ТЕКТІЛІК кісілік құндылық ретінде қазақ халқының күнделікті тіршілігіне етене еніп кеткен. Оның нақтылы көріністеріне жататындары: ата-баба аруағын ардақтау, ата-ана алдындағы перзенттік борышын ақтау, ағаны арқа тұту, құданы құдайдай сыйлау, күйеу баласын туған ұлындай көру, қыз баланы ерекше құрметтеп, әпке – екінші ана, «келіннің аяғынан, қойшының таяғынан», «келін келді – құт-береке келді», «балалы үй базар»,
«бала бауыр етің», «бір үйде қанша болсаң, бір-біріңе қонақсың», «жақсы жеңге – анадай абзал», «Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін», «төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бөле тату», «інім де, інім дегенше – күнім де», «ағасы бардың жағасы бар» және т. б. Бұл ұғым ортағасырлық түркі философиясын- да да жан-жақты қарастырылған (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн және т. б.). Дәстүрлі қазақ мәдениетінде Т. рулық және генетикалық қатынастардың басым мүдделілігін білдіреді. Т-тің нақтылы тарихи формасына жеті аталық үрдіс жатады. Қазақтың «жеті атасының атын білген бала, жеті рулы елдің қамын жейді» деген нақыл сөзі бар. Жеті аталық үрдісті әдебиетте инцестке тыйым салудың дәйекті түрі десе, көптеген зерттеушілер жеті аталық үрдісті
«туысқандық қоғамның» айқын көрінісі деп қарастырады.
460
Миф, әфсаналардан бастап ортағасырлық жырауларға дейін әйел Т- гінің маңызы туралы талай ғибрат сөздер айтылған: Шығыс халықтарының ішінде қазақ сияқты санаулы ғана халықтың әйелдері бетіне паранжы сал- май, дидарын ашық ұстап, қымсынбай еркін жүруі де көшпелілер өмірінде әйел баласы ер адаммен бірдей, тең дәрежеде болғандығын білдіреді. Әйел- ананы құрметтеуге, қастер тұтуға деген мазмұнды этиканың қалыптасуына не себеп?! Ол – көшпелі өмір салтынан туындайтын әлеуметтік қажеттілік. Көшпелі өмір салтында әйел-ана еш уақытта еңбектен қол үзіп ажыраған емес. Яғни, отбасы бақыты, ру амандығы, ел тағдырына қатысты қазақ әйелдерінің қоғамдық жауапкершілігі ерлерден еш кем болмаған.
Эталон ретінде алынған тарихи арғы тек (аруақ) идеализацияланған бейнеге жатады. Мысалы, Ноғайлы дәуірінде осындай дәрежеге жеткен кісіге Едіге жатады. Ноғайлы-қазақтың «Едіге батыр» жырында ол керісін- ше, тарихи тұлға, ел қамқоршысы, аты аруаққа айналған адам ретінде жыр- ланады. Эпоста Едіге Түкті Баба Шашты Әзиздің ғажайып түрде дүниеге келген ұлы ретінде түсіндіріледі. Түкті атадан жаралуы Едігені текті етеді.
Халық даналығында Т. бірнеше мағынада қолданылады. Оның біреуі
– қауымнан, қалың бұқарадан өзінің ерекше қасиеттерімен бөлініп шық- қан текті кісі. Бұл, әсіресе, Темір би, Абылай хан және батырлар суретте- мелерінде айшықтана түседі. Текті адам «көпшіліктен» өзгеше жаралған тұлға. Көпшілік, әдетте, өзінен суырылып шыққанды ұнатпайды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы түсінік бойынша көпшілікті аталы (текті) кісі басқару қажет. Текті адамның өмір кредосын былай түйіндеуге болады: бұл дүниеде толыққанды өмір сүріп, халық жадында өз ерлігі және елдігімен мәңгі қалу. Т. – адамның болмысындағы ата-бабасынан берілетін жақсы қасиеттер-
дің рухани сабақтастықпен берілуі, оның ұрпақтан ұрпаққа парасаттылық- тың үлгісі ретінде жалғасуы, ділде сақталуы. Т. құбылысының өзіндік бітім- болмысы адамның жеке ғұмырында кездейсоқ қалыптаспайды. Ол үшін кісіге ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, ділдік, психологиялық және т. б. бейімділіктері болуға тиісті. Дегенмен, адамды бекерден бекер көпшілік
«текті жан» деп атамайды. Ол үшін адамның әлеуметтік ортада өзін жақсы жағынан көрсете білуі де тиіс. Яғни, Т. адамға ағзаның құрылымындағы гендік түрде беріле салатын биологиялық қасиеттер ғана емес. Сонымен қатар, адамның қоғамдық ортадағы өзін-өзі жетілдіру арқылы белгілі бір биік беделге жетуі де таза Т. деп танылмайды. Әрине, өзінің жеке басының кемшіліктерімен, анайы іс-әрекеттерімен күреспеген жанды халықтың қырағы көзі теріс бағалап отырған. Сондықтан, қандай текті жерден адам шыққанымен де ол өмірде өз жолын таба алмаса, өзінің қарайған жеке басының ғана мүддесінің аясынан, ауқымынан аса алмайтын жан болса, онда оның барша халық үшін жартымды қадірі де болмаған. Яғни, Т. негізгі өлшемдерінің бірі адамның халқының нағыз азаматына айналуы болып
461
табылады. Осыған орай «Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа алғысыз» дейді халық. Жоғарыда нақыл сөздер Т. кейде тұқымдық жолмен тікелей беріле салмайтын кездері болатындығын, кез келген адамның «текті жан» атануына мүмкіндіктер бар екендігіне мегзейді. Т. жолындағы адам әрқашанда Ақиқат заңдылығының әлеуметтік ортада орныға түсуіне өз үлесін қосады. Сондықтан ол өзінің тұлғалық руханилығының нығая түскенін қалайды, осы жолдағы барлық ауыртпалықтарды көтеруге дайын екенін білдіреді. Ал пендешіліктің, нәпсіқұмарлықтың теріс жолына түскен азамат тіршілікте тексіздіктің шыр- мауына шырмала түседі, ол көбінесе, жасампаздық істерден гөрі табиғи сұраныстарының қисынымен өмір сүргенді қалайды. Бірақ, ол өзінің жеке басының мәртебесін көтеру мақсатында әртүрлі айлы-шарғыға баруы мүмкін. Өзін-өзі әлеуметтің алдында бекіте түсу үшін ол үнемі ұлылар санатына қосылуға ұмтылады, кішкентай жетістіктерін зорайта көрсетуге тырысады. Осындай жасанды әрекеттер нағыз шынайы Т. қалыптасуына әкелмейді. Өйткені, нағыз текті адам барынша қарапайым, сыпайы, мейі- рімді, кешірімді болып келеді, әлсіздерге қол ұшын беріп отырады. Оның тұлғалық рухани көкжиегі ешкімді шеттетпеуге, төмендетпеуге итерме- лейді. Ал Т. іздеген пенде көптеген томдардан тұратын шығармалар жазға- нымен, көптеген атақтарға, материалдық игіліктерге қол жеткізгенімен ол шынайы рухани биікке көтеріле алмауы мүкін. Себебі, кісінің нағыз Т. тарихтың өзі сараптан өткізіп береді. Бұл сынақтан өтудің бірден-бір жолы адами руханилықтың құрылымын дүниетанымда нығайта түсу, халқының мүддесі үшін аянбай қызмет ету болып табылады. Міне, осындай Т. таныл- ған азаматтар саны көбейген сайын қоғамдағы көптеген қайшылықтар шешімі тезірек табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |