Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы Сем



бет10/10
Дата12.06.2016
өлшемі5.72 Mb.
#130142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
(ОСӨЖ )

1. [Pt(NH3)4Cl2]Cl2 қосылыстағы комплекстүзгіштің координациялық саны мен тотығу дәрежесі

A) 6 және 4+ B) 4және 4+ C)4 және 2+

D) 2 және 0 E)6 және 2+

2. Калий хлоропентагидроксоплатинаты (IV) деп аталатын қосылыстың формуласы:

A) K2[Pt(OH)5Cl] C) K2[Pt(OH)6Cl2] E)K[Pt(H2O)7Cl2]

B) K[Pt(H2O)5Cl] D) K[Pt(H2O)5Cl2]

3.Комплексті ионның [Ni2 (NO) 2(CN) 6]4- атын атаңыз:

А) никель нитроцианид анионы

В) никель цианонитрит ионы

С) гексанитратоцианоникелет (III) анионы

Д) гексацианодинитроникелат (II) анионы

Е) гексанитродицианоникелат (III) ионы

4. Кешен ионының заряды бойынша кешен катионға жататын кешен қосылысын анықтаңыз.

A) [Co (NH3)2(NO2)3] B) K3 [AIF6] C) Na 2 [Zn (OH)4]

D) [Cr (NH3)5C1] SO4 E) K2 [PtC14]

5. Ацидокомплекске жататын кешен қосылысы:

A) [Cu(NH3)4]SO4 В)Na2[Pb(OH)4] C) K3[Al(OH)6]

D) [Cu (H2O) 4] SO4 E) K 2[Co (SO3)2]

6. Тұрақтылығы ең жоғары болаты кешен ионы:

A) [HgCl4]2- KТ-З=8,5.10-18

В) [HgBr4]2- KТ-З=1,0.10-21

C) [HgI4]2- KТ-З=1,5.10-30

D) [Hg(CNS)4]2- KТ-З=1,0.10-22

E) [Zn(CN)4]2- KТ-З=1,3.10-17

7. Құрамындағы комплекстүзгіш пен лигандаларға оңай ыдырайтын кешен ионын анықтаңыз.

A) [Ag(S2O3)2]3- KТЗ=1,0.10-13

В) [Ag(CN)2]- KТЗ=1,0.10-21

C) [Ag(SCN)2]- KТЗ=2,0.10-11

D) [Ag(NH3)2]+ KТЗ=5,9.10-8

E) [Ag(NO2)2]- KТЗ=1,3.10-3

8. Қандай қосылыстың ерітіндісінде Cu2+ иондардың концентрациясы ең аз болады?

A) CuSO4 C) Cu (NO3)2

B) CuCl2 D) [Cu (NH3)4] SO4 E) CuSO4.5H2O

9. Нитропентаамминкобальт (III) хлориді кешен қосылыстың формуласы:

A) [Co (NH3)3(NO2)2Cl]; D) [Co (NH3)5NO2] Cl;

B) [Co (NH3)5(NO2) Cl2]; E) [Co (NH3)5 Cl] (NO2)2;

C) [Co (NH3)3(NO2) Cl] Cl

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

1. [Cu(NH3)4]SO4 , K2[PtC16], K[Ag(CN)2] комплексті қосылыстардың атын атап комплекстүзгіштің тотығу дәрежесін және координациялық санын анықтаңыз.

2. [Cr(H2O)4Cl2]OH, K2[HgBr4], Na4[Fe(CN)6] комплексті қосылыстардың атын атап комплекстүзгіштің тотығу дәржесін және координациялық санын анықтаңыз.

3. Кобальт (III) координациялық саны =6 болса,CoCl3∙6NH3, CoCl3∙5NH3, CoCl3∙4NH3 комплексті қосылыстардың координациялық формулаларын жазып, аттарын атаңыз.

4. Кешен иондардың Ag(CN)2]- (KТ-З=1,0∙10-21 ), [Ag(NH3)2]+ ( KТ-З=6,8∙10-8 ) [Ag(SCN)2]- (KТ-З=2,0∙10-11) жақшадағы тұрақсыздық константаларKТ-З шамаларын пайдаланып, ерітінділердің мольдік концентрациялары бірдей жағдайда, Ag + иондарының концентрациясы жоғары болатын ерітіндіні анықтаңыз.

5. Комплекстүзгіштері Cr3+,Pd2+,Ni2+ болатын кешен ионардың [Cr(NH3)5NO3]x, [Pd(NH3)Cl3]x, [Ni(CN)4]x зарядын анықтап, комплексті қосылыстарын құрастырып, аттарын атаңыз.

6.Кешен иондардың[Co(CN)4]2-,[Hg(CN)4]2-, [Cd(CN)4]2- тұрақсыздық константаларының мәндері сәйкес 8∙10-20, 4∙10-41, 1,4∙10-17 . Ерітіндінің молярлы концентрациялары бірдей болса, CN иондардың концентрациясы үлкен болатын кешен ионың анықтаңыз.

7. Rb2[PbBr6]; K2[PbCl4], Na[Sb(SO4)2] қосылыстардағы комплекстүзгіштің тотығу дәрежесін, координациялық санын кешен ионның зарядың және KТ-З көрінісін жазыныз.

8. [Ag(NH3)2]+, [Fe(CN)6]4-, [PtCl6]2- кешен иондардың аттарың атап, тұрақсыздық константаларының көрінісің жазыңыз. Комплекстүзгіштің тотығу дәрежесін мен координациялық санын анықтаңыз.

9. [Zn(NH3)4]+, [Fe(CN)6]3-, [PtCl4]2- комплексті иондардың аттарын атап, тұрақсыздық константаларының көрінісің жазыңыз. Комплекстүзгіштің тотығу дәрежесін мен координациялық санын анықтаңыз.

10. Платина (II) комплекстүзгіштің координациялық саны 4 тең болса, PtC12∙3NH3; PtC12∙NH3.KCl; PtC12∙2NH3 кешен қосылыстардың координациялық формулаларын жазып, аттарын атаңыз.

11. Fe 3+, NH3, Cl-, K+ бөлшектердің тіркесімі бойынша жеті кешен қосылысты құрастыруға болады. Осы қосылыстардың формулаларын жазыңыз.

12. [Cr(CN)6]3- кешен ионның түзілу механизмің қарастырып, кеңістіктегі құрылысын анықтаңыз.

13.[AuCN2]- кешен ионы комплекстүзгіштің AO гибридтелу түрін анықтаңыз.

14. Құрамы CuCl2.4H2O және 4KCN.CoCN2 болатын қосылыстардың координациялық құрылысын қарастырып олардың координациялық формаларын жазып, атын атаңыз.

15. Кешен қосылыстардың формулаларын құрастырыңыз:

a) аммоний гексахлоропаллааты (IV) цезий дихлороаргенаты (I)

б) дихлоротетраамминкобальта (III) сульфаты

хлоротетраминотемір (III) хлориді

в) аммоний гидроксотрихлороаураты (III) индий (I) тетраиодоиндат(III)

д) бромотетраамминкобальт (III) нитраты

е/натрий бис (тиосульфато) аргенаты (I)

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ)

1. Есептеу жүргізбей ақ, мына процестердің қайсысы үшін энтропияның өзгерісі оң болатынын көрсетініз.

A) MgO (к) + H2 (г) = Mg (к) +H2O(c)

B) C (графит) + CO2 (г) = 2CO (г)

C) CH3COOH (сулы) = CH3COO-(сулы) + H + (сулы)

D) 4HCl (г) +O2 (г) =2Cl2(г) + 2H2O (г)

E) NH4NO3 (к) = N2O (г) + 2H2O (г)

2. Кез келген температурада мына жағдайлардың қайсысы мүмкін болады:

A) ΔH<0, ΔS>0 B) ΔH<0, ΔS<0 C) ΔH > 0, ΔS>0

3. Кез келген температурада мына жағдайлардың қайсысы жүзеге аспайды:

A) ΔH>0, ΔS>0 B) ΔH>0, ΔS<0 C) ΔH <0, ΔS<0

4. P=cont болған кезде реакция өзбетінше мына жағдайда жүреді:

A) ΔG>0; B) ΔG=0; C) ΔG<0; D) ΔS<0; E) ΔH>0

5. 4CO+2SO2=S2+4CO2 реакцияға қатысатын затардың стандарты жағдайдағы түзілу энтальпиялары (ΔH 0f) белгілі болса химиялық реакцияның жылу эффектісін ΔH 298 қалай есептеуге болады:

A) ΔH 0  298 = ΔH 0f (CO)+ ΔH 0f (SO2) - ΔH 0f (S2)- ΔH 0f (CO2);

B) ΔH 0  298 = ΔH 0f (S2) + ΔH 0f (CO2) - ΔH 0f (CO) - ΔH 0f (SO2);

C) ΔH 298 = 4ΔH 0f (CO)+ 2ΔH 0f (SO2) +2 ΔH 0f (S2)+4 ΔH 0f (CO2);

D) ΔH 298 = 4ΔH 0f (CO)+ 2ΔH 0f (SO2) - ΔH 0f (S2)-4 ΔH 0f (CO2);

E) ΔH 298 = ΔH 0f (S2) + 4ΔH 0f (CO2) -4 ΔH 0f (CO) -2 ΔH 0f (SO2);

6. PtCl2 (к) + Cl2 (г) =PtCl4 (к) реакцияның жылу эффектісін (кДж/моль) және реакция түрін анықтаңыз, егер стандартты жағдайда заттардың түзілу энтальпиялары ΔH 298 (кДж/моль):

PtCl2 (к) = -118,0; PtCl4(к) = -226,0 тең болса.



  1. -344, экзотермиялық D) 344, эндотермиялық

  2. -108, эндотермиялық E) -266, эндотермиялық

  3. -108, экзотермиялық

7. Энтропияның өзгеруі ΔS (ретсіздік) кему ретімен жүретін процесті анықтаңыз:

A) H2O (c) → H2O (г) D) 4HCl (г) + O2 (г) →2H2O (г) +2Cl2(г)

B) H2 (г) + Cl2 (г) →2HCl (г) E) 2NH3 (г) →N2 (г) +3H2 (г)

C) N2O4 (г) →2NO2 (г)

8. Азот диоксидінің стандартты түзілу жылуы: ΔH 298(NO2) =-33,5 кДж/моль. Келтірілген реакциялардың ішінен жылу эффектісі осы санға тең реакцияны белгілеңіз (T=298K).

A) N2+2O2 =2NO2; D) NO + 1|2 O2 =NO2;

B) 2NO +O2 =2NO2; E) 4NH3 +7O2=4NO2+6H2O

C) 1|2 N2 +O2=NO2;

9. Энтропияның өзгеруі ΔS өсу ретімен жүретін процесті анықтаңыз.

A) CaO (к) +H2O (с) = Ca (OH) 2 (к) D) C (графит) → C (алмаз)

B) NH3 (г) +HCl (г) = NH4Cl (г) E) 4Fe (к) + 3O2 (г) = 2Fe2O3 (к)

C) N2O4(г)→2NO2(г)

10. (NH4)2CrO4(кр) аммоний хроматының түзілу Гиббс энергиясы мына реакцияның Гиббс энергиясының өзгеруіне тең:

A) 2NH3 (г) +H2CrO4 (c) = (NH4)2CrO4 (к)

B) 2NH3 (г) +CrO3 (к) +H2O (с) = (NH4)2CrO4 (қ)

C) N2 (г) +4H2 (г) +Cr (қ) + 4O2 (г) = (NH4)2CrO4 (қ)

D) 2N(г)+8H(г)+Cr(г)+4O(г)=(NH4)2CrO4(қ)

E) (NH4)2CrO4 (ққ) =2NH3 (г) +CrO3 (қ) +H2O (с)

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

1. Термохимиялық теңдеулер бойынша реакциялардың экзо- немесе эндотермиялық екенің анықтаңыз:

C (г) + H2O (г) =CO (г) + H2 (г) ΔH0= +132кДж

CuO (к) + C (г) = C (к) +CO (г) ΔH0= +46 кДж

FeO (к) + CO (г) = Fe (к) +CO2 (г) ΔH0= - 12 кДж

MgO (г) + Al2O3 (г) = (MgAl2) O 4 (г) ΔH0= -39 кДж

2. Реакцияларды теңестіріп стандартты энтальпиясын есептеңіз.

A) ZnS (г) +O2 (г) = ZnO (г) + SO2 (г)

B) Al2 (SO4) 3(г) = Al2O3 (г) +SO3 (г)

C) AgNO3 (г) = Ag ( г) + NO2(г) +SO3(г)

D) SO2 (г) +H2S (г) = S (г) + H2O (ж)

3. ΔH 0 тұз. MgO(к)= -602 кДж /моль ; ΔH0 тұз. CO2(г)= -395,4 кДж/моль мәндерін және магний карбонатының MgO(к) мен CO2(г) заттарға ыдырау реакцияның жылуын (энтальпиясын) 115,6 кДж/моль пайдаланып MgCO 3(к) үшін стандартты түзілу жылуын есептеңіз.

4. Берілген термохимиялық тендеулер бойынша мышьяк (V) оксидінің жай заттардан стандартты түзілу энтальпиясын есептеніз.

4As(г) + 3O2(г) = 2As2O 3(к); ΔH0= - 1328 кДж

As2O 3(к) + O2(г) =As2O 5(г) ; ΔH0= - 261 кДж

5. Реакция тендеуі бойынша темір (III) оксидінің стандартты энтропиясын есептеңіз.

4FeO(к) + O2(г) = 2Fe2O3(к) : ΔS o х.р. = -259 Дж/К

6. Темір (III) оксидінің жай заттардаң стандартты түзілу энтропиясын:

4Fe(к) +3O2(г) = 2Fe2O3(к) берілгендер бойынша есептеңіз:

2Fe(к) +O2(г) = 2Fe2O(к) ; ΔS o (I)= -145 Дж/К

4FeO(к) + O2(г) = 2Fe2O3(к); ΔS o (II)= -259 Дж/К

7. T=1230 K температурада 2SO2 (г) + O2 (г) =2SO2 (г) реакцияның Гиббс энергиясын есептеңіз, егер реакцияның ΔH0= - 198 кДж және ΔS o =-187Дж/К болса. Осы жағдайда жабық жүйеде бұл реакция өздігінен жүре ме?

8. Төмендегі реакцияларды пайдаланып этиленнің C2H4 түзілу жылуын (ΔH0 тұз,298) есептеңіз:

C2H4(г) +3O2(г) =2CO2 (г) +2H2O(г) ; ΔH0 298=-1323 кДж

C (графит) + O2 (г) = CO2 (г) ; ΔH0 298=-393,5кДж

H2 (г) + 0,5 O2 (г) = H2O(г) ; ΔH0 298=-241,8 кДж


9. Төмендегі реакцияларды пайдаланып MgCO3 (к) –ң түзілу жылуын (ΔH0 тұз,298) есептеңіз:

2Mg (к) + O2 (г) = 2MgO (к) ; ΔH0 298=-1203,6 кДж

C (графит) + O2 (г) = CO2 (г) ; ΔH0 298=-393,5 кДж

MgO (к) + CO 2 (г) = MgCO3(к) ΔH0 298=-117,7 кДж

10. Төменде келтірілген реакциялардың ΔG0298 –ң мәндерін талдай отырып, қорғасын мен қалайыға қандай тотығу дәрежелері біршама тән екендігін анықтаңыз:

PbO2(к) + Pb(г) = 2PbO(к) ; ΔG0298 <0

SnO2 (к) + Sn(г) =2SnO(к) ; ΔG0298 >0

11. Есептеулер жүргізбей ақ төменде көрсетілген реакциялар жүру барысында жүйенің энтропиясы қалай өзгеретіндігін (таңбасын) анықтаңыз:

A) 2NH3 (г) = N2 (г) + 3H2(г) ;

B) 2CH3OH (г) + 3O2 (г) = 4H2O(г) +2CO2(г) ;

C) 2H2S (г) + 3O2 (г) = 2H2O(с) + 2SO2(г) ;

D) 2NO (г) + O2 (г) = 2NO2 (г)

12. Мына оксидтердің қайсысы 298 K температурада алюминиймен тотықсыздануы мүмкін: CaO, FeO, CuO, PbO, Fe2O3, Cr2O3? Жауабыңызды есептеулермен дәлелдеңіз.

13. Төменде көрсетілген реакцияның ΔG0298 мәнің есептеп стандартты жағдай мен 298 K температурада реакция қай бағытта өз еркімен жүретіндігін анықтаңыз:

N2(г) + 0,5 O2(г) = N2O(г) .

14. Төменде көрсетілген реакцияның ΔG0298 мәнің есептеп стандартты жағдай мен 298 K температурада реакция бай бағытта өз еркімен жүретіндігін анықтаңыз:

Fe2O3 (к) +3CO (г) = 2 Fe (к) +3CO2(г)

15. Төменде көрсетілген реакцияның ΔG0298 мәнің есептеп стандартты жағдай мен 298 K температурада реакция бай бағытта өз еркімен жүретіндігін анықтаңыз:

Cu (к) + ZnO (к) = CuO (к) + Zn (к)

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ)

1. Егер реакциялық 2NO + O2 →2NO2 ыдыстың көлемін 2 есе ұлғайтса реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді:

A) 4 есе азаяды; B)8 есе азаяды; C)4 есе өседі; D) 8 есе өседі

2. Жүйеге катализатор қосқанда реакция жылдамдығының өсуі немен түсіндіріледі:

А) активтендіру энергиясының азаюымен;

В) молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының өсуімен;

С) соқтығысу санының өсуімен;

D) активті молекула санының өсуімен.

3. 20 0 C температурада белгілі бір реакцияның жылдамдық константасы 10-4 мин -1 , ал 50 0 C температурада 8∙10-4 мин -1ге тең. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті нешеге тең:

A) 2; B)3; C)4; D)5

4. Келтірілген реакция үшін:

S(к) + O2(г) = SO2(г)

Әрекеттесу массалар заңының көрінісі:



  1. υ=k.C(S).C(O2) В) υ=k.C(O2) С) υ=k.C(S)

D) υ=k.C(S O2). Е) υ=k.C(S).C(O2) . C(S O2).

5. 2NH3(г) + HCl(г) →NH4 Cl(к) реакцияда аммиактың концентрациясын 2 есе арттырса реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

A) өзгермейді B)2есе артады C)2есе кемиді

D)4 есе артады E) 4есе кемиді

6. Әрекеттескен заттардың концентрациясын 2 есе артырса реакция:

2N2O5=2N2O4 +O2 жылдамдығы қалай өзгреді?



  1. 10 есе артады; B) 4есе кемиді; C)өзгермейді;

D)2 есе артады ; E) 4есе артады.

7. Температуралық коэффициент γ=3 болса, реакция жылдамдығын 81 есе кеміту үшін температураны неше градусқа төмендету керек?

A)40; B) 30; C)20; D)10; E)9

8. Тепе-теңдікті: 2CO2(г) + O2(г) ↔2CO2(г) +Q бастапқы заттарға (солға) қарай ығыстыру үшін:

А) СО концентрациясын арттыру керек

В) температураны кеміту керек

С) қысымды арттыру керек

D) CO2 концентрациясын кеміту керек

Е) температураны арттыру керек

9. 2NH3(г) +5NO2(г) = 7NO(г) + 3H2O(г) реакциядағы аммиактың концентрациясын 4 есе артырса, реакция жылдамдығы неше есе өседі?

A) 2 B) 16 C) 32 D) 128 E) 512

10.Температураны 70 0C- ден 40 0C-қа дейін төмендетсе, реакция жылдамдығы қалай өзгереді ( γ=3)?

A) 3есе кемиді B) 9 есе артады C) 27 есе артады

D) 27есе кемиді E) 30есе артады

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

1.A және В заттарының арасындағы реакция А+2В→С теңдеуімен өрнектеледі. Бастапқы концентрациялар [A]0 = 0,03моль/л, [B]0=0,05моль/л құрайды. Реакция жылдамдығының константасы 0,4. А затының концентрациясы 0,01 моль/л ге азайғандағы біраз уақыт өткеннен кейінгі жылдамдығын және реакцияның бастапқы жылдамдығын табыңдар.

2. Егер a)жүйедегі қысымды 3 есе арттырса ;б) жүйенің көлемін 3 есе азайтса ; в) NO концентрациясын 3есе арттырса, 2NO(2) +O2(г) →2NO2(г) реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді?

3. Егер температураны 30 0C-қа көтергенде, реакция жылдамдығы 15,6 есе өссе, реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті нешеге тең?

4. Реакцияның жылу эффектісі оның активтендіру энергиясына тәуелді ме? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

5. Егер тура реакция жылу бөле жүрсе, онда қандай бағыттағы тура немесе кері реакцияға үшін активтендіру энергиясы үлкен болады?

6. Егер 280 K-ге қарағанда реакция жылдамдығы 300K-та 10 есе көп болса, реакцияның активтендіру энергиясының мәні неге тең?

7. O3 (г) +NO(г) →O2(г) + NO2(г) реакциясының активтендіру энергиясы 10 кДж/моль-ге тең. Температураны 27 oC- ден 37 0C-ге дейін көтергенде реакция жылдамдығы неше есе өзгереді?

8. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті активтендіру энергиясының мәніне байланысты ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

9. 2SO2 + O2 =2SO3 теңдеу бойынша:

а)оттегінің концентрациясын 2 есе өсіргенде ;б) SO2 нің концентрациясын 3 есе өсіргенде жылдамдығы қалай өзгереді?

10. Реакцияның жылдамдығын 9 есе арттыру үшін берілген реакциядағы 2H2S+SO2=3S+2H2O күкіртсутек пен күкірт (IV) оксидінің концентрацияларын неше есе өсіру керек?

11. 2Fe(қ) + 3Cl2(г) = 2FeCl3(қ) реакцияның жылдамдығы қысымды 3 есе арттырғанда қалай өзгереді?

12. Газдар қоспасының температурасын 140 0C-ден 110 0C-ге дейін төмендетсе температуралық жылдамдық коэффициенті 3-ке тең реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді?

13. Температура 45 0C-ге төмендегенде 25 есе баяулайтын реакция жылдамдығының температуралық жылдамдық коэффициентін табындар.

14. Жабық ыдыста тепе-теңдік орнаған:

CO2 (г) + H 2 →CO(г) + H2O(г) ; тепе-теңдік константасы бірге тең.

a) Егер берілген температурада 1 моль CO2 және 5моль H2 араластырса, CO2 нің қанша проценті CO-ға айналады;

б) егер тепе тендік орнағанда реакцияға сутектің бастапқы мөлшерінің 90% реакцияға түссе, CO2 мен H2 қандай көлемдік қатынаста араластырылған?

15. N2(г) + 3H2(г) →2NH3(г) ΔH 0 =-92,4кДж жүйесінде тепе-тендік кезінде қатысатын заттардың концентрациялары тең : [N2]=3 моль/л ; [H2]=9 моль/л ; [NH3]=4моль/л.

a) H2 және N2 бастапқы концентрацияларын;

б) температураның өсуімен тепе-тендік қалай қарай ығысатын;



в) реакциялық ыдыстың көлемін кішірейтсе тепе-тендік қай бағытқа ығысатынын анықтандар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет