Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет66/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
қалпына келтіріп қана қоймай, оның барысына, қоғамдық пікір мен 
дүниетанымға да өзінің ықпалын тигізері анық. Сондай-ақ кез-келген 
халық та тарихи дамудың әрбір кезеңінде өз болмысын өзіндік 
ойлау жүйесі, өзіндік дүниетаным арқылы пайымдайды. Ұрпақтан 
ұрпаққа тасымалданатын рухани тәжірибенің сабақтастығы ұлттық 
құндылықтардың тұрақты жүйесін қалыптастырады. Тысқары әлем-
дегі өзіне ұқсас қоғамдық өлшемдерді ішкі қажеттіліктерге жара-
тып, тарих философиясы негіздерін жасауға мүмкіндіктер ашады. 
Осы орайда отандық белгілі философ Аманжол Қасабектің ұлт-
тық философияға қатысты мына бір ойын келтірейік. «Қазіргі кез-
де тарихи-философиялық ғылымның көптеген әлем халықтарының 
дүниетанымдық мұраларын зерттеген тәжірибесі ұлттық филосо-
фиямыздың қалыптасуы, дамуы және негізгі бағыттары туралы, 
оларды зерттеудің теориялық және методологиялық мәселелері 
жөнінде жиынтықталған, жалпы ойларды тұжырымдауға кең мүм-
кіндіктер ашты. Қазақ философиясы халқымыздың тарихын жан-
жақты түсіну үшін үлкен негіз және методологиялық құрал. Ол қоғам-
дық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан 
оны зерттеп, кең түрде насихаттамайынша отандық ғылым тарихын, 
саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, 
діндарлығын және тағы басқаларын прайымдауц қиыншылыққа 
түседі. Халқымыздың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-
қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, 
жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету 
жолдарын тікелей іздеуге атсалысқандығымен, өзінің жемісті 
жетістіктерімен ерекшеленеді» [25, 40 б.]. 
Тарихшы ретінде танымал Мұхаммед Хайдар Дулатидің осы 
ұлттық ойлау жүйесіндегі ойшыл ретіндегі орны толық ашылмай 
келе жатқан мәселенің бірі екендігі жоғарыда айтылды. М.Х. Дулати-
дің философиялық көзқарастары туралы арнайы зерттеулер жоқтың 
қасы, бірақ Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, А. Қасабек, Ж. Молдабеков сияқты 
философ-ғалымдардың еңбектерінде Дулати тұлғасына, оның 
дүниетанымдық көзқарастарына тікелей де, жанама түрде болсын 
философиялық талдаулар мен сипаттамалар кездеседі. Мысалы, 
профессор Ж.Ж. Молдабеков Мұхаммед Хайдар Дулатиді қажырлы 
тұлға, текті, көреген ретінде сипаттай келе, «М.Х. Дулати тарихтағы 
алып тұлғалардың бірі. Оның болмысынан көреген ойшылдық, 
әділетті әміршілдік, Алламен жарасқан үмбетшілдік табылады», 
– десе [26, 188 б.], ал А. Қасабек ойшылдың еңбегін зерттей келе
«М.Х. Дулати тарих философиясының негізін қалаушылардың бірі» 
деген қорытындыға келеді [27, 72 б.]. 


 
69


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет