Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы
№ 20 Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы
Бағыты: Қолданбалы математика және информатика
Секциясы: Математика
Тақырыбы: Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу
Ғылыми жобаның ізденушілері: 6 сынып
оқушылары Диханбаев Бекзат, Тастемір Шахмардан
Ғылыми жетекшісі: Математика пәнінің мұғалімі Абдижамилова Дилноза Мехманкулқызы
Аксукент 2016 жыл
АННОТАЦИЯ
«Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу» атты еңбекте киіз үй мен ою-өрнектер туралы кең ауқымда көрсетілген. Бұл ғылыми еңбектің мақсаты - құнды және тарихи дүниелеріміздің мәртөбесін көрсетіп, әлемге паш ету!
АННОТАЦИЯ
Исследовательская работа «Отражение национальных ценностей через плоскость координат» посвящена юрте и национальным узорам, изображенным с помощью плоскости координат. Цель этой работы привлечь внимание к национальным и историческим ценностям.
ANNOTATION
The research «Reflection of our national values on the coordinating flat» demonstrates the yurt and national ornaments in the coordinating flat. The goal of this work is to introduce our national and historical values.
№ 20 Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының 6 "В" сынып оқушылары Диханбаев Бекзат және Тастемір Шахмарданның «Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу» атты ғылыми жоба жұмысына
Пікір
Диханбаев Бекзат және Тастемір Шахмарданның ғылыми жобасы үш тараудан кіріспеден, зерттеу бөлімінен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Оқушы ғылыми жобасының тақырыбын өз ынтасымен қалағандығы байқалып тұр. Менің ойымша оның бұл тақырыпты таңдап алуы қазіргі кезеңдегі осы тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне байланысты. Сондай-ақ ғылыми жоба өз дәрежесінде жазылып, әрбір тарау мен бөлімдер мазмұны толығымен ашылған деп есептеймін. Оқушы іздене отырып, координаталық жазықтықта киіз үйді, ою-өрнекті шеберлікпен кескіндеп, өзіндік ой қорытқан.
Диханбаев Бекзат және Тастемір Шахмарданның бұл ғылыми жұмысын жоғарыда көрсетілген негізге сүйене отырып, қорғауға жіберуді ұсынамын.
№ 20 Сәкен Сейфуллин атындағы
мектеп-гимназиясының математика пәні
мұғалімі: Д.Абдижамилова
Ғылыми Жобаның Мазмұны
Аннотация.....................................................................1 бет
Пікір.................................................................................2 бет
Мазмұны..........................................................................3 бет
Зерттеу бөлімі
Координаталық жазықтық............................................4 бет
Рене Декарт....................................................................
КООРДИНАТАЛАР БОЙЫНДА НҮКТЕ САЛУ
Киіз туырлықты қазақпыз............................................
Ою-өрнек.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Координаталық жазықтық
Рене Декарт
Координаталар бойында нүкте салу
Киіз туырлықты қазақпыз
Ою-өрнек
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Бізге барлық пәндер ұнайды, бірақ математика пәніне деген қызығушылығымыз көбірек болды. Математика пәні туралы көп білгіміз келеді. Маған математика және математикамен байланысының бәрі ұнайды. Біз не істесек те, барлығы математика мен сабақтасады. Математика грек тілінен қазақшаға аударсақ, «білім», «ғылым» деген мағынаны білдіреді. Математика бізге ғаламның көптеген құпияларын ашуға көмектеседі. Біз математика дегенде тек сандар ғана емес мұнда басқа да керемет нәрселер аз емес. Бұрынғы кезден-ақ математиканың көмегімен көптеген небір кереметтер жасаған: дұрыс жолды тапқан және күнді, ай мен жұлдыздарды бақылау арқылы жыл мезгілдердің ауысатын уақытын болжаған. Сонымен қатар Галилейдің «Әлем математика тілімен бейнеленген» деген сөздерінен математиканың құдіреттілігін көруге болады. Математиканың әр түрлі қыр-сырларымен таныса отырып, мен координаталық жазықтық тақырыбына тоқталып отырмын. Координаталар бойында нүкте салу арқылы сурет шығару қызығушылығымды тудырды. Менің бұл тақырыпты алып отырған бірден-бір себебім координаталар бойында өзіміздің ұлттық нақыштағы қазақ халқының баспанасы киіз үйді және ою өрнектерін кескіндеу. Сонымен қатар оларды басқа да көптеген елдерге танытып, қазақ елінің мәртебесін көтеру. Еліме өз үлесімді қосу. Екіншіден біз тек математика пәнінде есеп шығарып ғана қоймай халқымыздың салт-дәстүрін әдеп ғұрпын үйрету. Сонымен қатар математика сабағында ұлттық салт-дәстүрге, нақышқа келтірілген педагогика –психологиялық тұрғыда жазылған есептерді қолдануымызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |