Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет70/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

«Аң асыраған бала». Аң асырған бала бейнесі қазақ әдебиетінде 
біздің замнымыздың бас кезіндегі Көк бөрі аңыздарынан көрінеді.
«Көк бөрі» аңыздарының бірі б.д.д. І-ІІ ғасырлардан бастап өмір 
сүрген үйсіндер тарихында кездеседі. Оны қағаз бетіне түсіріп жазған 
көне заманғы Қытай тарихшыларының «тарихи жазбалар» және «Хан 
патшалығының тарихы» атты кітаптарда мынадай аңыз бар:
Көршілес отырған ұлы йозылар үйсіндердің Күнбибі Нәнбиді өлтіріп, 
жерін тартып алады. Халқы босып, һүндерді паналаған Нәнді бидің 
жаңа туған баласы Елжаудың туысы Бөже Оңқа деген кісі шөп арасына 
жасырып қояды. Осы баланы бөрі емізіп жүрген. Содан аман қалған 
Елжауды «Бөрі емізген киелі бала» деп һүндердің Тәңірқұты асырап 
алып, кейін үйсін елін жинап, билігін берген (Мыңжани Н., 1994-65).
Бұл аңызға қарағанда, бөріні төтем ретінде тану аңыздың шығу 
уақытынан тым әріде екенін аңғарамыз. Т.Жұртбаев: «Көк бөрі жөніндегі 
аңыз біздің дәуірімізге дейінгі Ү-ІҮ ғасырларды көшпелі жұрттың 
арасына кең тарап, киелі аң ретінде сенімділік санаға әбден орныққан», – 
деген пікір айтады (Жұртбаев Т., 1994-38).
Көк бөрі асыраған бала туралы түркілердің тағы бір аңызы әлемге 
әйгілі Түрік қағанатының құрылуына байланысты шыққан.
Ү ғасырдың бас кезінде бес жүз үйлі тайпа Ордостан Алтайға қарай 
көршілес елден ығыса көшеді. Соңынан қуған әскерлер қашқан елді 
қырып салады. Аман қалған он жасар баланың қол-аяғын кесіп, тастап 
кетеді. Қансырап жатқан баланы бөрі емізіп өсіреді. Ол бала кейін 
Көкбөрі (қытай тілінде «Ашина») атанып, ұрпақтары өсіп-өнеді. Ағаш 
паналаған үңгірдің аты – Ергенеқон.
Ал, бұл мифтік оқиғаның негізіне келсек, біздің ойымызша, Ордостан 
шығып, Алтайдың оңтүстігіне келіп мекендеген тайпалар «бөрі» 
тайпасы болуы мүмкін. Олар 439 жылы Жужандарға қосылып, темір 
қорытып, қару-жарақ жасағаны тарихтан мәлім. Қалай болғанда да, бөрі 
– түркілердің төтемдік иесі екені анық.
Сондай-ақ, Түрік қағанаты заманына ілесе туған, бәлкім, одан 
да бұрын туып, ХІ ғасырда хатқа түскен «Қорқыт ата кітабындағы» 
Төбекөзді өлтіретін Бисат батырды арыстан емізіп өсірген. 
«Оғыз қаған жырындағы» Оғыз өлтірген Қият (Қат) деген тажал аң – 
оғыздармен соғысқан ру-тайпалары болуы мүмкін деп ойлаймыз. Өмірде 
баланың аңдар арасында өсуі мүмкін болғанымен, одан кейін адамдар 
ортасына сіңуі мүмкін емес көрінеді. Жасында аң ортасында өскен 
бала, қайтып адам бола алмайды. Ал, көне аңыздардың тамыры тереңде 


274
жатқандықтан, одан адамды табиғатпен бір деп есептейтін төтемдік 
түсінікті аңғарамыз.
Қисса-дастандағы аң асыраған бала желісі төтемдік түсінікке 
өте жақын. Түп төркіні төтемдік аңыздардан алынған болса керек. 
«Гүлшат-Шеризатта» Шеризатты жолбарыс (шері), «Мұңлық-Зарлық» 
дастанындағы кейіпкерлерді киік асырап өсіреді:
Екеуіне бір киік,
Ана қылып береді.
Ол киікке баланы,
Бала қылып береді,
Құдіреті күшті Құдайым,
Таудан алма жегізіп,
Киікті ана дегізіп,
Киік жүрді үш мезгіл,
Баласындай емізіп.
(Ғашық... 1976-206).
Б.д.д. ҮІ ғасырда билік құрған парсы патшасы Кир жайындағы 
аңыздарда ол, Герадоттың айтуынша, тастанды бала екен. Оны ит асырап 
өсірген. Сондай-ақ, Римнің негізін салған ағайындылар Ромул мен Ремді 
де қасқыр емізген. Ағылшын этнологы Э.Б.Тайлордың айтуынша, бұлар 
– «Тастанды бала» атты мифтер тобының жеке-жеке бөлшектері деп, 
жалпы аңдарды айтқан (Дүйсенов М., 1986-56).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет