Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет117/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Гадамер Х. Актуальность прекрасного. – М., 1991; Мәдени- философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007; Философия. Энцикло- педический словарь. – М., 2004, 139–141 бб.


ГАЛИЛЕЙ Галилео (15.02.1564–8.01.1642) – итальяндық физик, астро- ном, математик, қазіргі эксперименттік-теориялық жаратылыстанудың негізін қалаушылардың бірі, өз заманының әйгілі ойшылы. Оның зерттеу- лері (инерция заңын, қатынастылық (относительділік) принципін, денелер- дің еркін құлауының, көлбеу беттермен қозғалысы заңдылықтарын және т. б. ашуы) алғашқы ғылыми теория болып табылатын механиканы құру- да зор рөл атқарды. Телескоп жасап, аспан денелерінің қозғалысын зерде- леу арқылы, көптеген астрономиялық жаңалықтар ашумен бірге (мысалы, Юпитердің серіктерін, Күн бетіндегі дақтарды, Айдағы тауларды және т. б.), ол аспан мен жердегі құбылыстардың бірлігін, Коперниктің гелиоцентристік жүйесінің заңдылығын дәлелдеуге, сөйтіп ортағасырлық схоластикалық дүниетанымнан арылуға зор үлес қосты. Атомистік ілімді қолдап, табиғат- тың заңдары математика тілінде жазылған, оларды тануда эксперимент қоюмен қатар абстракциялық ойлаудың күші қажет екенін көрсетіп, ғылыми танымда шіркеу авторитеті мен схоластикалық спекуляцияға қарсы шығып, дүниенің кеңістік пен уақытта шексіздігін мойындап, жалпы материалис- тік дүниетанымдық көзқарасты ұстағаны үшін Г. инквизициялық қудалауға ұщырағаны белгілі.


ГАНДИШІЛДІК – Үндістанның рухани «атасы» Мохандас Карамчанд («Махатма») Гандидің ілімін ұстанушылардың дүниетанымдық, саяси- мәдени жүйесі. Үнді-будда мәдениетінің қойнауында Махатма Ганди- дің (1869–1948) реформаторлық қозғалысы туындады. Ол бұл қозғалыс барысындағы өзінің табиғатта әрекет ететін «махаббаттың» заңына ұдайы сүйеніп отырды. Г. бұл жайында былай деп жазды: «Махаббат заңы біз- дің санамыздан тыс өмір сүреді. Табиғат заңдылықтарына сүйенген ғалым қандай ғажайып жаңалықтар ашса, махаббат заңын өз өмірінде үлкен сүйіс- пеншілікпен қолдана білген адам да бұл өмірде айтарлықтай табыстарға жетері сөзсіз, ал кейде ғалымдардың жеткен межесінен асып түсуі мүмкін». Г. сатьяграха («сат» – шындық, ал «аграха» – табандылық деген мағыналарды береді) қозғалысының дем беруші, басшысы болды. Ол өзі- нің ізбасарларының көмегіне сүйене отырып, халықты талай ғасырларға созылған қалың ұйқысынан оятты. Үндістанда саяси-этикалық қайта құруларды жүзеге асырудың қажеттігін діни – этикалық тұрғыдан негіздеп,


157

дәлелдеп берді. Ганди үшін бұл қозғалысты ұйымдастырудағы басты мәселе – халықты өздерінің әділетті ісі үшін табанды күрес жүргізуге баулып, үйрету болды. Ол ондаған жылдар бойы тәуелсіз Үнді мемлекетін құру мақсатында дхарманы, ақиқатты және күш көрсетпеуді уағыздады. Г. күш қолданбау, әділеттілік, қайырымдылық, жан тазалығы, ізгілік сияқты қасиеттер – ағылшын отаршыларын елімізден қуып шығып, қанаушылық пен отаршылдық бұғауынан босануға толық мүмкіндік береді деген сөздер- ді жиі қайталайтын. Бірақ үнді қоғамын қайта құру мақсатындағы өзінің жасампаздық қызметінде Г. өзі де мүлдем күтпеген қиындықтар мен адам жанын түршіктіретін талай сұмдық оқиғаларға тап болды. Мәселе ағылшын империализмінің арсыз саясатында ғана емес еді, мәселе үнді халқының өзінде болатын. Өйткені, бұл кезеңде индустар мен мұсылмандар арасында қанды шайқастар басталып кеткен болатын. Бұл қатыгез қақтығыстардың барысында адам қаны көп төгілді, ұлттың бірлігі мен мемлекеттің мүддесі діни-қауымдық фанатизмнің құрбандығына шалынды. Біртұтас Үндістан мемлекеті екіге қақ жарылып, бір-бірінен бөлек екі мемлекет пайда болды (Үндістан және Пәкстан).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет