МӘДЕНИЕТ (араб тілінде «маданият» – қала деген мағынаны біл- діреді) – адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі кызметі және осы қызметтің жемістері мен нәтижелері. Әлеум. болмыс адамсыз тірлік етпейді, оның табиғаттан айырмашылығы да осында. Ежелгі гректер күтімді, қолмен өңделген М. әлемін күтімсіз, өндеусіз, жабайы әлемнен айырғанда осы туралы ойлаған еді. Осы айырмашылық жасанды, өнерлі мен табиғи, өнерсіз нәрселердің қарама-қарсылығынан да байқалады. Философия тұрғысынан мәселе М-тің анықтамасында емес, адамзаттың әлеум. болмысын сақтау ісіндегі жетілу нұсқаларын анықтауда. Мұндағы ең басты нәрсе жаңарудың нақты кескіндерін суреттеуде, олар- дың өзара байланысын табуда. Мәдениеттану жағынан келсек, әрбір нақты М. әлеум. болмыстың жандануы мен жаңаруының белгілі баспалдақтары ретінде көрінеді. Бұл тұрғыда М-тің ең басты мәселесі адамзат бол- мысының жандану мен өзгеріске түсуінің немесе жаңару нұсқаларының арақатынасы. Бұл мәселенін жалпыға бірдей әмбебап шешімі жоқ. Егер адамзаттың ертедегі қауымдастықтарына басты қалып ретінде әлеумет- тік ұйымның өзгерместігін қамсыздандыратын дәстүр көрінсе, одан кейінгі кездері жаңарудың маңызы артады, ал соңғы онжылдыктарда әр түрлі дәстүр мен түрлі жаңашылдықтың өзара кірігуі басты бағытқа айналғандай. М. – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығарм-ғы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтын даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейіні, филос. жүйелері мен рәміз таңбалык өсиеттері, орын толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, мұраты – осының бәрі М-пен біте қайнасқан. М-ке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (баламалық) деп атауға болады. Адамдық арақатынастың бәрі белгілі бір мәдени деңгейде басталады, ал осы сыртқы ортаны өзгертуге бағытталған мақсатқа сәйкес әрекеттің нәтижелері адамдық мәндік күштердің заттандырылған көріністері болып табылатын М. туындыларында (материалдық немесе рухани) жүзеге асады, басқаша сөзбен айтқанда, М. дегеніміз – адамның өзін, қоғамдық, әлеум. қатынастарды жасау үдерісі. Материалдық М-ке адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, касиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана болатын, демек, мәдени мақсатка сәйкес міндеті және өркениеттік рөлі бар шығарм. қызметтінің нәтижелері жатады. Рухани М-ке қарағанда материалдық М. табиғи объектілердің сапалары мен белгілеріне, адам материалдық заттарды, жейтін тамақ және өмір сүру үшін қажет басқа да жабдықтарды жасағанда негізгі материал немесе шикізат ретінде пайдаланылатын заттар түрлері, энергия және ақпаратқа тікелей тәуелді.
М. – адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері мен нәтижелері. Әлеуметтік болмыс адамсыз тірлік етпейді, оның табиғаттан айырмашылығы да дәл осы қасиетінде. Көне гректер күтімді, қолмен өңделген мәдениет әлемін күтімсіз, өңдеусіз, жабайы әлемнен айырғанда осы туралы ойланған еді. Осы айырмашылық жасанды, өнерлі мен табиғи, өнерсіз нәрселердің оппо- зициясынан да байқалады. Философия тұрғысынан мәселе мәдениеттің анықтамасында емес, адамзаттың әлеуметтік болмысын сақтау ісіндегі эволюция нұсқаларын анықтауда. Мұндағы ең басты нәрсе сақтау мен жаңарудың нақты кескіндерін суреттеуде, олардың өзара байланысын табуда. Мәдениеттану жағынан келсек, әрбір нақты М. әлеуметтік бол- мыстың жандануы мен жаңаруының белгілі баспалдақтары ретінде көрінеді. Бұл тұрғыда М-тің ең басты мәселесі адамзат болмысының жандану мен өзгеріске түсуінің, немесе жаңару нұсқаларының арақатынасы. Бұл мәселенің жалпыға бірдей әмбебап шешімі жоқ. Егер адамзаттың ертедегі қауымдастықтарында басты қалып ретінде әлеуметтік ұйымның өзгерместігін қамсыздандыратын дәстүр көрінсе, одан кейінгі кездері жаңарудың маңызы артады, ал соңғы онжылдықтарда әртүрлі дәстүр мен түрлі жаңашылдықтың өзара кірігуі басты бағытқа айналғандай.
Достарыңызбен бөлісу: |