Термиялық төзімділігі - керамикалық бұйымдардың, әсіресе қаптаушы плиткалардың немесе санитарлық бүйымдардың температураның күрт өзгеруіне бұзылу нышанынсыз шыдай беруінде. Қабырғаны іштей қаптауға арналған глазурланған керамикалық плиткалар 125°С температурасына дейін қыздырғанда және температурасы 18-20°С суға батырып, кенет суытқанда ешбір жарыксыз, шетінеусіз, сынықсыз төзімдік білдіруі керек. Плиткалардың термиялық төзімділігін МСТ бойынша анықтайды. Санитарлық керамикалық бүйымдардың үлгілерін (МСТ) екі кайталап сынау (хлорлы кальций ерітіндісінде және температурасы 110°С суда 3 сағат бойы қайнатып барып, температурасы 3 С суды суыту арқылы) нәтижесінде үлгілердің глазурланған бетінде қыл сияқты жіңішке шетінеген жарықтар немесе басқа бүліну белгілері байқалмаса, онда оны термиялык төзімді деп санайды. Санитарлық керамика бүйымдарының термиялық төзімділігін үш рет 85 С дейін қыздырып және температурасы +17-^ +20°С суда суыту сынағына бүліну нышанынсыз төзімділік қабілетімен сипатталынады.
Химиялық төзімділігі - керамикалық бұйымдардың агрессивті ортада түрақтылығы. Бүл қасиеті бойынша қышқылға төзімді (қышқыл әсеріне түрақтылығы) және сілтіге төзімді (сілті әсеріне тұрактылығы) бұйымдар деп бөлінеді. Керамикалық бұйымдардың химиялық тұрақтылығы белгілі мөлшердегі майдаланған бұйымның 1 сағ. бойы күкірт қышқылында немесе 20%-ды тұзқышқыл ерітіндісінде (натрий гидроксиді) қайнатқаннан кейінгі массаның, оның қайнатқанға дейінгі массасына қатынасымен сипатталынады, оны пайызбен өлшемдейді. Химия және термотұрақты бұйымдардың қышқыл төзімділігін МСТ, сілті төзімділігін МСТ бойынша анықтайды. Санитарлық керамикалык бұйымдар глазурасының химиялық тұрактылығын ауданы 25 см" кем емес үлгілерде 24 сағат бойы 10%-дық тұзқышқылы ерітіндісімен немесе 10%-дық сілті (натрий гидроксиді) ерітіндісімен әсер еткеннен кейінгі бұзылу белгісінің жоқтығымен сипаттайды. Глазурдың бұзылу дәрежесін үлгілердің глазурланған бетін қаламмен сызғанда, іздің қалатынымен және оның мөлшерімен тәнтіленеді.
Мықтылығы (беріктігі) - керамикалық бұйымдардың қысқандағы, үзгендегі жэне игендегі мықтылық шегімен сипатталынады. Құрылыстық керамика бұйымдарының мықтылығы МСТ бойынша арнаулы үлгілерді немесе бүтін бұйымдарды, мысалы керамикалык каналдық кұбырларды (МСТ) кирата сынау арқылы анықтайды. Керамикалық бұйымдардың беріктігі олардың құрамына және кеуектігіне байланысты. Кеуектігі ұлғайған сайын беріктігі төмендей түседі. Әдетте, керамикалық бұйымдардың қысқандағы мықгылық шегі 25-500 МПа, игендегі - 10-70 МПа.
Үйкелістігі (тозғыштығы) - үйкеліс күш эсерімен материал өзінің көлемін жэне массасын азайту қабілетімен сипатталынады. Үйкеліс көрсеткіші еденге төселінетін плиткалар үшін маңызды. Плиткалардың үйкелістегі абразивті (егеуші) материал (құм немесе корунд) қабаты төселінген тегістегіш табаққа (дискаға) 0,06 МПа қысымдықпен тиелген плиткалар ауданының бір өлшеміне, келетін масса шығынымен сипатталынады. Мұнда тегістегіш айналмалы табақ төрт рет 30 айналыстан жасау керек және де әрбір 30 айналыстан соң, плиткаларды 90° бұрып қойып отыру қажет.
Дәріс №12 Құрылыстық керамика технологиясының процесі.
Сазды шикізатты қоймалау
Саз шикізаттарын карьерлардан қазып алып, өңдеу заводтарына тасымалдау арқылы жеткізеді. Жеңіл араласатын сазды кірпіш заводтарына карьерларден әкелсе, ал отқа төзімді және ауыр араласатын саздарды арнайы керамика заводтарынан тасымалдайды. Кірпіш заводтарын қысқы уақытта сазбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін карьерлердің беткі қабаттарын ағаш ұнтақтарымен немесе минерал мақта тақталармен жылулайды. Сонымен қатар жаз уақыттарында сазды заводтарда ашық катловандармен биіктігі 6-8м болатын жер асты штабельдерде немесе жабық тереңдігі 4-6м саз сақтағыш қоймаларда саз қорын жинайды. Катловандарға сазды рельсті көліктермен немесе авто самосвадармен , ал жер асты штабелдеріне тек автосамосвалдармен кіргізеді.саз сақтағыш орындар көбірлі, грейферлі крандармен бір рельстегі грейфермен, таспалы конвейерлермен, ал саз темір жолмен жеткізілсе, вагондарды түсіруге арналған эстакадалармен жабдықталған. Саз сақтағыштан сазды өндіріске жеткізу үшін көпірлі грейферлі кран немесе бір шөмішті экскаватор қолданылады.
Дәріс №13 Сазды шикізатты қайта өңдеу және керамика массасын дайындау. Жартылай құрғақ әдіс.
Сазды шикізаттың табиғи құрылыстың табиғи құрылымын бұзу мақсатында қайта өңдеу табиғи және механикалық жолмен жүреді. Сазды табиғи өңдеуге саздың қатты күйінен жұмсақ күйге өтуі жатады. Карьердан алған жіне қоймаланған кезде, саз көптеген атмосфералық әсерлерге ұшырайды: ауыспалы қату мен еру, ылғалдану және кебу, желдену мұның бәрі саздың қопсуына әкеліп элементарлы түйірлерінің бөлшектерінің бұзылуына жетікзеді. Сазды өңдеудің табиғи әдістері ұзақ уақытта және үлкен аумақты қажет етеді. Сондықтан саз шикізатын қайта өңдеудің негізгі үш әдісі бар: жартылай құрғақ (массаның ылғалдылығы 8-13%), пластикалық (18-26%) және шликерлі (45-60% жоғары). әдісті дұрыс таңдау шикізат материалдарының бастапқы қасиеттерімен алынатын өнімге қойылатын сапа талаптарымен бағаланады.
Жартылай құрғақ әдіс бастапқы шикізатты ірі ұсақтау, кептіру, майда ұсақтау, ірі түйірлерін тиеу, оны толықтырғыштармен араластырудан тұрады. Бұл әдісті карьерлік ылғалдылығы төмен құрылымы тығыз сазды шикізатқа қолданылады. Бұл әдіс саз құрамындағы тастарды толық ұсақтауды қамтамасыз етеді. Жартылай құрғақ әдістің кемшіліктері шикізатты ұсақтау алдында кептіру қажеттігі ұсақтау кезінде жабдықтың тозуы, бұйымды престеу кезінде жоғары қуатты престердің қажеттілігі және пішіндеуде 15-40 МПа қысымды қажеттендіру. Жартылай құрғақ әдісті кәдімгі және қуыс саз кірпіштерін тастар мен керамикалық тақталар өндірісінде қолданылады.
Жартылай құрғақ әдіс бойынша массаны пішіндеуге дайындау
Мөлшерлеу
Ұсақтау
Кептіру
Аралық сақтау (шанақ)
Жеткізгіш
Майда ұсақтау
Илеу
Сақтау
Мөлшерлеу
Араластыру
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР
№ 1 зертханалық сабақ
Тақырыбы: “Қыш материалдар”
Жұмыс мақсаты: Сырттай тексеріп, өлшеу арқылы(ГОСТ 530-80) кірпіштің маркасы менсапасын анықтау
1. Сырттай тексеріп, өлшеу арқылы кірпіштің сапасын бағалау.
Кірпіш сапасын ГОСТ 530-80-ге сәйкес бағалағанда 100 мың даналық топтан іріктелген орташа сынаманы тексеру арқылы жүргізіледі.
Студенттер плакат және стендке(1-сурет) қарап, лабораторияда ГОСТ 530-80 талаптарымен және кірпіштің сан алуан түрімен танысады.
1-сурет
Сыңар кірпіш: ұзындығы 250, ені 120, қалындығы 65 мм;
Модульді кірпіш: ұзындығы 250, ені 120 және қалындығы 88 мм.
Іші қуыс қыш кірпіш: сыңры – ұзындығы 250, ені 120 және 120, қалындығы 65 мм; қалындатылған – ұзындығы 250, ені 120, қалындығы 88 мм; модульдің ұзындығы 288, ені 138, қалыңдығы 65мм.
Іші қуыс қыш тас: ұзындығы 250, ені 120, қалыңдығы 138 мм.
Бұдан соң студенттерге лабораторияда бринаднға 1 кірпіштен беріледі. Осы кіппіштің суретін дәптерге салып, мөлшерін белгілейді және кірпіштің жан-жағының атауларын “төселім”,”қыры”,”маңдай қыры” жазады.
Кірпіштің мөлшерінің ұзындығы, өні және қалындығы 1мм дәлдікпен өлшеп, дәптерге жазады (2-сурет).
Кірпіштің пішінін тік қырлы және бұрышты тіктөрт бұрышты параллепипед ретінде айқын қыры мен тегіс үстінгі беті болатынын анықтайды.
Металл бұрыштама және сызғышпен 1мм дәлдікпен кірпіш қырының қисықтығын, соғылуы мен анықтайды. Бұл үшін кірпішті тегіс үстелге салып, оған металл сызғыш немесе бұрыштаманы қырынан жанастырыды, сол арқылы “а” бетінің иілу мәнін анықтайды (21-сурет).
Жапырылған, сызатталған, жарылған жерлер кірпіштің жалпы көрінісін нашарлатады, сондықтан оларды стандарт талабына барынша сай етіп 1мм дәлдікпен ең ұзын боймен өлшейді.Кірпіштің жартылай немесе өтпе тереңдікте жарылуы мүмкін. Кірпіштің Жарылу тереңдігі төселіміне, қырына және маңдай қырына жатқызып өлшейді. Бір кірпіште алғашқы қуысқа дейінгі жарылу терендігі төселім және манда қырында болуы – ештене етпейді.
Кірпішті бүлдіретін ақшылдау әктенген қоспалардың болуы ақ-аулық болып есептеледі.
Өлшем нәтижелерін дәптерге жазып, оны ГОСТ 530-80 деректерімен салыстырады да кірпіштің сапасын анықтайды.
№ 3 зертханалық сабақ
КІРПІШТІҢ МАРКАСЫН АНЫҚТАУ
Кірпіштің маркасын, иген кездегі беріктік шегі бойынша анықтайды. Қыс кезіндегі беріктік шегін кірпіштің иілгіштігін тексергеннен кейін анықтайды. Екі жартысын төселімінен бірінің үстіне бірін сынған жақтарын бір-біріне қарма-қарсы болатындай етіп қояды да М 400 ден жоғары емес портландцемент маркалы цементті қалындығы 5мм ғана болуы қажет. Бұдан басқа жікке қатарластыра жалғасқан екі ішкі бетті 3мм қалындықтағы цементпен тегістейді.
Жапсыру және тегістеу үшін (3-сурет) кірпіштің жартысының тегіс бетін қағазбен ылғалдап, 3мм қалындықта цементті лайға салып, аздап қысады да кірпіштің жартысының үстіңгі бетіне цементті лай төсейді және оның үстінен кірпіштің екінші жартысын салып, аздап қысады. Кірпіштің екінші жартысының үстіңгі бетіне де сондай мөлшерде цементті лай жағады. Цементті лайдың үстінен ылғалданған қағазы бар шыны салады. Үлгілер 3-4 тәуліктен соң қатайғанын қысу арқылы тексереді.
Қысу кезіндегі МПа (кг\см) беріктік шегін мына формула бойынша анықтайды:
Мұндағы Р- бүлдіретін жүктеме, Н (кгс); S- ауданы, м\см\
Ию кезіндегі беріктік шегін тұтас кірпішті гидравликалық престе тексеріп анықтайды, ол үшін кірпіштің екі ұшын ара қашықтығын 200мм етіп жалпағынан орналастырады.(4-сурет)
Кірпішке таяныш етіп деңгейі бойынша цемент лайдан жалпақтығы 20-30мм үш тілкем салынады: екі тіпкем- кірпішке таяныш етіп астынғы жағына, біреуі – күш түсіретін таяныш ретінде кірпіштің үстінен орналыстырады. Үлгі 3-4 тәулік қатайғаннан соң тексеру жасалады.
Ию кезіндегі МПа, кгс\см беріктікті мына формула бойынша анықталады
Мұндағы Р – бүлдіруші жүктеме, Н (кг); l – таяныштар арасындағы қашықтық, м; b – кірпіштің ені, м(см); һ – кірпіш бойның ортасындағы қалындық,м(см).
Алынған нәтижелерді 1-кестеде келтірілген деректермен салыстырады.
1-кесте
Марки керамического кирпича
Формования
түрлері
|
Марка
|
Беріктік шегі МПа, кем дегенде
|
|
Қысу кезінде Ию кезінде
|
|
Бас үлгіге ортақ сан
|
Жеке үлгіге ең азы
|
Бас үлгіге ортақ сан
|
Жеке үлгіге ең азы
|
Пластическое
|
300
|
30
|
25
|
4,4
|
2,2
|
250
|
25
|
20
|
3,9
|
2
|
200
|
20
|
17,5
|
3,4
|
1,7
|
175
|
17,5
|
15
|
3,1
|
1,5
|
150
|
15
|
12,5
|
2,8
|
1,4
|
125
|
12,5
|
10
|
2,5
|
1,2
|
100
|
10
|
7,5
|
2,2
|
1,1
|
75
|
7,5
|
5
|
1,8
|
0,9
|
Полусухое
|
300
|
30
|
25
|
3,4
|
1,7
|
250
|
25
|
20
|
2,9
|
1,5
|
200
|
20
|
17,5
|
2,5
|
1,3
|
175
|
17,5
|
15
|
2,3
|
1,1
|
150
|
15
|
12,5
|
2,1
|
1
|
125
|
12,5
|
10
|
1,9
|
0,9
|
100
|
10
|
7,5
|
1,6
|
0,8
|
75
|
7,5
|
5
|
1,4
|
0,7
|
Әдибиет :
1. Попов Л.үН Лабораторные испытания строительных материалов и изделий М.,”Высшая школа”.1984г.
2. В.А. Воробьев. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов.М., “Высшая школа”,1978
3. ГОСТ на строительные материалы.
№ 4 зертханалық сабақ
Сабақ тақырыбы: Құмдағы органикалық қосылыстардың
мөлшерін анықтау.
Сабақ жоспары:
Құмдағы органикалық қосылыстардың мөлшерін анықтау үшін техникалық таразы, өлшеуіш және шыны цилиндр қолданылады.
Әдебиеттер:
1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004-701с.
2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е
3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005-576с.
№ 5 зертханалық сабақ
Сабақ тақырыбы: Тығыздалмаған қалпында құмның үйілген тығыздығын анықтау.
Сабақ жоспары:
Үйілген тығыздық өлшеуіш ыдыстарда құмды өлшеу арқылы анықталады.
№ 6 зертханалық сабақ
Сабақ тақырыбы: Құмдағы ұсақ және балшықты бөлшектердің
мөлшерін тұндыу арқылы анықтау.
Сабақ жоспары:
Құмдағы ұсақ және балшықты бөлшектердің мөлшері ірілігі 0,05 мм дейін бөлшектерді сумен жібітіп алып құм массасының өзгеруі бойынша анықталады.
Әдебиеттер:
1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004-701с.
2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е
3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005-576с.
№ 7 зертханалық сабақ
Сабақ тақырыбы: Құмның түйір құрамын және ірілік модулін анықтау.
Сабақ жоспары:
Түйір құрамы електердің стандартты жиынтығында құмды елеу арқылы анықталады.
Әдебиеттер:
1. Рыбьев И.А. Строительные материаловедение: учебное пособие для строит.спец.вузов/ И.А.Рыбьев – 2-е изд. испр. – М.: Высш.шк., 2004-701с.
2. Воробьев В.А. Лабораторный практикум по общему курсу строительных материалов: Уч. Пособие для строительных специальностей вузов. 4-е
3. Современные строительные материалы и товары. – М.: Из-во ЭКСМО, 2005-576с
Достарыңызбен бөлісу: |