Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет93/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
іс-әрекеттер мен жойқыншылықтар оларға болмыстың нәзіктігін 
түсінуге көмектесті; билеп-төстеуші нәсілдер ретінде олар дүниеге 
батырлық пен зәбірлік санасын қоса әкелді, «бұлар өздерінің 
эпостарында бейнелерін тапты» [9, 46 б.].
Көшпенді бабаларымызға тән болған болмыс танымы бірнеше 
ерекшеліктерден тұрады. Бірінші, кеңістік уақытқа қарағанда 
жоғары орында, сондықтан да кеңістіктік ойлау басымырақ келеді. 
Аспанның мәңгілігі, адамның оған жақындығы космикалық түйсікті 
қалыптастырды. Дегенмен негізгі ерекшелік – ол кеңістік-уақыт 
екеуінің бірлігінде, уақыт қозғалысы адамның өткені, тарихын 
кеңістігін түсініп, сол арқылы, өмір мәнін ашып көрсету. Осы екі 
өлшемнің ара қатынасын қосып, анықтап тұрған ұғым ол тарихи ес. 
Тағы бір ерекшелігі, өз тарихын екшеу ұрпақтардың уақыт арқылы 
дамуын, ішкі мәндерін Жер мен Аспан кеңістік өлшемдері арқылы 
айқындап отырып, атабаба аруағын дүниені танудың кілті ретінде 
қабылдауы.
Ұлтымыздың санасында терең орын алып отырған «Жеті ата», 
«ата-бабалар», «немере-ағайын» деген ұғымдар баршылық. Оларды 
бұлайша сабақтайды: «Жеті ата: Әке, ата, Әз ата (Бұлар аталар), баба, 
тектін, төркін, түпқиян (Бұлар бабалар). Жетеуі бірігіп ата-бабаларды 
құрайды. Немере ағайындар: бала, немере, шөбере, шөпшек, өбере. 
Жамағайын: туажат, жүрежат, жекжат, жұрағат, жамағат. Қалыс 
ағайындар: Өркен, Әулет, Зәузат, Жаран, Қалыс. Осыдан келіп жеті 
ата-жүз жетпіс бес жыл, онбес ата үш ағайын үш жүз жетпіс бес жыл, 
барлығы қосылып бес жүз елу жыл қазақ халқының тарихы болады 
екен.
Ата-баба ойлау жүйесі бөлектенушілікпен, ішкі дүниесінің 
оқшаулануымен ерекшеленіп, оған, жалпы мәні бар универсалды 
құндылықтарға қарағанда символ көбірек тән. Болмыс шындығы 
жеке адам болмысы, ал даналық адам санасындағы жоғары мәнін 
тауып жатады. Сонымен бірге ерте заман, атабаба рухы алдында бас 
иеді. Ерекше руханилық шығыс адамының мәдени санасын іштей 
нұрландырып тұрады. Өзіне тән тарих философиясын жасады: 
өз тарихи дамуының ерекшеліктерін, әрбір заманның мәдениет 
үрдісінің болмысын ескере отырып, номадтық мәдениет теориялық 
концепцияларын орнықтырды. Оның негізінде дүниені рухани-
көркемдік қабылдау жатыр.
Көшпелі өмір салты уақыт пен кеңістік жөнінде өзінің қатаң 
заңдылықтарын қалыптастырды. Кеңістік байлығы мен уақыт 
ырғағында әлеуметтік тәжрибе қалыптастырған түсінік пен ой 
тұжырымы арқылы тұрақты ұғымдар сомдалып кесектелді. Бұл 


96 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет