281
Қасиетті жеті саны Бөлтірік шешеннің баласына айтқан мына сөзінен
көрінеді:
Жеті атаңды біл,
Жеті руды біл,
Жеті жарғыны біл,
Жеті
құбыланы біл,
Жеті жақсыны біл,
Жеті жаманды біл,
Жеті жемді біл!
Жеті – қазақ эпостары мен аңыз-ертегілерінде,
толғауларында жиі
ұшырасатын мифтік сан. Мысалы, жеті – кәміл пір, жеті жыл зынданда
жату т.б. сондай-ақ, ежелгі мифтерден 12 саны да ерекше сан ретінде
жеткен (Жақып пайғамбардың он екі баласы, он
екі ата, он екі жұлдыз).
«Мәлік-Хасан» дастанында жеті дария бар: әуелі – от, екіншісі – су,
үшіншісі – топырақ, төртіншісі – боран, бесіншісі – топан т.б. Ал, «Таһир-
Зуһрада» Таһир жеті жыл зынданда жатады.
Мифтік уақыт – тарихи, эмпирикалық уақыт басталудан бұрынғы
уақыт (Мифологический... 1991-661). Былайша айтқанда, байырғы заман;
есте жоқ ескі заман; ерте, ерте, ертеде; баяғыда. Орхон ескерткіштерінде:
«Биікте көк Тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған» уақыт.
Мифологиялық ілкі уақыт архаикалық
эпостардың айналасы
ретінде алынады. Эсхатологиялық мифтерде ақырғы уақыт образы
– ақырзаман уақыты орын алған. Қиссаларда мифтік уақыттың осы
айтылған көріністері, дүние, адам, тұтас әлем жаратылысы жайындағы
оқиғалардан көрінетінін байқауға болады. «Мифтік уақыт өлшемінде
сабақтастық
болмайды, белгілі бір оқиғалық кезеңдерді ғана межелей
отырады. Мифтік уақыттың мәні нақтылы уақыт өлшемінен тыс
кезеңдерді межелеп, дүние-тіршіліктің жаралуына қатысты таным-
түсінік сұранымдарына жауап береді» (Сейдімбеков А., 1995).
Достарыңызбен бөлісу: