Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Стансадағы жҥкті беру және әкету



Pdf көрінісі
бет92/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

15.4. Стансадағы жҥкті беру және әкету 
Жүк қабылдаушы стансадан жүкті әкету үшін қабылдау-тапсыру жүк қағазы 
мен актісін, стансада рұқсатпен ӛту режимі енгізілетін жағдайда – рұқсат қағазын 
(пропуск) кӛрсетеді. Жүкті қабылдап-тапсырушы кұжаттардың қоймадағы жүкке 
сәйкестігіне, сақтау ақысының тӛленгеніне немесе оны ӛндіру үшін деректердің 
ФДУ-92 үлгісіндегі жинақ карточкасына жазылғанына кӛз жеткізген соң оған 
жүкті береді. Жүкті әкету күні жүк қағазының түпнұсқасында күнтізбелік 
мӛртабан басылған беру күнімен сәйкес келмейтін жағдайда жүкті нақты әкететін 
күнге дейін сақтау ақысының тӛлегені туралы құжаттарды талап ету қажет. Жүк 
берілген соң оны қабылдап-тапсырушы жүк қағазының артқы бетіндегі ―Жүктің 
берілуі туралы белгілер‖ графасына оның берілу күні мен айын, жүк 
орындарының саны мен массасын кӛрсетеді. Бұл белгі жүктің нақты берілген 
күнін растайды. 
Жүкті қабылдап-тапсырушы Жүк түсіру кітабында автомобильдің нӛмірін 
және жүктің берілген күнін кӛрсетеді. Егер жүк иесі жүктерді бӛліктеп алатын 
болса, қабылдап-тапсырушы жүк орындарынан қателеспеу үшін қалдығын 
тексереді, ал әрбір берілген бӛлікті жүк қағазына, Жүк түсіру кітабына және 
қабылдау-тапсыру актісіне жазып отырады. Жүктің соңғы бӛлігі әкетілген соң 
―Жүк әкетілді‖ деген белгі соғылады. Жүк берілетін кезде рұқсат қағазының 
артқы беті толтырылады, ал бӛліктеп берілетін кезде – әрбір әкетілетін топ туралы 
мәліметтер кӛрсетіледі. 
Жүк қабылдаушыға жүкпен бірге жүк қағазында кӛрсетілген барлық 
құралдар және жүкті бекітуге қолданылған материалдар толығымен қайтарылады. 
Жүк қабылдаушы, сонымен қатар, жүкпен бірге келген тӛсеніш, қаптау, орау және 
жылыту материалдарын да әкетуге тиіс. 
15.5. Жҥк баратын стансада жҥктің кҥйін,
массасы мен орындар санын тексеру 
Тасымалдаушы жүк баратын стансада жүкті жеке шарт жасамастан беретін 
жағдайда оның күйін, массасы мен орындар санын тексеруге міндетті. Бұл 
тасымалдаушы вагондарға, контейнерлерге жалпы жұрт пайдаланатын орындарда 
тиеген жүкті беруге қатысты қолданылады. 
Тасымалдауда ақаулық байқалатын реттерде, яғни жүк ақаулық немесе 
БПҚ-сы зақымданған немесе жолдағы стансада немесе жүк келетін стансада 
пломбы салынған, жүктің жетіспеу, бүліну, зақымдану белгілері бар вагонмен
контейнермен келетін жағдайда жүктің берілуіне тасымалдаушы міндетті түрде 
қатысуы тиіс. 


119 
Тез бұзылатын жүк оны жеткізу мерзімінен кешіктіріліп немесе 
рефрижераторлы вагонмен тасымалдауда температуралық режим сақталмай 
жеткізілетін жағдайда да жүктің берілуі кезінде тасымалдаушы оның күйін, 
массасы мен орындар санын тексеруге міндетті түрде қатысуға тиіс. 
Массалары ӛлшенген ақтарма және үйінді жүктер, әдетте, жӛнелтілу 
алдында ӛлшенген үлгідегі таразыда ӛлшенген соң беріледі. Мұнда вагонның 
массасы оның трафаретіне сәйкес қабылданады. Жүк қабылдаушыға вагондық 
таразы болатын жағдайда вагонды ӛлшеп кӛруге рұқсат етіледі. 
Массасы кӛлемін ӛлшеу арқылы жӛнелтілген жүк массасын тексерместен 
немесе вагондық таразыда тексеру арқылы беріледі. Массасы стандарт және 
трафарет бойынша анықталып жӛнелтілген дара жүктер жӛнелтілімдегі орындар 
санын және зақымданған жердегі жүктің массасын немесе бірлік санын ғана 
тексеру арқылы беріледі. Картоп, капуста секілді және басқа ақтара тиелетін және 
торға салынатын кӛкӛністер мен бақша дақылдары олардың массасын тексерген 
соң беріледі. Жүктің жӛнелту стансасында анықталған массасы мен баратын 
теміржол стансасында анықталған массасы арасындағы айырмашылық осындай 
жүктің нетто массасын анықтау нәтижесіндегі шекті алшақтық мәнінен және 
оның массасының табиғи кему нормасынан аспайтын болса, жүктің массасы 
дұрыс деп есептеледі. 
Жүк қабылдаушының ӛтінуі бойынша тасымалдаушы шартқа сәйкес жүктің 
күйін, массасын, орындар санын тексеруге қатыса алады. 
Жүкті беру кезінде вагонда немесе контейнерде кеден органының БПҚ-сы 
болуы тасымалдаушы үшін жүктің күйін, массасы мен орындар санын тексеру 
үшін негіз бола алмайды. 
Жүк қабылдаушының атына келген жүктің массасын тасымалдаушының 
ӛлшеу құрамдарымен тексеруде одан ӛлшегені үшін №3 Тарифтік нұсқауда 
кӛрсетілген кӛлемде алым алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет