Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет128/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тыру арқылы бастағаны белгілі. Қазақтың көптеген ру-тайпалардан 
құралғанына қарамастан шежірелерде кездесе беретін қазақтың 
үш жүзі бір атаның балалары деп тарататын мотивтердің болуы 
халықтың рухани бірлігін, рухани бастауын іздеуден туған дейміз.
Шығыс ғұламаларының еңбектерінде тарихты киелі кітаптарда 
жазылған Пайғамбарлардың өміріне, олардың уағыздаған рухани 
білімімен байланыстыра жазу дәстүрі қалыптасқан. 
Жер жүзіне қарасам
Неше түрлі халық бар.
Дін нанымын санасам
Мыңнан артық анық бар – 
деп Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай қазақ хандығы деген 
шаңыраққа өз уығын шанышқанға дейін көшпенді және жартылай 
отырықшы өмір салты бар көптеген ру тайпалардың дін-иманы да, 
сонымен қатар көптеген наным-сенімдері де болғаны күмәнсіз.
Бұл ру-тайпалардың тағдырлары тоғысып, қазақ халқы ұлт 
болып қалыптасқанға дейін және қалыптасқан соң, халықтың дін-
иманы да, наным-сенімі де халықпен бірге түлеп, дамыды.
Жардың шашы сансыз көп
Ол санауға келмей тұр.
Анық нұры осы деп
Әркім бір тал ұстап жүр…
Бірі: «Құдай бір» десе,
Бірі айтады: «Көп құдай»
Бірі «Тәңірі – Күн» десе,
Бірі дейді «Жоқ құдай». 
Тарихшы түп атасын іздегенде қоғамдық пікірге, мекен-жайға, 
заман талабына, жеке басының қасиеттеріне сол сияқты болып 
жатқан қоғамдық-саяси жағдайға тәуелді. Олардың бәріне ортақ 
нәрсе, өздерінің орнын анықтай тұрып, түп негізін іздеу, яғни жан 
талпынысы. Сондай-ақ көптеген наным-сенімдер де жан-ізденісінен, 
түп иесін іздеу талпынысыан туады.
Сол көп дінде шешу бар
Ол шешудің арты бар
Адасқанға кешу бар,
Кешудің де шарты бар


 
131


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет