Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет109/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Ертіс және орталық Тянь-Шань тауларының оңтүстік беткейлері 
аралығындағы аумақты, яғни қазіргі Қырғызстан мен оңтүстік-шығыс 
Қазақстан территорияларын қамтыған өлкені сипаттай келе, оны 
мекендеген халықтардың саяси өмірі және шаруашылығы туралы 
өте мол мағлұматтар береді, осы аймақты мекендеген қазақтар
өзбектер, қырғыздар, қалмақтар (ойраттар) және басқалар сияқты 
көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың тарихын талқылаған.
Осы аталған екі ойшыл – тарихшылардың еңбектерінде кездесетін 
кеңістік құрылымын былайша жіктейді: жоғары-төмен; көк аспан 
– қара жер; аспан – әке – жер-ана; жер – жер асты дүниесі; шығыс 
(ілгері – батыс) (кері, арт жақ); солтүстік (сол жақ) – оңтүстік (оң жақ) 
әлемнің төрт бұрышы, вертикальді үштік құрылымы: аспан (көк, 
жоғары, құдірет), жер (тіршілік), жер асты дүниесі (бабалар рухы, 
патшалығы), жер кіндігі (ошақ, туған жер, отан). Уақыт құрылымы 
жағынан – күн-түн; жарық-қараңғы; жаз-жадыра – қыс-қысыл; күз 
(қоңыркүз, сары ала күз, қара күз); көктем (көк майса, тіршілік), 
суық-жылы болып таратылады.
Қ. Жалайырдың өмірге, адамдардың қарым қатынасына
моральдік пинциптерге мол маңыз бергендігі байқалады. Олардың 
бір мысалы ретінде Шыңғыс ханның сөзімен зерделеген ойларын 
келтіруге болады: «Шыңғыс ханда бұл әскер ұлықтары бәрімен бірге 
келген еді. Сол қауым құралас және олқунут. Бұл үш мың адамды 
анасы Ауалун енеге берді, олардың аттары белгілі емес.
Шыңғыс ханда бұл ұлықтар мәлім еді, әскерімен бүкіл шығыс 
білді, ұлдарына берген қоғамдары мәлім болды, оларға жарлық 
бұйырды. Шыңғыс хан: «Бұл ұлықтарды сіздерге бердім ұлдарым. 
Сіздер әлі жассыз, уақты келіп күнә етсе, сіз оларды өз көңіліңізбен 
өлтірмеңіз, менімен ақылдаспай. Менен соң бір-біріңмен кеңесіңіз, 
көп тексеріп, төрелігіңізге лайық жақсылап сұрап, істің түбіне 
жеткізіңіз». Ол тағы да бұл насихатты бұйырды, ол кезде барша ұлы 
әмірлер қарап отырғанды, олар оларға шын көңілмен сенді. Егер 
күнә қылса, бірігіп кеңес етсеңіз, олардың күнәсі анық болады, яғни 
көңілдерінде қарсылық болмайды және оған разы болады. Өйткені 
олар істеріне өкініп, кінәлі санайды, содан артық азап пен қорлық 
бар ма» [2, 73 б.].
Сонымен, Қ. Жалайырдың қазақ ойлау тарихындағы алатын орны 
қандай? Біріншіден ол қазіргі ұлттық ойлау жүйесінің, тарих филосо-
фиясының бастамасын қалаған. Қазіргі дегенде хронологиялық 
жағдай емес, мағналы мәнді айтамыз. Екіншіден, Қадырғали тарих 
философиясын тек қазақ рухани дүниесінде ғана емес, басқа да түркі 
тілдес ұлттардың дүние танымдарында да орнықтыруға септігін 


112 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет