Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік



бет3/7
Дата08.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ТӘТІҚАРА АҚЫН

Тәтіқара ақын – 18-ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының көрнектілерінің бірі. Абылай бастаған сарбаздардың айтулы жырауы. Жалаң қылыштай өткір мінезімен, табан астында суырып салма шапшаң айтқыштығымен жорықтастары алдында үлкен беделге ие болған. Аспаннан бұрқаған қара дауылдай, жерден шыққан қара пәледей жау төнгенде, яғни жасақтардың барар жер, басар тауы қалмай тығырыққа тірелгенде көптің көш бастайтын серкесі іспеттес. Жырау - халықтың қорғаны, ол ең алдымен өзін емес, өзгені ойлаған. Ел аузындағы деректерге сүйенсек, Тәтіқара Сарыкөл маңайындағы Уақ руынан шыққан. Уақ ішінде қалмақ деген атадан, Ақынның туып өскен жері – қазіргі Қостанай облысының Урицкий ауданы. Тәтіқараның саналы өмірінің бәрі дерліктей Абылай ханның төңірегінде өткен. Оның себебі, жұрттың бәріне билігін мол жүргізу үшін Абылай өз маңына ақын, жырау, шешен, батырларды топ-топ ұстаған. Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда» атты толғауымен Ер Шобан жыраудың толғауы сырттай бір-біріне ұқсас. Екеуінде де көптеген батырлардың аттары аталып дәріптелінеді.Оқиғаның шығу төркіні екеуінде бір негіздес. Екеуіде жан қысылғанда айтылған мадақ. Тәтіқара жырында аталатын батырлардың өмірде болған адамдар екені тарихтан белгілі. Айталық:

Қамыстың басы майда, түбі сайда,

Жәнібек Шақшақұлы болат найза,

-дегендегі Арғын ішіндегі Шақшақ деген кіші атадан шыққан Жәнібек батыр Абылай ханға асқан ержүректілігімен,қара қылды қақ жарып кесіп айтатын әділдігімен, ұсақ-түйекке мән бермейтін еркек мінезді тәкәппарлығымен ұнаған. Тәтіқара толғауындағы бір топ сарбазды өз басшылығына алған Жәнібек батыр тек ерлігімен ғана емес,өзінің үлкен адамдығымен, зор бедеріменде ірі тұлға. Бөгенбай батыр - қазақ тарихындағы өте ірі тұлға. Ол бар өмірін елі - жұрты үшін сарп қылған аяулы азамат, 18 ғасырдың 20-30 жылдарында болған жоңғар мен қазақ жасақтарының арасындағы шапқыншылықта қазақ сарбаздарын басқарушы қолбасшы. Бөгенбайдың өз тұсында халқына қандай игілікті еңбек еткені, жұртына қандай қадірменді адам болғаны жөнінде мәліметтер көп. Ел ішінде ол жайында дастан, аңыздар мол тараған, ал ерлігі жайындағы әңгімелер өз алдына қыруар. Тәттіқара жыраудың тағы бір өлеңі Қытай мен Абылай сарбаздарының арасында болған шабуылды сипаттайды. Бұл жырды кезінде Ш.Уәлиханов орысшаға қара сөзбен аударған. Осы толғаудан бізге жеткен шағын үзінді Шоқан аудармасының дәлдігін көрсетумен бірге, екеуінің негізінде шындық оқиға болғанын анықтай, айқындай түседі. Тәтіқара Абылаймен бірге жаугершілікте жүріп, оның әрі ақыны, әрі батыры болған. Бұл турасында М.Мағауин: «18 ғасыр әдебиеті жайында сөз болса, Тәтіқара ақынның аты аталмай қалмайды. Жұртшылық санасындағы Тәтіқара қазақ халқының тарихындағы қиын кезендердің біріндегі сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, өз отандастарын қайтпай ұрысуға шақырушы жауынгер ақын жортуыл көрнейшісі», - деп Тәтіқараның тарихы рөлін байыпты бағалаған.

КӨТЕШ АҚЫН РАЙЫМБЕКҰЛЫ (1745-1818 Ж.Ж

Көтеш—XVIII ғасырда өмір сүрген ақын. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып-өскен. Арғы атасы —Тұрлыбек. Халық аңызы бойынша ақын 80 жастан асқан кезде өлген.

Көтеш ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Әуелі елдегі айтыс дәстүрі бойынша танылып, арнау өлеңдері елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған.

Көтешті біз ақындар поэзиясының бастапқы өкілі, аты мәлім ақындық өнердің тұңғышы дейміз. Себебі, бұған дейінгі көркем сөз өкілдері не шешен, не жырау аталған және сол аттарына сай шығармалар қалдырған. Ал, Көтеш болса, нағыз ақпа ақындарға тән қасиеттермен танылып, сол ақын поэзиясы үлгісін ұстанған, қара өлең, қайым өлең жанрын байытқан. Ақынның бізге мәлім шығармалары бұл пікірімізді толық дәлелдей алады. Өзінің мазмұны жағынан әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелерді кеңінен көтеріп, әр түрлі лирикалық өлеңдерін шығарған. Ақындарша айтысып, арнау, ойнақы терме, сынай арнаулар айтып жүрген.

Қалмақтың қазақ жерін босату күресіне белсене араласқан әрі батыр, әрі ақын саналған ол Жасыбай, Олжабай батырлар бастаған Сүйіндіктердің қалың қолдарымен бірге жүріп, Әрбір күрес нәтижелерін сөз еткен. Аталмыш батырлар туралы ұзақ жырларды толғап жүрген.

Көтеш - өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Соның бірі ақынның, «Жасыбай батырдың әйелін жұбатуы» - деген толғауы. Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі – сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң – шерлерін де толғана жырлады «Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық қайғысына үн қосады. Ә.Жиреншиннің болжауынша, ел арасына кеңінен мәлім «Қараутаудың басынын көш келеді» өлеңін шығарған осы Көтеш.

Қазақстан Ғылым академиясының қолжазба қорында Көтеш айтқан осы «Қаратаудың басынан көш келеді» өлеңінің бір нұсқасы жатыр. Текстің ұзын–ырғасында айырмашылық көп емес. Қалмаққа қарсы соғыс аяқталып, ішкі егестер қозған кезде Көтеш Абылай ханға наразы ерлер жағында болып, сол ханға қарсы топтың сойылын соғып, Бөгенбай, Қазыбек, Олжабай топпен бірге Абылайдың өзімшіл өр мінездерін бетіне басқан. Оған дәлел «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» өлеңі.

ШАЛ АҚЫН ҚҰЛЕКЕҰЛЫ (1748-1819 Ж.Ж.)

Өткен дәуір әдебиетінің белді өкілдерінің бірі – Шал ақын. Ол - негізінен бұқара халық идеясын жырлап, өмір қайшылықтарын көре білген, еңбекші халық ортасынан шыққан, ауыз әдебиеті үлгісін ұстанған суырып салма ақын. Шығармалары баспа бетін кейінірек көргендіктен, ақын творчествосы ұзақ жылдар бойы зерттеусіз қалып, тек кейінгі жылдарда ғана ғалымдар назарын аударып, ақын әдебиет тарихынан берік орын алды. Шоқан Уәлиханов өзінің еңбегінде Атығай руының Бейімбетінен Шал деген ақын шыққанын ескертеді. Шоқан оны өз елінің тарихи шындығын көтеріп, өз руының өткенінен сөз қозған эпик жыраулардың бірінен санайды.

Шалдың бір өлеңі 1929 жылы «Жаңа әдебиеті» журналының 5- санында басылды, Ол өз өмірі туралы айтылған «Он бес деген жасым-ай» деп басталатын 19 жолды туынды. Бұдан кейін 1958 жылы, Ғалым Малдыбаев «Қазақ әдебиеті» газетінде ақынның бір топ өлеңін және оның өмірбаянын қысқаша мәлімет жариялады. Кейінірек Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер иниституты қорына ақынның тағы бір топ өлеңдерінің тізімі келіп түсті. Осы қолжазбадағы ақын өлеңдерін біз 1962 жылы шыққан «XVII-XIX ғасыр Қазақ ақындарының шығармалары» жинағында тұңғыш жарияланды. Кейін «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967) хрестоматиясына және «Алдаспан», «Үш ғасыр», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарында басылып келеді. Мұның өзі ақын туралы мәліметті молайтып, ол туралы кейбір ғылыми қорытынды жасауға мүмкіндік берді. 1960 жылдардан бастап, Шал творчествосы арнайы зерттеле түсті. Оның қазақ әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосқан өз заманнының беделді ақындарының бірі болғаны айқындалады.

Шал қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Октябрь ауданы, Қаратал ауылында туып өскен. Әкесі Құлеке, ағасы Байжігіт (әрі батыр, әрі би) - сол кездегі жорықтарға қатысқан белгілі адамдар. Шалдың шын аты – Тілеуке. Өзінің жастай үлкендерше сөйлеп, төрде отырып төрелік айтқан мінезіне қарай жұрт оны Шал деп атап кеткен. Оның сүйегі Есіл өзені бойындағы Қаратал деген жердегі зиратқа қойылған. Ақын өзінің жас шағын еске алған сөздерінде кедейлік көріп өскенін:

Кедейлік жабыстың ғой бала жаста,

Мені ұятты қылдың ғой қарындасқа.

Аш белімнен құшақтап айырылмадың,

Көз танысың жоқ па еді менен басқа,-

деп ашық айтады. Шал өлең шығарып айтумен ерте айналысқан. Жасынан сөзге үйір, тілге ділмар, ойлы жас болып көзге түскен. Ел арасында ақындарымен іліс-қағыс айтыстарғада қатысып жүрген. Шалдың жас кесінде айтқан суырып салма өлеңдерімен бірге «өлеңге тоқтамайды Шал дегенің» деп басталатын бір шығармасы белгілі.

Шал ақынның қазір бізге мәлім өлеңдерін оқыған әрбір адам оның адамгершілік идеясын көтеріп, әділ істі, ізгі ниетті жақтаған шыншыл ақын болғанына күмәнданбайды.

Шал кейбір зорлықшыларды ғана сынап қойған ақын емес, соған қоса, кәрі-жас, жарлы, бай демей, олардан жамандық көрсе түгел шаруасын, кәсібін түгел қамтуға тырысқан. Сондықтан ақын өлеңдерінің тақырыбы кең де, халықтың беті айқын. Дәулетіне сеніп көкірексіген кердең байларды, парақор тынымсыз әкімсымақтарды жек көреді Халықтың нақыл стилінде келетін ақынның бұл жолдары оқушысына көп ой салады. Бай- би болсаң да, хан болсаңда, қалың елің мен қараша халқыңды ұмытпа, соларға пана бол деген ой айтады.Ақын билердің кісі хақын жемей, елге адал қызмет етуін талап етіп, адамгершілік ақылдар айтады. Кейбір адамдарға тән сараңдақты қатты сынға алады. Ақын шығармаларында қоғам өкілдері өзінің шындық бейнелерін табады. Тек сараң байлар ғана емес, әділетсіз би, болыстар, қулықпен мал тапқан алаяқтар, алдауыш сұмдар, жалған-жәдігөй молда, ишандар, дөкір, содыр сойқындар түгел дерлік сыналды. Бұлардың жұғымсыз істері, екі жүзді екі жүзді мінездері әшкереленеді. Ондайлардан елді сақтандырады:

Дос болма майда тілді күлгенменен,

Би болып сырты жылтырап жүргенменен.

Ақынның сыншылдығы- өз кезіндегі қоғамға деген оның наразылығының айғағы. Әрине, бұл қылықтары әкім тобына ұнай бермейді. Олар ақынның көмейін тығындап, қолға ұстаудың әрекеттерін істеп бағады. Ал оның басын игізе алмаған күнде ақынға көрсетер теперіші де мол. Бас иуден тартынып, тілін тартпаған ақынды би-болыстар жек көріп, қуғынға салған. Солардың зорлықтарын ақын көп көрген. Әсіресе, Тоқсан би деген болыстан Шал көбірек зәбір шегеді. Болыстың ұрылары Шалдың атын ұрлап, жаяу қалдыруға дейін барады. Оны күштеп, тіліне тыйым салмақ болады. Зорлықшыларға ақын қайсарлықпен тілін қадай түседі.

Арамзаларды күнәдән арылтып, иманды қылатын Мекке мен Мәдинеге сапар шегу дегенге қарсы шығады. Ең алдымен күнәлі болмауға үндеп, ақын оларға ізгілік жолын ұсынып, жоқ-жітік кедейлерге көмектесіп, ата-ана, меймандосты құрметтей білуді парыз деп ұғындырады. Адамшылық үшін іс қылып, адал өмір сүрген адамға үй ішінен артық Мекке де, жұмақ жолы да жоқ, деп ой түйеді.

Шал өзінің енді бір топ өлеңдерінде жастарды ибалы, әдепті, қайырымды, білімді болуға үндеп отырған. Жаны таза мәдениетті оқыған, адал жасты аңсаған ақын, ондай абзал адамдар алдына зор мақсаттарды қоя біледі. Білім алғанда парызы - еліне, халқына пайдалы қызмет ету деп ашық айтады.

Көреген ақын сол кездегі оқығансымақтардың тек құлқынқұмарлыққа, өз басының жеке пайдасына қызмет етіп, қалтасын қамдап, қарнын қампайтып берекесіз істермен шұғылданып жүргендерін сынай білген. Осыған орай ақын көпшілікке, халыққа пайда тигізетін, адам біткенге ізгілікпен қарайтын парасатты жастарды аңсайды.

Шал - өмір туралы кең толғанған ақын. Оның өлеңдерінде қазақтың шаруа жайы да, мал баққан елдің тұрмыс тіршіліктері де молынан жырланады. Қазақ шаруаларына арнап, жыр толғап, оларға да өз білген ақылдарын аямайды. Кейбіреулердің шаруаға қырсыз болатынын ескертіп, қолындағы бар дәулетті бағалай біл, береке еңбекте деп, еріншек бос селтеңге қарсы шығады. Дәулетті болу үшін тек болғысы болу аз, оны бағалай білу керек дейді.Тіленшектік немесе ұрлық–қорлық жолымен баю сияқты әділетсіздіктерді ақын барынша жек көреді.

Дәулеттілердің малшы- жалшылардың еңбегімен санаспай, олардың қар төсеніп, мұз жастанып суыққа тоңып жүріп тапқандарына қожа боп, кеуде керіп, кердеңдеп бос менменситіндіктерін сынайды.

Ақынның ойынша тіршіктің парызы – адамгершілік, азаматтық, ерлік істер көрсеіп, әділетті өмір сүру, ортасына жақсылықпен көріну, ел- жұртқа адал еңбек ету, ер азаматқа, адал жанға лайық қарекет жасау.

Қысқасы, Шал - өз заманының беделді ақыны. Оның өлеңдері әр кезінің басты мәселелерін көтеріп, халыққа адамгершілік ақыл – ғибрат береді. Ақын шығармашылығы әлеуметтік сырын айқындап, оның халықтық тенденциясын нығайтты. Әдеби тіл мен көркедік тәсілдің ілгерілей түсуіне өз үлесін қосты. Сондықтан Шал өз еңбектерінің әдебиетіміз тарихында елеулі орны бар.
Бақылау сұрақтары:


  1. Ақтанберді Сарыұлы.

  2. Үмбетей Тілеуұлы.

  3. Бұқар жырау Қалқаманұлы.

  4. Тәттіқара ақын.

  5. Көтеш ақын Райымбекұлы.

  6. Шал ақын Құлекеұлы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991.

2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш // Шығармалар. – Алматы, 1989.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. – Алматы, 1966.

4. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994.

5. Исмайлов Е. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1940.

6. Қазақ әдебиетінің тарихы II том, II кітап. – Алматы, 1965.
Дәріс 13-14. ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиеті.


  1. Дулат Бабатайұлы.

  2. Шортанбай Қанайұлы.

  3. Мұрат Мөңкеұлы.

  4. Махамбет Өтемісұлы.

  5. Шернияз Жарылғасұлы.

  6. Сүйінбай Аронұлы.

Ресей империясының Қазақстан жерін отарлау жұмыстарының кең өрістеуі, барлық аймақтарда эскери қамалдар менбекіністердің салынуы, отарлық басқару экімшілік жүйесінің енгізілуі. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстандағы Ресей империясының отарлық езгісіне қарсы қарулы көткрілістер. Отаршылдық саясат мазмұнын шошына жырлаған зар заман ақындарының поэзиясы жэне оның реалистік маңызы. Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты. ХІХ ғ. эдебиетінің даму мазмүнындағы реализм,романтизм көркемдік эдістерінің көріністері. Ауызша жэне жазбаша ақындық дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сілемдерінің сақталуы. Жаңа реалистік жазба эдебиет мазмұнындағы лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза т. б. жанрлардың қалыптасып дамуы.



Дулат Бабатайұлы (1802-1874) Өмірі туралы мэлімет. Шығармаларының жариялануы, зерттелуі. Патшалық отарлау саясатының басқару жүйесін сынаған өлеңдеріндегі туған жерді атамекенді құрметтеу эуендері. Арнау, толғау өлеңдерінде өз үлтының рухани элеміндегі жағымсыз мінез-құлықты сынауы. Дулат өлеңдеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі туралы ойлар. Сатиралық тілмен, мысал мазмүнда бернелеу ( аллегориялық) тэсілмен жырланған шығармалары. «Еспембет» дастанының эдеби- фольклорлық сипаттары. Дастанның композициялық құрылысы, Еспембет бейнесінің сомдалу ерекшелігі. «Шаштараз» дастаны. Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.

Шортанбай Қанайүлы (1818- 1881). Шортанбай мүрасының жариялануы, зерттелуі. Шортанбай шығармаларын бағалаудағы бұрынғы сыңаржақ пікірлер. Ақындық шығармашылық тұлғасының қалыптасуындағы кезеңдер. Шортанбай-ежелгі түркілік мүсылманшылық сопылық эдеби дэстүр тағылымында қалыптасқан ақын. Ақын шығармашылығындағы негізгі сарын - имандылықты уағыздау. Шортанбай - патшылық отарлау саясатын эшкерелеуде реалистікпен жырлаған сыншыл ойлы суреткер ақын. Адамгершілік тэрбиесін уағыздаған толғаулары. Айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары.

Мұрат Мөңкеүлы (1843- 1906). Мұрат мұрасының жариялану, зерттелу тарихы. Мұрат шығармаларындағы ойшылдық, философиялық- азаматтық тереңдіктер. Зар замандық сарындағы шығармаларындағы лирикалық, кейіпкер-ақын түлғасына тэн биіктік, романтикалық эуенді гуманизм сипаты. Мүрат- отарлау саясатының зиянды зардаптарын анық болжаған ақын. Мүрат толғауларындағы адамгершілік тэлім- тэрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық. Арнау, хат- өлең, тойбастар, жанрларындағы шығармалары. Мүраттың жыршы- ақындығы, Сыпыра, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет, т.б. жырларының Мүраттың айтуында сақталғандығы. «Қарасай-Қази» дастаны. Дастанның композициясындағы қоштасу, жоқтау жырларының лирикалық эсерлігі. Айтыстары. Мүрат шығармаларындағы романтикалық, азаматтық сарындардың қазақ эдебиеті тарихындағы маңызы.

Махамбет Өтемісүлы (1803 - 1846). Өмірі туралы мәлімет. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу жүмыстары. Махамбет — қазак эдебиетіндегі сыншыл, реалистік, романтикалық толғау ақыны. Ақын жырларындағы күркскерлік, жауынгерлік, азаматтық эуендер. Махамбет өлеңдерінің философиялық- дүниетанымдық тереңдіктері. Махамбет шығармаларындағы халық тұлғасының жэне Исатай батыр бейнесінің жырлануы. Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы. Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық- ақындық дэстүр жалғастығының белгілері, өзіндік төлтума ерекшеліктері. Ақын шығармаларындағы тіл бейнелілігінің мэселелері.

Шернияз Жарылғасүлы (1807-1867). Шығармаларының негізі суырып салма ақындық. Ол- Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жыршысы. Аын толғау- термелеріндегі өмір қайшылықтары туралы философиялық толғаныстар, бағалаулар. Шернияз шығармаларындағы Исатай, Махамбет байланысты өлеңдер. Шернияздың Махамбетпен, Абылмен, Қашағанмен дидарласқандағы өлеңдері. Шернияздың шешендік өнері. Шернияз шығармаларының көркемдік, бейнелік мэселелері.

Сүйінбай Аронұлы (1822-1895). Өмірі туралы мэлімет. Сүйінбай мұрасының жариялануы, зерттелуі. Толғауларының тақырыптық- идеялық мазмұнына сипаттама. Елдің тарихы, ел қорғаған батырлар туралы. Адамгершілік тэрбиесі туралы толғаныстары. Әйелге, адамның жастық, кэрілік, жас кезеңдеріне арналған өлеңдері. Сүйінбайдың айтыстары - қазақтың түре жэне сүре айтыстарының үлгілері. Сүйінбайдың ақындық шығармашылығы - қазақ поэзиясындағы дэстүрлі өнегелі мектеп. Ақын шығармаларының өлеңдік өлшемі- өрімі, бейнелілігі.
Бақылау сұрақтары:

  1. Дулат Бабатайұлы.

  2. Шортанбай Қанайұлы.

  3. Мұрат Мөңкеұлы.

  4. Махамбет Өтемісұлы.

  5. Шернияз Жарылғасұлы.

  6. Сүйінбай Аронұлы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991.

2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш // Шығармалар. – Алматы, 1989.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. – Алматы, 1966.

4. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994.

5. Исмайлов Е. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1940.

6. Қазақ әдебиетінің тарихы II том, II кітап. – Алматы, 1965.
Дәріс 15-16-17. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы ағартушылық, демократтық мазмұндағы реалистік жаңа жазба әдебиет.


  1. Шоқан Уэлиханов.

  2. Ыбырай Алтынсарин.

  3. Абай Құнанбаев.

Ағартушылық, демократияшыл көзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығының ХІХ ғ. элемдік өркениет дамуындағы маңызы. Қазақтың ағартушы, демократ ақын- жазушыларының шығармашылығына өзек болған мәселелер. ХІХ ғ. ағартушы - демократтары шығармаларындағы ортақ көзқарастар және оның реалистік жаңа жазьа эдебиетті дамытудағы игі ықпалы.

Шоқан Уэлиханов (1835-1868). Шоқан - қазақ тарихы мен эдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ұлы ғалым. Ол - публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтық көзқарастарындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары. Шоқанның фольклор, эдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбекткрі. Шоқанның қазақ ақындары өнері, Абылайхан жэне қазақ батырларына арналған тарихи жырлар туралы жазғандары. Шоқанның қырғыз тарихына жэне фольклорына байланысты жазғандары, зерттеулері. Ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылық- публицистік, суреткерлік шеберлік белгілері. Шоқанның хаттары, ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Өмірі туралы мәлімет. Ыбырай - ағартушы, үстаз- жазушы, ақын, этногроф, аудармашы. Ыбырай шығармаларының философиялық, психологиялық сырлары. Ыбырай - қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы. Ыбырайдың қазақ мектебі үшін ислам дінінің қағидаларын түсіндіретін оқу қүралын жазуы. Оның қазақтың халықтық эдет- ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері. Қазақ халқының ауыр түрмысына арналған мақалалары. Өлеңдері. Оқу- білім ағарту, адамгершілік тәрбиесі, озбырлықты, элеуметтік теңсіздікті сынау, заман зары тақырыптарындағы өлеңдері. Ы. Алтынсарин эңгімелері - ұстаздық тэлім-тәрбие қүралы, қазақ жазба прозасы қалыптасуының бастау негізі. Ыбырай - халық эдебиеті мұраларын жинаушы, оларды үхтаздық жүмысына пайдалануы. Шығармашылығы - қазақ балалар жазба эдебиетінің қалыптасуындағы шешуші негіз.



Абай Құнанбаев. (1845- 1904). Шығармашылық өмірбаяны. ¥лы Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Үлы Абай шығармашалығына шешуші ықпал еткен үш арна. Жас шағындағы өлеңдері. Азаматтық көңіл- күй, философиялық толғаныстар. Ән- өлеңдері. Абай - қазақтың жазба көркем әдеби тілін қалыптастырушы.Ұлы Абайдың аудармашылық- нэзиралық шығармалары -элемдік эдебиетті қазақ тілінде сөйлетудің үздік үлгілері. Поэмалары. Абай поэмалары - оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, үстаздық ой туғызатын шығармалар. Қара сөздері. Абайдың қара сөздері — ежелгі грек ойшылдарының шәкірттеріне айтқан әңгіме-сүхбат жанры дэстүріндегі шығармалар. Абай қара сөздерінің тақырып, мазмүн ерекшеліктеріне қарай түрлері., жанрлық түрлері. Тілі, стилі. Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Абай - қазақ сөз өнеріндегі жаңа реалистік жазба көркем эдебиетінің негізін салған үлы классик ақын.
Бақылау сұрақтары:

  1. Шоқан Уэлиханов.

  2. Ыбырай Алтынсарин.

  3. Абай Құнанбаев.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991.

2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш // Шығармалар. – Алматы, 1989.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. – Алматы, 1966.

4. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994.

5. Исмайлов Е. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1940.

6. Қазақ әдебиетінің тарихы II том, II кітап. – Алматы, 1965.
Дәріс 18. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі.


  1. XX ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өмірі.

  2. XX ғ.б. негізгі әдеби бағыттар.

  3. XX ғ.б. әдебиеттегі жанрлық, ізденістер.

XX ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өмірі. Ресейдің отарлау саясатының күшеюі. Ағартушылық, демократтық қозғалыстар. М.Көпеев, С.Торайғыров, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартпаев, Ә.Ғалымов, С.Дөнентаев, Б.Күлеев, Ш.Жәңгіров, Қ.Қарашев, Ш.Бөкеев, т.б. ақын: жазушылар шығармашылығындағы тақырыптық– идеялық көркемдік ізденістер.

XX ғасыр басындағы түрлі төңкерістер мен Совет үкіметінің орнауы оның көркем әдебиетке әсері, Қазақстан Автономиялық Кеңес Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақ жазушыларының революцияға және қоғамдық өмірге қатынасы.

Қазақстанның саяси-әлеуметтік – экономикалық мәдени даму тарихындағы өзгерістер. СССР Конституциясының қабылдануы. Ауыл шаруашылығын коллективтендіру. Өндірісті индустрияландыру. Мәдени өмір мен қоғамдық гуманитарлық дамудағы жаңалықтардың әдебиеттегі көріністері. Каз АПП-тың құрылуы, оның әдебиетті идеология құралына айналдырмақ болуы (1934). БК(б)П Орталық Комитетінің «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» 1932 жылға 23 апрельдегі арнаулы қаулысы. Совет жазушыларының бүкілодақтық I съезі (1934). М.Горькийдің сөзі, Совет әдебиетінің даму жолдары мен социалистік реализм әдісінің принциптерін белгілеу. Социалистік реализмнің көркем әдебиеттің басты әдісіне айналуы және партиялық, таптық принциптерді басты методологиялы негізіне айналдыру.

Революция, азамат соғысы және саяси-әлеуметтік тақырыптардың Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин, Баймағамбет Ізтөлин, Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов және басқада жазушылар шығармашылығындағы ізденістер.

Жиырмасыншы жылдардың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі кейіпкерлер, олардың әлеуметтік сипаты. Бұл жылдардағы шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік бітімі. Халық ауыз әдебиеті дәстүрлері мен байланыс. Жаңа ізденістер. 20 жылдардың алғашқы жартысында қазақ әдебиетіне Шолпан Иманбаева, Иса Байзақов, Асқар Тоқмағамбетов, Жақан Сыздықов, Ғалым Малдыбаев, Самат Нұржанов сияқты ақындардың қосылуы. С.Дөнентаев, Ә.Тәңірбергенов, М.Сералин сияқты ақын-жазушылардың щығармашылығы.

Әдебиет майданына жаңа талантты ақын жазушылардың қосылуы: Қалқаман Әбдіқадыров, Өтебай Тұрманжанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Тайыр Жароков, Әбділдә Тәжібаев, Жиенғали Тілепбергенов, Елжас Бекенов, Ғали Орманов, Қажым Жұмалиев, Ғалым Малдыбаев, Ә.Әбішев, Ә.Сәрсенбаев, Ғ.Сланов, Ж.Саин, Д.Әбілев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, т.б. Жамбыл, Нүрпейіс, Кенен, Қайып, Нартай сияқты халық ақындарының жырлары. Халық Поэзиясындағы көркемдік-идеялық ізденістер оның кәсіби қаламгерлерге әсері.

1925-1929 жылдардағы поэзиялық шығармалардағы жаңа түрлік, стильдік ізденістер. Сюжетті поэмалардың үлгілері оны тақырыптық негізде негізде екі салаға бөлу. Бірінші, өмірдің жаңалықтарын жырлаған поэмалар: С.Мұқанов «Балбөпе», «Батырақ», «Октябрьдің өткелдері» (1927); Ж.Жабаев «Замана ағымы», Ә.Тәжібаев «Құлғара» (1927); Қ.Жұмалиев «Ерғожа мен Егізбай» (1928); Челюскиншілердің тарихи жорығына арналған поэмалар: «Ақ аю» (С.Мұқанов), «Мұз тұтқыны» (Т.Жароков), «Құтқару» (Ә.Тәжібаев), «Алынған қамал» (Ғ.Орманов), «Уборщица» (А.Тоқмағамбетов). Бұлардағы өмір шындығы мен творчестволық қиялдың көріну дәрежесі. Елді индустрияландыру: Турксибтің салынуы, завод-фабрикалардың үн қосып, үлкенді-кішілі шығармалар жазуы. Еңбек тақырыбының игерілуі оның әлеуметтік-философиялық мәні. Тарихи поэмалар, олардың түрлері, көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Екінші, ел аузындағы аңыз, ертегі әңгімелер негізінде жазылған шығармалар: И.Байзақов «Құралай сұлу», «Қойшының ертегісі», (1925), С.Мұқанов «Жетім қыз күйі» (1926), Ж.Сыздықов «Майкөл тамы» (1928) М.Жұмабаев «Батыр Баян», «Қорқыт», т.б. поэмалар.

Халықтар достығы. Ж.Жабаев («Одақ», «Халық туысқандығы», т.б.), Мұқанов («Гүл бағындай Отаным»), І.Жансүгіров («Мәскеу – қазақстан»), С.Сейфуллин («Қырғыз Алатауында»), Т.Жароков («Москва», «Баку», т.б.). Ә.Тәжібаев («Орыс халқына», «Украина», «Грузия»), т.б. творчествосындағы ұлттық және халық бірлігі идеялары.

Отан қорғау. Қырағылық және патриотизм. Шекара өміріне арнап шығармалар жазу. Т.Жароков («Шекара»), Ж.Саин («Досыма хат»), Қ.Аманжолов («Күзетте»).

Колхоз өмірі мен заман шындығының жырлануы. С.Сейфуллин «Советстан», «Альбатрос»: І.Жансүгіров «Дала», «Шаттық жыры»: С.Мұқанов «Колхозды ауыл осындай», Қ.Әбдіқадыров «Гүл асыл», т.б. ауыл өміріндегі жаңалықтармен адамдар санасындағы өзгерістердің суреттелуі.

Жаңа тақырыптарға прозалық шығармалардың жазылуы: Б.Майлин «Он бес үй», «Қырманда», «Ұлболсын»; М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы», Ғ.Мүсірепов «Қос шалқар», Ғ.Мұстафин «Қан», «Кек», «Қашқын», т.б. Өндіріс тақырыбына жазылған прозалық шығармалар: Ә.Әбішев пен Ғ.Мұстафиннің көмірлі табыстары. Б.Майлин «Сот алдында», «Қара шелек», «Ұлболсын»: Ғ.Мүсірепов «Күсен», «Алғашқы адамдар», «Талпақ танау»: М.Әуезов «Шатқалаң», «Бүркітші». С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ә.Әбішев, Ғ.Слановтардың әңгімелері. Оларда өмір құбылыстарының суреттелу принциптері, образдар жүйесі.

Повесть жанрының дамуы Ғ.Слановтың «Арман ағысы» тәрізді күрделі туындылардың пайда болуы. Олардың көркемдік ерекшеліктері. Б.Майлин «Шұғаның белгісі», Ж.Тілепбергенов «Таңбалылар», Ғ.Мүсірепов «Тулаған толқында» повестерінің тууы. Олардың көркемдік жүйесі.

С.Мұқанов «Адасқандар», «Сұлушаш», Ғ.Мұстафин «Өмір не өлім», С.Ерубаев «Иенің құрдастарым» романдары. Романда жаңашыл адамдардың образдары. Жазушыларды образ жасау шеберлігі. Романның тіл ерекшеліктері.

Революциялар қарсаңы мен тұсындағы және кейінгі жылдардағы әлеуметтік жайларды суреттейтін шығармалар. Ә.Әбішев «Армансыздар», Ғ.Сланов «Дөң асқан», С.Мұқанов «Теміртас», т.б.

Б.Майлиннің «Азамат Азаматович» романы және ондағы өмір шындығы. Романдағы Азамат образы.

С.Мұқановтың «Жұмбақ жалау» («Ботакөз») романы қазақ әдебиетіндегі көркем құбылыс. Романдағы Асқар, Аманбай, Ботакөз бейнелері.

Қазақ прозасындағы мемуарлық шығармалар. С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу», С. Мұқанов «Менің мектептерім». Олардың жанрлық ерекшеліктері.

С.Шәріповтің прозалық шығармалары. Оның осы кезең әдебиетіндегі орны. «Бесболат» повесі, «Рузи Иран» («Иран күні») (1935) атты жинағы. «Рузи Иран» повесінің тақырыбы. Балбек образы. Иран халқының күн көрінісі, әдет-ғұрпы мен өмірін шынайы суреттеудегі жетістіктері. «Ләйлә» (1936) повесі. Иран халқы тарихи дамудың заңдылықтарын суреттеу. Ләйлә образы. Қобдол бейнесі. Повестің қоғамдық мәні. «Заң зәбірі» (1929-1935) повесіндегі өмірдің шынайы суреттері, Ахмет образының типтік сипаты.

Драматургия жанрының өрлеуі. Колхоз, совхоз театрына лайықталған шағын формалы, пьесалармен қатар көп ақтылы пьесалардың жазылуы және оның театрлар сахналарындағы қойылымдары. Драмалық шығармалардың тақырыбы мен проблематикасы. Драмадағы тартыс сипаты. Трагедия, комедия үлгілері.

Қазақтың драмалық театрының ашылуы (1926). Сәкен Сейфуллиннің «Бақыт жолына» (1917), «Қызыл Сұңқарлар» (1920), М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» (1917) атты пьесалары мен Б.Майлиннің «Неке қияр» (1920), «Ауыл мектебі» атты комедиялары. Ж.Тілепбергеновтің «Перизат пен Рамазан», «Тілші», «Күнжан-кедей қызы», «Тендік», Ә.Оспановтың «Зарлық», А.Тоқмағамбетовтың «Екі заң» атты пьесалары. Олардың бірқатарының театр репертуарынан орын алуы. Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» трагедиясы, оның тарихи-фольклорлық негізі, поэтикасы.

Ауыз әдебиеті материалына сүйеніп жазылған және тарихи тақырыпқа арналған пьесалар: М.Әуезов «Түнгі сарын» (1934), «Айман-Шолпан», «Абайы» Л.Соболевпен бірігіп жазған (1939), Ғ.Мүсірепов «Аманкелді», М.Әуезов пен Ә.Тәжібаев «Ақ қайың», Ш.Құсаиновтың «Боран» т.б.

Замана шындығын суреттейтін драмалық шығармалдар: Б.Майлин «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі»; Әбішев «Отан үшін», «Жолдастар»; М.Әуезов «Шекарада», С.Мұқанов «Алтын астық»; Ж.Шанин «Тартыс», «Шахта»; І.Жансүгіров «Турксиб». Олардың көркемдегі мен идеялық мазмұны.

Ресми идеологияның социалистік реализм әдісінен басқа көркемдік бейнелеу принциптерін жоққа шығаруы. Оның қазақ әдебиетіндегі көріністері. Қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңінің басты қорытындылары.

Бағыт, ағым туралы жалпы түсініктер. Бағыттардың өріс алуына негіз болған қоғамдық-саяси көзқарастар. Әртүрлі саяси топтардың пайда болуы, осыған орай қазақ зиялыларының жіктелуі. Оның әдеби бағыттар мен ағымдардың қалыптасуына тигізген әсері.

XX ғ.б. негізгі әдеби бағыттар: 1.Діни-ағартушылық бағыт. 2.Ағартушы-демократтық бағыт. 3.Азатшыл-демократтық бағыт. Бұл бағыттардың нақты айырмашылықтары, ортақ ізденістері. Әр бағыттың негізгі өкілдері, олардың шығармашылық ізденістері мен көзқарастарының басты ерекшеліктері. Бұл ағымдардан тыс сөз өнерінің саз өнерімен тығыз байланысты болғандығының тамаша көрінісін танытатын ақындар болғаны. Бұлардың ішінде Ә.Найманбаев, Мұса Байжанов, Балуан-Шолақ, Ақан сері т.б. шығармашылығына ерекше назар аудару. Олардың шығармашылығының мән-мағынасы.

Діни-ағартушылар бағытындағы ақындар. Бұл бағытта әрқилы ақындар еңбек еткендігі. Творчествосының мазмұны, түрі әрқилы, идеялық, көзқарастары сан алуан болғанымен, бұл ақындарға ортақ бірнеше басты белгілердің барлығы. Бірінші, бұлардың негізінен діни мектептерде білім алғандығы. Шығыс әдебиетін жетік білетіндігі, соның дәстүрінен нәр алғаны. Діни тақырыптағы шығармалар мен діни ілімге қанықтығы. Көбінің ірі медреселерде білім алып, ислами әдебиеттің арнасындағы қалыптасқандығы. Екінші, бүл ақындардың ауыз әдебиеті дәстүрін берік ұстанатыны. Кейбірінің (Шәді Жәңгіров, Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы т.б.) бірыңғай қиссашылдық, нәзирашылдық, дәстүрлі мақсат тұтуы. Үшіншіден, шығармаларында өсиет-нақыл, дидактиканың мол болуы, жалпы білімдік пен адамдық негізі дін сүю арқылы келетініне меңзеудің басымдылығы.

Ағартушы-демократтық бағыттың құрамында қаралатын ақын-жазушылардың XX ғ.б. қазақ әдебиетіне ұланғайыр үлес қосуы. Шын мәніндегі кәсіби (профессионалдық) жазба әдебиет деңгейіне көтеріліп, өмір, қоғам, дәуір сырынке көлемде сипаттап, терең ашуға ұмтылуы. Бұл ақын-жазушылардың алғашқы білімді қазақша жаңаша оқу жүйесінен алып, орысша білім-ғылым үйреніп, дүниелік әдебиеттен тәлім алғандығы. Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың ағартушылыққа үндеумен қатар қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктерді көре білуі. Қоғамдағы қайшылықтарды сынай отырып, әрқайсы әлқадарынша оны жоюдың өзіндік жолдарын ұсынуы. Олардың қазақ жазба әдебиетін жанрлық тұрғыдан дамытуға сіңірген еңбектері.

Ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-жазушылардың шығармашылығының басты тірегі – ұлттық мүдде болуы. Негізінде отаршылдыққа қарсы күрес идеясын европалық, саяси күрес тәсілімен ұщтастырған бұлардың өз шығармашылығында осы ой-идеяны уағыздауы. Ағартушылық, өнер-білім барлығы, ең алдымен, ұлт азаттығы үшін қызмет етуі керек деген байламды негізге алуы. «Мақсаты тіл ұзарттып, өнер шашпақ» болған Абайдың ағартушылық, бағыттағы пікірлерін жаңа арна-азаттықпен ұштастыруы. Тапшылдық, жікшілдік мүделерді көздемей, ұлт тұтастығын саптауға ұмтылуы. «Елім», «Жерім» деген ұрандарды ұлттық сананы ояту жолындағы негізгі принциптерге айналдыруы. Яғни бұл бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығында «елшілдік» сипаттың басым болуы.
Бақылау сұрақтары:


  1. XX ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өмірі.

  2. XX ғ.б. негізгі әдеби бағыттар.

  3. XX ғ.б. әдебиеттегі жанрлық, ізденістер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991.

2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш // Шығармалар. – Алматы, 1989.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. – Алматы, 1966.

4. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994.

5. Исмайлов Е. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1940.

6. Қазақ әдебиетінің тарихы II том, II кітап. – Алматы, 1965.
Дәріс 19-20. Діни-ағартушылық, кітаби бағыттағы ақын-жазушылар.


  1. Нұржан Наушабаев.

  2. Мақыш Қалтаев.

  3. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев.

  4. Шәді Жәңгіров.

Діни-ағартушы бағыттың көрнекті өкілі екендігі. Сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз болғандығы. Жазба әдебиетті қалыптастыруға үлес қосқандығы. «Манзұмат қазақия» (1903), «Алаш» (1910) кітаптарының XX ғ.б. әдебиеттегі орны. Нұржанның Сапарғалимен айтысы негізінде шыққан «Жұмбақ айтысы» (1903) кітабы. Айтыстың жанрлық ерекшелігі. Бұл айтыста ақындар білімінің, ой-өрісі кендігінің көрініс табуы.

Нұржан поэзиясындағы шағын жанрлардың әрқилылығы және молдығы. Назым, Терме, т.б. жанрларда елеулі еңбек еткендігі. Өлеңдерінде тақырып қоймауының сыры мен себептері. Замана қасиеттер, мінез-құлық, тәрбиеге арналған өлеңдері мен әзіл-сықақ өлеңдеріндегі қазақ ауыз әдебиеті дәстүрі, ауыз әдебиеті үлгілері сипатының басымдылығы.

Нұржан «назымдарының» дарынды ақынның өзіндік ізденістері екендігі. Шығармашылығының өнбойына діндарлықтың арқау болғандығы. Көбіне «заман азды» деген ойды өзек етіп, жалпылама дидактикаға ұрынатындығы. Өмір шындығына терең бойлай алмайтындығы. «Манзұмат қазақия» атты кітабында қазақтын шығу тегі туралы ел аузындағы аңыздарды діни қоспалармен өзектес алып, қайшылыққа ұрынуы. Н.Наушабаев шығармалардағы жетістіктер мен кемшіліктер ара салмағы.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет