ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ
|
3 дәрежелі СМЖ құжат
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-14.1.44/01-2014
|
«Жобалық іс» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің
оқытушы үшін пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
|
№1 баспа
6.01.2014 ж.
|
5В072900 “Құрылыс”мамандығының студенттеріне арналған
“ Жобалық іс ”
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Семей 2014
-
Дәрістер
-
Практикалық сабақтар
-
Студенттің өздік жұмыстары
№1 дәріс.Тақырып: ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.
Дәріс сұрақтары:
-
Ғимараттар, олардың элементтері, конструктивті желілер және таптастыру
2. Ғимараттардың конструктивті желілері
3. Ғимараттарға қойылатын талаптар. Ғимараттардың таптастырылуы.
1.Ғимараттар, олардың элементтері, конструктивті желілер және топтастыру.
Барлық салынған құрылыстар, имарат деген жалпы атқа ие.
Имараттардың түрлері мен міндетіне қарай көптеген құрулардың ішінен жалпы мінездемеге ие, ғимараттар деп аталатын құрылыстың кең тобын ерекше-леуге болады.
Ғимараттар деп жерде орналасқан құрылыстарды атайды, оларда адам тір-шілігінің түріне байланысты қажетті бөлмелер орналасады. Мысал ретінде тұрғын үйлерді, мектептерді, театрларды, гараждарды, фабрика-зауыт корпустарын және тағы басқаларды келтіруге болады.
Сонымен бірге ғимарат деп кейбір имараттарды атауға болмайды (мысалы: көпірлер, бөгеттер немесе радиодіңгектер), оларда негізгі міндеттерді анықтай-тын не бөлмелер, не бөлек бөлімдер болмайды. Мұндай имараттарды инженерлік деп атайды.
Ғимараттың ішкі кеңістігі бөлмелерге бөлінеді. Егер бөлмелердің едендері бір (немесе шамамен бір) деңгейде орналасса, олар қабат құрастырады .
Ғимараттарды қабаттылығына қарай: бір қабаттылар және көпқабатты-ларға бөледі.
Қабат еденінің тротуарға немесе отмосткаға (ғимаратты айнала тас төсел-ген немесе асфальтталған жолаққа) қатынасы бойынша орналасуына байланысты, жер бетіндегі қабат деп атайды. Оның едені отмостка немесе тротуар деңгейінде орналасады; цокольдік (немесе жартылай үй асты), оның едені отмостка немесе тротуар деңгейінен төмен, бірақ бөлменің жарты қабатынан артпай төмендетіледі; үй астылық, оның едені отмостка немесе тротуар деңгейіне қарағанда бөлменің жарты биіктігінен артығырақ төмен орналасады; ал егер бөлме шатыр кеңістігінде орналасқан болса, ол мансардалық деп аталады.
Ғимараттар міндеттеріне байланысты әртүрлі болып бөлінеді. Бірақ олардың бәрін: азаматтық, өндірістік және ауылшаруашылық деген үлкен үш топқа бөлуге болады.
Азаматтық ғимараттарға, адамдардың тұрмыстық және қоғамдық-мәдениет қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін арналған ғимараттарды жатқызады, мыса-лы: тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, театрлар, вокзалдар, дүкендер, мекеме-лер және тағы басқалар.
Өнеркәсіп ғимараттарына, көлік пен өнеркәсіп өндірісіне қызмет көрсететін ғимараттарды жатқызады, мысалы: фабрикалардың, зауыттардың, шеберханалар-дың, электр станцияларының, паровоз деполарының және тағы басқалардың кор-пустары кіреді.
Ауылшаруашылық ғимараттарға, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарын қана-ғаттандыруға арналған ғимараттарды жатқызады, мысалы: сиыр қоралар, шошқа қоралар, теплицалар (өсімдіктер өсіретін жылы жайлар), ауылшаруашылық өнім-дерінің қоймалары және басқалар.
Ескеретін жағдай: бұндай бөлу белгілі мөлшерде шартты, себебі негіздері бірдей ғимараттардың кейбір түрлерін әртүрлі топтарға жатқызуға болады.
Әр түрлі міндет атқаратын ғимараттардың сыртқы және ішкі пішіндерінің арасында бар өзгешіліктерде, үлкен айырмашылықтарға қарамастан, олардың бар-лығы өзара байланысқан, бірнеше негізгі сәулеттік-конструктивті, толығынан ай-қын функция атқаратын элементтерден тұрады.
Ғимараттардың негізгі элементтерін келесі топтарға бөлуге болады :
а) ғимараттарда пайда болатын, негізгі жүктеуді қабылдайтын, күштеу көтеруші;
б) қоршаушы, бөлмелерді бөлуші, сонымен қатар атмосфералық әсерлерден оларды қорғаушы және ғимараттарда айқын температураны қамтамасыз етуші;
в) күштеу көтеруші және қоршау функцияларын атқарушы элементтер.
Ғимараттардың негізгі элементтеріне (немесе бөлімдеріне): іргетастар, қа-бырғалар, жабындар, бөлек тіректер, жабулар, қалқалар, сатылар, терезелер, есік-тер, шамдар жатады (1.1 сурет).
|
1.1 сурет. Күштеу көтеруші сыртқы және ішкі қабырғалы азаматтық ғимарат:
1 — іргетастар; 2 —сыртқы қабырғалар;
3 — ішкі қабырғалар; 4 —жабындар;
5 — жабулар; 6 — қалқалар; 7 —саты
|
Іргетас деп ғимараттың жер асты контрукциясы аталады, оның негізгі міндеті ғимараттан түсетін жүктеуді қабылдап негізге беру. Негізбен тікелей түйісе-тін іргетастың төменгі жазықтығы іргетастың табаны деп аталады. Тікелей жер бе-тінен іргетастың табанына дейінгі аралықты іргетасты салу тереңдігі деп атайды.
Негіз болып табиғи топырақ қабаты қызмет ете алады. Олар егер іргетас салу тереңдігінде салынған ғимараттан түсетін қысымды қабылдауға арналған қа-жетті қабілеттілікке ие болса - табиғи негіз, жасанды - нығыздалған немесе күшей-тілген топырақ (жасанды негіз) деп бөлінеді.
Қабырғалар бөлмелерді сыртқы кеңістіктен (сыртқы қабырғалар) немесе басқа бөлмелерден бөледі (ішкі қабырғалар). Осымен олардың қоршаушы функ-циялары түзеледі. Бұдан басқа, қабырға тек өзіне меншікті салмақтан ғана емес, сонымен қатар ғимараттың жоғары жатқан бөлімдерінен (жабындардан, жабулар-дан және басқа) жүктеуді көтереді және күштеу көтеруші функцияны орындай алады. Өзіне меншікті салмақтан басқа, басқа конструкциялардан салмақ қабыл-дап, іргетасқа беретін қабырғалар күш көтеруші деп аталады.
Іргетасқа сүйенуші және барлық биіктік бойынша өзіне меншікті салмақты көтеруші, бірақ ғимараттың басқа бөлімдерінен күш қабылдамайтын қабырғаны, өзін өзі көтеруші деп атайды.
Ақырында, тек қоршаушы болып қызмет ететін және өзіне меншікті күшті тек бір қабат шегінде көтеріп, ғимараттың басқа элементтеріне тірелетін қабырға-лар күш көтеруші емес (аспалылар) деп аталады.
Жабындар деп, ғимараттың ішкі кеңістігін қабаттарға бөлетін конструкция-ларды атайды. Жабындар қабаттарды және онда орналасқан бөлмелерді жоғары-дан және төменнен шектейді (қоршаушы функциялары), сонымен бірге өзіне мен-шікті салмақтан басқа, ғимаратта табылатын пайдалы жүктеуді, яғни адамдардың, жабдықтардың және заттардың салмақтарын көтеруші (күш көтеруші функциясы) контрукциялары болып табылады. Одан басқа, жабындар ғимараттың кеңістік қаттылығын қамтамасыз етуде өте зор роль атқарады, яғни барлық мүмкін күштер ықпалынан болатын конструктивтік желінің тұрақсыздығын болдырмайды.
Ғимараттарда орналасуына байланысты жабындар: қабат аралық - қабат-тарды биіктігі бойынша шектеуші; шатырлық – жоғарғы қабатты шатырдан бөле-тін; төменгі – төменгі қабатты жерден бөлетін және үй астының үстіңгісі – бірінші қабатты үй астынан бөлетін болып бөлінеді.
Бөлек тіректер деп (1.3 суретті қара) тік тіреуді атайды (бөренелер немесе бағаналар), жабындар мен жабуларды, ал кейде қабырғаларды да сүйемелдеуге және олардан жүктеуді іргетастарға беруге арналады.
Жабындар тіке бағаналарға немесе, көбіне, олардың үстіне орналастырыл-ған прогондар немесе ригельдер деп аталатын арқалықтардың (белағаштардың) үстіне сүйенеді.
Бағаналар мен беғлағаштар ғимараттың ішкі қаңқасын құрастырады .
Жабу ғимаратты үстіңгі жағынан атмосфералық тұнбалардан, күн сәулесі-нен және желден қорғаушы конструкция болып табылады. Жабудың жоғарғы су өткізбейтін қабығы шатыр деп аталады. Жабу шатыр жабынымен бірге ғимарат жабуын құрастырады. Көбіне азаматтық және өндіріс ғимараттары шатырсыз салынады. Бұл жағдайда шатыр жабынымен жабудың функциясын шатырсыз жа-бу деп аталатын бір конструкция атқарады.
Қалқалар деп салыстырмалы, бір қабат шектерінде ішкі кеңістікті бөлуге қызмет етуге арналған жіңішке қабырғаларды атайды. Қалқалар әрбір қабатта жабындарға сүйенеді және өзіне меншікті салмақтан басқа, ешқандай жүктеуді алып жүрмейді .
Сатылар қабаттар арасын байланыстыру үшін қызмет етеді. Өртке қарсы ережелерге байланысты, саты торлары деп аталатын, арнайы, қабырғалармен қор-шалған бөлмелерде орналастырылады.
Бөлмелерді табиғи жарықпен жарықтандыру және оларды желдендіру үшін терезелер, ал көршілес бөлмелер мен бөлме арасын және сыртқы кеңістікпен қаты-нас үшін есіктер қызмет етеді. Бөлмелерге ірі жабдықтарды кіргізу немесе көлік құралдарын енгізу үшін кейбір жағдайларда есіктерден басқа қақпалар орналас-тырады.
Күн тартарлар (фонарьлар) деп арнайы контрукцияларды атайды. Олар бөлмелерді жарықтандыру және желдету үшін (егер бұл мәселе терезелер көмегі арқылы шешілмесе) жабында орналастырылады. Негізінен күн тартарлар бір қа-батты өнеркәсіп және салыстырмалы сирек азаматтық ғимараттарда құрылады.
Жоғарыда келтірілгендерден басқа, конструктивті элементтер бар, (мысалы: балкондар, кіріс алаңдар, терезелер алды орлар, үй астылар және тағы басқалар). Оларды ешбір көрсетілген топтарға жатқызуға болмайды.
Талап қойылатын еңбектің гигиеналық және тұрмыстық шарттарын қамта-масыз ету үшін, ғимарат арнайы санитарлық-техникалық және инженерлік қон-дырғылармен (жылыту, желдету, газбен қамтамасыз ету, тамақ дайындауға арнал-ған плиталар немесе пештер, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету, канализа-ция, қоқыстарды шығару, жасанды жарықтандыру, радиоландыру және тағы бас-қалармен) жабдықталады.
Бұл қондырғылардың элементтері осы курста, ғимараттардың конструк-цияларымен тығыз байланысқан кейбір бөлшектері болмаса, қарастырылмайды.
2. Ғимараттардың конструктивті желілері
Ғимаратта іргетастар, қабырғалар, бөлек тіректер, ригельдер, жабындар не-гізгі күш көтеруші контрукциялар болып табылады және жиынтықта ғимараттар-дың негізгі қаңқасын құрастырады. Негізгі қаңқа ғимаратқа ықпал ететін жүктеу-лерді қабылдауы және барлық мүмкін ыңғайсыз комбинацияларда әсерлі күштерге оның кеңістікті қаттылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиісті.
Негізгі қаңқа түріне байланысты көбінесе қолданылатын ғимараттардың конструктивті желілері келесідей бөлінеді:
- сыртқы және ішкі жүктеу көтеруші қабырғалы ғимараттар;
- қаңқалы ғимараттар, бұларда барлық жүктеуді тіректер жүйесі (бағаналар) қабылдайды.
Соңғылар көлденең байланыстармен бірге (арқалықтар, белағаштар) жиын-тықта ғимарат қаңқасын құрастырады .
Бұл негізгі желілерден басқа аралық және құрастырылған желілер бар.
Конструктивті желілерді бірнеше үлгілерде қарастырып көрейік.
Күштеу көретуші сыртқы және ішкі қабырғалы көп қабатты ғимараттың конструктивті желісі 1.1 суретте көрсетілген.
Бұндай ғимараттардың күштеу көтеру қаңқасы, көлденең және тік диафраг-ма құрайтын, жабындар және ішкі (әсіресе көлденең) қабырғалар арқасында кеңіс-тік қаттылықты қамтамасыз ететін, қорап тәрізді болады. Бұндай күштеу көтеру қаңқаның тұрақтылығы қабырғалар тұрақтылығына, жабындар қаттылығына және осы элементтердің тиісті байланыстарына тәуелді болады.
Бұндай ғимараттардың әдетте кездесетін енінде (9-18 м) олардың жабулары-на ішкі аралық тіректерді міндетті түрде қою қажет, себебі олардың күш көтеруші элементтерінің тіреулері арасындағы қашықтық темірбетон жабындары үшін 5-7 м, ал ағаш жабындар үшін 4,5-6 м шамадан аспауы тиісті (болмаған жағдайда эко-номикалық тұрғыдан жабындар қымбат болады).
Жабулар үшін арналған аралық тіректер ретінде:
1) ішкі көлденең қабырғалар;
2) ішкі бой қабырғалары;
3) бөлек тұратын тіректер (бағаналар) қызмет ете алады.
Жабулар сүйенуінің бірінші түрі (1.2 сурет, «а») ішкі қабырғалардың жалпы бойлығын үлкейтуді талап етеді. Бірақ оны қолдану бір қатар жағдайларда ақтал-ған болып табылады, өйткені бұл жағдайда сыртқы бой қабырғалар жабындардан жүктеу қабылдамайды, сондықтан конструкцияны едәуір жеңілдетуге болады. Келешекте жоғары әсерлі қабырғалық материалдардың өндірісі дамыған сайын бұл нұсқа кең тарау алу тиісті.
1.2 сурет. Күштеу көтеруші сыртқы және ішкі қабырғалы ғимараттардың желілері:
а - көлденең күштеу көтеруші қабырғалы; б - бой күштеу көтеруші қабырғалы; 1- іргетас;
2- көлденең күштеу көтеруші қабырға; 3- өзін өзі көтеруші бой қабырға; 4- бой күштеу көтеруші қабырға; 5- көлденең қабырға; 6- жабын панелі; 7- үй асты қабат едені
Екінші нұсқада ішкі көлденең қабырғаларды, тек бой қабырғаларының тұрақтылықтарын қамтамасыз ету үшін, ал жабындарды сүйеу үшін, бір немесе екі ішкі қабырғалар орналастырылады (1.2 сурет «б»).
1.3 суретте, ішкі қабырғалардың орнына жабындарды тірейтін, бөлек тұрған белағаштар сүйенетін бағанар қойылған ғимарат бейнеленген. Бұндай ғимараттар-да ішкі қабырғалар тек сыртқы қабырғалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті жерге, саты торларын қоршау үшін немесе түтін және желдету түтік-терін орнату үшін ұйымдастырылады. Бұл нұсқа кең тараған, өйткені ішкі қабыр-ғаларды бағаналарға ауыстыру материалдардың үнемділігін және бөлмелердің пайдалы ауданын арттыруға қол жеткізеді.
Қабаттың ішкі кеңістігі бір үлкен бөлме болуы керек болса, ішкі қабыр-ғалардан бастартуға тура келеді. Бұл жағдайда жабындарды сүйеу үшін тіреулер торы деп аталатын, бағаналардың орталықтары арқылы өткізген білігі жоспарда тікбұрышты тор құратын, паралельді қатарлармен орналасқан бағаналар жүйесі жасалады (1.4 сурет). Тіректердің бойлай қатарлары арасындағы ара қашықтықты аралық деп, ал қатардағы бағаналар біліктерінің қашықтығын бағаналар қадамы деп атайды.
1.3 сурет. Бір қатар бағаналар орнатылған ішкі қаңқалы ғимарат: 1- бағаналар; 2- аралықтар; 3- бағаналар элементтерінің жапсары; 4- жабын панелі; 5- сыртқы күштеу көте-руші қабырғалар; 6- саты торының қабырғасы;7- үй асты едені
Ғимараттың күштеу көтеруші қаңқасы бұл жағдайда іргетастардан, сыртқы күштеу көтеруші қабырғалардан, ішкі қаңқадан және жабын элементтерінен тұра-ды. Ішкі қабырғалар жоқ болу салдарынан, бұндай ғимараттарда сыртқы қабырға-лардың тұрақтылығын негізінде қаңқа элементтері мен жабындар қамтамасыз ете-ді.
Сондықтан оларды қабырғалармен өте сенімді бекіту керек. Конструктивті желінің бұндай шешімі (күштеу көтеруші қабырғалы және ішкі қаңқалы ғимарат-тарда) маңызды динамикалық жүктеуі жоқ көп қабатты азаматтық және өнеркәсіп-тік ғимараттарда қолданылады.
1.5 суретте көпқабатты қаңқалы ғимараттың конструктивті желісі көрсетіл-ген. Ғимараттың едәуір биіктігіне немесе үлкен, әсіресе динамикалық, күштеу кө-теруге лайықты, ал кейде қолдануға жалғыз мүмкін, қаңқалық желі болып табыла-ды.
Қаңқалы ғимараттарда қаңқа тіреулері ғимараттардың ішкі жағында да, сыртқы қабырғалар периметрі бойынша да қойылады. Олар көлденең байланыс-тармен (арқалықтармен, белағаштармен) бірге кеңістік қатты жүйені құрастыра-ды. Бұндай қаңқаның ішкі (толық емес) қаңқадан айырмашылығы толық деп аталады .
Қаңқалы ғимараттың түбегейлік айырмашылығы, мұнда күш көтеруді қаңқа қабылдайды, ал қабырғалар қаңқа элементтерінің толтырғышы болып табылады. Олар тек қоршау функциясын атқарады.
1.4 сурет. Сыртқы күштеу көтеруші және үш қатар бағаналы ішкі қаңқасы бар көп қабатты ғимарат: 1- сыртқы күштеу көтеруші қабырғалар; 2- ішкі қаңқа бағаналары;
3- арқалық; 4 –қабат аралық жабындар; 5- саты торының қабырғалары
1.5 сурет. Қаңқалы ғимарат желісі: 1- сыртқы қатар тіреулері (бағаналар);
2- ішкі тіреулер (бағаналар); 3-қаңқа белағашы (арқалық); 4- жабын панельдері;5-қабырғалар
Қабырғалар бұл жағдайда өзін өзі көтеруші де, көтермейтін де бола алады.
Өзін өзі көтеруші қабырғаларда (салыстырма ауыр материалдардан, мысалы кірпіштен қаланған) қаңқа күшті тек жабындар мен жабулардан қабылдайды, ал қабырғалар бөлек іргетасқа немесе іргетас арқалығына ұштарымен іргетас бағана-ларына сүйеніп орналастырылады.
Өзін өзі көтермейтін (аспалы) қабырғалар әрбір қабатта қаңқаның шеткі (бү-йір) элементтеріне бекітіледі және сөйтіп өзінің салмағын сыртқы қатар тіреуле-ріне береді (1.6 сурет).
|
Бұндай қабырғалар тек бір қабат шектерінде ғана өзінің салмағын алып жүре алатындығынан, оларды жеңіл, салыстырмалы аз беріктікті, бірақ аз жылу өткізгіш материалдардан орындауға бола-ды.
Көтергіш қабырғалардың қалыңдығы берік-тік шарттарымен анықталатын болғандықтан және көпқабатты ғимараттардың төменгі қабаттарында жоғарғы қабаттарға қарағанда жиі қалыңырақ та-ғайындалатындықтан, жүктеу көтермейтін қабыр-ғалардың қалыңдығы ғимараттың барлық биіктігі бойынша бірдей, негізінен жылу техникалық шарттармен анықталып, қабылданады.
Көп қабатты ғимараттарда қаңқа үшін қол-данылатын негізгі материалдар темірбетон немесе болат. Биіктігі кіші және түсетін жүктеулері аз болған жағдайда қаңқаның тіреулерін кірпіштен немесе басқа тас материалдардан дайындауға бо-
|
Рис. 1.6. Навесная стена: 1 — железобетонная колонна; 2 — навесная стеновая панель; 3 — стальной опорный столик, укрепленный на колонне
|
лады.
Азқабатты ағаш қаңқалы құрылыста қаңқаның барлық элементтері ағаштан дайындалады.
Бір қабатты өнеркәсіп ғимараттары өзінің конструктивті шешімдері бойынша көп жағдайларда азаматтық ғимараттардан да, көп қабатты өнеркәсіп ғимаратта-рынан да едәуір ерекшеленеді. Бұл едәуір мөлшерде, оларда болатын технология-лық процестердің ерекшелігімен ескеріледі. Бірқабатты өнеркәсіп ғимараттарына келесі мінездемелер тән: ірігабаритті қондырғылар мен бұйымдарды орналастыру үшін қажетті үлкен және биік бөлмелер; ғимарат ішіндегі арнайы көтеру-көлік жабдықтар; керек болған жағдайда кең бөлмелерді жоғарғы жарықпен (күн тар-тарлар арқылы) жарықтандыруды қамтамасыз ететін шатырсыз жабулар.
Бір қабатты өнеркәсіп ғимараттары, аралықтар ені 36 м дейін және одан жо-ғары, және бағалардың бой қадамы 6, 12 м дейін және одан жоғары болса, бір аралықты және көп аралықты болады. Бір қабатты өнеркәсіп ғимараттарының биіктігі сондай-ақ кең шектерде (3,6-дан 30 м дейін) қолданылады.
Бір қабатты өнеркәсіп ғимараттарда жабулардың көтеруші элементтерінен, сондай-ақ кран жабдықтарынан түсетін динамикалық (тік және көлденең) шоғыр-ланған салмақ күштері едәуір мөлшерге жетеді. Сондықтан бұндай ғимараттарда көтеруші қаңқа үлкен кеңістік қаттылыққа ие болуы тиісті, және іс жүзінде қаңқа жүйесінде қолданылады.
|
|
1.7сурет. Бірқабатты біраралықты өнеркәсіп ғимараттарының көлденең қималары: а –аспалы краны бар қаңқалы; 6 –көпірлі кранмен жабдықталған қаңқалы; в –көтеруші қабырғалы, қаңқасыз; 1 – бағаналар іргетастары; 2 – қаңқа бағаналары; 3 – жабудың көтеруші конструкциясы (бөрене); 4 - жабудың көтеруші конструкциясы, (ферма); 5 – шатырсыз жабу; 6 - қабырғалар; 7- іргетас бөренелері; 8 – кранасты бөренелері; 9 – байлау бөренелері; 10 – көтеруші қабырға; 11 - аспалы кран-бөрене; 12 – көпірлі кран
|
Бір қабатты, аспалы көтеру-көлікпен жабдықталған ғимараттың үлгісі 1.7,а суретте, ал бір қабатты, көпірлі кранмен жабдықталған ғимараттың үлгісі 1.7, б су-ретте келтірілген.
Бұндай ғимараттардың қаңқасы темірбетон немесе, ауыр крандардың, көте-руші жабу конструкцияларының көлденең бағытта өзара байланыстырылған болат бағаналарынан (тіреулерден) түзеледі. Бұл жағдайда тіреулер мен көтеруші жабу элементтері (бағаналар, фермалар) қаңқаның бой бағытында өзара байланысқан көлденең раманы құрастырады. Бұндай бой байланыстары, жабу элементтері – тақталар, прогондар, арнайы «жел» байланыстары, ал сыртқы қабырға кеңістігінде – көпір крандарының рельстерін орналастыратын кран асты бағаналар, сонымен қатар қабырға толтырғыштарын сүйемелдейтін, байланыс бағаналар (1.7, а суре-тіне қара) болып табылады. Бұл жағдайда қабырғаның астыңғы бөлігі іргетасқа сүйенеді.
1.7, а суретте көрсетілген үлгіден, 1.7, б суреттің айырмашылығы, сыртқы қабырға өзінің жүктеуін темірбетон бағаналарға бермей, іргетас бөренелері арқы-лы іргетас бағаналарына (немесе кейде дербес іргетасқа) сүйеніп, өзін-өзі көтеру-ші болып табылады. Қабырғаның тұрақтылығы оның қаңқа тіреулерімен байла-ныстыру арқылы қамтамасыз етіледі .
|
1.8. сурет. Көпаралық бір қабатты ғимарат: 1- бағананың іргетастары; 2 - сыртқы бағаналар қаңқасы; 3 - ішкі бағаналар қаңқасы; 4 -көтеруші жабу контрукциялары; 5 - жабудың қоршау бөлімдер тақталары; 6 - өзін өзі көтеруші қабырға; 7- іргетас бөренелері; 8 - кран асты бөренелері; 9 – қабырғаның бүйір жақ бағаналары
|
1.9 сурет. Темірбетон қаңқалы көп аралық ғимараттың көлденең кесіндісі: а –көп құламалы төбемен; б - жалпақ төбемен; 1- іргетастар; 2- қаңқа бағаналары; 3- жабудың көтеруші элементтері; 4- кран асты бөренелер; 5- қабырғалар; 6 – іргетас бағаналары; 7- шатырсыз жабу; 8- ішкі су ағарлар; 9- көпірлі крандар; 10- коммуникацияларды өткізуге арналған тесік; Н- бөлменің толық биіктігі; Нs- еден деңгейінен кран асты рельстің үстіңгі деңгейіне дейінгі биіктік
Кейбір жағдайларда ҚР құрылыс жөніндегі Комитетінің рұқсатымен аралығы 12 м аспайтын крансыз ғимараттар қаңқасыз көтеруші сыртқы қабырғалы болып жобалануы мүмкін (1.7, в сурет). Керек болған жағдайда бұндай қабырғалар жабулар көтеруші элементтерінің сүйенетін жерлерінде орналасатын жуандаулар-мен (пилястрлармен) күшейтіледі.
Бір қабатты өнеркәсіп ғимараттарда жүретін технологиялық процестер ерек-шеліктеріне байланысты, кейде өте кең цехтер салу қажет болады. Осы жағдайда көп аралық ғимараттарды салу тиімді болып табылады. Олардың үлгілері 1.8 және 1.9 суреттерде келтірілген. Бұндай ғимараттардың жабуы көп құламалы немесе жайпақ болып жасалады. Су жабындардан арнайы шұңқырлар арқылы және ішкі су ағатын құбырлармен нөсерлі канализациялық жүйелерге ағызып жіберіледі.
Бір қабатты өнеркәсіп ғимарат әр түрлі ен аралықты және биіктікті болуы мүмкін. Металлургиялық, химиялық және басқа саладағы цехтер арасына арнал-ған, бұндай конструктивті желі, технология және жабдықтарды орналастыру та-лаптарына тән қасиет. Сонымен бірге ол бөлмелерді желдетуге (әсіресе үлкен өн-дірістік жылу, түтін немесе газ шығаратын цехтерге маңызды) қолайлы жағдай жасайды.
Өнеркәсіптік ғимараттардың жаңа алдыңғы қатарлы шешімдерінің негізінде келесі принциптер жатыр:
1) Негізгі және қосылқы цехтерді, сонымен қатар жалпы технологиялық про-цестермен байланысқан көршілес өндірістерді бір төбе астына біріктіру. Бұндай ғимараттың, жоғарыда қаралған жеңіл құрылыстардан айырмашылығы, блок-талған деп аталады. Оларды қолдану едәуір өнеркәсіп мекемелерінің аумағын қыс-қартады.
2) Жұмыста қолдануы күрделі, конструкциясы қымбат тұратын және цехтерде күндізгі жасанды жарықпен (люминесценциямен жарықтандыру) жарықтандыру-мен жабдықтаудан бас тарту;
3) Бағаналар торларын ірілендіру;
4) Құламалы төбелерді құрудан бас тарту және аз еңісті немесе еңісі жоқ жалпақ төбелер салуға көшу;
5) Әсерлі құрылыс материалдары мен конструкция материалдарының берік-тік қасиеттерін барынша толық қолдану, конструкция салмағын азайту, еңбек шы-ғынын қысқарту және жергілікті құрылыс материалдарын қолдану.
Келтірілген азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттардың конструктивтік же-лілері ғимараттар және негізгі элементтердің міндеттері туралы тек алдын ала жалпы ұғым береді. Бұл үлгілермен конструктивті шешімдердің әр түрлілігі шек-телмейді, себебі олар құрылыс ғылымының дамуына сәйкес өзгереді және жетілді-ріледі, мысалы, ғимараттардың фермааралық қабаттары.
Достарыңызбен бөлісу: |