Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров


Сынау әдістемелерін аттестаттаудың негізгі принциптері



Pdf көрінісі
бет123/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

Сынау әдістемелерін аттестаттаудың негізгі принциптері 
Сынау әдістемесі сынау әдістерін қолдану тәртіптерін, қажетті сынау 
қҧралдарын, сынауға қойылған талаптарын, сипаттамаларын анықтау 
операциясының алгоритмін, операторлардың біліктілігін, сынау нәтижесінің 
шынайы және дәл бағалап анықтайтын тҥрлерін, қоршаған ортаны қорғауды 
және техника қауіпсіздігінің сақталуын талап етеді.
Сынау әдістемесі сынауды жҥргізу технологиялық процесінің реті мен 
режимдерін анықтайды. Сынау әдістемесі тексерілген, аттесталған және 
анықталған болуы шарт.
Сынау әдістемесіне қойылатын маңызды талаптар ретінде сынау 
нәтижесінің берілген қателіктен кӛп емес болуы ҥшін келесі талаптар орындалу 
керек:
– Сынау кезінде дәлдік нормасы, сынау нәтижесінің есептелуі және 
бақылаудың шынайылылығы; 
– Сынау ҥшін ҥлгілерді және сынамаларды алу әдістері; 
– Сыну нәтижесін алу тҥрі және мәліметтерін ӛңдеу әдістері; 
– Сынау талаптарының жаңғырту шегі және дәлдігі (сынау объектісіне 
сыртқы әсер етулер және режимдер қызметі); 


165 
– Сынау жабдықтары, ӛлшеу қҧралдары және сынау қҧралдары 
сипаттамаларының шектері және дәлдіктері; 
– Аттестатталған сынау жабдықтарын және салыстыру ӛлшеу қҧралдарын 
қолдануы. 
Сынау әдістемесі сынау объектісінің бір немесе бірнеше ӛзара 
байланысты қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау талаптарын реттейді. 
Сынау әдістемесі типті және жҧмыстық болып бӛлінеді. 
Типтік әдістеме біртекті ӛнімдер тобына ӛңделеді және онда сынауды 
жҥргізуге жалпы талаптар қойылады, сонымен бірге онда жҧмыстық 
әдістеменің мазмҧнына жалпы талаптар кӛрсетіледі. Сынаудың жҧмыстық 
әдістемесі ӛнімнің белгілі бір тҥріне немесе жеке бҧйымға сынау жҥргізу ҥшін 
дайындалады. 
 
Сынау жабдықтарын аттестаттаудан ӛткізу және оны ҧйымдастыру 
Сынау жабдығын аттестаттау сынау жабдығының пайдалануға 
жарамдылығын анықтау және НТҚ талаптарына сәйкестігін, жабдық 
сипаттамаларының нормалық дәлдігін анықтау мақсатында жҥргізіледі. Жалпы 
ережелер ГОСТ 585-81 регламенттелген. Сынау жабдығының нормаланған 
дәлдік сипаттамасы дегеніміз – бҧл сынау кезінде анықталған мерзім ішінде 
тҧрақтылық пен дәлдікті берілген шекте ҧстап тҧру шарттарын жабдықтың 
орындау және жаңғырту мҥмкіндіктерін анықтайтын НТҚ кӛрсетілген 
сипаттамалары. 
Қолдану саласына байланысты барлық жабдықтар жалпыӛндірістік, 
салалық, арнайы қолданыстық болып 3 топқа бӛлінеді. Аттестаттаудың 
алғашқы, кезеңдік және кезектен тыс деген ҥш тҥрі бар. 
Алғашқы аттестаттауда сынау жабдығының сынау кезіндегі анықталған 
мерзім ішінде тҧрақтылық пен дәлдікті берілген шекте ҧстап тҧру шарттарын 
жабдықтың орындау және қайта ӛңдеу мҥмкіндіктерін анықтайтын НТҚ 
кӛрсетілген сипаттамаларын, сынау режимдерінің параметрлерін және ӛлшеу 
қателіктерін тіркеу, пайдалану барысында бақылау қажет дәлдік сипаттамалар 
тізімін қҧрастырады, келесі аттестаттауда және оның кезеңдігін, онда 
қолданылатын әдістер мен қҧралдарды, қоршаған ортаны қорғау және 
қауіпсіздігі талаптарының орындалуын анықтайды. 
Кезеңдік аттестаттауды алғашқы аттестаттауда анықталған мерзімде 
және кӛлемде сынау қызметінің ӛзі жҥргізеді. Кезеңдік аттестаттау кезінде НТҚ 
сәйкес ӛнімнің белгілі бір тҥрін сынау ҥшін қажетті барлық сипаттамалар және 
мәндерді қамтамасыз ететін операцияның кӛлемі мен дәлдік сипаттамасының 
шекті номенклатурасын тексеруге болады. Кезеңдік аттестаттаудың бҧл 
бағдарламасы бас метрологиялық қызметпен келісілген болуы керек. 
Кезектен тыс аттестаттау сынау жабдығының тасымалдануынан кейін 
пайдалану ҥшін, ҧзақ мерзім сақталап немесе жӛндеу жҧмыстарынан кейін 
және т.б. жағдайлардан кейін жҥргізіледі. Тасымалданудан, сақтаудан және 
жӛндеуден кейін жабдықтың сипаттамаларына әсер ететін жағдайларды, 
сонымен бірге жаңа ғимарат, жинақтау және монтаждау жҧмыстарының әсер 
ететінін аттестаттау кезінде ескеру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет