Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет53/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

 Беляев Е. ААрабы. Ислам и арабский халифат в раннее средневековье. М, 1965, стр. 154.


214
Ай, жұлдыз, аспан денелерінің аттары да бар: Хамал, Торт сары
107

Қозы, Арслан, Үлку, Шаян, Балық, тағы басқалар.
Рабғузи шығармашылығының айтарлықтай жетістігінің бірі – оның 
өз жанынан шығарған өлеңдері. Онда осы дүниедегі, шынайы өмірдегі 
тіршіліктің сұлулығын, табиғаттың әсем полотноларын, жыл мезгілін, 
көктем айындағы жер-дүниенің нәзік сырларын сезімталдықпен 
суреттейді.
Күн хамалға кірді ерса, келді галам наурұзы, 
Кечті бәһмән зәмһар йер қыш қалмады қары, бұзы.
Күн кіламың көркі артыб тірілүр өлміш жаһан
Тілің безерлаб нақыш бірла безанүр бұ йер йүзі. 
Таң атарда төрт сарыдын ыснайұр бад саба.
Аудармасы:
Күн бабына кіргенде еніп, келді ғалам наурызы,
Қашып енді қыс кетеді қалмас жерде қар-мұзы.
Күн-кілемнің көркі артып, өлі жаһан тірілер
Тіл өрнегі нақышындай құлпырады жер-жүзі.
Таң атарда төрт сарыдан соғар самал қызуы... (131-6.)
108
Рабғузи тағы бір өлеңінде түндер бойы сарылып, қаламы мен қағазына 
табынып, ой меруертін іздеп, «Кейінгіге бір асыл сөз қалдырсам» деген 
арманы жолында шарқ ұрған ақынның, жазушының тынымсыз еңбегін өз 
жағдайы арқылы образды бейнелейді.
Назым:
Ош түкаттым бұ кітабны, ай йаранлар, йер йүзі, 
Бір йыл ічре кечті аның йай-қышы, йаз-күзі.
Ой кобардұм, үзүм үздүм — сөзні түздүм түнлемен 
Ерте тұрдұм, хамә ұрдүм имкәніб тун-күндүзі.
Бағ қобардым тал йығачльқ йаш йабұрғақ, ал чечак
551—552 бет
109
.
Аудармасы:
Міне, біттім бұл кітапты, ей жарандар жер жүзі,
 Жыл ішінде өтті оның көктем-қысы, жаз-күзі.
 Ой қопардым, жүзім үздім – сөзді түздім түнімен — 
Ерте тұрып қалам тарттым, еңбек еттім төзіммен.
Бақ өсірдім тал-ағашты, жас жапырақ, қызыл гүлімен...
107
Төрт сары – төрт жақ, төрт тарап, төрт құбыла, шартарап.
108
«Қисас-и Рабғузи». Қазан, 1859. Бастырған Р. Амирханұғлы.
109
«Қисас-и Рабғузи». Қазан, 1859.


215
Қорыта келгенде, Рабғузи кітабында әңгіме болатын мәселелер: 
жер, дүние, тіршіліктің, діннің пайда болуы, пайғамбарлардың өмірі, 
махаббат, зұлымдық, адамгершілік, достық, қастық, адалдық, адамдық, 
ақылдылық, надандық, тағы басқалар. Жаратылыс жайындағы әңгімелері 
өмірге жанасымсыз діни мифологиядан туған.
Ал, махаббатты, адамгершілікті, ұнамды, ұнамсыз қылықтарды 
суреттейтін шығармаларында гуманистік идеялар айтылады. 
«Жамандықтан жирен, жақсылықтан үйрен» дейтін өсиет, үлгі бар. Бұл 
тұстарда діни фантазия көмескіленеді.
Мысалы «Жүсіп — Зылиха қиссасы», данышпан қарт Лұқманның 
әңгімелері, «Қарлығаш пен маса», «Аһил Хайруан қиссасы», Дәуіт, 
Сүлеймен патша туралы қиссалардағы біраз хикаяттар — кітаптағы 
басқа қиссаларға қарағанда идеясы жағынан жоғары тұрған шығармалар.
* * *
«Литературная Россия» газеті әйгілі совет жазушысы Мариэтта 
Сергеевна Шагиняннан тарихи ұлы адамдардың өмірі жайлы жазылған 
кітаптарының жанры жайлы өз пікірін сұрағанда: «Әр шығарманың 
жанрлық ерекшеліктерін анықтап жатудың не үшін керек екенін 
түсінбеймін. Орыс сыншыларының классикалық еңбектерін алыңыз, 
Белинский де, Добролюбов та, Чернышевский де жанр мәселелерін 
қазбалап жатқан жоқ, олар қалыптасқан, көпшілік қабылдаған атауларға-
ақ қанағаттанған. Бұлар көркем шығарманың тарихи мәнін, проблемасын, 
қоғам өмірімен байланысын, күш, мақсатын, әсерін терең талдап 
айқындады»,— деген еді.
Иә, сол айтқандай-ақ, әр заманда жазушы үшін шығарманың жанрын 
анықтау аса бір маңызды іс деп санала қоймаған болуы керек. Гоголь 
«Өлі жандарын» поэма дейді, Пушкин «Борис Годуновын» Қарамзинге 
арнай отырып, оны «драма» да емес, «трагедия» да емес, «осы еңбегім» 
(«сей труд») деп атайды. Ал «Евгений Онегинді» де «көп жылғы менің 
еңбегім» деген де қойған.
Мұндай жай әр әдебиетте кездесе береді. Сондықтан да, әсіресе, ерте 
дәуір әдебиетінде қойылған атына, автор көрсеткен жанрлық анықтамаға 
сыя бермейтін шығармаларды көп ұшырастырамыз.
Рабғузи өз кітабын түгел «Қиссалар жинағы» деп есептеген. Үлкенді-
кішілі көркем шығармалардың бәрін де «қисса» деп атап: қисса ішіндегі 
өз алдына бөлек майда әңгімелерді «хикаят» деп бөліп көрсетіп отырған. 
Ал, егер, шынайы жанрлық тұрғыдан алып қарасақ, осы кітаптан 
эпикалық шығармалардың үлкен түрінен бастап, шағынына дейін табуға 
болар еді.
Қиссалардың оқиғасы шым-шытырық, діни фантазия мол араласқан, 


216
жүз беттен бес-он беттік көлемге дейінгі шығармалар. Олардың ішінде 
эпиканың көне түрлерінен: миф, аңыз, ертегі, жаңа түрінен: әңгіме, 
новелла, роман, повесть, өлеңдерге жатқызуға болатын шығармалар 
араласып жатыр. Бүгінгі өркендеп, өскен, жетілген әр түрлі кемел 
жанрлардың бастамалары деуге болар еді. Қиссалар ішіндегі бас-аяғы 
ширақ, өз алдына бөлек тұрған шағын шығармаларды автор «хикаят» деп 
бөліп кетіп отырған.
Хикаят — арабша әңгіме, новелла деген мағынаны білдіреді. 
Әңгімелеу деген сөзден шыққан. Эпиканың ең шағын түрі. Ертедегі 
хикаяттың ерекшеліктерін Рабғузи хикаяттарынан байқауға болады. 
Көлемі аса шағын, бір немесе бірнеше ғана оқиғаға кұрылған, соңы 
күтпеген жерден аяқталған шығарма.
Рабғузиде хикаяттар киссалардың көбінде-ақ кездеседі.
Қиссалардың ішіндегі ең көлемдісі — «Қисса Жүсіп». Оқиғалардың 
қамтылу көлемі, мазмұнының кат-қабаттылығы, композициясының 
күрделілігі, адам образдарының әр алуандығы жағынан қарасақ, романға 
жақын келеді.
Рабғузи қиссаларына өлең араласып жүреді. Олар кейде қара сөзбен 
баяндалған оқиғаға қосымша болып, сол сәтті оқушыға анығырақ, 
айқындырақ ұғындыру үшін, не кейіпкердің сезім-сипаты, өз хал-жайын 
қоса айтатын сөзі түрінде келеді. Біразы сюжетті өлеңдер.
Рабғузи өлеңдері силлабикалық үлгімен жазылған.
* * *
«Сөздің мәні айта білсе ашылар» — дейді дана халық. Түп тамыры 
Қорқыт, Асан қайғы заманында жатқан шежіре-шешендік мектебі 
бар, Сыпыра жырау сынды жыраулық өнердің алтын діңгегі бар 
халқымыздың өз өнерін қадір тұтуы, әдемі сөйлеуге ұмтылуының себебі 
көне замандарда жатыр. Әйтпесе, сонау V— VIII ғасырлардағы Орхон 
жазуларындағы айшықты, ажарлы сөздер, образды бейнелеулер қайдан 
алынған?! Осындай көркем сөздің бейнелі де өрнекті суреттері Рабғузи 
қиссаларынан да табылады.
Қиссалардың барлығының бірдей көркемдік дәрежесі айтулы 
біршамада бола бермейді. Алғашқы діни қиссалардың көбі оқиғаның 
желісін баяндап қана беру деңгейінде жатса, автордың сүйсіне жазып, 
тілінің майын тамыза суреттейтін жерлері аз емес, олар: Жүсіп пен 
Зылиханың ғашықтық оқиғалары, біріне-бірі сай сұлу қыз бен сымбатты 
жігіттің сыртқы келбеттері, жан қиналыстары, шынайы өмірдегі адамның 
әртүрлі сезімдері, сүйіспеншіліктері, ізгілігі, ақылды, данышпан 
Лұқманның жанды әрекеттері, халықты асыл арман-тілегіне жалғасқан 
ертегі-әңгімелері, жыл мезгілдерінің көңіл күйімен әдемі астасқан 
тұстары, тағысын-тағылар...


217
Рабғузи сөзі әсерлі, кестелі болуы үшін эпитет, теңеу, метафораның 
түрлерін көп қолданған:
Раст сез (рас сөз), мазлум жаман (жәбірлі жүз), қары көңіл (кәрі көңіл), 
адал құл, ұлығ мәртаба, керіклік йікіт, керіклік йуз, үсрүк саба (үскірік 
жел), қара қас, алтын таж, мурассағ кәмар (сәнді кемер — сәнді белбеу), 
өлік йер (өлі жер), йат көз (жат көз)... т. б.
Нәртек ғарзыға йашлары інжутек йұмаланып түша башла-ды — 
Нарттай бетіне көз жасы інжудей домалап түсе бастады; Көбәлактек 
езін отқа атты...— Көбелектей өзін отқа атты; Айтек чәчаклар — Айдай 
гүлдер.
Теңеулер әрдайым көңілге қонымды, орынды, жарасымды алынып 
отырады. Сүйкімді, әдемі құбылыстар әсем сөздермен, сиықсыз, 
қорқынышты бейнелер сол ерекшелікті білдіретіндей суреттермен 
салыстыра беріледі.
Бірінші сурет екі ұшы нарттай (анардай) қызарған, ақ-қызылы аралас 
әдемі бетке, мөлтілдеп домалай түсіп жатқан жас тамшыларын елестетіп, 
адамның қайғылы халін аша түссе, екінші суреттен түн қараңғысында 
жанған отқа ұмтылып, жарықты шыр айналып, ақырында отқа түсіп, 
күйіп кеткен көбелектің мүшкіл халін адамға салыстырсақ, аяушылық 
сезіміміз үдей түседі.
Енді бірде алақандай хош иісті гүлдің ай астында нәзік тербелісі 
елестейді. Ай да аппақ, ол да аппақ. Екеуі бір-бірінен үнсіз сыр ұғысып 
тұрғандай болады.
Метафора – жазба ескерткіштегі құбылтып айтудың жиі кездесетін 
құралы. Мысалы:
Айды: Менің күзүм йарұғы сенің дидарың тұрұр — 
Айтты: «Менің көзімнің жарығы — сенің дидарың»
Көзлары — йүлдұз, көзі — күн, алыны — көк айдын —
Көздері — жұлдыз, көзі — күн, маңдайы — көк айдын. 
Мен Иүсфсіз сусыз балықмын, бір сағат Иүсфні көрмасам чалықмын.
Мен Жүсіпсіз — сусыз балықпын, бір сағат Жүсіпті көрмесем — 
шалықпын (есімнен айрыламын).
Қайталау әдісі қиссада қимылдың бір сәтте, бір уақытта болғанын 
көрсету үшін немесе бір жайды ерекше баса айту керек болғанда 
алынады:
Злиха қумаққа мыл қылды. Иүсф қашмақға мыл қылды. 
Зылиха қумаққа амал қылды. Жүсіп қашпаққа амал қылды. 
Қара сөздің өзін ұйқастыра, құлпыртып айту кездеседі. Мұндайда 
антоним сөздер де қолданылады.
Хәзинасын алғыл, өзгаларын отқа салғыл —
Қазынасын ал, өзгелерін отқа сал.
Кейіптеудің белгілері де байқалады. Кейіптеу арқылы көктемгі 


218
даланың жанды бейнесі берілген. Олар пейзаждың да келісті түрі. Дала, 
табиғат адамша іс қылады:
Қөк йығлар, йағыз йер күлар, бұлұт көзларыдын йаш ақса, ер йүзүде 
көк чымганлар күлар, үсрүк саба ыснаб тойар... Иы-ғачлар башыда текме 
тигар, чечаклар текмесін иыртып бұзар, лала көйләгі йақасьш тартыб 
ұзар, ер үзіга нақшын безар, барча гүллар түн қарасындын қаш-көзіга 
сүрме тартар... Тоты құш мәжіліс тұтар, емді қыш кечті, йаз қазы қонды, 
таралмыш құшлар йығылды, өлүк ерлар тірілді...
Көк жылар, қара жер күлер. Бұлт көздерінен жас ақса, жер жүзіне 
көк шығып түлер. Суық жел жылынар... Ағаштар басына түйін салар, 
шешектер түйінін жыртып бұзар (бүр жарар), қызғалдақ көйлегі ұзарар, 
жүзіне нақыш берер. Барша көлдер түн қараңғылығынан қас-көзіне 
сүрме тартар... Тоты құс мәжіліс құрар. Енді қыс кетті. Жаз қазы қонды. 
Таралып кеткен құстар жиылды. Өлген жер тірілді.
Кісінің портретін, сыртқы бейнесін суреттеуде әсірелеу араласып 
келеді:
Қырқ өрүм сачы бар, жұбар исланүр, бір өрүм сачны йазса, ерга 
сүрүлүр... иүзі көркідін күн хайре болұр, қарақлары жан алұр, ернідін 
ғақық ұйалұр, өзі сылығ, қылығы түзүк, белі інчка, бойы ұзұн...
Қырық өрім шашы бар, жұпар есер. Бір өрім шашын жазса, жерге 
түсер. Көркіне күн қайран болар. Көз қарасы жан алар. Ернінен ақық 
ұялар. Өзі сұлу, қылығы түзу, белі жіңішке (қылдай), бойы ұзын.
Әсірелеу портретте ғана емес, тікелей оқиғаға да араласып кетіп, іс-
әрекетті жандандырып, оқиғаға қызу қан жүргізіп, от береді. Ауызбен 
айтқан сөзге естен кетпес әсер беріп, көркемдік қуатын арттырады. 
Мысалы, Зылиханың Жүсіпке ғашықтық күйінішін дәлелдейтін эпизодты 
алайық.
— Иүсф елінде бір қамчы бар ерді, Злиха тіләді, алды, аһ ұрды, 
ағзыдын от чықты, ол қамчы еріді, ол қамчы алтұндын ерді...
— Жүсіптің қолында қамшы бар еді. Зылиха сұрап алды. Аһ!— ұрып 
еді, аузынан от шықты (қайғырды). Алтыннан жасалған қамшы еріді.
Рабғузи кітабынан психологиялық параллелизмді де байқауға болады. 
Әсіресе, өлеңде көктемнің әсем көрінісін келістіре суреттей келіп, оны 
адамның ішкі сезіміне орайластыруы өте әдемі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет