Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Әмір Сейіт Әлі Уәйіс-ханның (1428 жылы өлтірілген) даңқты
қолбасшысы болып, Қашқардан Ұлықбектің қойған уәкілін қуып
жіберіп, оның қомақты бөлігіне билік жүргізді.
«Тарих-и Рашиди» авторының атасы Мұхаммед Хайдар-мырза
Қашқарды биледі, бірақ 1480 жылы оны ол жерден өзінің жиені
Әбу Бәкір қуып жібереді. Ол Сұлтан Жүніс-ханның жақын жолдасы
болды және Тәшкентте оның сарайында ұзақ уақыт паналады. Оның
ұлы, яғни Мырза Хайдардың әкесі – Мұхаммед Құсайын бала кезінен
Сұлтан Махмұд-ханмен дос болып, Темір әулетінің ұрпағы Захир
ад-Дин Мұхаммед Бабырдың әкесі Омар Шейхтың сарайында екі
жылдай болды. Одан кейін ол Сұлтан Махмұд-ханның Ұра-төбедегі
нәменгері болып, кейін ұзақ уақыт бойы оның қасында Тәшкент
қаласында жайғасты. Ал шәйбанидтік өзбектер Тәшкентті басып
алғанда ол Қара-тегіндегі Құсырау-шахқа қарай қашты. Қабул
шаhарында Бабырға қарсы бүлікке қатысып, қолға түскенімен,
туыстық байланыстарына орай (ол Бабырмен бөле болып келетін)
кешірілді, дегенмен Мұхаммед Құсайын Ферғанаға қайта оралды.
Осы жерде ол өзбектердің қолына түсіп, Мұхаммед Шәйбани-ханның
бұйрығымен өлтірілді.
Мырза Хайдардың ата-бабалары Шағатай әулетінен шыққан ең
алғашқы хандардың өздері берген мұрагерлік артықшылықтарға
ие болды; оларға тархан атақтары берілген болатын. Онан ары
шағатайлық хандар олардың артықшылықтарын бірнеше мәрте қайта
бекітіп, олардың санын арттырғанын қолында бар мадақтамалары
(грамоталары) арқылы Мырза Хайдардың өзі де дәлелдеп отырған.
Оның кейбір жекелеген аталарының құдіреттілігі соншалық, төре
тұқымдарының жоғарғы билігін мойындамай, Қашқарияда тәуелсіз
жеке-дара билік жүргізген. Әмір Полатшының бауыры Қамар ад-
Дин Тоғлық Темір-ханның өлімінен кейін Моғолстандағы билікті
өз қолына алған және Әмір Темірдің бұл елге жасаған жорығы ғана
оның билігін тоқтатты. Осындай билеушінің бірі Мырза Хайдардың
немерелес ағайыны Мырза Әбу Бәкір дулат болатын.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулат әкесі қуғында жүргенде
1499/1500 жылы Тәшкентте туылды. Оның анасы Құб Нигәр-ханым
Сұлтан Жүніс-ханның кіші қызы болатын, демек ол Сұлтан Сейіт
ханның да, шешесі Құб Нигәр-ханымның әпкесі Құтлық Нигәр-
ханым болып табылатын Захир ад-Дин Бабырдың да туған бөлесі
болып саналады.
Әкесі өлтірілгеннен кейін Мырза Хайдарға да қауіп төніп, ол
туыстарының көмегімен Бұқараға жасырынып, онан кейін әкесінің
халифасы Мәулана Мұхаммедпен бірге Бадахшандағы Хан-мырзаға
|