383
МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ӘДЕБИ ТЕРМИНДЕР
Арнау өлең (нама) – түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау
өлең
қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған.
Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық
түрге жіктеген әдебиеттанушы ғалым А.Байтұрсынов. Арнау өлеңнің
жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына
байланысты.
Аруз – орта ғасырдағы түркі классикалық поэзиясында созылыңқы
және қысқа буындардың белгілі заңдылықпен кезектесуіне негізделген
өлең өлшемі. Түркі әдебиетіне ХІ ғасырда еніп, ежелгі түркі өлең өлшемі
– бармақты ығыстырып шығарды.
Бәйіт – өлең-жыр және екі жолды өлең деген ұғымдарды береді. Бұл
– араб, парсы және түркі тілдес халықтар поэзиясындағы қос тармақты,
егіз ұйқасқа құрылған өлең түрі. Айтылар ой
барынша тұжырымды
болып келеді. Мұның өзі Шығыс поэзиясындағы шумақ жасаудың
негізгі ұйтқысы. Осыдан ғазел, қасида, маснави, рубаят т.б. шығыстың
өлең түрлері туындайды. Қазақ поэзиясында
аударма шығармалар да
кездеседі.
Ғазал – араб, парсы поэзиясында XIII-XIV ғасырлардан бастап
қалыптасқан өлең түрі. Ғазалдың әйгілі шеберлері Хафиз, Сағди болған.
Мұнда көбіне сүйіспеншілік, махаббат сезімдері жырланады. Ғазалдың
алғашқы екі жолы бір-бірімен ұйқасады да, ары қарай шалыс ұйқас
болып келеді. Ғазалдың тағы бір ерекшелігі –
соңғы бәйітте міндетті
түрде автордың аты айтылуы тиіс. Дастанда осы ерекшелік сақталған.
Хорезми ғазалдары 8-12 бәйіттен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: