268
Хан қызының жауға болысу желісі «Қобыланды батыр»
жырында
Қарлыға бейнесінде, Иранда «Бижан мен Мажинеде» сақталған. Кейбір
көріністері Зарина аңызында да бар. Бірақ онда сақ патшасының қызы
Зарина Мидия ханзадасын сүйіп қалса да елін сатпай: «Мен саған
қосылсам, елім де сенің қол астыңа кіріп, кіріптар болады», – деп елінің
қамын ойлап, Мидия ханзадамен некелесуден бас тартады.
«Түс қөру». Түс көру, оны жору өнері
көне замандардан келіп
жеткен. Антика әдебиетінде Артемидордың «Түс жорығыш» атты кітабы
жазылыпты. Антикалық дәуірде түсті былай жорыған: түсінде қол жуса
– уайымынан құтылады, жыласа – өңінде қуанады, қабырғасын суырса
– әйелі өледі, араны қуса – байлыққа кенеледі, үйленсе – туыстарының
бірі өледі, жылан қуса – жаман әйел соңынан түсіп жүр, – деп жорылады.
«Жүсіп-Зылиха» қиссаларында Зылиха да Жүсіпті түсінде көріп
ғашық болады. Бұдан кейінгі ғашықтық
қиссалардың бәрінде негізгі
кейіпкерлер бірін-бірі түсінде көреді. Қыдыр-әулиелер де түске кіріп, аян
береді:
«Ер Шеризатта» (Ә.Найманбаев):
Бір күні Қыдыр келіп түсіне енді,
Өңіндей падишаға аян берді.
«Еренғайып-шаһ Ғаббаста» (Мұхаммедқали Өндір қажыұлы):
Осылай болды, тақсыр, көрген түсім,
Қалмады еске түссе ақыл-хошым.
Бұл күнде өлер жерге келіп тұрмын,
Мехнаты арылмаған мұңды басым.
«Бозжігіт» қиссасында Бозжігіт ғашығын түсінде көреді:
Түсінде
қыз осылай ғайып болды,
Жігіттің көңірегіне қайғы толды.
Бақсы менен балгерден дәрмен таппай,
Боп-боз жігіттің жүзі солды.
Достарыңызбен бөлісу: