Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет223/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   401
treatise187525

ИЛЛЮЗИЯ (лат. іllusіo – алдану) – сыртқы дүниенің жаңсақ, фантас- тикалық бағытта қабылдануы. Қарапайым өмірде И. ерекше арман түрінде, өзін-өзі өмірде алдау арқылы үміттеніп, өмірін жеңілдету түрінде көрініс табады. Өнер тарихында ғалымдар И-ның пайда болу ерекшелігін зерттеп, оның адамға қажеттігін ашып көрсетуге тырысқан. Шындығында, өнердегі И. адамдарға демалыс, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Өйткені ол өмірде жоқ, тек қана шынайы өнердегі И. болып табылады.


ИМИДЖ (ағылш. іmage – бейне, бейнелеу) – мақсатты түрде өнер ретінде адамның өзіне, не бұқаралық ақпарат арқылы белгілі бір зат немесе адам жөніндегі керек мәліметті бейнелеп көрсету. Оған жарнаманы да қосуға болады. И. қолданбалы өнердің құрамдас бөлігі және адам беделі мен абыройын, қажеттілігін арттыру үшін де қажет. Сондай-ақ, И. әлеум. саяси бағытта да субъект бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.


ИМИТАЦИЯ (лат. іmіtatіo – еліктеу) – өнертану мен мәдениеттануда белгілі бір өнердің стиліне, мектебіне, бағытына, шеберлік мәнеріне елік- теуді білдіретін ұғым-термин. Еліктеуші мүлде басқа тәсілмен, көркемдік құралдарымен мақсат еткенін айнытпай келтіріп, қайталауы мүмкін. И-ның екінші мағынасы – ұқсас жасау, алдау.


ИМПРОВИЗАЦИЯ (лат. іmprovіsus – суырып салма) – көркем шығар- маны ешқандай дайындықсыз аяқ астынан суырып салып айту өнері. И-ның үздік үлгісі ретінде түркі халықтарында, әсіресе оның ішінде қазақ халқын- да сақталған өнердің ерекше түрі айтысты атауға болады. И. шешендік өнерде, т. б. жанрларда да көрініс тапқан.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т 12. – Астана: Аударма, 2005.
ИМПРЕССИОНИЗМ (франц. іmpressіonіsme – әсерлену) – өнерде ХІХ ғ-дың 2-жартысы мен ХХ ғ-дың басында пайда болған бағыт. Тарихта И. терминінің ғылыми айналымға енуін 1874 ж. француз суретшісі К. Моне- нің «Таңның атуымен әсерлену» атты шығармасының көрмеге қойылуы- мен байланыстырады. Францияда И. көркемдік әдіс ретінде сол жылдары қалыптаса бастады. И-нің ірі өкілдері: Э. Мане, О. Ренуар, Э. Дега, К. Моне, А. Сислей, К. Писсаро т. б. И. адамның өзін қоршаған ортадан алатын сезімдік әсерін, табиғатын, т. б. нәзік беруде елеулі жетістіктерге жетті. Им- прессионистер бояу қосындыларын бір-біріне қоспай, таза, айқын түстерді пайдалана отырып, жұмыс істеді. И. бағыты – музыкада, әдебиетте және театрда да көрініс тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет