60
Электронды вагон таразыларын жүріс кезінде тексерудің дұрыс нәтижелері
мемлекеттік тексеру таңбасы салынған тексеру
туралы куәлік толтырумен
ресімделеді.
Масса ӛлшеу құралдары бастапқы, мерзімдік,
кезектен тыс, инспекциялық
және сараптамалық тексеруден ӛткізіледі.
Бастапқы тексеру таразы жасаушы зауыттарда, сондай-ақ оларды орнатқан
соң жүргізіледі.
Пайдаланудағы масса ӛлшеу құралдары бегілі бір тексеру аралықтарында –
астық және азық-түлік ӛнімдерін ӛлшейтін таразылар мен гірлер үшін 6 айда бір
рет және қалған жүктер үшін – жылына бір рет мерзімдік тексеруден ӛткізіледі.
Мерзімдік тексерудің нәтижелері тексеру аралықтарында күшінде болады.
Пайдалану барысында – тексеру таңбасы зақымданғанда, масса ӛлшеу
құралдарын ұзақ сақтаудан кейін кезектен тыс тексеру жүргізіледі.
Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүргізуде
масса
ӛлшеу
құралдарының қолдануға жарамдығын анықтау үшін инспекциялық тексеру
жасалады.
Соттың, прокуратураның, полицияның талап
етуімен даулы мәселелер
туғанда сараптамалық тексеру жүргізіледі. Тексеру 4-разрядқа жататын
эталондық гірлердің кӛмегімен жүргізіледі. Үлкен массалы эталондық гірлерді
және механикаландырылған таразы тексеру вагондарының шағын кӛлемді
арбашаларын тексеру және таңбалау эталондық таразыларда немесе 3-разрядты
компараторда жүргізіледі.
Тексеру кезінде метрологиялық параметрлер ―Тұрақты ӛлшеу таразылары.
Тексеру әдістері мен құралдары‖ деп аталатын ГОСТ-8.453-82
Мемлекеттік
стандартында кӛрсетілген әдістермен анықталады. Жүріс кезінде ӛлшейтін вагон
таразыларын тексеру әдістемесі таразылардың нақты түріне берілетін
нормативтік-техникалық құжаттарда баяндалған. Стандарттың талаптарына сай
келмейтін таразыларды шығаруға және қолдануға тыйым салынады (оларға таңба
басылмайды), ал пайдаланудағы таразылардың таңбасын ―Х‖ белгісімен ӛшіреді.
Ақаулы, сондай-ақ мерзімдік тексеру мерзімі ӛтіп кеткен таразыларда ӛлшеуге
рұқсат етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: