Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» акционерлік қОҒамының филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық



Pdf көрінісі
бет44/70
Дата11.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#483011
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

 
 
Білім беру үрдісінің Дұрыс әрекет үйретудегі мақсаттары 
-Әр адамның бойында бар Ар–ұждан дауысын ажырата және ести білу 
қабілеттерін ояту. 
-Күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету дағдысын және жүзеге асыратын 
ойларын, сөздерін және іс-амалдарын бекіту. 
Ақиқат жолымен жүргенде дұрыс әрекет туындайды,оның қағидаты-өзіңе 
де, өзгеге де, табиғатқа да еш зиян келтірмеу. Ол үшін табиғаттың, моральдың 
және мемлекеттің заңдылықтарын білу, құрметтеу және орындау қажет. 
Дұрыс әрекет етуге тән қасиеттер: 
Әдеттер 
Адамдар өмірінің бастысы өзінің саналы түрде негізделген ақиқат табиғаты –
дұрыс әрекет .Күнделікті істелген істің өзі де әдетке айналады. 
Қанағат 
Тілек немесе ынсап адам әрекетіне өмірде істейтін қылықтарына себепкер, 
түрткі болады.Біздің өмірімізді бұзатын да тілектер. Өз ынсабына шектеу 
қойғанда өзін бұл өмірде еркін сезіне алады. 
Ынтымақтастық 
Жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік жағдайларына қарамастан бірге бір жолды 
таңдап, бір бағытта өмір сүруді үйрену. 
 Тәртіп 
Адамның әрекет жетістігінің негізі болып табылады. Бұл сезімді баланың 
кішкентай күнінен бойына сіңіру керек. 
Жағымды, дұрыс ойлау
Таза әрі биік ойлар адамды дұрыс әрекетке әкеледі. Жақсы сөз, дұрыс 
сөйлеу 
Тіл–тәрбие ақиқатының көрсеткіші.Парыз бен ризашылық білдіру. 
Әрбір тұлғаның отбасы алдында, қоғам мен ел алдында парызы бар. 
Дұрыс әрекет-жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс 
жүзінде қолданылатын құндылық. 
Адам өзін парызға арнап, соған әрекет ету керек.Оттың парызы – 
жану.Онсыз ол жай көмір.Қанттың парызы –тәттілік.Онсыз жай ұнтақ. 
Егер біз ар-ұжданымызды тыңдамасақ онда дұрыс әрекет болмайды. Біз үшін 
жүректің тазалығы маңызды.Ең бастысы–өзіміз нені айтамыз, соны 
орындауымыз қажет. Адам құндылықтары оның әрбір клеткасында,онсыз адам 
болмас еді. Олардың өзі біздің табиғатымыз. 


60 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет