Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мен бақытты Моғол ұлысы исламнан дұрыс жол тауып, ұлылыққа
бет бұрды. Үшіншіден, қазіргі уақытта моғол ханы Әбдірашид хан
болғандықтан, бұл тарих соған арналып, оның құрметіне құрас-
тырылып отыр. Осы үш себептен бұл тарих «Тарих-и Рашиди»
(«Хақ жолындағылар тарихы») деп аталынды» [1, 41 б.]. Оның өз ата-
жұртына оралу ниеті соңғы демі біткенге дейін қалмаған тәрізді.
Өмірінің соңғы жылдарында Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати
Ұлы Моғолдардың атынан өзі жаулап алған Кашмир қаласын
басқарды. Таулы аймақтағы тайпааралық қақтығыс кезінде ол өз
оққағарының жебесінен кездейсоқ өлім құшқан, оның жәй кездей-
соқтық болмауы да мүмкін. «Енді ол орнықты, байсалды азамат
болып, жақсы жолға түсіпті деп естідім. Жазуға, сурет салуға машық,
жебе жасауға, зергерлікке, садақ шыбығын июге қолының ебі бар. Он
саусағынан өнер тамған жігіт. Ақындық дарыны да бар еді. Ол менен
кешірім сұрап хат жазыпты, сөз саптауы тәп-тәуір» [2, 31 б.].
Өмірбаяны осындай оқиғалармен айшықталған Дулати тек
мемлекет қайраткері ғана емес, ортаазиялық фарси тілінде жазылған
«Тарих-и Рашиди», түркі тілінде жазылған «Жахан-наме» сияқты өз
шығармаларын кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған өз заманының
белгілі тарихшысы, өзіндік философиялық көзқарастары бар ойшыл-
ғұламасы да болды. Оның үстіне Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати
қазақ халқының этногенетикалық тұрғыда жаңғырып құралып, саяси
дербес Қазақ хандығы мемлекетінің қалыптасқан кезінде өмір сүрді.
Сондықтан да оның «Тарих-и Рашиди» еңбегі ортағасырлардағы
қазақ халқының тарихынан дұрыс мәлімет беретін (Темір әулетінің
және Шәйбан әулетінің сарай тарихшыларының қалдырған жазба
деректерімен салыстырғанда) бірден-бір жазба дерек көзі. Сол
себепті де орталықазиялық тарихқа қатысты зерттеулерде бірде-бір
медиевист бұл еңбекті, өзінің ғылыми айналымға енген кезінен бас-
тап, айналып өткен емес, өйткені бұл шығарма өзінің шынайлығымен,
ғылыми дәлдігімен, салмақтылығымен ерекшеленеді. Дулатидің
философ ретіндегі дүниетанымдық көзқарастары да осы шығарма-
ларды талдау барысында анағұрлым айқын аңғарылады. Тарихшы
ретінде отандық тарих ғылымына кеңінен танымал Дулатидің
қазақтың рухани мәдениеті мен дүниетанымдық жүйесі тарихындағы
ойшыл ретінде алатын орны осы күнге дейін басы толық ашылмай
келе жатқан мәселелердің бірі болып отыр. Ұлы бабамыздың
өмірдерегін шолып өткеннен кейін оның рухани мұрасын, әсіресе
қазақ халқының тарих философиясына қатысты оның «Тарих-и
Рашиди» еңбегін (онан өзге оның «Жахан-наме» атты еңбегі де
сақталып қалған) сипаттаудың реті келіп тұр.
|