Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы



бет1/3
Дата16.06.2016
өлшемі391.5 Kb.
#138364
  1   2   3
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2012.09.13., № 603 (27676), 2012.09.22., № 618-619 (27692), 2012.09.26., № 622-630 (27701), 2012.09.29. № 635-640 (27711); "Казахстанская правда" от 13.09.2012 г., № 308-309 (27127-27128), от 15.09.2012 г., № 312-313 (27131-27132), от 20.09.2012 г., № 318-319 (27137-27138), от 21.09.2012 г., № 320-321 (27139-27140), от 22.09.2012 г., № 322-323 (27141-27142), от 25.09.2012 г., № 324-325 (27143-27144), от 26.09.2012 г., 326-327 (27145-27146), от 27.09.2012 г., № 328-329 (27147-27149), от 29.09.2012 г., № 332-333 (27151-27152), от 03.10.2012 г., № 336-337 (27155-27156)


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзiмi

      1. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №19, 148-құжат).


      2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 10 маусымдағы № 550 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 321-құжат).
      3. «Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 336 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 350-құжат).
      4. «Iшкi көшiп-қонушыларды тiркеу қағидаларын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 93-құжат).

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке
дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттiк қызметi ( бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың бiлiм бөлiмдерi, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараттары (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) тарапынан және осы стандартқа 1, 2, 3-қосымшаларда мекен-жайы көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – орталық) арқылы, сондай-ақ www.egov.kz «электронды үкiмет» порталы арқылы көрсетiледi. Астана және Алматы қалаларында мемлекеттiк қызмет тек орталықтар арқылы көрсетiледi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы және 5-тармағының 1) тармақшасы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде;
      2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) ресми ақпарат көздерi мен орталықтың орынжайларындағы стендiлерiнде;
      4) сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат саll-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 1414 телефоны бойынша ұсынылуы мүмкiн;
      5) порталда орналастырылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес мектепке дейiнгi балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейiнгi ұйымдарда орын болмаған жағдайда осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес уәкiлеттi органның уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанында кезектiлiктiң нөмiрi көрсетiлген кезекке қою туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      Бұл қызмет мектепке дейiнгi ұйымдарда бар орындар санымен шектеледi. Бiрiншi кезектi орынға алуға құқылылар:
      1) мүгедектердiң балалары;
      2) ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар;
      3) жетiм балалар;
      4) көп балалы отбасынан шыққан балалар;
      5) соғысқа қатысқан және соғыс мүгедектерiне жеңiлдiк пен кепiлдiк берiлген тұлғалардың балалары.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
      Уәкiлеттi органға жүгiнген жағдайда:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушының өтiнiш жасаған уақытынан бастап 3 жұмыс күнiн құрайды;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес;
      3) өтiнiш берген күнi мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
      Орталыққа жүгiнген жағдайда:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызметтi алушының өтiнiш жасаған уақытынан бастап 3 жұмыс күнiн құрайды (құжаттарды қабылдау және беру күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
      3) өтiнiш берген күнi мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан артық емес.
      4) анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты алу кезiнде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан артық емес.
      Портал арқылы жүгiнген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызметтi алушының өтiнiш жасаған уақытынан бастап үш жұмыс күнiн құрайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Жұмыс кестесi:
      1) уәкiлеттi органға жүгiнген жағдайда – демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн; қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады;
      2) орталыққа жүгiнген жағдайда – мемлекеттiк қызмет еңбек заңнамасы бойынша демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн түскi үзiлiссiз көрсетiледi.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз «электронды кезек күту» тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Көшпелi орталықтар құжаттар қабылдауды орталық бекiткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бiрақ бiр елдi мекенде алты жұмыс сағатынан кем болмайды;
      3) порталда – тәулiк бойы.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушының тұратын жерi бойынша уәкiлеттi орган мен орталықтың ғимараттарында көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн (күту залы, қажеттi құжаттар тiзбесi бар стендiлермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орын) жағдай жасалады. Даму мүмкiндiгi шектеулi мемлекеттiк қызметтi алушыларға қолжетiмдi болуы үшiн ғимараттар пандустары бар кiреберiспен жабдықталған.
      2) Порталда – жеке кабинетте.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы немесе оның өкiлеттi өкiлi сенiмхат бойынша мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:


      уәкiлеттi органға:
      1) осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;
      2) мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлдерiнiң бiрiнiң) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) баланың туу туралы куәлiгi;
      4) жеңiлдiктi растайтын құжат (ол бар болса мектепке дейiнгi ұйымға бiрiншi кезекке жолдама алу);
      5) мекен-жайы туралы анықтама немесе тұратын жерiн растайтын басқа да құжат.
      Мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлдерiнiң бiреуiнiң) жеке басын куәландыратын құжаттардың, баланың туу туралы куәлiгiнiң мемлекеттiк электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi арқылы электронды цифрлы қол қойылған электронды құжаттар нысанында алады.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар кейiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарылады.
      орталыққа:
      1) жеке тұлғаның – мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлдерiнiң бiрiнiң) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) баланың туу туралы куәлiгi (2007 жылғы 13 тамызға дейiн туылған жағдайда);
      3) жеңiлдiктi растайтын құжат (ол бар болса мектепке дейiнгi ұйымға бiрiншi кезекке жолдама алу);
      4) мекен-жай анықтамасы туралы мәлiмет.
      Мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлдерiнiң бiреуi) жеке басын куәландыратын құжаттардың, баланың туу туралы куәлiгi туралы мемлекеттiк электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтердi орталық қызметкерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi арқылы электронды цифрлы қол қойылған электронды құжаттар нысанында алады.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар кейiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарылады.
      порталда:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушының электронды цифрлы қолы қойылған электронды құжаттар нысанындағы сұраныс;
      2) мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлдерiнiң бiреуiнiң) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) баланың туу туралы куәлiгi (2007 жылғы 13 тамызға дейiн туылған жағдайда) немесе куәлiктiң сканерленген көшiрмесi түрiнде электронды сұранысқа тiркеледi;
      4) жеңiлдiктi растайтын құжат немесе мәлiмет (мүгедектiгi туралы мәлiметтердi ұсыну; ол бар болса мектепке дейiнгi ұйымға бiрiншi кезекке жолдама алу) – құжат сканерленген көшiрме түрiнде электронды сұранысқа тiркеледi;
      5) мекен-жай анықтамасы туралы мәлiмет.
      Мемлекеттiк электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлдерiнiң бiреуiнiң) жеке басын куәландыратын құжаттардың мәлiметтерiн уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден электронды цифрлы қол қойылған электронды құжаттар нысанында портал арқылы алады.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн толтырылатын бланкiлер (өтiнiшi нысандары) уәкiлеттi органның фойесiндегi үстелдiң үстiне орналастырылады немесе уәкiлеттi органның мамандарында болады.
      Орталықтарда мемлекеттiк қызметтi алу үшiн толтырылатын өтiнiш бланкiлерi күту залындағы арнайы үстелдерде немесе орталықтың қызметкерiнде/лауазымды тұлғада болады, сондай-ақ «Орталық» РМК-нiң www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн электронды сұраныстар нысанын толтыру қажет.
      13. Құжаттар қабылдауды:
      1) уәкiлеттi органға жүгiнген жағдайда – бiлiм бөлiмiнiң маманы жүзеге асырады;
      2) орталықта – құжаттарды қабылдау «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда;
      3) порталда – электронды сұраныс мемлекеттiк қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық тиiстi құжаттарды тапсыру кезiнде:
      1) уәкiлеттi органға жүгiнген жағдайда – мектепке дейiнгi балалар ұйымына жолдама, мектепке дейiнгi ұйымда орын болмаған жағдайда мемлекеттiк қызметтiң кезектiлiгi көрсетiлген кезекке қойылғаны туралы туралы хабарлама берiледi;
      2) орталыққа жүгiнген жағдайда – мемлекеттiк қызметтi алушыға барлық тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, онда:
      сұраныстың нөмiрi мен қабылданған күнi;
      сұраныс жасалған мемлекеттiк қызмет түрi;
      қосымша берiлген құжаттар саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресiмдеуге сұранысты қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiледi.
      3) портал арқылы жүгiнген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының порталдағы «жеке кабинетiне» мемлекеттiк қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн алатын күнi мен уақыты көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну үшiн сұранысты қабылдау туралы хабарлама-есеп жiберiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алушыға дайын құжаттарды беру:
      1) уәкiлеттi органға жеке өзi жүгiнгенде кезектiлiк нөмерi көрсетiлген баланы мектепке дейiнгi ұйымға есепке қою туралы хабарлама немесе жолдама берiледi;
      2) орталықта мемлекеттiк қызметтi алушыға дайын құжаттарды берудi қолхатта көрсетiлген мерзiмнiң негiзiнде «терезелер» арқылы орталықтың қызметкерi жүзеге асырылады.
      Егер мемлекеттiк қызметтi алушы қызмет көрсетудiң нәтижесiн бiлуге белгiленген мерзiмде келмесе, орталық оларды бiр ай iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органга жiбередi;
      3) порталдағы «жеке кабинетте» – сұранысты өздiгiнен жiберген жағдайда жүзеге асырылады.
      16. Мынадай жағдайларда, егер:
      1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етiлген барлық құжаттар тапсырылмаса (мемлекеттiк қызметтi алушы көрсетiлген кемшiлiктердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiздерде қарастырылады);
      2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында қарастырылған негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.
      Орталық қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тарқан жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушыға жетiспейтiн құжаттар тiзбесi көрсетiлген қолхат бередi.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттiк органда немесе порталдағы «жеке кабинетiнде» электронды құжат нысанында осы стандарттың 7-тармағында белгiленген мерзiмде алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қатысты уәкiлеттi органның қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:


      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтiк борышты атқару кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушылармен жұмыс барысында сыпайылық таныту;
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      5) өтiнiштердi қарастыру кезiнде лауазымды тұлғалар қызметтерiнiң айқындылығы;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттарды қорғау және құпияда ұстау.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Орталық қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы телефоны осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген орталық басшысына жүгiнедi..


      Сондай-ақ, орталық қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты «электронды үкiметтiң» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым мемлекеттiк қызмет көрсететiн орын бойынша уәкiлеттi орган басшысының атына немесе әкiмдiкке демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен жұмыс күндерi сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн берiледi. Уәкiлеттi орган басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      Уәкiлеттi органдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен жұмыс күндерi сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 11-кiреберiс мекен-жайы бойынша берiледi.
      22. Қызметкер/лауазымды тұлға дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда:
      1) орталықтың қызметкерiне шағым орталықтың немесе қарамағында орталық бар «ХҚКО» РМК басшысының атына берiледi. Орталық басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандартқа 1 қосымшада көрсетiлген. «ХҚКО» РМК мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А», телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz;
      2) уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасына шағым уәкiлеттi органның басшысына берiледi, мекен-жайы мен телефоны осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген;
      3) порталда, саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы.
      23. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Шағымда тегi, аты, әкесiнiң аты (тұлғаны куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекен-жайы мен күнi көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызметтi алушының қолы қойылуы тиiс. Шағымды беру кезiнде субъектiнiң атауы немесе iс-әрекетi шағымдалатын лауазымды тұлғалардың аты-жөнi, қызметi, өтiнiштiң себептерi мен талаптары көрсетiледi.
      Қажет болған жағдайларда мемлекеттiк қызметтi алушы шағымға уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызметтi сапасыз ұсынуын растайтын құжаттарды қоса бередi.
      25. Тұтынушыға шағымның қабылдану күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Мемлекеттiк қызметтi алушы порталынан электрондық өтiнiш жiберiлгеннен кейiн «жеке кабинеттен» өтiнiштiң мемлекеттiк органда пысықталу барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат (жеткiзiлуi, тiркелуi, орындалуы туралы белгiлер, қаралуы немесе қаралудан бас тарту туралы жауап) қолжетiмдi болады.

«Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына   


жiберу алу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа
дейiнгi) жастағы балаларды кезекке қою» 
мемлекеттiк қызмет стандартына      
1-қосымша                 

«Қала (аудан) әкiмдiктерiнiң бiлiм бөлiмдерi»
мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзiмi

№ п/п

Бөлiмдердiң атауы

Орналасқан мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Шығыс Қазақстан облысы

1.

«Абай ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Карауыл ауылы, Құтжанов көшесi, 1

8 (722)52-918-17

2.

«Аягөз ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Аягөз, Момышұлы көшесi, 58

8 (722 37) 315-34

3.

«Бесқарағай ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Большая Владимировка ауылы, Сейфуллина көшесi, 162

8 (722 36) 914-44

4.

«Бородулиха ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Бородулиха, ауылы Түсiпжанов көшесi, 39

8 (722 51) 291-77

5.

«Глубокое ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Глубокое п, Пирогов көшесi, 6

8 (722 31) 215-33

6.

«Жарма ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Георгиевка ауылы, Ленин көшесi, 101

8 (722 47) 619-74

7.

«Зайсан ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Зайсан қаласы, Жанкелдi көшесi, 54

8 (722 40) 217-88

8.

«Зырянов ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Зырянов қаласы, Киров көшесi, 54

8 (722 35) 400-69

9.

«Қатон-Қарағай ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Үлкен Нарым ауылы, Абылайхан көшесi,109

8 (722 41) 214-40

10.

«Көкпектi ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Көкпектi ауылы, Раев көшесi, 44

8 (722 48) 273-11

11.

«Курчатов қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Курчатов қаласы, Ленин көшесi, 10

8 (722 51) 257-45

12.

«Күршiм ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Күршiм ауылы, Момышұлы көшесi, 85

8 (722 39) 331-43

13.

«Ридер қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ридер қаласы Семипалатинская көшесi, 10

8 (722 36) 424-98

14.

«Семей қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Семей қаласы, Интернациональная көшесi, 8

8 (722 25) 225-40

15.

«Тарбағатай а ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесi, 14

8 (722 46) 220-16

16.

«Ұлан ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Молодежный п, 1 үй

8 (722 38) 273-45

17.

«Үржар ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Үржар ауылы, Жамбыл көшесi, 19

8 (722 30) 213-78

18.

«Шемонаиха ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Шемонаиха қаласы, Чапаев көшесi, 35

8 (722 32) 317-04

19.

«Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Өскемен қаласы, Урицкий көшесi, 10а

8 (722 22) 411-91

«Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына   
жiберу алу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа
дейiнгi) жастағы балаларды кезекке қою» 
мемлекеттiк қызмет стандартына      
2-қосымша                 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет