Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол институты


-сурет Жүктелу коэффициентін Z анықтау үшін алынған, бір қатарлы оң бұрылысты ағын қарқындылығының диаграммасы



бет5/9
Дата16.07.2016
өлшемі6.08 Mb.
#203373
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.1.-сурет Жүктелу коэффициентін Z анықтау үшін алынған, бір қатарлы оң бұрылысты ағын қарқындылығының диаграммасы
Автомобиль жолдарының теориялық өткізу мүмкіндігін анықтау транспорт ағынын бейнелейтін әр түрлі математикалық үлгілерді пайдалануға негізделген. Жол аралығындағы жолақтын өткізу мүмкіндігін Рn деп есептеу барысында автомобильдер тізбекті қозғалыста, яғни қозғалыс қауіпсіздігі шарты бойынша белгіленген жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік беретін ең кіші ара қашықтықпен қозғалыста деп қабылдауға болады. Бұл жағдайда қарқындылықтың әркелкілігі есепке алынбайды.

Осылайша Рn шамасын анықтаудың қарапайым тәсілі, транспорт ағынын жол жолағының бойына біркелкі таралып орналасқан жеңіл автомобильдердің тізбекті қозғалысы ретінде қарастыратын, жеңілдетілген динамикалық үлгіге негізделген.

Автомобильдердің динамикалық габаритін LД есептеу барысында және қауіпсіздік аралығын d есептеу кезінде автомобильдердің тежеу жолдарының арасындағы айырмашылықтарды назарға алу керек. Қауіпсіздік аралығы:
(2.2.)
мүндағы: j - белгіленген баяулау, м/с2;

tp - жүргізушінің байқау уақыты, с.

Егер жүргізушінің әсер ету уақытын 1с деп қабылдап, ал бір түрдегі жеңіл автомобильдердің құрғақ асфальтты - бетонды қаптамалы жол бетіндегі шұғыл тежелуі кезіндегі автомобильдердің жоғары баяулау шамаларының айырмасын шамамен 2 м/с2 деп белгілесек, онда автомобильдердің динамикалық габариті
(2.3.)
«Жүргізуші - автомобиль - жол - орта» жүйесін осы заманғы зерттеулер мәліметтерін еске ала отырып, жоғарыда баяндалған тәсілдің транспорт ағындарының құрамы мен жылдамдығы шектелген жағдайлар үшін қолданылуына болатынын байқауға болады.

Мұндай тығыз тізбекте қауіпсіз қозғалу, жүргізушінің психо-физиологиялық жағдайы тұрғысынан қарағанда, тек қана шектелген, шамалы жылдамдықтар жағдайында ған мүмкін. Жеңіл автомобильдер үшін қозғалыс жылдамдығы 80 км/сағ. артық болған кезде жүргізушінің байқау уақыты елеулі түрде ұлғайады және енді 1 секунд деп емес, одан көп мөлшерде қабылдануы керек. Сонымен қатар, автомобильдердің тежеу жүйелерінің жетілдірілмеуі салдарынан тіпті ілініс коэффициенті жоғары жолдардың өзінде де амомобильдердің шұғыл тежеуі кезінде олардың тура орнықты қозғалысы сақталмауы мүмкін. Сондықтан формула бойынша есептеулер 80 км/сағ. аспайтын жылдамдықтар үшін ғана ұсынылады.

Келтірілген есептеулер орташа жылдамдықтағы тізбекті қозғалысты жеңіл автомобильдер үшін олардың қозғалып келе жатқан жол жолағының өткізу мүмкіндігі шамасын жуықтап анықтау үшін қолданылады деп қарастырылуы қажет. Мұндай жылдамдықтар қала көшелері мен жылдамдығы шектелген автомобиль жолдарына тиесілі. Аралас транспорт ағындары үшін алдыңғы бөлімдерде қарастырылған келтіру коэффициенттерін қолдану керек.

Жоғарыда көрсетілген формула бойынша анықталған шамалардың жылдамдығы шектелген жол қозғалысының нақты жағдайларына сәйкестігі ғылыми тәжірибелер негізінде дәлелденіп отыр. Солардың негізінде, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша арнаулы әдебиеттерде қауіпсіздік аралығы шамамен автомобиль жылдамдығының жартысына тең болуы тиіс деген жорамал келтірілген. Нақты жол бөлігінің өткізу мүмкіндігін есептеу кезінде пайдалану жағдайларын есепке алушы түзету коэффициенттері жүйесін пайдалануға болады. Мұндай тәсіл бойынша есептеуге арналған формуланың жалпы түрі мынадай:


(2.4.)
мұндағы PТ - қалыпты жағдайлардағы есептелген өткізу мүмкіндігі;

kik2...kn - қозғалыс жағдайларын есепке алушы коэффициенттер.

Р=750х2,1х2,3=3622авт/т


Бұл жағдай көп жолақты жолдардағы бір деңгейдегі қиылыстарда автомобильдер оңға және солға бұрылуға, қиылыстарда кері қайтарылуға, жол жиегіне тоқтауға маневрлер жасайтындығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген қимылдардан басқа, автомобильдердің қатар жолақтардағы тығыз ағындары, салыстырмалы түрдегі кіші және тұрақсыз, айнымалы бірлік аралықтар салдарынан, қозғалыс қысылушылығын тудырады.

Көп жолақты автомобиль жолының өткізу мүмкіндігін РМН есептеу барысында бұл жағдай көпжолақтылық коэффициенті КМН арқылы ескеріледі. Жолдың өткізу мүмкіндігін І РМН анықтау үшін Рn шамасын көпжолақтылық коэффициенті KМН мәніне көбейту ұсынылады. КМН шамасы екі жолақты жолдар үшін 1,9, үш жолақты жолдар үшін 2,7, ал төрт жолақты үшін 3,5 шамасында қабылданады.

Автомобиль жолында бір деңгейдегі қиылыстар орналасқан жағдайда қарқынды қозғалысты көше қиылыстарында транспорт ағындарын қиылысатын бағыттардағы транспорт құралдарын, бағдаршам немесе қолмен реттеу белгілеріне сәйкес, өткізіп жіберу үшін үзуге тура келеді. Бұл жағдайда белгіленген бағыттағы транспорт ағынының қиылыс арқылы қозғалуы үшін есептелген уақыттың тек бір бөлігі ғана пайдаланылады. Өйткені оның қалған бөлігі қиылысатың ағын үшін ажыратылады. Жалпы түрде көп жолақты жолдың өткізу мүмкіндігі, реттелетін қиылыстың әсерін есепке алған жағдайда
(2.5.)
мұндағы a - реттелетін қиылыстың әсерін есепке алушы коэффициент (<1).

а коэффициенті қиылысатын ағындардың меншікті қарқындылығы мен реттеу режимінің тиімділігіне тәуелді. Меншікті қарқындылықтарды бір-бірімен шамалас қиылысатын ағындар үшін бұл коэффициент шамамен 0,4 0,6.
Р=750х0,5х0,9=337авт/т

2.3. «Шардара қаласының Қолдасов көшесінің жол-көлік оқиғаларын санын азайтатын және қозғалыс қауіпсіздігін жақсартатын шаралар
Шаралар:

А) Автомобильдерді тұраққа қоюға тыйым салу немесе тыйым салу уақытын шектеу. Автомобильдердің тоқтауына тыйым салу. Жақын маңдағы тұрақтар мен дәрігерлік көмек бекеттері туралы жол белгілерін орнату.

Б) Транспорт құралдарының түрлері мен ауа - райы жағдайларына байланысты қозғалыс жылдамдығының жоғарғы шегін белгілеу. Тиісті жол белгілерін орнату.

В) Автомобиль жолдарымен қозғалушы транспорт құралдарының массасына тұрақты немесе уақытша шектеу қою.

Г) Қозғалысты реттеудің реверсивті түрін енгізу. Қажетті жерлерге тиісті бағдаршамдар орнату.

Д) Басып озуға тыйым салу. Тиісті тыйым салушы жол белгілерін орнату.

Е) Транспорт құралдарымен соқтығысу кезінде бұзылатын жол белгілерін, тұғырларды, қондырғыларды орнату.

Ж) Жолдың жүріс бөлігіне үй және жабайы аңдар мен жануарлардың шығып кетпеуі үшін қоршаулар орнату.

З) Негізгі жолдан «шығу» жолдарын салу. Өз бетінше «шығу» жолдарын жабу, қиылыстар санын кеміту.

И) Көше қиылыстарында бағдаршамдық реттеуді енгізу, қозғалыс қарқындылығын зерттеу және бағдаршамдар жұмысының режимдерін түзету. Бағдаршамдарды «өшіп жанып тұрған сары шырақ» режиміне ауыстыру.

К) Бағдаршамдар жұмысына үйлестіруші басқарудың жүйесін енгізу және жол қозғалысына автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу.

Л) Бағыттаушы аралшалар салу мен каналдандырылған қозғалысты ұйымдастыру.

Бұрылу мен артқа бұрылу үшін қосарланған жолақтар салу.

М) Көше қиылыстарына жақын маңдарда «секіруші» жолақтар құру және сол маңда жолдың жүріс бөлігін кеңейту.

Н) Жолдар мен көшелер қиылыстарында қоғамдық транспорттың басымдылық қозғалысын ұйымдастыру.

О) Қиылыстардағы ескерту және көрсету белгілерін жаңарту мен оларды жаңадан орнату. Көше қиылысы алдына «Тоқтамай қозғауға тыйым салынады» белгісін орнату.

П) Қиылыстарда солға немесе оңға бүрылуға тыйым салу. Бағдаршаммен немесе бағдаршамсыз солға бұрылу жолақтарын салу. Бағдаршамдарды қосымша көздермен жабдықтау.

Р) Көше қиылыстары аумақтарында қажетті «көріну үшбұрышын» қамтамасыз ету үшін қосылу жолақтарын жабдықтау немесе қайта жарақтандыру.

С) Бағдаршам белгілерінің көрінуін қамтамасыз ету (қосымша бағдаршамдар орнату, ақ түсті экрандар қою, қосымша көздерді бағдаршамдар құру, бағдаршамдарды жол үстіне асып қою, ағаштарды кесу немесе қырқу).

Т) Теміржол өткелдерін құру немесе қайта жабдықтау. Темір жолмен қиылысу орындарында көпірлер салу.

У) Автомобиль жолдарының жобасы мен қимасын жақсарту. Бағытаушы бағаналар орнату, жолдың көріну мүмкіндігін арттыру. Тік өрлерде қосымша жолақтар орнату.

Ф) Жолдың жүріс бөлігін кеңейту, жолдың жүріс бөлігінің бетін «шұңқырлық» жөндеу.

Х) Жол таңбаларын енгізу немесе оларды жақсарту. Жолдың жүріс бөлігінің шетін жақсарту, жол шетіне сигналдық тұғырлар орнату.

Ц) Жол белгілерінің күндіз және түнгі мезгілдерде көрінуін қамтамасыз ету.

Ч) Жол шеттеріне кедергілік, темір және арқандық қоршаулар орнату. Қолдан жасалған қондырғыларда доңғалақ қайтарғыш құрылғылар орнату.

Ш) Жолдың жүріс бөлігінің және көпірлердің габариттерін тиісті талаптарға сәйкестендіру. Көпірлер үстіне, оларға жақын маңдарда қоршаулар құру.

Ю) Жол бөлігінің тарылуы және жұмыстардың жүргізілуі туралы мәлімет беруші жол белгілерін орнату. Жұмыс жүргізу орындарында қоршаулар орнату. Сол орындарды айналып өту жолдарын қарастыру. Тайғанақтылыққа қарсы шаралар өткізу базасын тұрғызу. Жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу.

Жолдың жүріс бөлігін бөлу жолақтарын салу.




3. КӨШЕЛЕРЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1. Көше қиылыстарындағы автомобильдер іркілісін зерттеу
Көше қиылысындағы іркіліс шамасын анықтау кезінде берілген бағыттағы тоқтатылған автомобильдердің жинақтаған іркілістерінің қосындысы анықталады және, сосын олар, осы бағыт бойынша көше қиылыснан өткен бір шартты автомобильге келтіріледі.

Қозғалыс іркілістерін зерттеу мына төмендегідей тәртіпте жүргізіледі. Алдымен жекелеген бағыттар бойынша, 20 минут уақыт аралығы үшін қозғалыс қарқындылығы есептеледі. Сосын арнайы дайындалған кестеге зерттелуші көше қиылысындағы қозғалыс бағьптары бойынша тоқтаған және тоқтамай тура өтіп кеткен автомобильдер туралы мәліметтер енгізіледі. есептеулер 10 минут уақыт аралығы үшін жүргізіледі.

Көше қиылыстарындағы қозғалыс іркілістерін екі бақылаушы көмегімен орындаған тиімді. Олардың біреуі секундомермен бақылау уақыттарын жариялап тұрады: «оныншы секунд», «жиырмасыншы секунд» және т.с.с. және хаттамаға, осы бағыт бойынша, жарияланған бақылау мезеттері үшін, тоқтап тұрған автомобильдердің санын S1 белгілейді. Екінші бақылаушы бір минут уақыт аралығы үшін, тоқтап қалған автомобильдердің саны S2 мен тоқтамай өтіп кеткен автомобильдер санын S3 есептейді және хаттамаға енгізеді.

Әрбір хаттама бойынша алынған мәліметтер негізінде мына төмендегілер есептеледі:

- берілген бағыт бойынша бақылау уақыты аралығындағы жалпы іркіліс шамасы

Tzi= S1 10, авт./с;

берілген бағыт бойынша өткен автомобилдің орташа іркілісі

tzi = Tzi / S2, c;

- берілген бағыт бойынша осы қиылыс арқылы өткен автомобильдің шартты іркілісі

= Tzi / S2+ S3, с;

-көше қиылысы алдында тоқтатылған автомобильдер пайызы

K-S2/(S2+S3) 100%;

- осы бағыт бойынша автомобильдердің бір сағат аралығындағы шартты іркілісі

Tсағzі= Nі/3600.

Есептеулер нәтижелерін 3.1 .-кестеге енгіземіз.



3.1.-кесте.
Зерттеулер нәтижелерінің жинақ кестесі


Көрсеткіштер

Қозғалыс бағыты

номері

Н-1

Н-2

Н-3

Н-4

...

Н-n

Берілген бағыт бойынша бақылау уақыты аралығындағы жалпы іркіліс, Tzi, авт./с


4

5

7

9

-

12

Тоқтатылған автомобильдің орташа іркілісі,

, с

2

3

9

11

-

14

Қиылыс алдында тоқтатылған автомобильдер пайызы, К


15

18

20

24

-

29

Автомобильдердің шартты іркілісі, Тсағ zi, авт./сағ


41

45

50

52

-

56



3.2. Қиылыс алдындағы рұқсат етілген жылдамдықты анықтау
Бұл бөлімде орындалуы тиіс мәселелер:

-көше қиылысының әрбір жағынан геометриялық сипаттамаларын анықтау:

1) жол жолақтарының саны (жолақтардың ені 3,5 м деп алынады);

2) жолдың жүріс бөлігі мен тротуарлар арасындағы бөлу жолағының ені

bрп.

3) жаяу жүргіншілер жолының ені bтп;

4) жаяу жүргіншілер жолы мен, биіктігі 1,2 метрден артық жол жиегіндегі нысан арасындағы жолақ ені bоб.

қиылыстың есептік схемасын, 1:500 масштабында, сызу (мысалы, 3.1.-сурет);

- бүйірлік көрінудің үшбұрыштарының нобайын тұрғызу (3.2.-сурет);

- мүмкін болатын барлық қиылысу нүктелерін белгілеу және оларды номерлеу;

- жазғы және қысқы мезгілдер үшін мүмкін болатын жылдамдықтарды, қиылысушы ағындардың барлық мүмкін болатын шиеленісулері үшін, есептеу;

- көше қиылысына жақындар тұстардағы қауіпсіз қозғалыс жылдамдықтарын белгілеу.




3.1.-сурет. Көше қиылысының геометриялық параметрлері.

Зерттелуші факторлар ретінде бүйірлік көрінудің мүмкіндік аралығы мен ілініс коэффициенті қабылданады (жаз мезгілі үшін φ=О,7, ал қыс мезгілі үшін φ = 0,2).

Рұқсат етілген қозғалы жылдамдықтары Vд қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан анықталады. Мұндай жылдамдықтың шамасы, көше қиылысына жақындаған, қиылысушы бағыттар бойымен қозғалушы көлік құралдарының жүргізушілері соқтығысу орнына дейін 2 метр қалғанда, толық тоқтай алатындай етіп қабылданады.

3.2.-сурет. Бүйірлік көріну үшбұрыштарының нобайлары және көше қиылысына жақындар тұстардағы мүмкін болатын жылдамдықтар.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартына келесі шартты қабылдаймыз

LВ ≥ Sост+ 2,
мұндағы LB- бүйірлік көріну қашықтығы, м;

SОCT- автомобильдің тоқтау жолы, м.


Берілген схема бойынша (3.2.-сурет) бүйірлік көріну қашықтығы LB шамасын анықтаймыз және осы шама бойынша қозғалыс қауіпсіздігі тұрғысынан, мүмкін болатын қозғалыс жылдамдығының шамасын, автомобильдің тоқтау жолы формуласын қолдана отырып, табамыз:

мұндағы t1 – жүргізушінің әсер ету уақыты, t1= 0,2 с;

t2 – тежеу жетегінің іске қосылу уақыты, t3=0,2 c;

t3- тежелудің өсу уақыты, t3=0,4 c.

Есептеулер нәтижелері 3.1 және 3.2-кестелерге енгізіледі.

3.1.-кесте.
Мүмкін болатын қозғалыс жылдамдықтарын есептеу нәтижелері


Шиеленісу нүктесінің номері

Көріну қашықтығы

VД (φ-0,2),

км/сағ.


VД (φ=0,7),

км/сағ.


1

30

26

58

17

25

49

71


3.2-кесте.
Қиылысқа кірер тұстағы мүмкін болатын қозғалыс жылдамлықтары


Келу жақтары

Жаз

Қыс

1

40

30

2

28

73

3

89

59

4

60

50



3.3. Көлік ағындарының жол-көше жүйесі бойымен таралуы
Бұл бөлімді орындаудың негізгі мақсаты көлік ағындарын жол-көше жүйесінің бойымен бір қалыпты және оңтайлы таратып бөлу болып табылады.

Бұл бөлімнің барысында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің берілген аумақтағы қозғалысын, қозғалысты реттеудің техникалық құралдарын (жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршамдар, қоршаулар мен шарбақтар және т.с.с.) пайдалана отырып, ұйымдастырудың үлгісі (моделі) жасалады.


Бұл мәселелерді шешу барысында келесі міндеттер орындалуы керек:

- көлік құралдарының ағындарын, қалыптасқан жол жүйесінде, ұтымды

тарату;

- жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын (жол белгілері, жол



таңбалары, бағдаршамдар, қоршаулар және т.с.с.) қолдануды негіздеу;

- қиылыстардың күрделілігін анықтау және оларды төмендету;

- көше қиылысы арқылы көлік құралдарының өту ретін анықтау;

- көше қиылысына кірер орындардағы жүктелуді есептеу.

Бұл бөлімде, сонымен бірге, көлік ағындарын 3.1-кестеде берілген бағыттар бойынша, қозғалысты реттеудің техникалық құралдарын (жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршамдар, қоршаулар мен шарбақтар және т.с.с.) пайдалана отырып, қозғалыс кептелулерін (кептелу деп берілген сағаттық қарқындылық шамасының өткізу мүмкіндігінен асып кету оқиғаларын айтады) болдырмай, ұйымдастыру проблемасы да шешілуі тиіс. Сонымен қатар, көше қиылыстарының қозғалыспен бірқалыпты және бір текті жүктелуін қамтамасыз ету керек.

Ең алдымен берілген жол-көше жүйесінің схемасын түзу керек. Мұндай схема А1 өлшеміндегі қағазға масштабсыз, бірақ көшелердің ені шамамен сақтала отырып, орындалады. Ол үшін әрбір көшедегі жолақтар санын таңбалармен көрсету керек 3.3.-сурет).

Көлік құралдарының оңтайлы таралуы орын алу үшін барлық көше қиылыстары мен рұқсат етілген бағыттардағы қозғалыстың жүктелу деңгейі шамамен бірдей болғаны тиімді. Көше қиылыстарын оңтайлы жүктеу үшін көлік құралдарының қозғалыс бағыттарын немесе көше қиылыстарына келер орындардағы өткізу мүмкіндіктерін өзгертуге болады.

Сондықтан да көше қиылыстарының жүктелуін оңтайландыру әрекеттері белгілі бір бағыттарға көлік ағындарын, біртіндеп, қосумен және сонымен бірге тиісті жүктелу коэффициенттерінің өзгеру сипатын бақылаумен бір мезгілде орындалады.

Қозғалыстың мүшелерінің ыңғайлылығын қамтамасыз ете отырып, ең алдымен, жолаушылар тасымалдау көлігінің бағыттарын, оларға ара қашықтығы қысқа және бұрылыстар саны аз бағыттарды ұсына отырып, белгілеген тиімді.

Жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік бағыттарынан кейін жүк тасымалдау бағыттарын белгілеуге көшкен дұрыс. Бұл ретте, оларды, мүмкіндігінше, автобустар қозғалысы жоқ көшелермен бағыттаған дұрыс нәтиже береді. Схемаға, ең соңында, жеңіл автомобильдердің бағыттары енгізіледі.





3.3-сурет. Көлік және жаяу жүргінішлер ағындарын жол-көше жүйесі бойымен тарату (бөлу) мысалы.
3.3-суретте келтірілген бағыттар схемасында көлік құралдары ағындарын ерекше түрдегі (ирек, үзік және т.с.с.) және түстегі сызықтармен бейнелеген дұрыс: автобустарды – қызыл сызықтармен, жеңіл автомобильдерді - көк сызықтармен, ал жүк автомобильдерім кез-келген басқа түстердегі сызықтармен.

Кету және келу бекеттерінде көлік құралының түрі мен олардың саны көрсетілген белгілер қойылады. Бағыттардың схемасын сызудың бастапқы кезеңі 3.3-суретте көрсетілген. Бұл жерде «а» бекетінде мыналар белгіленген:

Аа-г - 40 – 40 автобустың «г» бекетіне кетуі;

Га-д - 110 - 110 жүк автомобильінің «д» бекетіне кетуі;

Ла-в - 400 - 400 жеңіл автомобильдің «в» бекетіне кетуі;

Лв-а -200 - 200 жеңіл автомобильдің «в» бекетінен келуі.

Схемаға барлық бағыттар енгізілгеннен кейін (2.12-сурет) барлық 9 көше қиылысы үшін цифрограмманы салу керек (2.13-сурет). Барлық көше қиылыстарын қамтитын цифрограммаларды көше-жол жүйесінің жалпы схемасымен біріктіруге болады (2.12-суреттегі үлгідегідей).

қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын (жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршамдар, қоршаулар мен шарбақтар және т.с.с.) пайдалана отырып келесі тиімділіктерге қол жеткізуге болады:

- басымдылық белгілерін енгізу немесе бұрылысқа тыйым салу арқылы, жолдың берілген бөлігінің өткізу мүмкіндігін арттыруға болады;

- көлік ағындарын тиісті бағыттарға бұруға немесе бағыттауға болады;

- тиісті шектеулер енгізе отырып, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.

Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын пайдалану немесе оларды қолдану «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» деп аталатын МемСТ 23457-86 стандарттың тиісті баптары мен талаптарына негізделу керек.

Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орналастыру схемаларындағы шартты белгілерді қолдану мысалы 3.4-суретте көрсетілген. Жобада қолданылушы жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары «Техникалық құралдардың жинақ тізбесінде» көрсетілуі тиіс (3.4.-кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет