігін нақты суреттеп
бере алмайды, бірақ жасалынған жəне пайдаланып жатқан мульти-
медиа құралдар санының өсуі біржақты дəлелденді. Мультимедиа
құралдарымен технологиялары оқытудың пайдалы мүмкіндіктерін
жəне төмендегідей аудиовизуальды ақпараттарды өңдеудің жаңа
тəсілдерін қолдану арқылы оқыту себептерін
көбейтуді қамтамасыз
етеді:
· визуальды ақпаратты «басқару» (орналастыру, қою);
· əртүрлі аудиовизуальды ақпараттарды контаминациялау
(ығысу);
· анимациялық эффектердің жүзеге асуы;