Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ақпараттандыру орталығы»



бет1/3
Дата08.07.2016
өлшемі283 Kb.
#185449
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ

СЫНЫПТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ТРЕНИНГТІК

КУРСТАРДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2011

Ұлттық ақпараттандыру орталығының

Ғылыми кеңесі ұсынған

Пікір айтушылар:

К.С. Мусин, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

С.Т. Мухамбетжанова, педагогика ғылымдарының докторы, доцент



Сыныпты басқару жүйесіндегі (СRMS) іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша тренингтік курстардың оқу бағдарламасы – Алматы: «ҰАО» АҚ, 2011. – 16 б.

Сыныпты басқару жүйесіндегі (СRMS-тегі) іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша тренингтік курстардың оқу бағдарламасы ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» 008 бағдарламасы аясында дайындалынған.

Осы оқу бағдарламасы 72 сағат теориялық және практикалық сабақтарға есептелген e-learning электрондық оқыту жүйесін енгізу бойынша тренингтік курстардың оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып саналады. «Сыныпты басқару жүйесіндегі (SMS-тегі) іс-әрекетті оқыту» бөлімі 6 сағатты қамтиды: олардың 2 сағаты – дәріс, 4 сағаты – практикалық сабақтар.

Оқу бағдарламасы жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды дайындауға, сондай-ақ білім беру жүйесіндегі біліктіліктерді арттыруға жауап беретін мамандарға бағытталған және осы жүйені пайдаланушыларды – мұғалімдерді оқыту үшін арналған.




ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА
Сыныпты басқару жүйесіндегі (СRMS-тегі) іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша тренингтік курстардың оқу бағдарламасы – электрондық оқыту жағдайындағы іс-әрекетке мұғалімдердің дайындығын қамтамасыз ететін негізгі білімдер, біліктер мен машықтар ұсынылған нормативтік құжат. Осы оқу бағдарламасы 72 сағат теориялық және практикалық сабақтарға есептелген e-learning электрондық оқыту жүйесін енгізу бойынша тренингтік курстардың оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып саналады.

«Сыныпты басқару жүйесіндегі (SMS-тегі) іс-әрекетті оқыту» бөлімі 6 сағатты қамтиды: олардың 2 сағаты – дәріс, 4 сағат практикалық сабақтарға бөлінген. Практикалық сабақтар оның міндеттерімен танысу үшін бағдарламаға қарқынды «жүктелуді» қамтамасыз етеді.

Сыныпты басқару жүйесі (Classroom Management System, бұдан әрі – CRMS) электрондық оқыту жүйесінің (e-Learning) жүйе түзуші құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады. Бұл – мұғалімге сабақтардың барысын толық бақылау жасауға, мультимедиалық кабинетте сабақтарды жүргізу бойынша негізгі міндеттерді: басқаруды, бақылауды және оқушылармен қарым-қатынас жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.

CRMS мұғалімнің жұмыс орнынан оқушылардың жұмысын бақылау мен басқаруды, олардың өзара әрекеттестігін және шынайы уақыттағы аудио- мен бейнемәліметтерді жеткізуді қамтамасыз етеді, сабақ уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Мектеп мұғалімдерін CRMS-пен жұмыс істеу білімдерімен, біліктерімен және машықтарымен қаруландыру сабақта педагог пен оқушының ынтымақтастығы негізінде іс-әрекетті тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Курс CRMS-пен жұмыс істеу бойынша тек нақты білімдер, біліктер мен машықтар алуға ғана емес, және де тұтастай мұғалімдердің ақпарқатынастық мәдениетін арттыруға бағытталған, өйткені оны меңгерту – осы уақыттағы білім беру жүйесін жаңартудың қажетті шарты.



Оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын іріктеу және курсты құру келесі негізгі қағидаларға сүйенеді: ғылымилық, ұғынықтылық, көрнекілік, жүйелілік, шығармашылық, саналылық пен интерактивтік, теорияның практикамен байланысы.

Тренингтік курстың мақсаты: мұғалімдерді сыныпты басқару жүйесіндегі (CRMS-тегі) іс-әрекетке дайындау.


Тыңдаушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Мұғалім сыныпты басқару жүйесіндегі (CRMS-тегі) іс-әрекетке дайындау бойынша тренингтік курстың қорытындысында:

  • сыныпты басқару жүйесінің (CRMS-тің) мақсаты мен міндетін;

  • мультимедиалық кабинетте сабақтарды жүргізу бойынша негізгі міндеттерді: басқаруды, бақылауды және оқушылармен қарым-қатынасты;

  • CRMS арқылы оқушылардың ықыласын қолдау тәсілдерін;

  • оқу іс-әрекетінің алуан түрін ұйымдастыру тәсілдерін

білуі тиіс.

  • CRMS-тің модульдерімен: мұғалімнің модулімен, оқушының модулімен жұмыс істей алуы;

  • алыстағы компьютерлердегі оқушылардың іс-әрекетін басқара алуы, бақылай алуы, толығымен тексере алуы;

  • материалды оқушылардың мониторына тарата алуы;

  • оқу ақпаратының әр түрлі үзінділеріне қатынас құруды басқара алуы;

  • оқушылардың қосымшалар мен веб-сайттарды пайдалануын бақылай алуы;

  • он-лайн көмек пен чат-сураныстарды пайдалана алуы;

  • жұмыс файлдарын автоматты түрде жөнелте алуы және жинай алуы;

  • өз сөзін, сұқбаттарды, оқушының жазылған сөзін жекеленген немесе таңдалынған топқа тарата алуы;

  • оқушылардың, оқушылар тобының чатта, форумда қарым-қатынасын ұйымдастыра алуы;

  • сыныпта сауалнаманы іске асыра алуы; өз тестілерін дайындай алуы, онлайн-жылдам сауалнамалар жүргізе алуы;

  • оқушы компьютерінің алмасу буферіндегі барды мұғалімнің компьютерінің алмасу буферіне көшірмелей алуы;

  • қатынас құруға бақылауды және принтерді пайдалануды іске асыра алуы;

  • сабақтың мәліметтері мен объектілерін, мұғалімнің жазбаларын, оқушының жеке жазбаларын және т.б. сақтай алуы

тиіс.

  • өз жұмыс орнынан оқушылардың жұмысын тексеруге және басқаруға;

  • CRMS арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға;

  • Сабақ уақытында оқушылармен өзара әрекеттестікке

дайын болуы керек.

Сыныпты басқару жүйесіндегі (СRMS-тегі) іс-әрекетке педагог

кадрларды дайындау бойынша тренингтік курстардың

тақырыптық жоспары






Сабақтардың тақырыбы



Сағаттар саны

Дәрістер

Практикалық сабақатр

1.

Білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттің стратегиялық саясаты

2




2.

ҚР-ның жалпы білім беретін мектептеріндегі e-learning электрондық оқыту жүйесі

2




3.

ҚР-ның қазіргі заманғы педагогының АҚТ-біліктілігіне қойылатын талаптар

2

2

4.

SMS мектепті басқару жүйесіндегі іс-әрекетті оқыту

2

16

5.

Сыныпты басқару жүйесіндегі (CRMS-тегі) іс-әрекетті оқыту, оның ішінде:

2

4

5.1

Сыныпты басқару жүйесіне (CRMS-ке) қойылатын жалпы талаптар

2




5.2

Мұғалімнің модулімен жұмыс




3

5.3

Оқушының модулімен жұмыс




1

6.

Оқытуды басқару жүйесіндегі (LMS-тегі) іс-әрекетті оқыту

2

10

7.

Тестілеу жүйесіндегі (TMS-тегі) іс-әрекетті оқыту

2

10

8.

«Пән бойынша электрондық әдістемелік жүйелер» жүйесіндегі (ММС-тегі) іс-әрекетті оқыту.

2

10

9.

Қорытынды тестілеу.




4




Қорытынды:

16

56




БАРЛЫҒЫ:

72


БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
1-тақырып. Білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттің стратегиялық саясаты (2 сағ.)

Қоғамдық өмірдің барлық саласына ақпараттық қатынастық технологияларды (АҚТ-ды) кешенді енгізумен, ауқымды телеқатынастық желілер мен интеллектуальдық компьютерлік жүйелерді біріктірумен байланысты ақпараттық қоғамның жаңа әлеуметтік экономикалық шарттары. Ақпараттық қоғамның ЮНЕСКО бойынша білім беруінің жетекші қағидалары: «барлығына білім беру», «ғұмыр бойы білім алу» − «Life Long Learning (LLL)». АҚТ-ды пайдалану негізінде білім берудің жаңа парадигмасының өзектілігі. Білім беруді ақпараттандырудың халықаралық тәжірибесі.

Педагогикалық жүйе ретінде білім беруді ақпараттандыру. Қазақстан республикасындағы нормативтік құқықтық жасақтама, ақпарқатынастық инфрақұрылым, білім беруді ақпараттандырудың бағдарламалық, контенттік және кадрлық жасақтамасы.

2011-2020-жылдарға Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.


2-тақырып. ҚР-ның жалпы білім беретін мектептеріндегі e-learning электрондық оқыту жүйесі (2 сағ.)

2011-2020 жылдарға Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі 8 бағыттарының бірі ретіндегі электрондық оқыту.

Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың (e-learning) мақсаты мен міндеттері.

Электрондық оқытудың нормативтік құқықтық жасақтамасы. Электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды дайындау және біліктіліктерін арттыру. Технологиялық инфрақұрылымды дамыту, мұғалімдердің компьютерленген жұмыс орындарын дайындау, білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру мен интернеттеу. Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы. Оқу процесін автоматтандыру.

Электрондық оқыту жүйесінің педагогикалық архитектурасы: мектепті (SMS), сыныпты (CRMS), оқытуды (LMS), тестілеуді (TMS), психологиялық-педагогикалық мониторингті (MPcMS) басқару жүйелері және білімдердің пәндік салаларындағы электрондық әдістемелік жүйелері (MMS).
3-тақырып. ҚР-ның қазіргі заманғы педагогының АҚТ-біліктілігіне қойылатын талаптар (4 сағ.).

Білім беруді ақпараттандыру мен жаңартудың маңызды факторы ретінде білімдік процестегі АҚТ-ды жүйелі пайдалануға педагог кадрларды дайындау. Педагогтың ақпарқатынастық тұлғалығының моделі. Мектепті ақпараттандырудағы басшының рөлі.

АҚТ-біліктілігі – білімдер, біліктіліктер, іс-әрекеттік тәсілдер және кәсіптік қызметтегі АҚТ-ды пайдалануға құндылық қатынас ретінде ақпараттық қоғам азаматтарының біліктілігі.

Курсты тыңдаушылардың АҚТ-біліктілігінің бастапқы деңгейін айқындау, олардың компьютермен, кеңсе бағдарламаларымен, кейстік және интернет-технологиялардағы оқу ақпаратының әр түрлі көздерімен жұмыс істеу біліктіліктері мен машықтарын, АҚТ негізінде білімдік процестің басқа субъектілерімен ауызша және жазбаша өзара әрекеттестігінің тәсілдерін игеруі.


4. Мектепті басқару жүйесіндегі (SMS-тегі) іс-әрекетті оқыту (18 ч.)

Мектепті басқару жүйесінің (SMS) міндеттерімен және жұмыс істеуімен шолулық танысу – мектепті басқару жүйесін автоматтандыруға, білім беру ұйымдарындағы ағымдық бизнес процестерді ескеріп іс қағаздарын жүргізуді автоматтандыруға, есеп-қисапты қалыптастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.

SMS жүйесіндегі пайдаланушыларды тіркеу, «Құжаттар» модулімен жұмыс істеу. «Жоспарлар» модулі пайдаланушыларға берілген рөлге байланысты олардың ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді жоспарлауды жүзеге асыруына мүмкіндік беретін аспап ретінде.

«Кесте» модулі сабақтардың кестесін, сабақтан тыс жұмыстардың (үйірмелердің, факультативтердің және т.б.) кестесін және қоңыраулардың кестесін дайындау аспабы ретінде.

«Электрондық журнал» модулі оқушылардың үлгерімі мен қатысуын есепке алудың аспабы ретінде, ата-аналармен үнемі өзара әрекеттесу, оқыту нәтижелері туралы оларды хабарландыру мүмкіндігі.

«Оқушының электрондық күнделігі» модулі оқушының қағаз күнделігінің аналогы ретінде. Электрондық күнделіктің интерфейсі, сабақтар кестесін, алынған бағаларды, үй тапсырмаларын бейнелеу.

«Тәрбие жұмысы» модулінде сыныптық ұжымдардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру аспабы ретінде, тәрбие шаралары, сынып сағаттары дайындамалары бар қапшықтарды қалыптастыру, сынып сайтарына сілтемелермен, оқушылардың электрондық портфолиоларымен жұмыс істеу.

«Сауалнама жүргізу» модулі білім беру субъектілерінің сауалнамаларын жүргізуге мүмкіндік беретін аспап ретінде. Сауалнаманы қалыптастыру, нәтижелерді қарап шығу. Мәтіндік/кестелік редакторға есеп-қисаптарды шығару.

«Тамақтану» модулі тамақтанатындар санының және тамақтану құнының есебін алу аспабы ретінде. Бір аптаға мәзірді баспаға шығару. Есеп-қисаптарды қалыптастыру және оларды кестелік/мәтіндік редакторларға шығару.

«Кітапхана» модулі дәстүрлі мектеп кітапханасымен жұмыс істеуді автоматтандыру аспабы ретінде. Мектептің кітапханалық қорының автоматтандырылған анықтамалық-библиографиялық каталогымен жұмыс істеу, кітаптарға тапсырыс беру және олардың қорын жасау. Есеп-қисаптарды қалыптастыру және оларды кестелік/мәтіндік редакторларға шығару.

«Дәрігерлік бөлме» модулі оқушылардың денсаулықтарының жай-күйі және әр түрлі спорттық-сауықтыру іс-әрекетінің түрлеріне тартылуы туралы мағлұматтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін аспап ретінде. «Статистика» модулі мәліметтер базасын енгізудің және статистикалық есеп-қисаптарды қалыптастырудың аспабы ретінде. «Оқушылар» және «Қызметкерлер» бөлімдері.

«Қатынас» модулі SMS аясында пайдаланушылардың өзара әрекеттестігінің аспабы ретінде. Модульдің бөлімдері: «Хабарландырулар», «Блогтар», «Хабарлар», «Форум», «Чат».



5.СЫНЫПТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ (CRMS-ТЕГІ)

ІС-ӘРЕКЕТТІ ОҚЫТУ
5.1-тақырып. Сыныпты басқару жүйесіне (CRMS-іне) қойылатын жалпы талаптар (2 сағ.).
CRMS оқушылардың дербес компьютерлерін мұғалімге толығымен бақылауға және басқаруға, мультимедиалық кабинетте сабақтар жүргізу бойынша негізгі міндеттерді: басқаруды, бақылауды және оқушылармен қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық жасақтама ретінде.

CRMS оқушылардың назарын қолдауға, олардың қосымшалар мен веб-сайттарды пайдалануын бақылауға, он-лайн көмек пен чат-сұраныстарды пайдалануға, жұмыс файлдарын жинауға, сыныптың сураныстарын тездетуге және нәтижелерін бірден көрсетуге автоматтық жөнелтудің арқасында уақытты үнемдеуге компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерін барынша пайдалану есебінен электрондық оқытудың тиімділігін арттыратын, оқу іс-әрекетінің алуан түрін қолдауды іске асыратын құрал ретінде.

CRMS бағдарламасы интерфейсінің үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істеуі. Жүйеге кіру кезінде тілді таңдау.

Басшы тағайындаған логин мен құпия сөздің көмегімен мұғалімнің жүйеге кіруі. Жүйедегі оқушылардың авторлануының көмегімен оқушының сабаққа қатысу мәртебесін есепке алу.

CRMS-те файлдардың кез келген (мәтіндік, графиктік, аудио-, бейне және т.б.) форматын қолдау.

CRMS-тің Интернетке шығу мүмкіндігі.

CRMS көмегімен оқытудың әр түрлі әдістерін: жұптағы, топтағы жұмысты, дербес және жаппай сауалнамаларды, топтық талқылауды және б. қолдану мүмкіндігі.
5.2-тақырып. Мұғалімнің модулімен жұмыс (3 сағ.)
Оқушының компьютерін басқару, барлық мүмкін болатын алыстағы файлдық операцияларды (қосымшаларды іске қосу, пернетақта мен тышқанды басқару, компьютерді қосу, қайта жүктеу және ажырату) орындау.

Сыныптың схемасын басқару; сыныптың схемасынан компьютерді алып тастау немесе үстемелеп қосу мүмкіндігі. Жергілікті желінің барлық қосылған компьютерлерін автоматтық анықтау және мұғалімнің компьютерінде қол жетерлік компьютерлерді бейнелеу арқылы сыныптағы оқушылардың қатысуын қадағалау. Сыныптың схемасын басқару арқылы оқушыларды топқа немесе жұпқа біріктіру.

Өз мониторында оқушының жұмыс үстелін алыстан бақылау; жеке оқушыларды, оқушылардың таңдалынған топтарын немесе тұтас сыныпты экрандардың мониторингі арқылы оқушылардың іс-әрекеттерін қадағалау мүмкіндігі.

Оқушылардың оқу материалын меңгеруіне назарын аударуға және шоғырландыруға көмектесу үшін олардың компьютерде әр түрлі әрекеттер жасауына тосқауыл қою, оқушы экранының ақ болу мүмкіндігін жасау.

Оқушылар тобына немесе нақты оқушыға мұғалімнің зкранын тарату. Таратылатын материалға ескертулердің құрамдас аспабы. Қабырға-төбелік экранға және\немесе интерактивтік тақтаға дәрісхананың кез келген компьютерінің экранынан кескіндерді тарату.

Тікелей эфирде барлық оқушыларға немесе таңдалынған топқа мұғалімнің сөзін хабарлау. Барлық оқушыларға немесе таңдалынған топқа мұғалімнің ертеректе жазылған сөзін жаңғырту және хабарлау. Оқушылар тобының сұқбаттарын тыңдау немесе әрбірінің сұқбатын жеке тыңдау. Эфирдегі дауыстарды барлық дәрісханаға тарату үшін бірнеше оқушыны таңдау немесе бір оқушыны таңдау, эфирдегі хабарлауда оқушылардың құқықтарын бақылау.

Өз компьютерінен, сондай -ақ кез келген қосымша дыбыстық құрылғыдан барлық оқушыға немесе оқушылардың таңдалынған тобына аудио- және бейнематериалдарды тарату. Дыбысты қосу\ажырату мүмкіндігі. Аудио- немесе бейнематериалды оқушыларға тарату уақытындағы ауызша түсініктеме.

Файлдарды жинау мен жөнелтуді автоматтандыру. Оқушы компьютерінің алмасу буферіндегі барды мұғалімнің компьютерінің алмасу буферіне көшірмелеу.

Шұғыл хабарландыруларды жариялау. Чаттарды және топтық қарым-қатынасты дайындау, кез келген оқушыдан шақыруларды қабылдау немесе кез келген оқушының өзін шақыру мүмкіндігі.

Оқушылардың арасында тестілік хабарлар алмасуды ұйымдастыру, мұғалімнің басшылығымен форумдарда басқа оқушылармен қарым-қатынас жасау.

Оқушылардың Интернетке шығуын мұғалімдердің бақылауы. Тек бекітілген веб-сайтқа ғана қатынас құруға рұқсат, кез келген немесе шектелген веб-сайтқа қатынас құруды боддырмау.

Өз тестілерін дайындау немесе жөнелту арқылы оқушылардың ілгерілеуін бағалау мүмкіндігі. CRMS-те тестілердің әр түрлі нұсқаларын (жауаптардың бірнеше нұсқалары бар, жауаптардың екі нұсқасы бар – иә\жоқ, және т.б.) дайындау.

Тез-сауалнамалардың он-лайн-нын жүргізу. Нәтижелерді жинауды, оларды өңдеуді және білімдерді бағалаудың мұғалімдер қойған сынамалары бойынша нәтижелерді беруді автоматтық жүзеге асыру.

Принтерге қол жеткізуді және пайдалануды бақылау: оқушылардың құжаттарды баспаға шығаруын шектеу және рұқсат беру, беттердің саны бойынша принтерді пайдалануды шектеу; осы мезетте басып шығаруды қай оқушы іске асырып жатқанын ұқсастыру үшін баспа көрсеткішінің шынайы уақытында экранға шығару.

Сабақтың мәліметтері мен объектілерін, мұғалімнің жазбаларын, оқушының жеке жазбаларын, түсініктемелерді қолдайтын таныстырылым уақытындағы экраннан түсірілгендерді, сыныптың немесе топтардың сауалнамаларының нәтижелерін; оқушылардың тестілерінің жеке нәтижелерін; сабақ уақытында қолданылған URL веб-сайттарды; сынып чатының кел келген транскриптерінің көшірмесін жадқа сақтау.
5.3-тақырып. Оқушының модулімен жұмыс (1 сағ.)
Мұғалімнің Модулі мен Оқушының Модулінің өзара әрекеттестігі.

Жүйедегі оқушының ұқсастырылуын бақылау.

Кеңселік немесе басқа бағдарламаларда оқушының қалыпты режімде өз компьютеріндегі жұмысы.

Барлық сынып үшін немесе осы мезетте оқушы енгізілген топ үшін мұғалім қарастырған тапсырмаларды оқушылардың орындауы.

Мұғалім өз компьютерінен немесе басқа оқушының компьютерінен оқушыға не таратады, ол соны оның өз компьютерінде қарап шығуы.

Оқушының мұғалім қатынас құруға рұқсат еткен қосымшалармен, Интернет сайттарымен, ақпаратты сақтау құрылғылармен жұмысы.

Оқушының мұғалім жеткізген қосымша ақпаратты, аудио- және бейнематериалдарды алуы.

Оқушының шынайы уақыт режіміндегі тестілерді орындауы; мұғалім рұқсат еткен қатынас құру кезінде тестілеу кезіндегі өз жауаптарының нәтижелерін қарап шығу, оларды басқа оқушылардың нәтижелерімен салыстыру.

Оқушының CRMS-тегі мұғаліммен де, сыныптың басқа оқушыларымен де қарым-қатынасы; мұғалім берген тақырыппен форумға қатысуы; чатта оқушылар бір-бірімен немесе мұғаліммен ақпарат алмасуы; мұғаліммен немесе мұғалімнің рұқсатымен басқа оқушымен дыбыстық хабарларды алмасуы.

Мұғалімге сұрақ беру немесе көмек туралы сұраныс жөнелту, кеңес үшін мұғалімді шақыру мүмкіндігі.

Құлаққаптардағы тыңдаулармен немесе компьютердегі жазбамен ауызша жауап айту мүмкіндігі.

Рұқсат етілген қатынас құру кезінде оқушының құжаттарды басып шығаруы.


6-такырып.Оқытуды басқару жүйесіндегі (LMS-тегі) іс-әрекетті оқыту (12 сағ.)

Оқытуды басқару жүйесі (LMS) – бұл оқу контентін дайындауды автоматтандыруға және оқу процесінің барлық қатысушыларына on- мен off-line режімдерінде оқытуға қатынас құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.

Оқытуды басқару жүйесіне (LMS-ке) қойылатын жалпы талаптар. LMS мектепте оқып білетін әрбір пән бойынша оқу-әдістемелік материалдарды ұсыну, әр түрлі теориялық сабақтарды өткізу, оқушылардың жеке де, топтық та оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін, оқу ақпаратының әр түрлі үзінділеріне қатынас құруды басқару үшін арналған кең құрал-жабдықтар.

LMS жүйесіндегі пайдаланушыларды тіркеу, «Оқу бағдарламалары» модулімен жұмыс.Оқытуды басқару жүйесінің негізгі пайдаланушылары белгілі бір рөл телінген білімдік процес пен басқаруға тікелей қатысушылар: «мұғалім»; «оқушы»; «қонақ»; «LMS басшысы».

Хабарлар хабарландыруларын дайындау бойынша «Хабарландырулар» модулімен жұмыс, оқып білу үшін белгілі бір ЦБР-дың тағайындалуымен және белгілі бір тақырыптармен жұмыс істеу датасымен танысу, белгілі бір мерзім ішінде тапсырманы аяқтаудың қажеттілігі туралы еске салу және т.б.

«Оқу контентін дайындау» модулімен жұмыс.Оқу контентін дайындау модулі оқыту мазмұнын дайындау, басқару және жүргізу, өзінің дидактикалық материалдарын, авторлық бағдарламалық өнімдерін, викториналарын, бақылау жұмыстарын және т.б. дайындау немесе жариялау үшін құрал-жабдықтар.

Контентті басқару модулі тыңдаушылардың практикалық машықтарды меңгеруіне бағытталған және пән бойынша оқу курсының құрылымдалуына сәйкес ЦБР-тармен жұмыс істеу және іздестіру құралдарын ұсынады. Модульдің цифрлық білімдік ресурстар каталогы бар және ол оқу процесінің құлшыныстық-мақсаттық, мазмұндық, операциялық іс-әрекеттік және бағалаушылық нәтижелік құрамдас бөліктері бойынша оқу контентінің элементарлық құраушыларын мақсатты ұсынатын тетік болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет