Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол институты


Енгізілетін іс-шаралардың тиімділігін анықтау



бет9/9
Дата16.07.2016
өлшемі6.08 Mb.
#203373
1   2   3   4   5   6   7   8   9

7.4. Енгізілетін іс-шаралардың тиімділігін анықтау.
Енгізілетін іс-шаралар тиімділігін анықтау үшін экономикалық табысты есептеу қажет. Табыс түрінде пайда, өзіндік құнның төмендеуі немесе шығындардың қысқаруы қарастырылады.

Біздің жағдайда экономикалық табыс келесі формуламен анықталады:


Ш = Ш1- Ш2

Ш = 3342662-3108675= 233986 теңге


Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру іс-шараларына күрделі салымдардың өтелу мерзімі:

мұндағы: К- барлық іс-шараларға жұмсалған күрделі салымдар, теңге.

Күрделі сальшдардынтиімділік коэффициенті:





Жылдық экономикалық тиімділік:

ЭЖ=Ш1 - ЕН · Ш2;
Эж = 3342662-0,15x3108675 = 28736 теңге.

Есептеулер негізінде «Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер» кестесін құрастырамыз:


Кесте 7.5. Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер.



Көрсеткіштердің аталуы

Көрсеткіштер

Енгізгенге дейін

Жобадан кейін

Ауытқулар

(+), (-)





Қозғалыс қарқындылығы, авт/тәулік

750

750

-

1

Автомобиль жолының ұзындығы, км.

1,5

1,5

-

3

Жол-көлік оқиғаларының саны (ЖКО)

84

68

-16

4

ЖКО келетін шығын, теңге

3342662

3108675

-233986

5

ЖҚҰ бойынша іс-шараларға күрделі салымдар, теңге

-

360000

-

6

Жылдық экономикалық тиімділік, теңге

-

287636

-

7

Ақталу уақыты, жыл

-

1,5

-

8

Тиімділік коэффициенті

-

0,66

-

Берілген КЖТ көшесіне көптеген іс-шаралар жүргізіп өзгертулер енгіздік. Бұл көшеде іс-шаралар енгізгенге дейін жол-көлік окиғаларының саны 84 едІ. Біз жүргізген іс-шаралардан кейінгі жол-көлік оқиғаларының саны 68-ке дейін кысқарды. Мұның экономикалық тиімділігі Э = 0,66. 1с-шараларды енгізгеннен кейінгі күрделі салымдардың өтелу мерзімі 1,5 жыл. I Осы көрсеткІштерге карап бүл жол учаскесіндегі жүргізген іс-шараларды тиімді деп есептеймІз.



8. БИЗНЕС-ЖОСПАР
1. Аннотация
1. Бизнес-жоспар тақырыбы: «Шардара қаласының КЖТ жол қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастырудың арттыру бойынша бизнес- жоспары».

2. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, 11 мөлтек 18-48.

3. Сымтетік: -

4. Бизнес-жоспар жасаған: Шайх Б.А.

5. Бизнес саласы: Жол қозғалысын ұйымдастыру.

6. Қызметтің негізгі түрі: Қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің жұмысын ұйымдастыру.

7. Жұмыстың басталу мерзімі: 2008 жылдың 1-маусымы.

8. Бизнес жоспар 1 жылға есептеліп жасалынған.
2. Түйін
ОҚО «Жол пайдалану басқармасы» Мекемесі қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің жұмысын ұйымдастыру. Ең басты проблема - қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі, бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Жол - транспорт оқиғаларының алдын-алуда, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жол полициясы қызметкерлерімен қатар автотранспорт мекемелері мен әртүрлі транспорт департаменттерінің қозғалыс қауіпсіздігі қызметтерінің алатын орны ерекше. Автотранспорт мекемелерінің қозғалыс қауіпсіздігі қызметі кәсіпорнынның басқа да қызметтерімен бірге, жол полициясы басқармасымен тығыз байланыста жол-транспорт оқиғаларының алдын-алу, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бағытында нақты іс-шаралар белгілеп, оны жүзеге асырады.

Алға қойған мақсаттарға жету үшін 360000 теңге қаражат жұмсалуы тиіс. Қаражат төмендегі іс-шараларға жұмсалады :

1) Жол белгілерін орнату, жол таңбаны орнату жэне т.б.

2) Берілген КЖТ қиылысындағы бағдаршамдардың цикл ұзақтығын өзгерту;

3) ЖТО талдау жасау.
3. Кәсіпорынның сипаттамасы
Жол қозғалысының айрықша ерекшеліктері мен проблемадары ең алдымен «жүргізуші - автомобиль- жол - қозғалыс ортасы» жүйесімен тығыз байланысты. Бұл жүйені қозғалыс ортасында қызмет ететін «жүргізуші -автомобиль- жол» (ЖАЖол) сияқты өзара байланысқан элементтер түрінде көрсетуге болады Бұдан басқа жүйенің құрамындағы АЖол («автомобиль -жол») механикалық кіші жүйесін және ЖА («жүргізуші - автомобиль») және ЖЖол («жүргізуші - жол») биомеханикалық кіші жүйелерін, сондай-ақ ОЖ, ОА және ОЖол кіші жүйелерін бөліп көрсетуге болады. Жүйенің ішіндегі «орта» түсінігіне жаяу жүргіншілер, сондай-ақ ауа райы және климаттық факторлар (көріну мүмкіндігі, жауын шашындар, жел, ауа температурасы) енгізілген. Орта немесе қозғалыс ортасы жүргізушіге, автомобильге және жолға олардың өзара әрекеті барысында әсер етеді.

8.1.-сурет. «Жүргізуші - автомобиль- жол орта» жүйесі

элементтерінің өзара әсері
«Жүргізуші - автомобиль- жол - орта» (ЖАЖолО) жүйесінің элементтері мен кіші жүйелерінің өзара байланысы мен өзара әсерлері 8.1-суретте көрсетілген. Егер жүргізушіні қарастыратын болсақ, онда басты назар оның денсаулығына, шаршау дәрежесіне, кәсіби деңгейіне, аз уақыт ішінде шешім қабылдай алу мүмкіндігіне және жол жағдайларына сәйкес дұрыс жылдамдықты таңдай алуына аударылады.

Автомобильдер бойынша қозғалыс қауіпсіздігіне оның габариттік өлшемдері, тарту және тежеу қасиеттері, жарық беру жүйесі, жүргізушінің жұмыс орнының ыңғайлылығы, енжарлық қауіпсіздігі элементтері елеулі әсер етеді. Ал жолдарға байланысты оның жүріс бөлігінің ені, ілініс коэффициенті және қаптама тегістігі, геометриялық параметрлері, жол шеті жағдайлары, қоршаулардың бар болуы және сапасы сияқты сипаттамаларды атауға болады. Сонымен қатар, қозғалыс ортасы бойынша қозғалыс қауіпсіздігіне ауа райы жағдайлары үлкен әсер етеді.

Жол қозғалысының қауіпсіздігі ЖАЖО жүйесіне енетін элементтердің сенімділігіне тәуелді. Негізінде, жүйенің қауіпсіз қызмет істеуі үшін үлкен мөлшердегі шығындар қажет болады, бірақ бұл жағдайда да мүлтіксіз қауіпсіз жүйені құру мүмкін емес, себебі ол жүйе ішіне адам кіреді, ал адамның іс-қимыл әрекеті және жіберер қателіктері жалпы жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігіне елеулі әсер етеді. Сондықтан қазіргі кезде қарастырылып отырған жүйенің сенімділігінің белгілі бір деңгейі туралы ғана сөз қозғалуы мүмкін. Ал осы деңгейді белгілеу аса күрделі әлеуметтік-экономикалық міндет.

Жол қозғалысын ұйымдастыру ғылымына жүйенің сенімділігін арттырудың әр түрлі жолдары белгілі. Жол қозғалысы техникасында бұл, мысалы, автомобильдерге бөлектелген тежеу жетегін орнату, бірін-бірі қайталайтын жол белгілері мен бағдаршамдарды орнату, жол таңбаларын белгілеу және т.б. Сонымен қатар жүргізушіні кедергілерге жақындау туралы қауіптілік туралы белгі беретін автоматтық қондырғылар, сырғанауға қарсы тежеу жүйелері және де автомобильді басқару процесін жеңілдететін басқа да қондырғылар арқылы «сақтандыруға» болады.

Автомобильдің қозғалыс қауіпсіздігі бойынша басты пайдалану сипаттамаларының бірі ретінде жүргізушінің орынан шолу мүмкіндігі қарастырылады, себебі қазіргі заманғы автомобильдерде, көру жүргізушіні қоршаған жол жағдайлары туралы сезімдік хабарлаушы болып табылады.

Жол бетінің тегіс беті, жолдың жақсартылған геометриясы автомобильдердің алқа жүйесінің және оларды басқарудың жетілдірілуі тербелістер мен орталықтан тепкіш күштерді толықтай жойып отыр. Ал, жүргізуші олардың көмегімен қозғалыс жылдамдығы мен бағытын анықтай алар еді. Желдету мен ауаны тазалаудың осы заманғы жетік жүйелері автомобильдердің терезелерінің шыныларын ашпай жүре беруге сүмкіндік беріп, соның салдарынан дыбыстық сезім көздері жоғалып отыр. Осылайша, автомобильдің жайлылық пен ыңғайлылық дәрежесінің жоғарылауы салдарынан, жүргізуші көптеген сезіну кешенінің орнына тек қана бір сезу органына көруге ғана тәуелді болып қалады.

«Жүргізуші - автомобиль - жол» жүйесін басқару нұсқасы ретінде қарастыра отырып, шолу мүмкіндігі бүкіл жүйенің сипаттамасы болып табылатынын көрсетуге болады. Ол құрылыстық-ақпараттық сүзгіш болып табылып, ол арқылы жүргізушіге автомобильді жүргізу және басқару үшін қажетті барлық сыртқы ақпараттар келіп түседі. Автомобильдің жүргізуші үшін қозғалыс жолы мен қауіпсіз қозғалысқа кедергі келтіруші объектілерді кедергісіз көрудің нақты мүмкіндігін анықтаушы, құрылыстық қасиеті оның шолымдылығы деп аталады. Ол автомобиль терезелерінің өлшемдері, қорап тұғырларының ені мен орналасуы, жүргізушінің терезелерге қатысты орналасуы, шыны тазалағыштар тазалайтын аумақтар өлшемдері, терезе жуғыш құралдарының құрылысы, терезелерді жылыту мен үрлеу жүйесі сияқты факторлармен анықталады.


8.2.-сурет. «Жургізуші - автомобиль - жол» жүйесі

Менеджмент

Қызметкерлер туралы мәліметтер : Қозғалыс

қауіпсіздігі инженері: Қызметкердің аты – жөні -

Асылханов Б..; Жасы -31;

Мекен-жайы Шымкент қаласы, 16 мөлтек 10-20;

Сымтетігі -

Мекемедегі жаңадан жұмысқа алынған қызметкерлер міндетті түрде сынақ мерзімінен өткізіліп, тәжірибелі мамандарға үйрену үшін тапсырылады. Жүргізушілер мекеменің, қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің күшімен Жол қозғалысы ережелері талаптары бойынша тоқсан сайын тексеруден өткізіліп тұрады.

Сонымен қатар мекемені жоғары білімді мамандармен толықтыру үшін М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Көлік және тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасымен мамандар даярлауды жолға қою үшін келіссөздер жүргізілуде.

Оның қазіргі атқарып жатқан қызметі: Қозғалыс қауіпсіздігі инженері, келешекте - «Жол пайдалану басқармасы» мекемесі директорының қозғалыс қауіпсіздігі бойынша орынбасары.

Бүгінгі күнгі жалақысы - 22000 теңге, келешекте 31350 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Жалпы еңбек өтілі 14 жыл, соның ішінде ОҚО автотранспорт мекемелеріндегі әртүрлі қызметтерде – 6 жыл.

Қызметкерлер үшін «Жол пайдалану басқармасы» мекемесі тарапынан жұмыс нәтижелеріне орай тоқсандық сыйақы, еңбек демалысының алдында емделу-әлеуметтік көмек және қала аумағындағы транспорт құралдарында тегін жүру мәселелері мен жеңілдіктері қарастырылған.

Сонымен қатар тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жеңілдетілген ипотекалық несие алу мүмкіндіктері бар.

4. Қызметтің сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Жол Полициясы Департаментінің мәліметтері бойынша барлық тіркелген жол-транспорт оқиғаларының 65-70% жүргізушілер кінәсінен орын алғандықтан жүргізушілермен жүргізілетін жұмыс мазмұнын өзгерту керек. Автотранспорт мекемесінің қозғалыс қауіпсіздігі қызметі мекемедегі жол-транспорт оқиғаларының алдын-алу бойынша тиісті кешенді іс-шаралар жүргізеді, жол-транспорт оқиғалары орын алған жағдайда оларды қызметтік тексеруді ұйымдастырады және тиісті деңгейде кінәлі азаматтарға жаза қолдану туралы мәселе қояды.

Бұл міндеттерді іске асыруда мекеменің қозғалыс қауіпсіздігі қызметі жергілікті Жол полициясы бөлімдерімен тығыз байланыста жұмыс атқаруы қажет.



5- Маркетинг жоспары
ОҚО тұрғындарының күрт өсуі, жаңа тұрғын үй мөлтек аудандарының салынып, қала аумағының кеңеюіне байланысты тасымалдауға деген сұраныс пен азаматтардың жеке меншігіндегі транспорт құралдарының санының артуы бұл саладағы жұмыстардың маңызын бұрынғыдан да арттырады. Белгіленген меқсаттардың орындалуы үшін атқарылатын жұмыстарға кететін шығындар бизнес-жоспардың 8-бөліміндегі «Күрделі салымдардың жиынтық кестесінде» келтірілген. Белгіленген жұмыстарды іске асырып, алға қойған мақсаттарға жету үшін 360000 теңге қаражат керек.

Жол-транспорт оқиғаларының алдын-алу мен оларды болдырмау бойынша жүргізілетін іс-шаралар кешені қала көшелеріндегі жол жүру мәдениетін арттырады, қозғалыс қарқындылығы жоғарылайды және апаттылық деңгейі төмендейді. ОҚО аумағында бүгінгі таңда 29-дан астам әртүрлі мекемелер мен кәсіпорындар жолаушылар тасымалдаумен айналысуда. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тіркелген көлік құралдарының саны 100 мыңға жақын.

Осы қызмет түрі бойынша қаладағы автотранспорт мекемелері бізге бәсекелес бола алады. Бірақ «Жол пайдалану басқармасы» мекемесі ұсынып отырған шарттар тиімді.

6. Өндірістік жоспар
ОҚО «Жол пайдалану басқармасы» мекемесінің өз балансында жеке әкімшілік тұрмыстық ғимараты мен өндірістік ғимараты бар. Жалпы мекеменің қызмет жасауына қажетті құрал-жабдықтар мен транспорт құралдары мекеменің өз есебінен сатып алынған.

Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін мына төмендегідей күрделі қаржы қажет.



Күрделі салымдардың жиынтық кестесі
Бұл қаржы ОҚО «Жолды пайдалану басқармасы» мекемесі есебінен бөлінеді.





Іс-шаралардың аталуы

өлшем бірлігі

Жұмыс

көлемі


Жұмыс бірлігінің құны

Жалпы сметалық құн

1

Жол белгілерін орнату

Дана

16

106000

24000

2

Аялдаманы орнату

Дана

1

103000

103000




Берілген КЖТ көшелер киылысындағы бұрылыстарды кеңейту

М

10

11600

116000

4

Жол таңбаларын салу

м

500

42

21000

5

Тұрақтарды орнату және жабдықтау

Дана

2

48000

96000

6

Барлығы

-

-

-

360000

Сонымен 1 жылда жол-транспорт оқиғаларының салдарынан келетін жалпы экономикалық шығындар


Ш1ЖКО=16713312/5=3342662 теңге

7. Ұйымдастыру жоспары
Жобада қарастырылып отырған іс-шаралар:

1. ОҚО «Жол пайдалану басқармасы» мекемесі жолдардың қауіпті аймақтарды табу;

2. Транспорт құралдарының және жаяу жүргіншілер қозғалысын зерттеу жұмыстарын жүргізу;

3. Берілген жолдардың қауіпті жерлерге жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдарды орнату.



8. Қаржылық жоспар
Осы бизнес жоспарда қарастырылып отырған ОҚО «Жол пайдалану басқармасы» мекемесі жолаушыларды тасымалдау автотранспорт кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесіндегі жол-транспорт оқиғаларының санын қозғалыс қауіпсіздігін арттыру шараларын енгізгеннен кейін қысқарады деп күтілуде.

Жол-транспорт оқиғаларының санының қысқаруынан олардың шығындары да төмендейді. Біздің жағдайда жол-транспорт оқиғаларының шығындарының төмендеу коэффициенттері берілгендіктен, бірден жол-транспорт оқиғаларының шығындарының қаншалықты қысқаратынын анықтауға болады. Ол үшін шығындарды төмендету коэффициенттерінің жиынтық әсерін есептеп алу керек.


ктш=1-[(1-к1)(1-к2)(1-к3)...(1-кп)], кт.ш,=1-[(1-0,13)х(1 - 0,13)х(1 –

0,098)х(1 - 0,031)х(1 - 0,16)х

х( 1-0,0,12)] = 0,611
Сонымен іс-шараларды енгізгеннен кейін жол-транспорт оқиғаларының шығындары мынаған тең болады
Ш2 = Ш1 ·кшт = 3342662 – 0,93 – 3108675 теңге.
Енгізілетін іс-шаралардың тиімділігін анықтау үшін экономикалық табысты есептеу қажет. Табыс түрінде пайда, өзіндік құнның темендеуі немесе шығындардың қысқаруы қарастырылады. Біздің жағдайда экономикалық табыс.
Ш = 3342662- 3108675 – 233986 теңге

Қаржылық жоспар




Көрсеткіштердің аталуы




Көрсеткіштер




Енгізгенге

дейін


Жобадан кейін

Ауытқулар

(+), (-)


1

ЖКО келетін шығын,

теңге


3342662

3108675

-233986

2

ЖҚҰ бойынша іс-шараларға күрделі салымдар, теңге

-

360000

-

3

Жылдық экономикалық тиімділік, теңге




287636

-

Көрініп отырғанындай, ОҚО «Жол пайдалану басқармасы» мекемесінің қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің жұмыс тиімділігін арттыру шараларын енгізу нәтижесінде жол-транспорт оқиғаларының саны 16-ға азайып, жол-транспорт оқиғаларының шығындары 287636 теңгеге қысқарып отыр. Яғни, ұсынылып отырған іс-шаралар экономикалық жағынан тиімді екен.


9.Тәуекелділікті талдау
ОҚО тұрғындарының күрт өсуі, жаңа тұрғын үй мөлтек аудандарының салынып, қала аумағының кеңеюіне байланысты тасымалдауға деген сұраныс пен азаматтардың жеке меншігіндегі транспорт құралдарының санының артуы бұл саладағы жұмыстардың маңызын бұрынғыдан да арттырады. Жол-транспорт оқиғаларының алдын-алу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі күн тәртібінен түспейтіндіктен бұл қызметке деген сұраныс тұрақты түрде болады.


ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жоба: «Шардара қаласының КЖТ жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын қолдану арқылы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру» жобасы тақырыбына орындалған.

Жоба сегіз бөлімнен тұрады: Шардара қаласының берілген КЖТ технико-экономикалық негіздеу; технологиялық бөлім; көшелер жүйесіндегі қозғалысты ұйымдастыру; Шардара қаласының Қолдасов КЖТ транспорт құралдарын қиылыстағы фаза бойынша ажырату схемасын таңдау және бағдаршамдық белгілеу параметрлерін еспетеу; тіршілік қауіпсіздігі; қоршаған ортаны қорғау бөлім; экономикалық бөлім, бизнес жоспарлау.

Бірінші бөлімінде берілген көше-жол тораптарында соңғы 5 жылда жүргіншілердің қатысуымен болған ЖКО-лардың талдамасы жасалған. Талдама жылдар, айлар, апта күндері, тәулік уақыты және ЖКО түрлері бойынша жасалған, қысқаша жолдың техникалық сипаттамасы берілді және жобаның негізгі мақсаттары анықталған.

Екінші бөлімде жол қозғалысын жақсарту бойыыша іс-шаралары ұсынылған. Шардара қаласының Қолдасов КЖТ өткізу мүмкіндігіне еспетеулер жүргізілді.

Үшінші бөлімде көшелер жүйесіндегі қозғалысты ұйымдастыру бойынша шаралар жаслынды. Қолдасов КЖТ қиылыстарындағы автомобильдер іркілістеріне зерттеу жұмыстары жасалынды.

Төртінші бөлімінде берілген КЖТ трнаспорт құралдарының бағыттары бойынша қозғалыс қарқындылығын есептедік.

Бесінші бөлімде жүргізушілердің жұмыс және демалыс тәртіптері көрсетіліп жол қозғалыс опаттарына әсер ету қасиеттері белгіленді. Осы тәртіптерді сақтау ережелері жүргіншілердің өміріне және денсаулығына зиян келтіруден сақтау іс-шаралар жасалынды.

Алтыншы бөлімінде берілген жолдың транспорт құралдарының қозғалтқышынан шығатын пайдаланылған газдардың құрамында зиянды заттар қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуден сақтау іс-шаралар және талаптар көрсетілді.

Жетінші бөлімде экономикалық есептеулер жасалған. Мұнда ұсынылып отырған іс-шараларды енгізуден алынатын экономикалық тиімділігі есептелген және олардың ақталу мерзімі анықталған.

Сегізінші бөлімінде берілген жобаның бизнес жоспарлау бойынша қажетті талдау жасалынды.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Автомобильные перевозки и организация дорожного движения»: Справочник. Перевод с английского языка/ В.У. Рэнкич, Л. Клафи и другие- М. : транспорт, 1981 - 592 стр.

2. «Анализ дорожно-транспортных происшествий»: Методическое указание / Мартынов В.П., Камлин В.Б. - М. :ВНИИБД МВД, 1980 - 79 стр.

3. «Анализ дорожно-транспортных происшествий» Колинз Д., Моррис Д.- М.: Транспорт, 1992 - 98 стр.

4. «Безопасность движения на автомобильном транспорте» / Петенко Г.И. М.: Транспорт, 1986 215 стр.

5. «Безопасность движения автомобильного транспорта» / Боровский Б.Е. Л.: Лениздат., 1984-304 стр.

6. «Вопросы правового регулирования и организаций дорожного движения»: Сборник научных трудов / Астамов В.С, Васюков В.А., Кочетов Л.А. и другие М.: ВНИИ БД МВД, 1978- 125 стр.

7. «Дорожные условия и безопасность движения» /Бабков В.Ф. М.: Транспорт, 1992 - 288 стр.

8. «Знаки и указатели на автомобильных дорогах» / Залуга В.П., Кашкин С.К. М.: Транспорт, 1974- 128 стр.

9. «Знаки дорожные. Общие технические требования» ГОСТ 10807 86. Издание: март 1985г.

10. «Краткий автомобильный справочник НИИАТ» - М.: Транспорт , 1985 220 стр.

11. «Методика определения потерь от дорожно-транспортных происшест-вий» - М: ВНИИБД МВД, 1990 -30 стр.

12. «Организация дорожного движения» / Клинковский Г.И. - М.: Транспорт, 1982-240 стр.

13. «Правила дорожного движения» - Алматы.: Транспорт, 1999 80 стр. 14.«Проблемы безопасности дорожного движения» /М.: ВНИИБД МВД, 1985 75 стр.

15. «Пропускная способность автомобильных дорог» /Лобанов Е.М., Сильяков В.В. -М.: Транспорт, 1988 - 152 стр. 16.«Справочник инженера дорожника» / Васильев А.П. -М.: Транспорт. 1989 287 стр.

17. «Справочник по технике безопасности» / Долин Л.А. - М.: Энергоиздат. 1987-200 стр.

18. «Технические средства организации дорожного движения» /Кременец Ю.А. -М.: Транспорт, 1990 - 255 стр.

19. «Управление транспортным потоком в городах» / Каниталов В.Г. -М.: Транспорт, 1985 - 94 стр.

20. Айдарбеков Е.К. «Дипломное проектирование» Методические указание. Алматы 2008 г.




ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОЛДАСОВ КӨШЕСІНІҢ

СҰЛБАСЫ









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет